Эртапик
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эртапик
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эртапенем
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 1 г
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 1000 мг эртапенемге баламалы 1213.36 мг натрий эртапенемі
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, натрий гидроксиді.
Сипаттамасы
Ақтан ақ түсті дерлікке дейін лиофилизацияланған бәліш немесе ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер. Эртапенем.
АТХ коды J01DH03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қан плазмасындағы концентрациясы. Дені сау ересектерге (25-тен 45-ке дейін) 1 г бір реттік 30-минуттық венаішілік инфузия жасағанда қан плазмасындағы эртапенемнің орташа концентрациясы 155 мкг/мл (Cmax) дозаны енгізгеннен кейін 0.5 сағаттан соң (инфузия аяқталғаннан кейін), дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 9 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң 1 мкг/мл болды.
Ересектердің қан плазмасындағы эртапенемнің концентрация қисығы (AUC) 0.5-нен 2 г-ге дейінгі доза диапазонында дозаға тікелей пропорционалды.
Ересектерге 0.5-нен 2 г-ге дейінгі доза диапазонында көп рет вена ішіне енгізгеннен кейін эртапенем жинақталмайды.
3 айлық және 23 айға дейінгі жастағы пациенттерге 15 мг/кг (1 г дейінгі ең жоғары дозада) бір рет 30-минуттық венаішілік инфузия жасағанда дозаны енгізгеннен кейін 0.5 сағаттан соң (инфузия аяқталғаннан кейін), қан плазмасындағы эртапенемнің орташа концентрациясы 103.8 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 6 сағаттан соң 2.5 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 1 мкг/мл болды.
2-ден 12 жасқа дейінгі пациенттерге 15 мг/кг (1 г дейінгі ең жоғары дозада) бір рет 30-минуттық венаішілік инфузия жасағанда қан плазмасындағы эртапенемнің орташа концентрациясы 113.2 мкг/мл (Cmax) дозаны енгізгеннен кейін 0.5 сағаттан соң (инфузия аяқталғаннан кейін), дозаны енгізгеннен кейін 6 сағаттан соң 12.8 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 3.0 мкг/мл болды.
13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерге 20 мг/кг (1 г дейінгі ең жоғары дозада) бір рет 30-минуттық венаішілік инфузия жасағанда қан плазмасындағы эртапенемнің орташа концентрациясы 170.4 мкг/мл (Cmax) дозаны енгізгеннен кейін 0.5 сағаттан соң (инфузия аяқталғаннан кейін), дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 7.0 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң 1.1 мкг/мл болды.
Үш пациентке (13-тен 17 жасқа дейінгі) 1 г бір рет 30-минуттық венаішілік инфузия жүргізгенде қан плазмасындағы эртапенемнің орташа концентрациясы дозаны енгізгеннен кейін 0.5 сағаттан соң (инфузия аяқталғаннан кейін) 155.9 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 6.2 мкг/мл болды.
Таралуы. Эртапенем адамның қан плазмасының ақуыздарымен жеңіл байланысады. 25-тен 45 жасқа дейінгі дені сау ересектерге қан плазмасындағы концентрациясын арттырғанда ақуыздарымен байланысуы төмендейді – байланысуынан < 50 мкг/мл қан плазмасындағы концентрациясында шамамен 95 %, байланысуға дейін 155 мкг/мл қан плазмасындағы концентрациясында шамамен 92 % (1 г дозада венаішілік инфузия аяқталғанға дейін орташа концентрацияларына жеткен).
Ересектерде эртапенемнің таралу көлемі (Vdss) шамамен 8 л (0.11 л/кг), 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда – шамамен 0.2 л/кг, және 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларда – шамамен 0.16 л/кг.
1 г дозада вена ішіне тәулігіне 1 рет енгізгеннен кейінгі үшінші күні күлдіреген тері ішіндегі эртапенемнің концентрациясы, күлдіреген тері ішіндегі AUC плазмадағы AUC 0.61 арақатынасын көрсетті.
in vitro зерттеулер ақуыздармен жеңіл байланысатын қан препараттарына (варфарин, этинилэстрадиол және норэтиндрон) қан плазмасының ақуыздарымен байланысуына эртапенемнің елеусіз ықпалын көрсетті. Байланысудағы өзгерістер 1 г дозаны енгізгеннен кейін қан плазмасындағы эртапенемнің ең жоғары концентрациясы кезінде <12 % құрады. In vivo, пробенецид 500 мг дозалануы әрбір 6 сағаттан сайын, 91-ден 87 % диапазон жағдайда 1 г бір рет дозаны вена ішіне енгізген адамдарда инфузия аяқталғаннан кейін қан плазмасындағы эртапенемнің байланысуы фракциясын азайтты. Мұндай әсерлер қысқа мерзімді болады деп саналады. Эртапенемнің оларды ығыстыруынан немесе керісінше препараттардың, салдарынан клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі шамалы.
in vitro зерттеулер дигоксин немесе винбластиннің Р-гликопротеин-негізделген тасымалдануын тежемейтінін, өзі оның субстраты болып табылмайтынын көрсетті.
Метаболизмі. 23-тен 49 жасқа дейінгі дені сау ересектерге радиобелсенді белгіленген эртапенемнің 1 г венаішілік инфузиядан кейін жасағанда қан плазмасындағы эртапенемнің құрамы 94%. Эртапенемнің негізгі метаболиті бета-лактамды сақина дегидропептидаза-I- негізделген гидролизде қалыптасатын ашық сақиналы туынды болып табылады.
Адамның бауыр микросомаларындағы іn vitro зерттеулер, 6 негізгі CYP изоформалары: 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 қандай да бір негізделген эртапенем метаболизмін тежемейтінін көрсетті.
Шығарылуы. Дені сау жастау ересектерге (23-ден 49 жасқа дейінгі) радиобелсенді белгіленген эртапенемді 1 г вена ішіне енгізгеннен кейін препараттың шамамен 80 %-ы несеппен және 10 % нәжіспен шығарылады. Препараттың несеппен шығарылған 80 %-ы, шамамен 38 %-ы өзгермеген эртапенем түрінде және 37 % – метаболит түрінде ашық сақиналы шығарылады.
Дені сау жастау ересектерге (18-ден 49 жасқа дейінгі) және 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерге вена ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағат. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2.5 сағат. Несептегі эртапенемнің орташа концентрациясы дозаны енгізгеннен кейін 0 – 2 сағат ішінде 984 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 12-ден 24 сағат аралығында 52 мкг/мл болған.
Жекелеген топтар
Жынысы. Қан плазмасындағы эртапенемнің концентрациясы еркектер және әйелдерде салыстырмалы.
Егде жастағылар. Эртапенемді вена ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы концентрациясы 1 және 2 г дозада (шамамен тиісінше 39 және 22 %) егде жастағы дені сау адамдарда (≥65 жас), жастау пациенттерде (< 65 жас). Бүйрек функциясы ауыр түрде болғанда егде жастағы пациенттердегі дозаны түзетудің қажеттігі жоқ.
Балалар. Қан плазмасындағы эртапенемнің концентрациясы тәулігіне 1 г дозасында вена ішіне енгізгеннен кейін 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар мен ересектердегілермен салыстырмалы.
20 мг/кг дозада енгізгеннен кейін (1 г ең жоғары дозаға дейін) 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттердегі фармакокинетикасының көрсеткіштері жастау дені сау ересектердің көрсеткіштерімен салыстырмалы.
Фармакокинетика деректерін бағалау мақсатында, осы жастағы топтардың барлық пациенті препаратты 1 г дозада қабылдағана деректер дозаға тәуелді жағдайында 1 г дозаға түзетумен деректер есептелген. Нәтижелерді салыстыру эртапенемнің 1 г дозаны тәулігіне 1 рет енгізгенде 13 – 17 жас аралығындағы және ересек пациенттерде салыстырмалы фармакокинетикалық бейінге жететінін көрсетті. AUC үшін арақатынасы (13–17 жас/ересектер), уақытша қолдану нүктесі инфузия соңындағы және орташа концентрациясы 0.99, 1.20 және тиісінше 0.84 % болды.
Эртапенемді 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг дозада бір рет вена ішіне енгізгеннен кейін орташа уақытша қолдану нүктесіндегі қан плазмасындағы концентрациясы ересектерге 1 г дозада бір рет вена ішіне енгізгеннен кейін орташа уақытша қолдану нүктесіндегі қан плазмасындағы концентрациясымен салыстырмалы. Эртапенемді 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде эртапенемнің плазмалық клиренсі (мл/мин/кг) ересектермен салыстырғанда шамамен 2 есе жоғары. 15 мг/кг дозада AUC көрсеткіші 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде орташа уақытша қолдану нүктесіндегі қан плазмасындағы концентрациясы эртапенемді 1 г дозада вена ішіне қабылдаған жастау дені сау ересектердің көрсеткіштерімен салыстырмалы.
Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде эртапенемнің фармакокинетикасы зерттелмеген. Эртапенемнің шектеулі метаболизмі себебі бойынша, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде бауыр функциясы бұзылғанда препараттың фармакокинетикасының өзгеруі күтілмейді. Сондықтан бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеттігі жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы. Ересектерге эртапенемді 1 г дозасында бір рет вена ішіне енгізгеннен кейін ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жалпы эртапенемнің (байланысқан және байланыспаған) және байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері (креатинин клиренсі 60-тан 90 мл/мин/1.73 м2 дейін) және дені сау адамдарда (25-тен 82 жасқа дейін) ұқсас. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 31-ден 59 мл/мин/1.73 м2 дейін) жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері тиісінше дені сау адамдармен салыстырғанда шамамен 1.5 және 1.8 есе жоғары. Бүйрек функциясының ауыр түрдегі бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 5-тен 30 мл/мин/1.73 м2 дейін) жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері тиісінше дені сау адамдармен салыстырғанда шамамен 2.6 және 3.4 есе жоғары. Гемодиализ жүргізілетін пациенттердің жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері тиісінше дені сау адамдармен салыстырғанда диализ сеансының арасында шамамен тиісінше 2.9 және 6.0 есе жоғары. Гемодиализ сеансын жүргізердің тікелей алдында 1 г дозада бір рет вена ішіне енгізгеннен кейін, дозаның шамамен 30 %-ы диализатпен бірге шығарылған. Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларға қатысты деректер жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар терминальді сатыдағы пациенттерде және дозалау бойынша ұсыныстарды анықтау үшін гемодиализ жүргізуді қажет ететін пациенттерде эртапенемнің қауіпсіздігі және тиімділігі туралы тиісті деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында эртапенемді қолдануға болмайды.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі. Эртапенем пенициллин байланыстыратын ақуыздарға (ПБА) қосылуымен қатар жүретін жасушалар қабырғасының синтезін тежейді. Ең күшті аффинділігі (ПБА 2 және 3 байланысу қабілеті) Escherichia coli белгіленеді.
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық (ФК/ФД) өзара әрекеттестігі. ФК/ФД клиникалық зерттеулерінде басқа бета-лактамды антибиотиктер сияқты, қоздырғыштың ең кіші тежегіш концентрациясымен эртапенемнің плазмадағы концентрациясын арттыру уақытымен тиімділігінің тікелей корреляциясы бар.
Төзімділік механизмі. Еуропада жүргізілген төзімділікті қадағалау бойынша зерттеулерге сәйкес, кейбір төзімді штамдарда карбапенемдер класының бактерияға қарсы басқа препараттарға төзімділігі байқалды. Эртапенем пенициллиназа, цефалоспориназа және кең ауқымды бета-лактамазаларды қоса, көптеген бета-лактамазалар класының гидролизіне тиімді тұрақты, бірақ металл-бета-лактамазаларға емес.
Метициллинге-төзімді стафилококтар және энтерококтар ПБА мақсаттарға сезімтал еместігіне байланысты эртапенемге төзімді болып табылады; P. aeruginosa және басқа ферментативті емес бактериялар, әдетте, шектеулі өту және ағын активациясы салдарынан төзімді болып табылады.
Энтеробактерияларда төзімділік жиі байқалмайды; эртапенем әдетте ауқымы кең бета-лактамазалармен (АКБД) энтеробактерияларға қатысты белсенді. Алайда АКБД немесе белсенділігі жоғары басқа бета-лактамазалар (мысалы, AmpC түрлер) бір немесе бірнеше пориндерден (сыртқы жарғақша ақуыздары) айрылудың салдарынан немесе ағын активациясы туындайтын өтуінің әлсізденуімен бір мезгілде болғанда төзімділігі байқалуы мүмкін. Төзімділік сирек байқалса да, айқын карбапенем-гидролиздейтін белсенділігі (мысалы, IMP және VIM металл-бета-лактамазалар немесе KPC-түрлер) бар бета-лактамазалар қалыптасуының салдарынан туындауы мүмкін.
Эртапенемнің әсер ету механизмі хинолондар, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер сияқты басқа класты антибиотиктердің механизмінен ерекшеленеді. Эртапенем мен осы препараттар арасында нысанаға тәуелді айқаспалы төзімділік жоқ. Алайда микроорганизмдер бактерияға қарсы препараттардың бір класының басымына төзімділікті көрсете алады, кейбір заттар және/немесе эффлюксті помпалар өтпеушілігіне негізделген (немесе қосады).
Концентрациясының шекті мәндері
MIC EUCAST мыналар:
Enterobacteriaceae: S 0.5 мг/л және R> 1 мг/л
Streptococcus A,B,C,G: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л
Streptococcus pneumoniae: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л
Haemophilus influenzae: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л
M. catarrhalis: S 0.5 мг/л және R> 0,5 мг/л
Грамтеріс анаэробтар: S 1 мг/л және R> 1 мг/л
Штамдармен байланысты емес соңғы нүктелер: S 0.5 мг/л және R> 1 мг/л (NB: стафилококтардың эртапенемге сезімталдығы метициллинге сезімталдығына байланысты).
Емдеуші дәрігер жергілікті MIC туралы ақпаратты ескерген жөн (мұндай ақпарат болғанда).
Микробиологиялық сезімталдық. Белгілі бір штамдарда төзімділіктің болуы уақыт және географиялық орнына байланысты құбылуы мүмкін, мұны ауыр инфекцияны емдегенде ескерген жөн. Еуропалық Кеңес елдеріндегі топтық инфекциялар жағдайлары туралы деректер бар. Төменде келтірілген ақпарат микроорганизмдердің ықтимал сезімталдығы немесе сезімталдығы еместігінің бағдарлы деректер ғана береді.
Микроорганизмдерге сезімталдық:
Грамоң аэробтар: метициллинге сезімтал стафилококтар (Staphylococcus aureus қоса)*
Streptococcus agalactiae*, Streptococcus pneumoniae*†, Streptococcus pyogenes
Грамотеріс аэробтар: Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli*, Haemophilus influenzae*, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Moraxella catarrhalis*, Morganella morganii, Proteus mirabilis*, Proteus vulgaris, Serratia marcescens
Анаэробтар: Bacteroides fragilis және B. fragilis тобының штамдары*, Clostridium тегінің микроорганизмдері (C. difficile* қоспағанда), Eubacterium* тегінің микроорганизмдері, Fusobacterium* тегінің микроорганизмдері, Peptostreptococcus* тегінің микроорганизмдері, Porphyromonas asaccharolytica* тегінің микроорганизмдері, Prevotella* тегінің микроорганизмдері
Жүре пайда болған төзімділігінің штамдары:
Метициллинге төзімді стафилококтар+#
Тұрақты микроорганизмдер:
Грамоң аэробтар: Corynebacterium jeikeium, Enterococcus faecalis және Enterococcus faecium қоса энтерококтар
Грамтеріс аэробтар: Aeromonas тегінің микроорганизмдері, Acinetobacter, Burkholderia cepacia, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia тегінің микроорганизмдері.
Анаэробтар: Lactobacillus тегінің микроорганизмдері
Басқалар: Chlamydia тегінің микроорганизмдері, Mycoplasma тегінің микроорганизмдері, Rickettsia тегінің микроорганизмдері, Legionella тегінің микроорганизмдері
* Клиникалық зерттеулерде қанағаттанарлық белсенділігі көрсетілді.
† Эртапик препаратының тиімділігі пенициллинге-төзімді Streptococcus pneumoniae туындаған ауруханадан тыс пневмонияны емдеу анықталмаған.
+ Кейбір қатысушы елдерде жүре пайда болған төзімділік жиілігі > 50 %.
# Метициллинге-төзімді стафилококтар (MRSA қоса) бета-лактамдарға әрдайым төзімді.
Қолданылуы
Емдеу
-
ересектер мен 3 айдан 17 жасқа дейінгі балаларға микроорганизмдерге сезімтал штамдар туғызған мынадай инфекцияларды емдеуге арналған, сондай-ақ антибиотиктің парентеральді енгізу қажет болған бастапқы эмпирикалық бактерияға қарсы ем ретінде:
-
интраабдоминальді инфекцияларда
-
ауруханадан тыс пневмонияда
-
гинекологияда жедел инфекцияларда
-
диабеттік табан синдромы кезінде тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары
Профилактика
-
колоректальді аймақтағы жоспарлы хирургиялық операциялар кезінде хирургиялық жаралардың инфекцияларының профилактикасы үшін ересектерде (антибиотиктерді тиісті қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескере отырып).
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалануы
Емдеу
Ересектер және жасөспірімер (3 айдан 17 жасқа дейінгілер). Эртапиктің дозасы 1 г тәулігіне вена ішіне тәулігіне 1 рет.
Нәрестелер және балалар (3 айдан 12 жасқа дейінгілер). Эртапиктің дозасы 15 мг/кг вена ішіне тәулігіне 2 рет құрайды (тәулігіне 1 г дозадан асырмай).
Профилактика
Ересектер. Жоспарлы колоректальді хирургиялық операциялар кезінде хирургиялық жаралардың инфекцияларының профилактикасы, ұсынылған доза хирургиялық араласуға дейін вена ішіне 1 сағатқа дейін бір рет 1 г құрайды.
Балалар. Деректер болмауының салдарынан Эртапикті 3 айға дейінгі балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Эртапик ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерде инфекцияларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Креатинин клиренсі > 30 мл/мин/1.73 м2 пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясының ауыр түрдегі бұзылулары бар пациенттерге эртапенемді қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді мұндай пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерге қатысты деректер жоқ.
Гемодиализдегі пациенттер. Гемодиализ жүргізетін пациенттердің эртапенемді қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді пациенттерге қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзетудің қажеттігі жоқ.
Егде жастағы пациенттер. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоспағанда, Эртапиктің ұсынылған дозасын қолдану керек.
Қолдану тәсілі
Вена ішіне енгізу. Эртапикті инфузия түрінде 30 минут ішінде енгізу керек.
Эртапикпен емдеудің әдеттегі ұзақтығы ауру түріне және оны туғызған патогенді микроорганизмге (микроорганизмдерге) байланысты 3-тен 14 күнге дейінді құрайды. Клиникалық көрсеткіштер болса клиникалық жақсару жағдайында кейінгі ішу арқылы микробқа қарсы емдеуге өтуге болады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық:
Тек бір рет қолдануға арналған.
Қалпына келтірілген ерітіндіні тікелей дайындағаннан кейін натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісінде еріту керек.
Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау
Эртапикті енгізудің алдында қалпына келтіру және содан кейін сұйылту керек.
Ересектер және жасөспірімдер (13 жастан 17 жасқа дейін)
Қалпына келтіру
Шамамен 100 мг/мл концентрациясындағы қалпына келтірілген ерітінді алу үшін 1 г Эртапик препараты бар құтының ішіндегісін 10 мл инъекцияға арналған суды немесе натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісін қосу арқылы қалпына келтіріңіз. Толық еріткенге дейін араластыру керек.
Таралуы
50 мл-ден қалтада еріту үшін: 1 г доза үшін – қалпына келтірілген препараты бар құтыны тез арада құрамында натрий хлоридінің 0.9 % (9 мг/мл) ерітіндісін 50 мл-лік қалтаға ауыстырыңыз; немесе
50 мл-лік құтыларда еріту үшін: 1 г доза үшін – құрамында натрий хлоридінің 0.9 % (9 мг/мл) ерітіндісі бар 50 мл-лік құтыдан 10 мл алыңыз. Құтының ішіндегісін 1 г қалпына келтірілген препараты бар құрамында натрий хлоридінің 0.9 % (9 мг/мл) ерітіндісін 50 мл-лік қалтаға ауыстырыңыз.
Инфузиялануы
Инфузия түрінде 30 минут енгізу керек.
Балалар (3 айдан 12 жасқа дейін)
Қалпына келтіру
Шамамен 100 мг/мл концентрациясындағы қалпына келтірілген ерітінді алу үшін 1 г Эртапик препараты бар құтының ішіндегісін 10 мл инъекцияға арналған суды немесе натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісін қосу арқылы қалпына келтіріңіз. Еріту үшін әбден араластырыңыз.
Сұйылтуы
Қалталарда араластыру үшін: дене салмағына әр 15 мг/кг (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) баламалы көлемді соңғы 20 мг/мл концентрация немесе одан кіші концентрация алу үшін натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісіне ауыстырыңыз;
немесе
Құтыларда еріту үшін: дене салмағына әр 15 мг/кг (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) баламалы көлемді соңғы 20 мг/мл концентрация немесе одан кіші концентрация алу үшін натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісіне ауыстырыңыз;
Инфузия
30 минут бойы инфузия түрінде енгізу керек.
Эртапиктің құрамында натрий гепарині және калий хлориді бар вена ішіне енгізуге арналған ерітінділермен үйлесімділігі расталған.
Парентеральді енгізуге арналған дәрілік препаратты қолданар алдында бөгде денелерді немесе бояуының өзгеруін анықтау үшін қарап тексеру керек. Эртапик ерітіндісінің түсі түссізден бозғылт-сары түске дейін құбылады (түстің осы шекте өзгеруі препараттың белсенділігіне әсер етпейді).
Пайдаланылмаған препарат немесе қалдықтарды жергілікті талаптарға сәйкес жою қажет.
Жағымсыз әсерлері
Қауіпсіздік бейіні туралы түйіндеме
Ересектер
Клиникалық зерттеулерде эртапенемді қабылдаған пациенттердің жалпы саны, 2200-ден асты, 2150 аса пациент эртапенемді 1 г дозада қабылдаған. Жағымсыз реакциялар (яғни, зерттеушінің пікірінше, дәрілік препаратпен байланысуы ықтимал немесе анықталған ретінде бағаланған) эртапенемді қабылдаған шамамен 20% пациент тіркелген. 1,3% пациентте жағымсыз реакцияларға байланысты емдеу тоқтатылған. Клиникалық зерттеулерде 476 пациент колоректальді операциядан кейінгі хирургиялық инфекциялардың профилактикасы үшін 1 г бір реттік доза түрінде эртапенемді қабылдаған.
Тек эртапенемді қабылдаған пациенттерде емдеу кезінде хабарланған жиі орын алған жағымсыз реакциялар емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бойы диарея (4,8%), постинфузиялық веналық асқынулар (4,5%) және жүрек айнуы (2,8%) байқалған.
Эртапенемді жиірек қабылдаған пациенттерде емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бақылауда емдеу кезінде хабарланған зертханалық өзгерістерге AЛT (4,6%), АСТ (4,6%) белсенділігінің, сілтілік фосфатазаның ( 3,8%) және тромбоциттер (3,0%) санының артуы байқалған.
Балалар (3 айдан 17 жасқа дейін)
Клиникалық зерттеулерде эртапенемді қабылдаған пациенттердің жалпы саны 384 болды. Эртапенем қауіпсіздігінің жалпы бейіні ересек пациенттермен салыстырмалы. Жағымсыз реакциялар (зерттеудің пікірінше, яғни, дәрілік препаратымен байланысуы ықтимал немесе анықталған ретінде бағаланған) эртапенемді қабылдаған шамамен 20,8% пациентте тіркелген. Емдеу 0,5% пациентте жағымсыз реакциялар салдарынан тоқтатылған болатын.
Тек эртапенемді қабылдаған пациенттерде емдеу кезінде хабарланған жиі орын алған жағымсыз реакциялар емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бойы бақыланған - диарея (5,2%) және инфузия орнындағы ауырулар (6,1%) болды.
Эртапенемді қабылдаған пациенттерде емдеу кезінде өте жиі хабарланатын нормадан зертханалық ауытқулар емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бақылауда мынадай болды: нейтрофилдердің саны (3,0%) және AЛT (2,9%) және АСТ (2,8%) белсенділігінің артуы.
Жағымсыз реакциялардың кестелік тізбесі
Тек эртапенемді қабылдаған пациенттерде емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн бақылауында мынадай жағымсыз реакциялар жиілігі: жиі (1/100-ден <1/10); жиі емес (1/1000-дан <1/100-ге дейін); сирек (1/10000-нан <1/1000); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалауға болмайды).
Ересектер (18 жастан асқан) |
Балалар мен жасөспірімдер (3 айдан 18 жасқа дейін) |
|
Инфекциялар мен инвазиялар |
Жиі емес: ауыз қуысының кандидозы, кандидоз, зеңді инфекция, жалған жарғақшалы энтероколит, вагинит Сирек: пневмония, дерматомикоз, операциядан кейінгі жарақат инфекциясы, несеп жолдарының инфекциясы |
|
Қан және лимфа жүйелері тарапынан бұзылулар |
Сирек: нейтропения, тромбоцитопения |
|
Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар |
Сирек: аллергия Белгісіз: анафилаксиялық реакцияларды қоса, анафилаксия |
|
Метаболизм және тамақтанудың бұзылулары |
Жиі емес: анорексия Сирек: гипогликемия |
|
Психикалық бұзылулар |
Жиі емес: Ұйқысыздық, сананың шатасуы Сирек: ажитация, мазасыздық, депрессия Белгісіз: психикалық статус өзгеруі (озбырлықты, делирий, бағдарсыздық, ментальді жай күйдің өзгеруін қоса) |
Белгісіз: психикалық статус өзгеруі (озбырлықты қоса) |
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Жиі: бас ауыруы Жиі емес: бас айналуы, ұйқышылдық, дәм сезудің бұзылуы, құрысулар Сирек: тремор, естен тану Белгісіз: елестеулер, сананың төмен деңгейі, дискинезия, миоклонус, жүрістің бұзылуы |
Жиі емес: бас ауыруы Белгісіз: елестеулер |
Көрудің бұзылулары |
Сирек: аққабық патологиясы |
|
Жүрек функциясының бұзылулары |
Жиі емес: синустық брадикардия Сирек: аритмия, тахикардия |
|
Тамыр бұзылулары |
Жиі: инфузиядан кейінгі веналық асқыну, флебит / тромбофлебит Жиі емес: гипотония Сирек: қан кетулер, артериялық жоғары қысым |
Жиі емес: қан кернеулері, гипертензия |
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар |
Жиі емес: диспноэ, фарингеальді жайсыздық Сирек: мұрынның бітелуі, жөтел, мұрыннан қан кетулер, сырылдаулар/құрғақ сырылдаулар, ысқырып тыныстау |
|
Асқазан-ішек бұзылыстары |
Жалпы: диарея, жүрек айнуы, құсу Әдеттегіден тыс: іш қатуы, қышқылды регургитация, ауыздың құрғауы, диспепсия, іштің ауыруы Сирек: дисфагия, нәжісті ұстамау, перитонит Белгісіз: тістің боялуы |
Жалпы: диарея Әдеттегіден тыс: түссіз нәжістер, мелена |
Гепато-билиарлы бұзылулар |
Сирек: холецистит, сары ауру, бауыр функциясының бұзылуы |
|
Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар |
Жиі: бөртпе, қышыну Жиі емес: эритема, есекжем Сирек: дерматит, десквамация Белгісіз: эозинофилиямен және жүйелі білінулермен (Dress-синдром) дәрілік бөртпе |
Жиі: жөргек дерматиті Жиі емес: эритема, бөртпе, петехиялар |
Қимыл-тірек аппараты және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар |
Сирек: бұлшықеттердегі құрысулар, іштің ауыруы Белгісіз: бұлшықеттердің әлсіреуі |
|
Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар |
Сирек: бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жеңіл жеткіліксіздігі |
|
Жүктілік, перинатальді және босанудан кейінгі кезеңдер |
Сирек: аборттар |
|
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар |
Сирек: генитальді қан кетулер |
|
Жалпы және жергілікті бұзылулар |
Жиі емес: қан кетулер, астения / әлсіздік, қызба, ісіну/ісінулер, кеуде қуысының ауыруы Сирек: инъекция орнының тығыздалуы, жайсыздық |
Жиі: инфузия орнының ауыруы Жиі емес: инфузия орнының күюі, инфузия орнының қышынуы, инфузия орнының қызаруы, инфузия орнында жылуды сезіну, инъекция орнының қызаруы |
Зерттеулер |
||
Қанның биохимиялық көрсеткіштері |
Жиі: AЛT, AСT, сілтілік фосфатаза белсенділігінің артуы Жиі емес: қан сарысуындағы жалпы билирубин, қан сарысуындағы тікелей билирубин, қан сарысуындағы тікелей емес билирубин, қан сарысуындағы креатинин, қан сарысуындағы моче-вина, қан сарысуындағы глюкоза деңгейінің артуы, Сирек: қан сарысуындағы бикарбо-нат деңгейінің, қан сарысуындағы креатинин және қан сарысуындағы калий деңгейінің төмендеуі; қан сарысулық ЛДГ деңгейінің артуы, қан сарысуындағы фосфор және қан сарысуындағы калий деңгейінің артуы |
Жиі: AЛT және AСT белсенділігінің артуы |
Гематология |
Жиі: тромбоциттер санының артуы Жиі емес: лейкоциттер, тромбоциттер, сегмент ядролық нейтрофилдер санының азаюы, гемоглобин және гематокрит деңгейінің төмендеуі; эозинофилдер санының артуы, белсендендірілген жеке тромбопластинді уақыттың, протромбинді уақыттың, сегмент ядролық нейтрофилдер және лейкоциттер санының артуы; Сирек: лимфоциттер санының азаюы; таяқша ядролық нейтрофилдер, лимфоциттер, метамиелоциттер, моноциттер, миелоциттер; атиптік лимфоциттер санының артуы |
Жиі: нейтрофилдер санының азаюы Жиі емес: тромбоциттер санының артуы, ішінара белсендірілген тромбопластинді уақыттың, протромбинді уақыттың артуы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі |
Несеп талдауы |
Жиі емес: несептегі бактериялар, несептегі лейкоциттер, несептегі эпителиальді жасушалар және несептегі эритроциттер санының артуы; несепте ашытқы зеңдердің болуы; Сирек: уробилиноген деңгейінің артуы |
|
Басқалар |
Жиі емес: Clostridium difficile уытты болуына оң тест |
Күтілетін жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
Дәрілік затты тіркеуден кейін күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлардың маңызы зор. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп теңгерімін мониторингтеуін жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлеріне күтілетін кез келген жағымсыз реакциялар туралы «Дәрілік заттардың жанама әсерлері, елеулі жанама әсерлері жөніндегі және тиімділігінің болмауы жөніндегі карта-хабарлама» толтыру арқылы тиісті уәкілетті органға хабарлау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
әсер ететін затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдықта
-
карбапенемдер тобының кез келген басқа антибиотигіне аса жоғары сезімталдықта
-
анамнезде басқа бета-лактамның антибиотиктерге (мысалы, пенициллинді және цефалоспоринді антибиотиктер) жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясында (мысалы, анафилаксиялық реакция, тері реакциясының ауыр түрі)
-
3 айға дейінгі балаларда
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік заттардың Р-гликопротеин-негізделген клиренс немесе CYP-негізделген клиренсін тежеуге байланысты өзара әрекеттесулер шамалы.
Вальпрой қышқылын емдік диапазонда карбапенем қатарының препараттарын эртапенеммен біріктіріп енгізгенде вальпрой қышқылының деңгейі төмендеуі туралы хабарланған. Вальпрой қышқылы деңгейінің төмендеуі құрысуларды бақылаудың адекватты емес бақылауына әкеп соғуы мүмкін, сондықтан эртапенем мен вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдануға болмайды, мұндай жағдайларда бактерияға қарсы немесе құрысуға қарсы баламалы емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Айрықша нұсқаулар
Аса жоғары сезімталдық
Бета-лактамды антибиотиктермен ем қабылдаған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі және кейде фатальді реакциялары (анафилаксиялық реакциялары) туралы хабарланған. Бұл реакциялар анамнезде поливалентті аллергиясы бар пациенттерде жиі дамыған. Эртапенеммен емдеуді бастардың алдында пациентте мұның алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге, басқа бета-лактамды антибиотиктерге және басқа аллергендерге аса жоғары сезімталдық реакциялар болмағанын анықтап алу керек. Егер эртапенемге аллергиялық реакциялар пайда болса емдеуді тез арада тоқтату қажет. Күрделі анафилаксиялық реакциялар тез арада шұғыл ем жүргізуді талап етеді!
Суперинфекция
Эртапенемді қосымша ұзақ қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің артық өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Пациенттің жағдайын қайта бағалау керек. Егер емдеу кезінде суперинфекция пайда болса, тиісті ем жүргізу керек.
Антибиотик-астасқан колит
Эртапенеммен емдеудің нәтижесінде туындаған антибиотик-астасқан колит және жалған жарғақшалы колит туралы хабарланған, ауырлығы бойынша жеңілден өмірге қауіптіге дейін ерекшеленеді. Сондықтан бактерияға қарсы препараттарды қолданумен байланысты диареясы бар пациенттерде осы диагнозды анықтау маңызды. Эртапенеммен емдеуді тоқтату және Clostridium difficile туғызған инфекцияны арнайы ем тағайындау туралы мәселесін қарау керек. Ішек перистальтикасын бәсеңдететін дәрілік препараттарды тағайындауға болмайды.
Құрысулар
Емдеу кезінде немесе эртапенеммен (1 г тәулігіне 1 рет) емді тоқтатқаннан кейін 14 күн бақылағанда ересек пациенттерде клиникалық зерттеу кезінде құрысулар пайда болғаны туралы хабарланды. Құрысулар жиі егде жастағы пациенттерде және бұрын орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) (мысалы, анамнезде ми зақымданулары немесе құрысулар) және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде байқалған. Мұндай жағдайлар маркетингтен кейінгі кезеңде орын алған.
Вальпрой қышқылымен бірмезгілде қолдану
Эртапенемді және вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдануға болмайды.
Субоптимальді әсері
Қолда бар деректерден, 4 сағаттан соң хирургиялық араласулардың кейбір жағдайларында пациенттер эртапенемнің жеткіліксіз концентрациясының әсеріне ұшырауы мүмкін, яғни емдеудің зор тиімсіздігінің қаупі бар. Сондықтан мұндай әдеттегінден тыс жағдайларда сақ болған жөн.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында 1.0 г дозада шамамен 6.0 мЭкв (шамамен 137 мг) натрий бар, бақыланатын натрий диетасындағы пациенттерге тағайындағанда осыны ескеру керек.
Пациенттердің арнайы топтарында қолдану
Эртапиктің пенициллин-төзімді Streptococcus pneumoniae туғызған ауруханадан тыс пневмонияны емдегенде, сондай-ақ қатарлас остеомиелиті бар диабеттік табан синдромы кезінде инфекцияны емдеу тиімділігі анықталмаған. Ауыр дәрежедегі инфекциялық ауруларда эртапенемді қолданудың шектеулі тәжірибесі бар.
Эртапенемді 2 жастан кіші жастағы балаларға қолданудың аздаған тәжірибесі бар. Осы топта эртапенемге жұқтыратын микроорганизмнің (микроорганизмдерге) сезімталдығын анықтауға айрықша көңіл бөлу керек. Қазіргі кезде 3 айдан кіші балаларда қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Нақты популяцияларда пайдаланылу жөнінде
Эртапенемді ауыр инфекцияларды қолдану тәжірибесі шектеулі. Клиникалық зерттеулерде эртапенемді қабылдаған 25% ересек пациенттерде ауруханадан тыс пневмонияны емдегенде ауыр аурулар орын алған (пневмония ауырлығының индексі ретінде анықталатын > III). Клиникалық зерттеулерде жедел гинекологиялық инфекцияларды емдеу мақсатында эртапенем қабылдаған ересек пациенттердің 26%-ында ауыр аурулар орын алған (≥ 39 ° C температура және/немесе бактериемия ретінде анықталатын); пациенттердің 10%-ында бактериемия анықталған. Клиникалық зерттеулерде іш қуысының инфекцияларын емдеу мақсатында эртапенем қабылдаған ересек пациенттердің 30%-ында жайылған перитонит және асқазанда, он екі елі ішекте, жіңішке ішекте, жиек ішекте және аппендикстен басқа, өт қалтасында жинақталған инфекциялардың 39%-нда орын алған.
Эртапенемнің пенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae туғызған ауруханадан тыс пневмонияда тиімділігі анықталмаған.
Эртапенемді қатарлас остеомиелиті бар диабеттік табан синдромы кезінде инфекциясында тиімділігі анықталмаған.
Эртапенемді 2 жастан кіші балаларға қолданудың аздаған тәжірибесі бар. Осы топта эртапенемге жұқтыратын микроорганизмге (микроорганизмдерге) сезімталдықты анықтауға айрықша көңіл бөлу керек. Қазіргі кезде 3 айдан кіші балаларда қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Жүктілік
Жүкті әйелдердің қатысуымен адекватты және бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Эртапенемді жүктілік кезінде, егер зор қауіп шаранаға деген ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолдануға болмайды.
Бала емізу
Эртапенем ана сүтімен бөлінеді. Нәрестелерде жағымсыз реакциялар дамуы мүмкіндігіне орай, эртапенемді қабылдайтын аналарға бала емізбеу қажет.
Фертильділігі
Эртапенемнің ерлер мен әйелдердегі фертильділігіне әсерінің адекватты және бақыланатын зерттеулері жүргізілген жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Эртапенемнің автокөліктіі басқару қабілетіне тигізетін әсерлері жөнінде зерттеулер жүргізілмеген. Эртапенемді пациенттің автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсері бар. Пациенттер эртапенемді қолданғанда бас айналуы және ұйқышылдық орын алғаны туралы хабардар болуы керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттардың жағымсыз әсерлер симптомдардың күшеюі анықталмаған.
Емі: Эртапиктің артық дозалануын емдеу туралы арнайы ақпарат жоқ. Эртапикпен артық дозалану жағдайында, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрі бүйрек арқылы шығарылғанға дейін жалпы демеуші ем жүргізу керек. Эртапикті организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады. Алайда гемодиализді артық дозалауды емдеу үшін қолдану туралы ақпарат жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1.0 г-дан резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен қақпақпен қаусырылған І түрдегі сыйымдылығы 20 мл шыны құтыларға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қалпына келтіріліген ерітіндіні 15-25 0С температурада 6 сағат ішінде және 2-8 0С температурада 24 сағат ішінде және тоңазытқыштан алғаннан кейін 4 сағат ішінде қолдану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/қаптаушы
Auronext Pharma Private Limited
A-1128, Phase III, RIICO Indl, Area, Bhiwadi – 301019, District – Alwar, Rajasthan, Үндістан.
Тіркеу куәлігін ұстаушы:
Auronext Pharma Private Limited
A-1128, Phase III, RIICO Indl, Area, Bhiwadi – 301019, District – Alwar, Rajasthan, Үндістан.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
Rogers Pharma ЖШС, 050043, Қазақстан, Алматы қ., Мирас ықшам ауданы, 157/732, тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
Rogers Pharma ЖШС, 050043, Қазақстан, Алматы қ., Мирас ықшам ауданы, 157/732, тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com