Доксорубицин Актавис
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Доксорубицин Актавис
Халықаралық патенттелмеген атауы
Доксорубицин
Дәрілік түрі
Инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 10 мг лиофилизат
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - доксорубицин гидрохлориді 10,00 мг,
қосымша заттар метилпарагидроксибензоат, лактоза моногидраты.
Сипаттамасы
Қызыл түсті тығыздалған масса немесе кеуекті масса, қалпына келтірілген қызыл- сары түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы антибиотиктер. Антрациклиндер.
Доксорубицин.
АТХ коды L01DB01
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Доксорубицинді көктамыр ішіне енгізгеннен кейін плазма мен тіндерде тез таралады. Препарат 30 секундтан кейін бауырда, өкпе, жүрек және бүйректерде анықталады. Ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді және орталық жүйке жүйесінде өлшенетін концентрацияларына жетпейді, әйтсе де плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде анықталады.
Доксорубициннің және оның плазмадағы метаболиттерінің концентрациясы үш фазалы әдіспен төмендейді. Бірінші фазасында ол тез метаболизденеді, мүмкін, бауырда алғашқы пассажы әсері арқылы. Доксорубициннің жартылай шығарылуының бастапқы кезеңі 12 минут құрайды, содан кейін 1—3 сағат құрайтын, жартылай шығарылуының екінші кезеңі жүреді, жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 30-40 сағат құрайды. Доксорубициннің және оның белсенді метаболитінің шамамен 40-50% өтпен, және 5—10 % — несеппен шығарылады.
Фармакокинетикасы
Доксорубицин Актавис - Streptomyces peucetius немесе Streptomyces coeruleorubidus өсіріндісінен алынған антрациклинді қатардың ісікке қарсы антибиотигі. Антимитотикалық және антипролиферативтік әсер етеді.
Доксорубициннің әсер ету механизмінде негізінен ДНК және РНК синтезін бәсеңдетуге әкелетін азотты қосылыстардың буы арасындағы интеркаляциясы арқылы ДНК кешенінің түзілуге мүмкіндігі болып табылады.
Ісікке қарсы әсері жасуша жарғақшаларының липидтерімен байланысуы нәтижесінде жасушалық қызметінің өзгеруіне және топоизомераза II-мен өзара әрекеттесуіне қатысты деп болжамдайды.
Молекулярлық және биохимиялық әсер ету механизмі бойынша доксорубицин антрациклинді құрылымды басқа (рубомицин және карминомицинге) антибиотиктерге жақын. Интерфазаны қоса, барлық жасушалық цикл бойы белсенді.
Қолданылуы
-
сүт безінің обыры
-
өкпе обыры (ұсақжасушалы)
-
өңеш обыры
-
асқазан обыры
-
алғашқы гепатоцеллюлярлы обыр
-
ұйқы безі обыры
-
карциноид
-
бас пен мойын обыры
-
қалқанша без обыры
-
қатерлі тимома
-
аналық бездер обыры
-
аталық бездің герминогенді ісігі
-
трофобластты ісік
-
қуық асты безі обыры
-
қуық обыры (оперативтік араласымнан кейінгі қайталануын емдеу және алдын алу)
-
эндометрия обыры
-
жатыр мойыны обыры
-
Юинг саркомасы
-
Вильмс ісігі
-
остеогенді саркома
-
жұмсақ тіндер саркомасы
-
Капоша саркомасы
-
жедел лимфобластты лейкоз
-
жедел миелобластты лейкоз
-
созылмалы лимфолейкоз
-
Ходжкин ауруы және ходжкиндік емес лимфомалар
-
көптеген миелома
Қолдану тәсілі және дозалары
Доксорубицин Актавис монотерапия ретінде де, емдеу сызбасына байланысты басқа цитостатиктермен әртүрлі дозаларда біріктірілімде де қолданылуы мүмкін. Дозаны жекелей тағайындағанда арнайы әдебиеттегі деректерді басшылыққа алу керек. Құтының ішіндегі инъекцияға арналған су немесе 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісімен 2 мг/мл ерітінді концентрациясына дейін қалпына келтірілуі керек.
Көктамыр ішіне енгізу
Препаратты баяу к/і сорғалатып енгізеді.
-
Монотерапия ретінде циклге ұсынылған доза әрбір үш аптада 60-75 мг/м2 құрайды. Әдетте препарат цикл ішінде бір рет енгізіледі; бірақ, циклдік дозаны бірнеше енгізуге бөлуге болады (мысалы, алғашқы үш күн ішінде қатарынан, немесе циклдің бірінші және сегізінші күні). Циклдер әрбір 3-4 аптада қайталанады.
-
Доксорубициннің уытты әсерін, әсіресе кардиоуыттылығын азайту үшін, препаратты 10-20 мг/м2 апта сайын енгізу режімі қолданылады.
-
Басқа да ісікке қарсы препараттармен біріктірілімде доксорубицин әрбір 3-4 аптада 30-60 мг/м2 циклдік дозада тағайындалады.
Бауыр қызметінің бұзылуы. Гипербилирубинемиямен емделушілерде доксорубицин дозасы жалпы билирубин концентрациясына сәйкес азайтылуы керек:
- билирубиннің қан сарысуындағы 12-30 мг/л концентрациясында 50% -ға;
-
билирубиннің қан сарысуындағы 30 мг/л жоғары концентрациясында 75%-ға.
Емделушілердің басқа да арнайы тобы. Бұрын ауқымды ісікке қарсы ем алған емделушілерде, балаларда, егде жастағы емделушілерде, семірген емделушілерде (егер дене массасы таза салмағының 130% құрайтын болса, доксорубициннің жүйелі клиренсінің төмендеуі байқалады), сондай-ақ сүйек кемігінің ісік инфильтрациясымен емделушілерде төмен дозаны тағайындау немесе цикл аралығын ұзарту ұсынылады.
Доксорубициннің к/і енгізілуін сақтықпен жүргізу керек. Тромбоздар даму қаупін және экстравазацияны азайту үшін натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің немесе 5% глюкоза ерітіндісінің инфузиясы кезінде, көктамыр ішіне енгізуге арналған жүйе түтігі арқылы доксорубицинді 3-5 минут ішінде енгізу ұсынылады.
Антрациклиндермен емдеуде ерте (жедел) немесе кеш (кешеуілдеген) кардиоуыттылықтың даму қаупі бар.
Доксорубициннің ерте кардиоуыттылығының белгілері негізінен, синусты тахикардия және/немесе ЭКГ (ST-T толқындарының спецификалық емес өзгерулері) аномалиялары болып табылады.
Сондай- ақ тахиаритмия (қарыншалық экстрасистолия және қарыншалық тахикардия), брадикардия, атриовентикулярлық блокада және Гис шоғырының блокадасы байқалуы мүмкін. Бұл әсерлер әрдайым кешеуілдеген кардиоуыттылықтың дамуының болжанған факторы болып табылмайды, сирек клиникалық маңызды болады және әдетте препаратпен емдеуді тоқтатуды қажет етпейді. Кеш кардиоуыттылық әдетте емдеу курсының соңғы сатыларында дамиды немесе оны тоқтатқаннан кейін 2-3 ай ішінде дамиды, әйтсе де кешеуілдеген жағымсыз әсерлері дамуы мүмкін (емді аяқтағаннан кейін бірнеше айдан немесе жылдан кейін).
Кеш кардиоуыттылық сол жақ қарынша лықсуы фракциясының төмендеуімен және/немесе ентігу, өкпенің ісінуі, ісінулер, кардиомегалия және гепатомегалия, олигурия, асцит, экссудативті плеврит және ат шабыс ритмі секілді іркілген жүрек жеткіліксіздігінің симптомдарымен байқалады.
Сондай- ақ перикардит және миокардит секілді жеделге жуық құбылыстар байқалуы мүмкін. Антрациклиндермен туындаған препараттың жинақталған дозасын шектейтін кардиомиопатияның ауыр түрі, өмірге қауіп төндіретін іркілген жүрек жеткіліксіздігі болып табылады.
Басқа да цитоуытты дәрілердей доксорубицинді қабылдағанда өкпе артериясының тромбоэмболиясын қоса (кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын) кейде тромбофлебит және тромбоэмболияның дамуы байқалды да.
Доксорубициннің қосынды дозасы 550 мг/м2 аспауы керек. Бұрын өкпе және көкірекорта аймағына сәулемен емдеу алған немесе басқа да кардиоуытты препараттармен емделген науқастарда, Доксорубицин Актавистің қосынды дозасы 400 мг/м2 аспауы керек.
Қуыққа енгізу
Қуық ішілік енгізу үшін ұсынылған дозасы емдеу мақсаты емдеу немесе алдын алуға байланысты 1 аптадан 1 айға дейін енгізу аралығымен инстилляцияға - 30-50 мг. Ерітіндінің ұсынылған концентрациясы - инъекция үшін 1 мг/1 мл су немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі. Инстилляция аяқталғаннан кейін, препарат қуықтың шырышты қабатына бірқалыпты әсер етуін қамтамасыз ету үшін, емделушілер әрбір он бес минут сайын бір жамбасынан екінші жамбасына ауысып жатуы керек. Әдетте, препарат қуықта 1-2 сағат ішінде болуы керек. Инстилляция соңында емделуші қуықты босатуы керек.
Препараттың несеппен шектен тыс араласуын болдырмау үшін, емделушілер инстилляция алдында 12 сағат ішінде сұйықтықты қабылдауға болмайтыны жөнінде ескертілуі керек. Қуықтың инстилляциясы кезінде доксорубициннің жүйелі сіңуі өте төмен болып табылады.
Жергілікті уытты әсерлері пайда болған жағдайда (дизурия, полиурией, никтурия, несеп шығаруда ауырсынумен, гематурия, қуық аймағында жайсыздықпен, қуық қабырғасы некрозымен білінуі мүмкін химиялық цистит) инстилляцияға арналған дозаны, натрий хлоридінің 50-100 мл 0,9% ерітіндісінде сұйылту керек.
Айрықша назарды катетеризацияға байланысты мәселелерге аудару керек (мысалы, қуықішілік үлкен ісіктерге байланысты несеп шығаратын өзекше обструкциясында).
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакцияларының пайда болу жиілігі төмендегідей бағаланады: "өте жиі " - > 1/10, " жиі" – > 1/100- ден < 1/10 дейін, "кейде" – > 1/1000- нан < 1/100 дейін, "сирек" – > 1/10000- нан < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000.
Жиі
-
сепсис
-
лейкопения, нейтропения (лейкоциттердің ең төмен құрамы енгізгеннен кейін 10-14 тәуліктен соң байқалады және енгізгеннен кейін 21 тәулік ішінде қалпына келеді), анемия
-
кардиомиопатия, жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарынша фракциясының төмендеуі, аритмиялар (оның ішінде енгізу кезінде немесе одан кейін бірнеше сағат ішінде өмірге қауіп төндіретін), СН, КМП дамуы немесе асқынуы (QRS комплексінің вольтажының тұрақты төмендеуімен жүреді, УОК төмендеуі және систолалық аралығының ұзаруы). Кардиоуытты әсері әдетте емді бастағаннан кейін 1-6 ай ішінде байқалады
-
жүректің айнуы, құсу, диарея, мукозит, анорексия
-
алопеция
-
жиі, ауыртатын, қиындықпен несеп шығару, никтурия, гематурия, қуық қабырғасының некрозы, цистит, несептің қызыл түске боялуы
Сирек
-
ДНҚ зақымдайтын ісікке қарсы препараттармен бір уақытта қолданғанда салдарлы лейкоз, ісік лизисі синдромы
-
анафилаксия, қызба, қалтырау, анафилактикалық шок
-
конъюнктивит, кератит, жас ағу
-
есекжем, экзантема, инъекция жасалатын көктамырлар бойы жергілікті эриматозды реакциялар, терінің және тырнақтың гиперпигментациясы, онихолизис, фотосезімталдық
-
діріл, қызба, қалтырау, бас айналуы
Өте сирек
-
тромбоцитопения, анемия, бетке қан тебу
-
бронхтүйілуі, сәулелік пневмонит
-
тіндік гипоксия
-
жедел бүйрек жеткіліксіздігі
-
аменорея, олигоспермия, азооспермия
-
күйдіру, әлсіздік
-
гепатоуыттылық, бауыр ферментері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы
-
несеп қышқылының жоғары түзілуіне байланысты нефропатия
-
гиперурикемия
-
тромбофлебит, тромбоэмболия
Кейде
-
флебит, флебосклероз, теріастылық талшықтарының некрозы
-
асқазан-ішектік қан кету, іштің ауыруы, ауыз қуысының, жұтқыншақ, өңеш, ішек шырышты қабатының ойық жаралануы, тоқ ішек некрозы
-
препарат енгізген орынның қышуы, жергілікті реакциясы
-
сусыздану
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
доксорубицинге және препараттың өзге компоненттеріне, сондай-ақ басқа антрациклиндер мен антрацендиондарға жоғары сезімталдықта
-
басқа химиотерапиялық препараттарды қолдану немесе сәулемен емдеу туындатқан сүйек кемігі қызметінің айқын бәсеңдеуі
-
бұрын шекті қосынды дозаларда антрациклиндермен емделу
-
гидроксибензоатқа жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
басқа химиотерапиялық препараттарды қолданумен туындаған ауыр стоматит
-
жүректің ауыр аурулары (миокардит, жүрек ырғағының айқын бұзылуы, миокард инфарктының жедел фазасы)
-
бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы; жедел гепатит, билирубинемия
-
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
-
қан кету
-
туберкулез
-
бактериялық табиғаттағы паразитарлы және жұқпалы аурулары (қазіргі уақыттағы және жақында өткерген, аурумен жақын арада қатынаста болуды қоса)
-
қарапайым герпес, белдеуленген герпес (виремиялық фаза), жел шешек, қызылша, амебиаз, стронгилоидоз (анықталған және күдіктенген) ауыр жайылған аурулардың даму қаупі
-
несеп шығару жолдары мен қуықтың жұқпасы (қуықішілік енгізу үшін)
-
2 жасқа дейінгі және 70 жастан кейінгі жас (кардиоуытты әсерінің жиілігінің жоғарылауы мүмкін), жүректің органикалық зақымдануы (төмен дозаларда кардиоуытты әсерінің даму қаупі).
Жүректің органикалық зақымдануымен науқастарда кардиоуыттылық шекті қосынды дозаларға қарағанда төмен дозаларда дамуы мүмкін, сондықтан осындай ауруларда доксорубицинмен ем жүргізу ұсынылмайды.
Сақтықпен:подаграда (оның ішінде сыртартқысында), уратты нефролитиаз 9 (оның ішінде сыртартқысында).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гепарин, дексаметазон, фторурацил, гидрокортизон, натрий сукцинаты, аминофиллин, цефалотинмен, басқа ісікке қарсы дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыда сыйымсыз.
Басқа ісікке қарсы дәрілердің (циклофосфамидпен туындаған, геморрагиялық циститтің асқынуы, 6-меркаптопурин және басқаларының гепатоуытты әсерінің жоғарылауы) уытты әсерін күшейтеді.
Урикозуриялық, подаграға қарсы дәрілік заттар нефропатияның даму қаупін жоғарылатады, сондықтан доксорубицинді қолдануға байланысты гиперурикемияның алдын алуда және тойтаруда таңдап алынған препарат аллопуринол болуы мүмкін.
Гиперурикемияны және подаграны емдеген кезде препаратпен емдеу аясында несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы нәтижесінде подаграға қарсы дәрілік затардың дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін.
Сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуін туындататын дәрілік заттар сәулемен емдеу – сүйек кемігі қызметін аддитивті бәсеңдету.
Даунорубицин, циклофосфамид, дактиномицин, митомицин, көкірекорта аймағын сәулемен емдеу кардиоуытты әсерінің даму қаупін арттырады; доксорубициннің ұсынылған дозасы - 400 мг/кв. м. аспайды. Доксорубицинді даунорубицин немесе доксорубициннің (сыртартқысында) жинақталған дозасын алатын науқастарда қолдану ұсынылмайды. Стрептозоцин доксорубициннің жартылай шығарылу кезеңін арттырады. Гепатотоуытты дәрілік заттар бауыр қызметін нашарлата отырып, доксорубициннің уыттылығыныңың жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Тірі вирусты вакциналармен бір уақытта қолданғанда вакцина вирусының репликация үдерісінің интенсификациясы мүмкін оның жағымсыз/кері әсерінің күшеюі және/немесе ауру организмінде вакцина енгізуге жауап ретінде антиденелерінің өндірілуінің төмендеуі мүмкін, сондықтан препаратты қолдануды тоқтату мен вакцинация аралығы 3- тен 12 айға дейін ауытқиды.
Айрықша нұсқаулар
Доксорубицин Актавистің қолданылуын арнайы дайындықтан өткен қызметкер инъекциялық ерітінділерді (бір реттік хирургиялық қолғаптар мен бетперделерді қолдана отырып стерильді бокста) дайындаудың, сұйылтудың және инелерді, еккіштерді, құтыларды, ампулаларды және пайдаланылмаған препараттың қалдығын жоюдың белгіленген шараларын сақтай отырып жүргізуге тиіс.
Емделу кезінде шеткергі қан көрінісіне, бауыр, ЭКГ, ЭхоКГ үнемі бақылау жүргізу керек. Лейкоциттер саны 3.3-3.5 мың/мкл төмен және тромбоциттер 100-149 мың/мкл төмен болғанда дозаны 50%- ға азайтады. Қайталау курсын қанның жасушалық құрамы қалпына келгеннен кейін бастауға болады. Егер билирубин құрамы 2-3 есе жоғары болса, дозаны сәйкесінше 50-75% азайтады. ЖЖ (СН) даму қаупі 300 мг/кв. м жалпы жинақталған дозада 1-2% болып бағаланады, 400 мг/кв. м дозада 3-5% , 450 мг/ кв. м дозада 5-8% және 500 мг/кв. м. дозада 6-20% ;
Экстравазацияда инъекциялық инені дереу алып тастап, 100 мг дозада гидрокортизон ерітіндісін айнала шаншып, хлорэтилді бүрку немесе мұз қою керек, содан кейін спиртті таңғыш қою керек. Кардиоуыттылық белгісі пайда болғанда емді дереу тоқтату керек.
Жалпы дозада 550 мг/шаршы.м астам ем алған (бұрын 400 мг/шаршы.м дозада кеуде аймағын сәулелендірген немесе кардиоуытты дәрілік заттар алған емделушілерде), сыртартқысында жүрек ауруы бар немесе көкірекорта аймағына сәуле емін алған емделушілерде, сондай-ақ 2 жасқа дейінгі балалар мен егде науқастарда емдеу барысында кардиоуытты әсері едәуір жиі байқалады.
Мүмкіндігінше буын үстіндегі көктамырға немесе көктамырлық немесе лимфатикалық дренаждалуы бұзылған аяқ қолдың көктамырларына енгізуден аулақ болған жөн. Лейкозбен немесе лимфомамен науқастарда несеп қышқылының асқын түзілуіне байланысты нефропатияның дамуын сұйықты баламалы қабылдау жолымен және кейбір жағдайларда аллопуринолды қабылдаумен алдын алуға болады. Гиперурикемияда несепті сілтілендіру қажет болуы мүмкін. Дамыған лейкопениямен науқастарды жұқпаның пайда болу белгілерін анықтау үшін мұқият бақылау керек. Жедел лейкозда тромбоцитопения мен қанкетудің болуына қарамастан доксорубицинді қолдануға болады; кейбір жағдайларда емдеу үдерісінде қан кетудің тоқтауы және тромбоциттер санының жоғарылауы байқалған, ал басқа жағдайларда тромбоциттер құю мақсатқа сай. Егер ол дәрігермен құпталмаса, препаратты қабылдағаннан кейін 3 айдан 1 жасқа дейінгі аралықта иммунизациядан бас тарту; онымен бірге тұратын науқастың басқа жанұя мүшелері полиомиелитке қарсы пероральді вакцинамен иммунизациядан бас тартуы керек; полиомиелитке қарсы вакцина алған адамдармен қарым қатынаста болмау, немесе мұрын мен ауызды жабатын қорғаушы бетперде тағу.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Доксорубицин автокөлікті жүргізу қабілетіне әсер етпейді, дегенмен кейбір емделушілерде бас айналуы, ұйқышылдық байқалуы мүмкін. Сондықтан емдеу кезеңінде көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарудан іркіле тұру қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: ауыр миелосупрессия (лейкопения және тромбоцитопения), асқазан-ішек жолы тарапынан уытты әсерлері (шырышты қабаттардың қабынуы), жедел кардиоуыттылық.
Емі: сүйек кемігі қызметінің айқын бәсеңдеуімен науқастарды госпитализациялау, антибиотиктермен ем жүргізу және гранулоцитарлы масса құю, сондай- ақ шырышты қабаттардың қабынуын симптоматикалық емдеу.
Бір реттік доза 250 мг және 500 мг доксорубицин іс жүзінде өлімге әкелген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мг белсенді заттан түссіз шыныдан жасалған құтыға салынған. Құтылар алюминий қалпақша және қызыл сары дискпен тұмшаланып және сұр түсті резеңке тығынмен жабылған.
Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25 0С- ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қалпына келтірілген ерітіндіні бөлме температурасында 24 сағат сақтайды.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л., Румыния
Тіркеу куәлігінің иесі
«Актавис Групп», Исландия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы :
Алматы қаласындағы Актавис Интернешнл Лтд өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ- сы, Мұқанов к- сі, 241-1А.
Тел./факс: 8 (727) 313-74-30, 313-74-31;
Электрондық поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com