Энзапрост® -Ф

МНН: Динопрост
Производитель: Фармамагист по торговле и обслуживанию ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dinoprost
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019613
Информация о регистрации в РК: 28.01.2013 - 28.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

ЭнзапростÒ-Ф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Динопрост

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5 мг/1 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 5,0 мг динопрост,

қосымша заттар: натрий ацетат тригидраты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз немесе аздаған жасыл-сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Утеротоникалық препараттар. Простагландиндер. Динопрост

АТХ коды G02AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Динопрост ұрық маңындағы сулардан жүйелі қан айналымына баяу сіңеді.

40 мг дозаны бір рет интраамниотикалық енгізуден кейін ең жоғары концентрациясына жету уақыты 6-10 сағат. Динопростың Смах 3-7 нг/мл.

Ферментативтік тотығуы, бірінші кезекте, ана өкпесі мен бауырында жүреді. Динопрост 15-ОН-дегидрогеназа әсерінен 2,3-нидор-6-кето- простагландин Е1-альфаға дейін тотығатын аралық кетон түзеді.

Шығарылуы негізінен бүйрек арқылы метаболиттер түрінде (5%-ы нәжіспен шығарылады). Динопростың амниотикалық сұйықтықтан жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағатты құрайды. Алынған деректерге сәйкес көктамыр ішіне енгізілген динопростың жартылай шығарылу кезеңі бір минуттан аздау.

Фармакодинамикасы

Табиғатта ұшырасатын простагландиндер циклопентан сақинасында орын басуына сәйкес қосымша топтарға (А, В, С, D простагландиндері және басқалары) бөлінеді. Олар тіндерде жинақталмайды, механикалық немесе бактериялық қоздырғыштарға жауап ретінде барлық жерде кездесетін арахидон қышқылынан (мысалы, циклооксигеназа) микросомальдық ферменттер әсерімен қайта синтезделеді.

Түзілуші простаноидтар арасында 3 простагландиннің [простагландин Е1- алпростадил, простагландин Е2 - динопростон және простагландин F2-альфа - динопрост (Энзапрост®-Ф)] акушерлікте мәні зор, миометрий контракцияларына әкеледі және жатыр мойнының «жетілуіне» ықпал етеді. Простагландин F2-альфа простагландин Е2-нің қалпына келген түрі болып табылады (простагландин Е2-нің спонтанды қайта түзілуі жолымен in vivo түзіледі).

Простагландиндер барлық ағзалар мен тіндерде болады. Жүктілік кезінде амниондағы, хорион мен плацентадағы простагландиндер синтезі күшейіп, соның нәтижесінде ұрық маңындағы сулар мен ана қанында олар жоғары концентрацияда өлшенеді.

Әсер ету механизмі

Динопростон және динопрост (Энзапрост-Ф) С фосфолипазасын белсенділендіреді, осылайша кальций үшін жасушалық жарғақшалар өткізгіштігі ұлғаяды. Осының салдарынан түзілетін кальцийдің жасушаішілік жоғары концентрациясы миометрийдің жиырылуына әкеледі. Олар сонымен бірге жатыр мойнының «жетілуіне» қатысады. Тегіс бұлшықеттер жасушалары спецификалық, олар артық тұтатын простагландин-Е2 және простагландин-F2-альфа рецепторларына ие, жасушалар жарғақшаларында орналасқан осы спецификалық рецепторлардың арқасында простагландиндер өзгереді.

Сонымен бірге жасушалық байланыстар түзілуін туындата отырып, простагландиндер миометрийде сигналдардың берілуін жақсартады, жатырда окситоцин рецепторларының пайда болуы мен олардың саны артуына ықпал етеді.

Басқа әсерлері

Простагландиннің жергілікті қолданылуында "белсенді" фибробластар пайда болуымен дәнекер тіннің спецификалық, көп фокусты “қопсуы” (цитоплазмада ұсақ түйіршікті қопсу, көлемі вакуоляларға ұлғайған митохондриялар, жасуша шетінде вакуольдар мен көпіршіктердің көп мөлшердегі желілері) жүреді. Сонымен бір мезгілде коллагеноза белсенділігінің екі есе күшеюі, эластаза белсенділігінің жеті есе күшеюі және гиалуронидаза концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы байқалады. Осы өзгерістердің барлығы жатыр мойнының «жетілуінде» (жұмсаруында) маңызды рөл атқарады. Коллагеноза, негізінен, нейтрофильдік гранулоциттерден пайда болады, олар простагландинді енгізгеннен кейін көп мөлшерде жатыр мойны стромасында (соңғы, босанар алдындағы сатыда жүруіне ұқсас) жинақталады. Простагландиндер арқылы табиғи жасуша-киллерлер (ЖК) белсенділігінің күшеюі, сондай-ақ босану әрекетінің көтермеленуіне және әдеттегі түсік тасталуына ықпал етеді. Простагландиндерді қолдану, бір жағынан, жатыр мойнының жетілуіне, екінші жағынан, босану қызметін көтермелеуге әкеледі. Емдеуде екі әсері де пайдаланылады.

Қолданылуы

Жүктілікті екінші триместрі кезінде көрсетілімдерге қарай келесі жағдайларда тоқтатуда:

  • өз бетінше басталып аяқталмаған түсік тастауда, ұрықтың жатырда өлуінде,

жүктілік кезінде ультрадыбыстық зерттеу немесе қазіргі заманғы перинатальді диагностика құралдарының көмегімен анықталған ұрықтың өмірмен үйлесімсіз ауыр ақауларында

- екінші триместрге дейін түсік мерзімінің ұзаруы анасындағы медициналық асқынулардан туындаған жағдайларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Амниотикалық қуысқа: құрсақ қабырғасы (трансабдоминальді) немесе қынап күмбезі арқылы енгізуге болады.

Трансабдоминальді енгізу

Препаратты енгізер алдында науқас әйел қуығын босатуы керек. Араласу алдында ультрадыбыстың көмегімен плацентаның бекіген жерін анықтап алу керек. Амниоцентезді құрсақ қабырғасы терісін зарарсыздандырғаннан кейін, іштің ортаңғы сызығымен, қасағалық иіннен 3-4 саусақ жоғары аралықта, плацента бекіген жерден алыстау, жергілікті анестезия жасалғаннан кейін жүргізеді. Люмбалды пункцияға (20 G немесе 22 G) арналған бір реттік инені қолданған жөн. Егер аспирация кезінде еккіште қан немесе қан араласқан ұрық маңы суы байқалса Энзапрост-Ф енгізуден бас тарту керек.

Еккіш поршенімен сорып алу арқылы алынған ұрық маңы сұйықтығының таза болуы иненің амниотикалық қуыста екендігін көрсетеді. Осыдан кейін амниотикалық қуысқа 25 мг Энзапрост-Ф енгізуге болады. Қажет болған жағдайда, 8-12 сағат өткеннен кейін инъекцияны ( амниоцентез барысында қалдырылған жасанды канюля арқылы) қайталауға болады.

Қынап күмбезі арқылы енгізу

Қуықты босату керек. Қынап пен оның күмбезі тексерілгеннен кейін оларды зарарсыздандыру керек; жатыр мойынын дөңгелек қысқаштардың көмегімен бекіту керек. Амниотикалық қуысқа ену артқы , ең жақсысы алдыңғы күмбез арқылы жүргізіледі. Бірнеше мг ұрық маңының суы ине орналасқан жерге тиісті анықтамалар береді. Таза ұрық маңының суы алынған жағдайда амниотикалық қуысқа 25 мг Энзапрост-Ф енгізу керек. Препарат енгізуді жоғарыда баяндалғанға сәйкес қайталауға болады. Жатыр белсенділігін тұрақты түрде пальпация және токографтың көмегімен, мезгіл-мезгіл – қынаптық жолмен бақылаған жөн.

Егер жасанды түсік тастауды бастау әрекеті нәтижесіз болса, 8-12 сағаттан кейін ЭнзапростÒ-Ф енгізуді қайталау керек, және қажет болған жағдайда қосымша окситоциннің көктамыр ішіне инфузиясы қайталанады. Егер жасанды түсік тастау 12 сағаттың ішінде аяқталмайтын болса, жүкті әйелді жақсылап бақылай отырып, мұқият тексеру қажет (пульс, температура, лейкоциттер саны). Дәрілік заттың тұрақты, дозамен берілуін қамтамасыз ету мақсатында (әсіресе, патологиялық жүктілік кезінде) инфузиялық сорғыны қолдану қажет. Жүктілік үзілгеннен кейін талапқа сай бақылау жалғастырылуы қажет, бұл оның толығымен болғанына көз жеткізу үшін керек, өйткені хирургиялық араласуды қажет ететін ұрықтану өнімдерінің кідіруі мүмкін. Жүктілікті үзу басталғаннан кейін оның аяқталуы үшін қажеттінің бәрін жасау керек, өйткені дәрілік заттың ұрыққа әсері белгісіз.

Премедикация:

Жағымсыз әсерлерді болдырмау және ауыруды басу немесе оны ең аз дәрежеге жеткізу үшін әр түрлі дәрілік біріктірілімдерді пайдалануға болады, бірақ премедикация кезінде әрқашан петидин мен атропинді пайдалану ұсынылады.

Ұсынылған біріктірулердің бірін тікелей Энзапрост-Ф енгізер алдында көктамыр ішіне енгізген тиімді.

Жоғарыда келтірілген араласуларды (түсік түрлерін) реанимациялық және хирургиялық жәрдем беру үшін қажетті жағдай қамтамасыз етілген ауруханалардың гинекологиялық және акушерлік бөлімшелерінде ғана жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)

- жүрек айну, құсу, диарея, асқазандағы түйілулер немесе ауырулар

Жиі емес (≥1/100 - <1/100)

  • лейкоциттер санының көбеюі

  • анафилактикалық шок, шеткергі вазоконстрикция, брадикардия, тахикардия, екінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, төс маңындағы қысылу сезімі немесе ауыруы, кеуденің ауыруы

  • бас ауыру, ұйқышылдық, тердің көп бөлінуі, жоғары үрейшілдік, диплопия, парестезиялар

  • ұзақ жөтелу

  • дизурия, гематурия, несеп шығуының кідіруі

  • жасанды түсік кезіндегі жатыр ауырулары, жатырдың бұлшықет тонусының жоғарылауы

Сирек (≥1/10000 -<1/1000)

  • көздің ашуы

  • бронхтың түйілуі

  • іштің қатты, ұзақ ауыруы немесе эпигастральді аймақтың ауыруы

  • салданған ішек бітелісі

  • тізе, арқа және иықтың ауыруы

  • дірілдеу, қалтырау немесе қатты тершеңдік, дененің өтпелі жоғары температурасы, терінің қызаруы, айрықша шөліркеу сезімі

  • инъекция орнындағы қабыну мен ауыру

  • сүт бездерінің қан тебумен байланысты ұлғаюы, сүт бездеріндегі ашу сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • динопростқа немесе басқа утеротоникалық дәрілік препараттарға оларды алдында қолданғанда аллергия немесе басқа жоғары сезімталдық реакциялары

  • бронх демікпесі (оның ішінде сыртартқыда), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпе ауруының белсенді сатысы

  • ойық жара колиті, Крон ауруы, тиреотоксикоз, глаукома

  • кіші жамбас ағзалары мен іш қуысының жедел жұқпалары (мысалы, айқын хориоамнионит, жатырдың клиникалық айқын жиырылуын туғызады, одан аулақ болу керек), ұрық қабығының жарылуы (динопростың тамырішілік сіңу қаупі артады)

  • анатомиялық және клиникалық тар жамбас (ана жамбасы мен ұрықтың бас мөлшерінің айқын сәйкессіздігі), табиғи түрде туу жолдары арқылы босану мүмкін болмайтын ұрықтың патологиялық алдыңғы орналасуы

  • гипертония, орақша-жасушалы анемия

  • жедел жұқпалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Окситоцинмен және эргометринмен бір мезгілде қолданғанда Энзапрост-Ф әсерінің күшеюі, сондай-ақ жағымсыз реакциялар саны артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Келесі жағдайларда пайда және қауіп арақатынасы қағидасын қолдану қажет

Жүрек-қан тамыр аурулары: жедел симптомдармен көрінетін жүрек ақаулары; кардиоваскулярлы аурулардың, гипертензия немесе гипотензияның болуы (оның ішінде сыртартқыда).

Орталық жүйке жүйесінің аурулары: эпилепсия (оның ішінде сыртартқыда).

Эндокриндік жүйе мен зат алмасу аурулары: қант диабеті (оның ішінде сыртартқыда).

Асқазан-ішек аурулары: сарғаю, бауырдың жедел аурулары (оның ішінде сыртартқыда).

Несеп-жыныс жүйесінің аурулары: бүйректің жедел ауруы (оның ішінде сыртартқыда, преэклампсия, жатыр мойнының стенозы, лейомиома және миома, жатырға жасалған хирургиялық араласулар (жатыр жыртылуының қаупі артады), қайта босанып жатқандар.

Басқалары: сыртартқыдағы анемия.

Кездейсоқ сіңу кезінде жүрек айну, құсу, бронх түйілуі, шеткергі вазоконстрикция, естен тану, жалпы әлсіздік, гипертония немесе үрей сезімі пайда болуы мүмкін. Энзапрост® -Ф жылдам метаболизденетіндіктен, бұл құбылыстар өтпелі (15-30 мин созылады) және әдетте клиникалық мәні жоқ.

Жүктілік

Препарат жүктілікті тоқтатуға арналған («Қолданылуын» қараңыз). Энзапроста-Ф көмегімен жүктілікті тоқтатуды бастағаннан кейін оның аяқталуы үшін қажеттінің бәрін істеу керек, өйткені дәрілік заттың ұрыққа әсері белгісіз.

Е және F простагландиндерінің жоғары дозаларымен жануарларға эксперимент кезінде сүйек тіндерінің тесілуі анықталған. Клиникалық пайдалану кезінде, Е1 простагландинімен ұзақ емдеу кезінде де сүйек тіндерінің тесілуі байқалған. Динопростпен қысқа мерзімдік емдеу ұрықта мұндай өзгерістерді туындатпаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қатысы жоқ, өйткені Энзапрост®-Ф тек қана стационарда қолдануға арналған.

Артық дозалануы

Симптомдары: әдеттегі доза кезінде де туындайтын жүрек айну, құсу және диарея, бірақ едәуір күштірек.

Емі: арнайы терапия, қажет болған жағдайда ұрық қабын (дәрісі бар резервуарды) хирургиялық кесу.

Инфузиялық, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл ерітіндіден бір нүктеде кесілетін, сындыру нүктесі белгіленген түссіз шыны ампулада.

5 ампуладан поливинилхлоридтен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

15°С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармамагист сауда және қызмет көрсету бойынша АБҚ, Венгрия

Орналасқан мекенжайы: 1028 Budapest, Patakhegyi út.83-85, Hungary

Қаптаушы

ХИНОИН Фармацевтика және Химия өнімдері зауыты ЖАҚ, Венгрия

Орналасқан мекенжайы: 3510 Miskolc, Csanyikvölgy Hungary

Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи-Авентис ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі 21Б

телефон: 8 (727) 244-50-96

факс: 8 (727) 258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

397829231477976976_ru.doc 83 кб
474792701477978154_kz.doc 88 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники