Ю-ТРИП
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ю-ТРИП
Халықаралық патенттелмеген атауы
Улинастатин
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 100000 ХБ
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Геморрагияға қарсы препараттар. Антифибринолитиктер. Протеинолиз тежегіштері. Улинастатин.
ATХ коды B02AB05
Қолданылуы
Ұйқы безінің жедел қабынуын (панкреатит), созылмалы панкреатитті асқыну сатысында, эндоскопиялық ретроградтық панкреатохолангиографиядан (ЭРПХГ) кейін емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Әсер ететін затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ақпарат жоқ.
Арнайы ескертулер
Егер пациентте аллергологиялық анамнез болса, Ю-ТРИП препаратын сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар үшін қауіпсіз дозасы әлі анықталған жоқ.
Жүктілік
Ю-ТРИП препаратын айқын қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезеңінде тағайындауға болмайды. Мұндай жағдайларда пациентке шарана үшін потенциалды қауіптің болуы туралы ескерту керек.
Лактация кезеңі
Ю-ТРИП препаратын қабылдайтын әйелдер емшек емізуден бас тартқаны жөн.
Фертильділік
Бала туатын жастағы әйелдерге Ю-ТРИП препаратымен емдеу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ю-ТРИП препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
100 000 ХБ улинастатиннен 1-ден 2 құтыға дейін 100 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде қалпына келтіріп және 1 сағат ішінде күніне 1-3 рет вена ішіне құю арқылы енгізу керек. Емдеу ұзақтығы-3-5 күнді құрайды. Доза пациенттердің жасына және симптомдардың ауырлығына байланысты түзетіледі.
Қалпына келтіру тәсілі:
Ұсынылатын сұйылтқыштар немесе инфузияға арналған сұйықтық: 0,9% натрий хлориді немесе 5% декстроза ерітіндісі.
1. Иненің ұшын құтының қабырғасына бағыттай отырып, құтыға 5 мл сұйылтқышты баяу қосыңыз, шприцтегі инені қысқа уақытқа босатып, қалдық вакуумды жойыңыз.
2. Құтыны еңкейтіп, абайлап айналдырыңыз. Еруді стимуляциялау үшін айналдыру арқылы ішіндегісін мұқият араластырыңыз. Көбіктенбеу үшін шайқамаңыз.
3. Ұнтақ толығымен ерігеннен кейін құтының ішіндегісін 100 мл инфузиялық сұйықтыққа салыңыз.
4. Препаратты қалпына келтіргеннен кейін бірден енгізіңіз.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне енгізуге арналған.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Улинастатинді емдік дозадан асатын дозада қолдану тәжірибесі шектеулі. Артық дозаланғанда медициналық бақылау және симптоматикалық емді жүргізу ұсынылады.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)
Жағымсыз әсерлер олардың даму жиілігіне сәйкес былайша жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша пайда болу жиілігін анықтау мүмкін болмады).
Сирек
бөртпе, қышыну, инъекция орнының ауыруы
аллергиялық реакциялар
АСТ (аспартат аминотрансфераза) және АЛТ (аланин аминотрансфераза) деңгейінің жоғарылауы
жүрек айнуы, құсу, диарея
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
«KAZBIOTECH» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 010002, Шарль де Голль к-сі, 3А ғимарат, т.е. 2
Тел: +7 701 544 00 01 (24/7 қолжетімді), электронды пошта: dr.adv@kazbiotech.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 100000 ХБ улинастатин
қосымша заттар: маннитол, сахароза, натрий хлориді, натрий гидрофосфат дигидраты, фосфор қышқылы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі лиофилизацияланған ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100000 ХБ белсенді заттан резеңке бутилкаучук тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 5 мл, майысқан түбі бар түссіз шыны құтыларға (АҚШФ I типі*) (бейтарап боросиликатты) салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
БХАРАТ СЕРУМС ЭНД ВАКЦИНС ЛИМИТЕД
Плот № К-27, Джамбивили Вилладж, Ананд Нагар, Эдишионал Мидс, Амбернат (Ист), Тан 421501 Махараштра Стейт, Үндістан
Тел: +91-22-4504 3456, факс: +91-22-4504 3200, E-mail: corporate@bharatserums.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
БХАРАТ СЕРУМС ЭНД ВАКЦИНС ЛИМИТЕД
Плот № К-27, Джамбивили Вилладж, Ананд Нагар, Эдишионал Мидс, Амбернат (Ист), Тан 421501 Махараштра Стейт, Үндістан
Тел: +91-22-4504 3456, факс: +91-22-4504 3200, E-mail: corporate@bharatserums.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«KAZBIOTECH» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 010002, Шарль де Голль к-сі, 3А ғимарат, т.е. 2
Тел/факс: +7 7172 202670, info@kazbiotech.kz