Эльтромбопаг - Виста (Элтромбопаг)

МНН: элтромбопага оламин (эквивалентно элтромбопагу)
Производитель: Синтон Испания, С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Eltrombopag
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026159
Информация о регистрации в РК: 04.12.2023 - 04.12.2028

Инструкция

Саудалық атауы

Эльтромбопаг-Виста, 25 мг, 50 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Элтромбопаг

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 50 мг.

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Антигеморрагиялық препараттар. К дәрумені және басқа гемостатиктер. Басқа жүйелі гемостатиктер. Элтромбопаг.

АТХ коды В02ВХ05

Қолданылуы

Басқа дәрілік заттармен (мысалы, кортикостероидтармен, иммуноглобулиндермен) емдеуге келмейтін, диагноз қойылған сәттен бастап 6 ай немесе одан да ұзаққа созылған, бір жастан бастап бастапқы иммундық (идиопатиялық) тромбоцитопениялық пурпурасы (ИТП) бар пациенттерді емдеуде.

Созылмалы вирусты С гепатитіне (ВСГ) шалдыққан ересек пациенттерде тромбоцитопенияны емдеуде, егер тромбоцитопения дәрежесі интерферон негізіндегі оңтайлы емнің басталуына кедергі келтіретін немесе жалғастыру мүмкіндігін шектейтін негізгі фактор болса.

Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Элтромбопагқа немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Элтромбопагпен емдеуді гематологиялық ауруларды немесе созылмалы С гепатитін және оның асқынуларын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау керек.

Емдеуді бастамас бұрын науқастарға препаратты қолданумен байланысты ықтимал жағымсыз әсерлер туралы хабарлау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Элтромбопагтың басқа дәрілік заттарға әсері.

ГМГ-КоА (гидроксиметилглютарил-коэнзим А) редуктаза тежегіші.

In vitro зерттеу элтромбопаг элтромбопаг органикалық аниондардың тасымалдау полипептидтері (OATP1B1-anganic anion transporter polypeptide) үшін субстрат болып табылмайтынын, бірақ бұл транспортерлердің тежегіші болып табылатынын көрсетті. In vitro зерттеу сонымен қатар элтромбопагтың BCRP субстраты және тежегіші екенін көрсетті. 39 дені сау ересек еріктілердің розувастатиннің BCRP және бір реттік 10 мг OATP1B1 субстратымен бірге 5 күн бойы тәулігіне бір рет 75 мг элтромбопаг қабылдау розувастатин плазмасының Cmax 103%-ға (90% сенімді аралығы [СА]: 82 %, 126 %) және AUC0-∞55 %-ға (90 % СА: 42 %, 69 %) жоғарылауына әкелді. Сондай-ақ, аторвастатин, флувастатин, ловастатин, правастатин және симвастатинді қоса алғанда, басқа ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен өзара әрекеттесуді күту керек. Элтромбопагпен бірге қолданған кезде статиндердің дозаларын азайту керек және статиндерден туындаған жағымсыз реакцияларды мұқият бақылау керек.

OATP1B1 және BCRP субстраттары.

Элтромбопагты басқа OATP1B1 субстраттарымен (мысалы, метотрексатпен) және BCRP (мысалы, топотеканмен және метотрексатпен) бірге қолдану сақтықпен жүргізілуі керек.

Цитохром Р450 субстраттары.

Адамның бауыр микросомалары қолданылған зерттеулер көрсеткендей, егер өлшеу кезінде тест субстраттары ретінде паклитаксел мен диклофенак қолданылса, элтромбопаг (100 µМ дейінгі дозада) in vitro CYP450 1А2, 2А6, 2C19, 2D6, 2E1, 4A4/5 және 4A9/11 энзимдерін тежемейтінін және CYP2C8 мен CYP2C9 тежейтінін көрсетті. 75 мг элтромбопагты 24 дені сау ер еріктілерге қолдану 1А2 (кофеин), 2С19 (омепразол), 2С9 (флурбипрофен) немесе 3А4 (мидазолам) үшін тест субстраттарының метаболизмін тежемеді немесе индукцияламады. Элтромбопаг пен СYP450 субстраттарын бірге қолданған кезде клиникалық маңызды өзара әрекеттесу күтілмейді.

ВСГ протеаза тежегіштері.

Егер элтромбопаг телапревирмен немесе боцепревирмен бірге қолданылса, дозаны түзету қажет емес. Әр 8 сағат сайын 750 мг телапревирмен 200 мг элтромбопагтың бір реттік дозасын бірге қолдану плазмадағы телапревир концентрациясын өзгертпейді.

Әр 8 сағат сайын 800 мг боцепревир мен 200 мг элтромбопагтың бір реттік дозасын бірге тағайындау AUC(0-) өзгертпейді, бірақ Cmax 20%-ға ұлғайтады және Cmin 32%-ға төмендетеді. C min төмендеуінің клиникалық маңыздылығы анықталмады, ВСГ супрессиясын мұқият клиникалық және зертханалық бақылау ұсынылады.

Басқа дәрілік заттардың элтромбопагқа әсері.

Циклоспорин.

In vitro зерттеулер элтромбопагтың сүт безі обырына резистенттілік ақуызының субстраты және тежегіші болып табылатынын көрсетті. Элтромбопаг әсерінің төмендеуі 200 мг мен 600 мг циклоспоринді (BCRP тежегіші) бірге қолданғанда байқалды. 200 мг циклоспоринді бір мезгілде қолдану элтромбопагтың C max және AUC0- 25%-ға және сәйкесінше 18%-ға төмендеткен. 600 мг циклоспоринді бір мезгілде қолдану элтромбопагтың C max және AUC0 39%-ға және сәйкесінше 24% - ға азайтқан. Емдеу кезінде элтромбопаг дозасын түзету пациенттің тромбоциттер санына негізделген. Тромбоциттер санын циклоспоринмен бірге элтромбопаг тағайындалғаннан кейін кем дегенде аптасына бір рет 2-3 апта бойы бақылау керек. Тромбоциттер санына сәйкес элтромбопаг дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Поливалентті катиондар (хелатты қосылыс).

Элтромбопаг алюминий, кальций, темір, магний, селен және мырыш сияқты поливалентті катиондармен хелатты қосылысқа түседі. Құрамында катиондары бар поливалентті антацидпен (1524 мг алюминий гидроксиді және 1425 мг магний карбонаты) бір реттік 75 мг элтромбопаг дозасын тағайындау қан плазмасындағы элтромбопагтың AUC 0- 70% - ға және C max 70% - ға азайтты. Антацидтерді, сүт өнімдерін және минералды қоспалар сияқты поливалентті катиондары бар басқа заттарды хелатты қосылыс арқылы элтромбопагтың сіңуінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеу үшін элтромбопагты қолдануға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын немесе 4 сағаттан кейін қабылдау керек.

Лопинавир/ритонавир.

Элтромбопагты лопинавирмен/ритонавирмен бірге қолдану элтромбопаг концентрациясын төмендетуі мүмкін. 40 дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеу тәулігіне екі рет 400/100 мг лопинавирмен/ритонавирмен 100 мг элтромбопагтың бір дозасын бірге тағайындау элтромбопагтың қан плазмасындағы AUC0- 17%-ға (90% CI: 6.6%, 26.6%) төмендеуіне әкелді. Сондықтан элтромбопагты лопинавирмен / ритонавирмен бірге сақтықпен қолдану керек. Элтромбопаг дозасын дұрыс анықтау үшін лопинавирмен / ритонавирмен емдеуді қатар бастаған немесе тоқтатқан жағдайда тромбоциттер санын мұқият тексеру қажет.

CYP1A2 және CYP2C8 тежегіштері мен индукторлары.

Элтромбопаг бірнеше тәсілдермен метаболизденеді, соның ішінде CYP1A2, CYP2C8, UGT1A1 және UGT1A3. Бір ферменттің тежелуіне немесе индукциясына әсер ететін дәрілік заттардың плазмадағы элтромбопаг концентрациясына айтарлықтай әсер ету ықтималдылығы аз; сол уақытта бірнеше ферменттердің тежелуіне немесе индукциясына әсер ететін дәрілік заттардың элтромбопагтың концентрациясын жоғарылату (мысалы, флувоксамин) немесе азайту (мысалы, рифампицин) әлеуеті бар.

ВСГ протеаза тежегіштері.

Екі дәрілік заттың фармакокинетикасының өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері элтромбопагтың бір дозасымен 200 мг боцепревирдің қайталама дозаларын 8 сағат сайын 800 мг немесе телапревирдің 750 мг әрбір 8 сағат сайын бірге енгізу элтромбопагтың плазмадағы концентрациясын клиникалық маңызды шарамен өзгертпейтінін көрсетеді.

ИТП емдеуге арналған дәрілік заттар.

ИТП емдеу үшін клиникалық зерттеулерде элтромбопагпен бірге қолданылатын дәрілік заттарға кортикостероидтар, даназол және / немесе азатиоприн, иммуноглобулинді және анти-D-иммуноглобулинді вена ішіне енгізу жатады. Элтромбопагты басқа ИТП емдеуге арналған дәрілік заттармен бірлесе қолданғанда, оны ұсынылған ауқымда ұстап тұру үшін тромбоциттер санын бақылау керек.

Тамақпен өзара әрекеттесуі.

Таблетка түріндегі элтромбопагты кальций мөлшері жоғары тағаммен (мысалы, сүт өнімдерін қамтитын тағам) бірге қолдану AUC0-∞ және Сmax айтарлықтай төмендетті. Керісінше, элтромбопагты кальций мөлшері жоғары немесе төмен (<50 мг кальций) тамақтануға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қолдану элтромбопагтың плазмадағы экспозициясын клиникалық маңызды дәрежеге дейін өзгерткен жоқ.

Таблетка түрінде 50 мг элтромбопагтың бір дозасын стандартты жоғары калориялы, май мөлшері жоғары таңғы аспен, соның ішінде сүт өнімдерімен бірге қабылдау элтромбопагтың плазмалық AUC 59% - ға, ал Cmaх 65% - ға төмендетті.

Пероральді қолдану үшін суспензияны дайындауға арналған ұнтақ түріндегі элтромбопагтың бір реттік 25 мг дозасын кальций мөлшері жоғары, май мөлшері орташа калориялы тағаммен бірге қабылдау элтромбопагтың орташа плазмалық AUC0-∞ 75%-ға және орташа Cmax 79%-ға төмендетті. Экспозицияның мұндай төмендеуі кальций мөлшері жоғары тағамды ішкенге дейін 2 сағат бұрын пероральді суспензия дайындауға арналған ұнтақ түріндегі 25 мг элтромбопагтың бір реттік дозасын қолданғанда әлсіреген (AUC0-∞ орташа мәні 20% - ға, ал Cmax орташа мәні 14% - ға төмендеген).

Кальций мөлшері төмен (<50 мг кальций) тағамдар, оның ішінде жемістер, майсыз ветчина, сиыр еті және байытылмаған (кальций, магний немесе темір қосылмаған) жеміс шырыны, байытылмаған соя сүті және байытылмаған жарма калориялығы мен май мөлшеріне қарамастан плазмадағы элтромбопагтың әсеріне айтарлықтай әсер етпеді.

Арнайы ескертулер

Тромбоцитопениясы және кеш сатыдағы бауырдың созылмалы ауруы бар созылмалы ВСГ науқастарында жағымсыз реакциялардың, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін бауыр жеткіліксіздігінің және тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі жоғары. Қауіптің жоғарылауы альбуминнің ≤ 35 г/л төмен деңгейімен немесе интерферонмен жүргізілетін еммен үйлесімде элтромбопагпен емдеу кезінде бауыр ауруының терминалды сатысы (MELD) моделінің көрсеткіші ≥ 10 мәнімен анықталады. Сонымен қатар, бұл пациенттердегі плацебомен салыстырғанда тұрақты вирусологиялық жауапқа (ТВЖ) қол жеткізу тұрғысынан емдеудің пайдасы шамалы болды (әсіресе альбумин деңгейі ≤ 35 г/л пациенттерде). Бұл науқастарды элтромбопагпен емдеуді кеш сатыдағы созылмалы ВСГ-мен ауыратын пациенттерді жүргізуде тәжірибесі бар дәрігерлер ғана бастауы керек және тромбоцитопенияның даму қаупі болған кезде немесе вирусқа қарсы емді демеу араласуды қажет етеді. Егер емдеу клиникалық тұрғыдан шартталған болса, бұл науқастардың жағдайын мұқият мониторингтеу қажет.

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі.

Созылмалы С гепатитін емдеу үшін бекітілген тікелей әсер ететін вирусқа қарсы дәрілік заттармен элтромбопаг біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі қазіргі уақытта анықталған жоқ.

Гепатоуыттылық қаупі.

Элтромбопагты қолдану бауыр функциясының бұзылуына әкелуі және бауырға ауыр уытты әсер етуі мүмкін, бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Элтромбопагпен емдеуді бастамас бұрын, дозаны түзету кезінде әр 2 апта сайын және доза режимі тұрақтанғаннан кейін ай сайын сарысулық АЛТ, АСТ және билирубин деңгейін өлшеу керек. Элтромбопаг UGT1A1 және OATP1B1 тежегіші болып табылады, бұл тікелей емес гипербилирубинемияның дамуына әкелуі мүмкін. Егер билирубин жоғарыласа, тікелей және тікелей емес билирубинді бақылау керек. Бауыр тесттерінде өзгерістер пайда болған кезде 3-5 күн ішінде қайта анықтауды жүргізу қажет. Егер бұзылулар расталса, бауыр ферменттерінің деңгейі қалыпқа келгенге немесе тұрақтанғанға дейін бақылануы керек. АЛТ деңгейінің жоғарылауы (бауыр функциясы қалыпты пациенттерде 3 × ҚЖШ немесе ≥3 × бастапқы деңгейі немесе >5 × ҚЖШ, емделу алдында трансаминазалар деңгейі жоғары пациенттерде қандай мән төмен екеніне байланысты) кезінде элтромбопагпен емдеуді тоқтату керек, сондай-ақ:

  • процесс үдегенде;

  • процесс персистенциясы ≥ 4 апта;

  • тікелей билирубин деңгейінің қатарлас жоғарылауында;

  • бауыр функциясы бұзылуының немесе бауыр декомпенсациясы белгілерінің қатарлас жүретін клиникалық симптомдары пайда болғанда.

Элтромбопагты бауыр аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. ИТП және бауырдың зақымдануы бар пациенттерге элтромбопагпен емдеуді төмен дозадан бастау керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындаған кезде мұқият мониторинг қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі (интерферонмен бірге қолданғанда).

Созылмалы ВСГ бар пациенттердегі бауыр жеткіліксіздігі: альбумин деңгейі төмен (≤ 35 г/л) немесе бауыр ауруының терминалды сатысы моделінің (MELD) көрсеткіші ≥10 бастапқы мәнінде пациенттердің жағдайын мұқият бақылау керек.

Бауыр циррозы бар ВСГ шалдыққан пациенттерде альфа-интерферонды қолданғанда бауыр декомпенсациясы қаупі орын алуы мүмкін. 2 бақыланатын клиникалық зерттеуде ВСГ және тромбоцитопениямен ауыратын пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің белгілері (асцит, бауыр энцефалопатиясы, варикозды кеңейген веналардан қан кету, кенеттен болатын бактериялық перитонит) плацебо (6%) тобына қарағанда элтромбопаг (11%) тобында жиі хабарланды. Зерттеудің басында альбумин деңгейі төмен (< 35 г/л) немесе MELD шкаласы бойынша  10 пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің қаупі 3 есе жоғары болды және бауыр ауруының кешірек сатысы бар пациенттермен салыстырғанда өліммен аяқталатын жағымсыз оқиғалар қаупінің жоғарылауы байқалды. Сонымен қатар, бұл пациенттердегі плацебомен салыстырғанда ТВЖ-қа қол жеткізу тұрғысынан емдеудің пайдасы шамалы (әсіресе альбумин деңгейі ≤ 35 г/л пациенттерде) болды. Элтромбопаг мұндай пациенттерге қауіптермен салыстырғанда күтілетін артықшылықтарды мұқият қарастырғаннан кейін ғана тағайындалуы керек. Осындай сипаттамалары бар пациенттерді емдеу кезінде бауыр жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарын мұқият бақылау қажет. Интерферонмен емдеуді тоқтату критерийлері туралы ақпарат алу үшін медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықты қолдану қажет. Егер бауыр жеткіліксіздігіне байланысты вирусқа қарсы ем тоқтатылса, элтромбопагты қолдануды тоқтату керек.

Тромбоздық / тромбоэмболиялық асқынулар.

Тромбоцитопениямен ауыратын, интерферонмен ем алған (n = 1439) ВСГ пациенттер қатысқан бақыланатын зерттеулер кезінде элтромбопаг алған 955 пациенттің 38-і (4%) және плацебо тобының 484 (1 %) пациентінің 6 -ында тромбоэмболиялық асқынулар (ТЭА) дамыды. Аталған тромбоздық / тромбоэмболиялық асқынуларға веналық және артериялық оқиғалар кірді. ТЭА-дың көбі жеңіл болды және зерттеудің соңына дейін жойылды. Порталды вена тромбозы екі емдеу тобында да ең көп таралған ТЭА болып табылады (плацебо қабылдаған <1% - ға қарсы элтромбопаг қабылдаған пациенттердің 2% - ы). Емдеудің басталу уақыты мен ТЭА дамуы арасында спецификалық байланыс болған жоқ. Альбумин деңгейі төмен (≤ 35 г/л) немесе MELD ≥ 10 пациенттерде альбумин деңгейі жоғары пациенттерге қарағанда ТЭА даму қаупі екі есе жоғары болды; ≥ 60 жастағы пациенттерде ТЭА қаупі жас пациенттермен салыстырғанда 2 есе жоғары болды. Элтромбопаг мұндай пациенттерге күтілетін пайда мен ықтимал қауіптерді мұқият қарастырғаннан кейін ғана тағайындалуы керек. Мұндай пациенттерде ТЭА дамуының белгілері мен симптомдарын мұқият бақылау керек. Созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ТЭА қаупі инвазиялық емшараларға дайындық кезінде екі апта бойы тәулігіне 1 рет 75 мг дозада элтромбопаг тағайындағанда жоғарылайтыны анықталды. Элтромбопаг қабылдаған, СБЖ шалдыққан 143 (4%) ересек пациенттің 6-да ТЭА дамыды (барлығы порталды вена жүйесінде), плацебо тобында ТЭА 145 пациенттің 2-де (1%) дамыды (порталды вена жүйесіндегі бір оқиға және бір миокард инфарктісі). Элтромбопагпен емделген 6 пациенттің 5-де соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 30 күн ішінде тромбоциттер саны >200 000/мкл болған кезде тромбоздық асқынулар пайда болды. Элтромбопаг инвазиялық емшараларға дайындық кезінде созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тромбоцитопенияны емдеу үшін көрсетілмеген.

ИТП бар науқастарда элтромбопагпен жүргізілген клиникалық зерттеулер деректері бойынша, тромбоэмболия жағдайлары тромбоциттердің төмен және қалыпты деңгейінде байқалды. Элтромбопагты тұқым қуалайтын (мысалы, Лейден V факторы) немесе жүре пайда болған қауіп факторларды (мысалы, антитромбин III тапшылығы, антифосфолипид синдромы), егде жасты, ұзаққа созылған иммобилизация кезеңін, қатерлі жаңа түзілімдерді, контрацептивтер мен гормондық орын басу емін, хирургиялық араласуларды/жарақаттарды, семіздікті, шылым шегуді қоса алғанда, тромбоэмболияның қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Тромбоциттер деңгейін үнемі бақылап отыру керек және оның қажетті деңгейден жоғары өсуі жағдайында дозаны азайту немесе элтромбопагпен емдеуді тоқтату туралы мәселені шешу керек. Кез келген этиологияның ТЭА пайда болу қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде әрқашан қауіп/пайда теңгерімін ескеру қажет.

Егер қолданудың ықтимал пайдасы порталды веналар тромбозының қаупінен басым болмаса, элтромбопагты бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігіне (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥ 5) шалдыққан пациенттерді емдеу үшін қолдануға болмайды. Егер препаратты қолдану қажеттілігі туралы шешім қабылданса, ИТП және бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерді емдеуге арналған элтромбопагты сақтықпен тағайындау керек.

Элтромбопагпен емдеуді тоқтатқаннан кейін қан кету.

Элтромбопагпен емдеуді тоқтатқаннан кейін ИТП бар пациенттерде тромбоцитопения қайта пайда болуы мүмкін. Пациенттердің көбінде элтромбопагпен емдеуді тоқтатқаннан кейін тромбоциттер саны 2 апта ішінде бастапқы деңгейіне оралады, бұл қан кету қаупін арттырады және кейбір жағдайларда қан кетуді туындатады. Егер антикоагулянттарды немесе тромбоциттерге қарсы дәрілерді қолдану аясында элтромбопагпен емдеу тоқтатылса, бұл қауіп жоғарылайды. Элтромбопагпен емдеу тоқтатылған жағдайда идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураны емдеуді қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес қайта бастау ұсынылады. Қосымша шаралар ретінде антикоагулянттық және/немесе тромбоциттерге қарсы емді тоқтатуға, антикоагуляциялық немесе тромбоциттік демеуді қарастыруға болады. Тромбоциттер санын элтромбопагпен емдеу тоқтатылғаннан кейін 4 апта ішінде апта сайын тексеру керек.

Пегинтерферон, рибавирин мен элтромбопагты қабылдау тоқтатылғаннан кейін ВСГ шалдыққан пациенттерді клиникалық зерттеулерде асқазан-ішектен қан кетудің, соның ішінде ауыр және өлімге әкелетін қан кетулердің анағұрлым жоғары деңгейі туралы хабарланды. Емді тоқтатқаннан кейін пациенттерді асқазан-ішектен қан кетудің қандай да бір симптомдары бар-жоғын бақылау керек.

Ретикулиннің сүйек кемігінде түзілуі және сүйек кемігі фиброзының қаупі. Элтромбопаг сүйек кемігінде ретикулин талшықтарының пайда болу немесе түзілуінің жоғарылау қаупін арттыруы мүмкін. Мұның мәні, басқа тромбопоэтин рецепторларының агонистерін қолдану сияқты, әлі анықталған жоқ.

Элтромбопагпен емдеуді бастамас бұрын қан жасушаларының морфологиялық бұзылуларының бастапқы деңгейін анықтау үшін шеткері қан жағындысын мұқият зерттеу керек. Элтромбопагтың тұрақты дозалау режимін белгілегеннен кейін лейкоциттер формуласын есептей отырып, ай сайын толық қан талдауын жасау керек. Жетілмеген немесе дисплазиялық жасушалар пайда болған кезде шеткері қан жағындысын жаңаларын анықтауға немесе бұрыннан бар морфологиялық бұзылулардың (мысалы, эритроциттерде ажырауы мен ядролардың пайда болуы, жетілмеген лейкоциттерде) немесе цитопенияларды анықтауға қатысты талдау қажет. Егер науқаста жаңа морфологиялық бұзылулар пайда болса немесе бұрыннан бар морфологиялық бұзылулар күшейсе немесе цитопения пайда болса, элтромбопагпен емдеуді тоқтатып, фиброзды анықтау үшін жағынды бояуын қоса, сүйек кемігінің биопсиясын жүргізу мәселесін шешу керек.

Қатерлі жаңа түзілімдер және олардың үдеуі.

TPO-R агонистеріне қатысты олар миелодисплазиялық синдром секілді бар гемопоэздік жаңа түзілімдердің үдеуін стимуляциялауы мүмкін деген теориялық болжам бар. Тромбопоэтин рецепторларының агонистері тромбопоэздің ізашар-жасушалардың дамуын, олардың дифференциациясын және тромбоциттердің өндірілуін туындататын өсу факторлары болып табылады. Тромбопоэтин рецепторлары негізінен шығу тегі миелоидты жасушалардың беткейінде берілген.

Миелодисплазиялық синдромға (МДС) шалдыққан пациенттерде тромбопоэтин рецепторларының агонистерін қолдануды клиникалық зерттеулерде бластты жасушалар санының өтпелі ұлғаюы және МДС жедел миелоидты лейкозға (ЖМЛ) дейін үдеу жағдайлары тіркелді.

Ересектер мен егде жастағы пациенттерде ИТП диагнозын тромбоцитопениямен бірге дамитын басқа нозологияларды жоққа шығару арқылы растау керек, атап айтқанда МДС диагнозын жоққа шығару керек. Ауру мен емдеу кезінде сүйек кемігінің аспирациясы мен биопсиясын, әсіресе шеткері бластты жасушалар санының өсуі сияқты жүйелік аномалиялар симптомдары бар 60 жастан асқан пациенттерде қарастырған жөн.

Басқа тромбоцитопениялық жағдайларды, соның ішінде МДС немесе химиотерапиядан индуцирленген тромбоцитопенияны емдеу үшін элтромбопагты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Элтромбопаг тек бекітілген көрсетілімдер бойынша қолданылуы керек және МДС туындатқан тромбоцитопенияны немесе тромбоцитопенияның басқа себептерін емдеу үшін қолданылмауы керек.

Көру мүшесі тарапынан өзгерістер.

Жануарларға жүргізілген токсикологиялық зерттеулердің деректері бойынша элтромбопагты қолданған кезде катаракта туындау жағдайлары байқалған. Бақыланатын зерттеулерде интерферонмен емделген ВСГ және тромбоцитопениясы бар пациенттерде (n = 1439) бұрыннан бар катарактаның үдеуі немесе катарактаның алғаш анықталған жағдайлары элтромбопаг тобында 8% және плацебо тобында 5% құрады. Торқабыққа қан құйылу, негізінен 1 немесе 2 класты, интерферон, рибавирин және элтромбопаг қабылдаған ВСГ шалдыққан пациенттерде тіркелді (элтромбопаг тобында 2% және плацебо тобында 2%). Қан кетулер торқабықтың беткейінде (преретинальді), торқабықтың астында (субретинальді) немесе торқабық тіндерде байқалды. Катарактаны анықтау мақсатында пациенттерді тұрақты офтальмологиялық бақылау ұсынылады.

QT/QTc аралығының ұзаруы.

Тәулігіне 150 мг элтромбопаг қабылдаған дені сау еріктілердегі QTc аралығын зерттеу жүрек реполяризациясына клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпеді. QTc аралығының ұзаруы ИТП бар пациенттерге және ВСГ мен тромбоцитопениямен ауыратын пациенттерге қатысты клиникалық зерттеулерде хабарланған. Осы QTc ұзару жағдайларының клиникалық мәні белгісіз.

Элтромбопагпен емдеудің емдік әсерінің төмендеуі.

Емдеудің емдік әсері төмендегенде немесе тромбоциттердің элтромбопагпен емдеуге жауабын ұсынылатын дозалар шегінде сақтай алмағанда, сүйек кемігіндегі ретикулин талшықтары мөлшерінің жоғарылауын қоса, себепші факторларды іздеу керек.

Педиатрияда қолдану

ИТП емдеу үшін элтромбопагты қолданудың көрсетілген ерекшеліктерін балаларға препаратты тағайындау кезінде ескеру қажет.

Зертханалық талдау көрсеткіштеріне әсері.

Элтромбопаг қатты боялған, сондықтан зертханалық талдаулардың кейбір көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін. Элтромбопагпен емделген пациенттерде сарысу түсінің өзгеруі және жалпы билирубин мен креатинин деңгейіне әсері байқалды. Егер зертханалық талдаулар мен клиникалық бақылаулардың нәтижелері бір-біріне сәйкес келмесе, нәтижелердің дұрыстығын анықтау үшін басқа әдісті қолдана отырып, қайталама талдаулар жүргізуге болады.

Қосымша заттар туралы маңызды ақпарат.

Натрийдің мөлшері. Бұл дәрілік заттың /үлбірлі қабықпен қапталған таблетка құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг)/ бар, яғни іс жүзінде натрийсіз.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік.

Жүкті әйелдерге элтромбопагты қолдану бойынша жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерге сәйкес, дәрілік заттың тұқым өрбіту уыттылығы анықталды. Адам үшін ықтимал қаупі белгісіз.

Эльтромбопаг-Виста препаратын жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Ұрпақ өрбіту жастағы әйелдер/ ерлер мен әйелдердегі контрацепция.

Эльтромбопаг-Виста контрацепция дәрілерін қолданбайтын ұрпақ өрбіту жастағы әйелдерді емдеу үшін ұсынылмайды.

Бала емізу.

Элтромбопагтың немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне енетіні-енбейтіні белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерге сәйкес, элтромбопаг емшек сүтіне енеді, сондықтан сәби үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе Эльтромбопаг-Виста препаратымен емдеуден бас тарту туралы мәселені ана үшін емнен күтілетін пайданы және бала үшін ықтимал қауіпті ескере отырып, мәселені шешу керек.

Фертильділік.

Адам үшін элтромбопаг дозаларымен салыстырымды препараттың дозаларын енгізу кезінде ұрғашы және еркек егеуқұйрықтардың тұқым өрбіту функциясына әсері анықталған жоқ. Алайда, адам үшін қауіпті толығымен жою мүмкін емес.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Элтромбопаг автокөлікті басқару кезінде немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына шамалы әсер етеді. Пациенттің клиникалық жағдайы және элтромбопагтың жағымсыз реакцияларының бейіні, оның ішінде бас айналу және қырағылықтың болмауы, пациенттің зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін тапсырмаларды орындау қабілетін қарастырған кезде есте ұстаған жөн.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

Дозалау режимі

Элтромбопагпен емдеуді гематологиялық ауруларды немесе созылмалы С гепатитін және оның асқынуларын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау керек.

Дозалау режимі жеке және әр пациенттегі тромбоциттердің санына негізделеді. Элтромбопагпен емдеудің мақсаты тромбоциттер санын қалыпқа келтіру емес.

Бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпураға (ИТП) шалдыққан пациенттерді емдеу. Тромбоциттер санын ≥ 50000/мкл жеткізу және ұстап тұру үшін элтромбопагтың ең аз тиімді дозасын қолдану керек. Дозаны түзету тромбоциттер санының өзгеруіне негізделген. Тромбоциттер санын қалыпқа келтіру үшін элтромбопагты қолдануға болмайды. Клиникалық зерттеулерде тромбоциттер санының өсуі элтромбопагпен жүргізілетін ем басталғаннан кейін 1-2 апта ішінде байқалды және олардың санының азаюы препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін 1-2 апта ішінде байқалды.

Ересек пациенттер және 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар.

Элтромбопагтың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Шығыс/Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан пациенттерді емдеуді тәулігіне 1 рет 25 мг - азайтылған дозадан бастау керек.

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.

Элтромбопагтың ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 25 мг құрайды.

Доза мониторингі және түзету.

Элтромбопагпен емдеуді бастағаннан кейін дозаны тромбоциттер деңгейін ≥ 50000/мкл деңгейіне жеткізу үшін түзету керек және қан кету қаупін азайту үшін оны сол деңгейде ұстап тұру керек. Күніне 75 мг дозадан асырмау керек.

Элтромбопагпен емдеу кезінде бауырдың функционалдық тесттері мен гематологиялық көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру керек және 1-кестеде көрсетілгендей, тромбоциттер деңгейіне негізделген элтромбопаг дозасын түзету қажет. Тромбоциттер санын және шеткері қан жағындысын қоса алғанда, толық қан талдауы тромбоциттердің тұрақты деңгейі (кем дегенде 4 апта бойы ≥ 50,000/мкл) анықталғанға дейін апта сайын жүргізілуі керек. Осыдан кейін ай сайын толық қан талдауы жасалады.

Тромбоциттердің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ең аз тиімді доза қолданылады.

1-кесте

ИТП шалдыққан пациенттер үшін элтромбопаг дозасын түзету

Тромбоциттер саны

Дозаны түзету немесе реакция

< 50000/мкл, кем дегенде 2 апталық емнен кейін

Тәулігіне 75 мг ең жоғарғы дозаға жеткенге дейін тәуліктік дозаны 25 мг-ға ұлғайту*

≥ 50000/мкл және ≤ 150000/мкл

Қан кетудің алдын алатын немесе оны азайтатын тромбоциттер деңгейін ұстап тұру үшін ИТП емдеуге арналған қатарлас препараттың және/немесе элтромбопагтың ең аз тиімді дозасын қолдану.

> 150000/мкл және ≤ 250000/мкл

Тәуліктік дозаны 25 мг-ға азайту. Осы және одан кейінгі тиісті дозаны түзетуден болған әсерді бағалау үшін 2 апта күту**.

> 250000/мкл

Элтромбопагты қолдануды тоқтату, тромбоциттер санының жиілігін аптасына 2 ретке дейін арттыру. ≤ 100000/мкл тромбоциттер деңгейінде элтромбопагты 25 мг-ға төмендетілген тәуліктік дозада қайта тағайындау.

* Тәулік ара 1 рет 25 мг дозада элтромбопагпен ем алатын пациенттер үшін дозаны тәулігіне 1 рет 25 мг-ға дейін арттыру.

** Тәулігіне 1 рет 25 мг дозада элтромбопагпен ем алатын пациенттер үшін тәулігіне 1 рет 12,5 мг немесе тәулігіне 1 рет 25 мг дозалау мүмкіндігін қарастыру керек.

Элтромбопагты ИТП емдеу үшін басқа дәрілік заттарға қосымша қолдануға болады. Клиникалық жағдайға сәйкес, элтромбопагпен емдеу кезінде тромбоциттер санының шамадан тыс ұлғаюын болдырмау мақсатында ИТП емдеуге арналған қатарлас дәрілік заттардың дозасын түзету қажет.

Әрбір жаңа дозаны түзетер алдында пациент тромбоциттерінің емге деген жауабын көру үшін дозаны алдын ала түзеткеннен кейін кем дегенде 2 апта күту керек.

Тәуліктік дозаны жоғарылату немесе азайту үшін элтромбопагтың стандартты мөлшері тәулігіне 25 мг құрайды.

Емдеуді тоқтату.

Егер тромбоциттер деңгейі тәулігіне 1 рет 75 мг дозада элтромбопагпен 4 апта бойы емдегеннен кейін клиникалық елеулі қан кетудің алдын алу үшін жеткілікті деңгейге көтерілмесе, элтромбопагты қолдануды тоқтату керек.

Мезгіл-мезгіл пациентті клиникалық қарап-тексеріп, емдеуді жеке негізде жалғастыру туралы шешім қабылдануы керек. Көкбауыры интактілі пациенттерде спленэктомия жүргізу мүмкіндігін бағалау керек. Емдеуді тоқтатқаннан кейін тромбоцитопенияның қайта пайда болуы мүмкін.

Созылмалы ВСГ шалдыққан ересек пациенттердегі тромбоцитопенияны емдеу.

Элтромбопагты вирусқа қарсы препараттармен біріктірілімде қолданған кезде қауіпсіздік немесе қолдануға болмайтын жағдайлар туралы толық ақпарат алу үшін бір мезгілде қолданылатын тиісті дәрілік заттың жалпы сипаттамасына жүгіну керек.

Клиникалық зерттеулерде жалпы алғанда, тромбоциттер санының өсуі элтромбопагпен емдеуді бастағаннан кейін 1 апта ішінде байқалды. Вирусқа қарсы емді бастау үшін тромбоциттердің ең аз қажетті мөлшеріне жету емдеудің мақсаты болуы керек. Вирусқа қарсы ем жүргізу барысында тромбоциттер санын қан кету қаупінің алдын алатын деңгейде, әдетте бұл 5000075000/мкл-де ұстап тұру емдеудің мақсаты болуы керек. >75000/мкл тромбоциттер деңгейін болдырмау керек. Вирусқа қарсы емді бастау және оңтайландыру үшін қажет тромбоциттер санына жету және ұстап тұру үшін элтромбопагтың ең аз тиімді дозасы қолданылады. Дозаларды таңдау тромбоциттер санын қалпына келтіруге негізделген.

Бастапқы доза.

Бастапқы доза тәулігіне 1 рет 25 мг құрайды. Шығыс/Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан пациенттерге немесе бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерге дозаны өзгертпеген жөн.

Доза мониторингі және түзету.

Элтромбопагтың дозасын вирусқа қарсы емді бастау үшін оңтайлы тромбоциттер санына жеткенге дейін әр 2 апта сайын 25 мг-ға арттырады. Тромбоциттер санын вирусқа қарсы емді бастамас бұрын апта сайын тексеру керек. Вирусқа қарсы емнің басында тромбоциттер саны азаюы мүмкін, сондықтан дозаны бірден түзетуге болмайды (2-кестені қараңыз).

Вирусқа қарсы ем барысында элтромбопагтың дозасын пегинтерферон дозасын төмендетпейтін етіп түзету керек, себебі тромбоциттер санының азаюы пациенттерде қан кету қаупін арттырады (2-кестені қараңыз). Тромбоциттер санын тұрақты деңгейге жеткенге дейін апта сайын бақылау керек, әдетте бұл 5000075000/мкл. Әрі қарай ай сайын жалпы қан талдауына, соның ішінде тромбоциттер санына және шеткері қан жағындысына мониторинг жүргізу қажет.

Егер тромбоциттер саны қажетті деңгейден асып кетсе, дозаны тәуліктік 25 мг-ға азайту мүмкіндігін қарастыру керек. 2 аптадан кейін жаңа дозаның әсерін бағалап, дозаны одан әрі түзету туралы шешім қабылдау керек.

Күніне 100 мг дозадан асырмау керек.

2-кесте

Вирусқа қарсы ем барысында созылмалы вирусты С гепатитіне шалдыққан пациенттер үшін элтромбопаг дозасын түзету.

Тромбоциттер саны

Дозаны түзету немесе реакция

< 50000/мкл, кем дегенде 2 апталық емнен кейін

Тәуліктік дозаны 25 мг-ға арттыру, бірақ тәулігіне 100 мг-нан артық емес.

≥ 50000/мкл және ≤ 100000/мкл

Элтромбопагтың ең аз дозасы, бұл пегинтерферон дозасының азаюын болдырмауға мүмкіндік береді.

≥ 100000/мкл және ≤ 150000/мкл

Тәуліктік дозаны 25 мг-ға дейін азайту. 2 аптадан кейін жаңа дозаның әсерін бағалап, дозаны одан әрі түзету туралы шешім қабылдау керек.

> 150000/мкл

Элтромбопагпен емдеуді тоқтату; тромбоциттер санын бақылау жиілігін аптасына 2 ретке дейін арттыру.

Тромбоциттер саны ≤ 100000/мкл құрай сала, емді 25 мг-ға азайтылған тәуліктік дозада қалпына келтіру керек**.

* вирусқа қарсы емнің басында тромбоциттер саны азаюы мүмкін, сондықтан дозаны дереу түзетуге болмайды.

** Тәулігіне 1 рет 25 мг дозада элтромбопагпен ем алатын пациенттер үшін емдеуді тәулігіне 25 мг дозада қалпына келтіруге тырысу керек.

Емдеуді тоқтату.

Егер 100 мг дозада элтромбопагпен жүргізілген 2 апталық емнен кейін вирусқа қарсы емді бастау үшін қажетті тромбоциттер деңгейіне қол жеткізілмесе, элтромбопагты қолдануды тоқтату керек.

Егер вирусқа қарсы ем тоқтатылса, элтромбопагпен жүргізілген емді тоқтату керек. Тромбоциттердің шамадан тыс деңгейі немесе бауырдың функционалдық тесттерінің ауыр бұзылулары да емдеуді тоқтатуды қажет етеді.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерді емдеуді сақтықпен жүргізу керек және сарысулық креатинин деңгейін бақылау және/немесе несеп талдауын жүргізу керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Егер қолданудан күтілетін пайдасы порталды веналық тромбоздың белгілі бір қаупінен басым болмаса, элтромбопагты ИТП және бауыр жеткіліксіздігіне (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥ 5 ) шалдыққан пациенттерді емдеу үшін қолдануға болмайды.

Егер элтромбопагты қолдану идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураны емдеу үшін қажет деп саналса, бастапқы доза тәулігіне 25 мг құрауы керек. Бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге элтромбопаг дозасын ем басталғаннан кейін кемінде 3 аптадан кейін арттыру керек.

Созылмалы ВСГ және бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер үшін (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≤ 6) дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Созылмалы ВСГ және бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер элтромбопагпен емдеуді тәулігіне 1 рет 25 мг дозада бастауы керек. Бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге элтромбопаг дозасын ем басталғаннан кейін кемінде 2 аптадан кейін арттыру керек. Созылмалы бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде инвазиялық араласуға дайындық кезінде немесе вирусқа қарсы ем кезінде ВСГ науқастарын емдеу кезінде бауырдың декомпенсациясы мен тромбоэмболиялық асқынуларды қоса алғанда, жағымсыз әсерлер қаупінің жоғарылауы анықталды.

Егде жастағы пациенттер.

65 жастан асқан ИТП шалдыққан пациенттерді емдеу үшін элтромбопагты қолдану деректері шектеулі және 85 жастан асқан ИТП шалдыққан пациенттерді препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Жалпы, элтромбопагтың клиникалық зерттеулердің деректері бойынша, препаратты 65 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қауіпсіздігінде айтарлықтай айырмашылық анықталған жоқ. Басқа клиникалық бақылаулардың деректері бойынша, егде жастағы пациенттер мен жас пациенттер арасында емдік әсерде ешқандай айырмашылық болған жоқ, бірақ кейбір егде жастағы пациенттерде жоғары сезімталдық ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды.

75 жастан асқан ВСГ бар пациенттерді емдеу үшін элтромбопагты қолдану туралы деректер шектеулі. Бұл пациенттерге препаратты сақтықпен беру керек.

Шығыс/Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан пациенттер.

Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерден шыққан балалар мен ересек пациенттер, соның ішінде бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін элтромбопагтың бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 25 мг құрауы тиіс.

Тромбоциттер санын бақылау және дозаларды одан әрі модификациялау үшін стандартты критерийлерді басшылыққа алу қажет.

Балалар.

Элтромбопаг-Виста, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты созылмалы ИТП шалдыққан 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін ұсынылмайды.

Созылмалы ВСГ-мен байланысты тромбоцитопениясы бар балалар мен жасөспірімдер үшін (<18 жас) элтромбопагтың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ. Деректер жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді қолдану.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Таблеткаларды антацидтер, сүт өнімдері (немесе құрамында кальций бар басқа өнімдер) немесе құрамында поливалентті катиондар (мысалы, темір, кальций, магний, алюминий, селен және мырыш) бар минералды қоспалар сияқты кез келген өнімдерге дейін кем дегенде екі сағат бұрын немесе олардан кейін төрт сағаттан соң қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы керек шаралар

Артық дозаланғанда тромбоциттер саны шамадан тыс артып, тромбоздық/тромбоэмболиялық асқынуларды туындатуы мүмкін. Артық дозаланғанда элтромбопагпен хелатты біріктірілімдерді түзу және оның сіңуін шектеу үшін құрамында кальций, алюминий немесе магний сияқты катиондар бар металл препараттарын пероральді қабылдау керек. Тромбоциттер деңгейін мұқият бақылау керек. Көрсетілген ұсынымдарға сәйкес элтромбопагпен емдеуді қайта бастауға болады.

ИТП шалдыққан науқастардың қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер кезінде бір артық дозалану жағдайы тіркелді, мұнда науқас 5000 мг элтромбопаг қабылдаған. Жағымсыз реакция туралы хабарламаларға орташа дәрежедегі бөртпе, транзиторлы брадикардия, қажу және трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы кірді. Артық дозаланғаннан кейін 2-ші және 18-ші күн аралығында өлшенетін бауыр ферменттерінің деңгейі АСТ үшін қалыптың жоғарғы шегінен 1,6 есе, АЛТ үшін - 3,9 есе және жалпы билирубин үшін - 2,4 есе артты. Артық дозаланғаннан кейінгі 18-ші күні тромбоциттер саны 672000 / мкл құрады, тромбоциттердің ең жоғарғы деңгейі 929000 / мкл болды. Барлық жағымсыз реакциялар асқынусыз емдеуден кейін жойылды.

Элтромбопаг бүйрекпен айтарлықтай мөлшерде шығарылмайтындықтан және плазма ақуыздарымен көп байланысатындықтан, гемодиализ элтромбопагты шығарудың тиімді әдісі болмайды.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Бұл дәрілік затқа қатысы жоқ.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар болуын көрсету

Бұл дәрілік затқа қатысы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар.

Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

ИТП бар ересек пациенттер мен балалардағы иммундық тромбоцитопения.

Пациенттердің кем дегенде 10% -ында туындайтын анағұрлым жиі жағымсыз реакцияларға мыналар жатады: жүрек айнуы, диарея және аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы және арқаның ауыруы.

Алдын ала емделген ИТП бар балаларға (1 жастан 17 жасқа дейінгі) элтромбопагты қолдану қауіпсіздігі екі зерттеуде көрсетілді (n=171). PETIT2 (TRA115450) екі бөліктен тұратын салыстырмалы жасырын, ашық, рандомизацияланған, плацебо бақыланатын зерттеу болды. Пациенттер рандомизацияланған зерттеу кезеңінде 13 апта бойы элтромбопаг (n=63) немесе плацебо (n=29) қолдану тобына 2:1 қатынасында рандомизацияланған. PETIT (TRA108062) 3 бөліктен тұратын, пациенттерді уақыт бойынша кейінге қалдырылған қабылдау когорталарында ашық және салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, плацебо бақыланатын зерттеу болды. Пациенттер 7 апта бойы элтромбопаг (n=44) немесе плацебо (n=21) қолдану тобына 2:1 қатынасында рандомизацияланған. Жағымсыз реакциялардың бейіні төмендегі кестеде «♦» белгісімен белгіленген, кейбір жағымсыз реакциялар қосылған ересектерде байқалғанмен салыстырылды. 1 жастан асқан ИТП бар балаларда анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар (плацебо тобына қарағанда ≥3% немесе көп) жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, назофарингит, жөтел, пирексия, асқазанның ауыруы, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, тіс ауыруы және ринорея болды.

Ересек пациенттердегі С гепатиті вирусымен байланысты тромбоцитопения.

ENABLE 1 (TPL103922 n=716, n=715 элтромбопагпен емделді) және ENABLE 2 (TPL108390 n=805) С гепатиті вирусымен байланысты тромбоцитопениясы бар пациенттерде элтромбопагтың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын, көп орталықты зерттеулер болды, кері жағдайда ол пациенттер вирусқа қарсы емді бастауға құқылы болды. С гепатиті зерттеулерінде қауіпсіздікті бағалауға арналған популяцияны ENABLE 1 зерттеуінің 2-бөлімінің салыстырмалы жасырын кезеңінде (элтромбопагпен емдеу n=450, плацебомен емдеу n=232) және ENABLE 2 (элтромбопагпен емдеу n=506, плацебомен емдеу n=252) зерттелетін препарат алған, барлық рандомизацияланған пациенттер құраған. Пациенттер қолданылған емдеу режиміне сәйкес талданды (салыстырмалы жасырын кезеңдегі қауіпсіздікті бағалау үшін жалпы популяция, элтромбопаг n = 955 және плацебо n=484).

ИТП немесе ВСГ емін зерттеу кезінде анықталған ең ауыр жағымсыз реакциялар гепатоуыттылық және тромбоздық/тромбоэмболиялық асқынулар болды. ИТП немесе ВСГ емдеу зерттеулеріндегі кез келген дәрежедегі ең көп таралған жағымсыз реакциялар (пациенттердің кем дегенде 10% - ы бастан өткерген): бас ауыруы, анемия, тәбеттің төмендеуі, ұйқысыздық, жөтел, жүрек айнуы, диарея, гипербилирубинемия, алопеция, қышыну, бұлшықеттің ауыруы, гипертермия, шаршау, тұмауға ұқсас аурулар, астения, қалтырау және шеткері ісіну.

763 ересек пациент пен ИТП шалдыққан бала жасындағы 171 пациент, ВСГ шалдыққан 1520 пациент қатысқан зерттеулерде және тіркеуден кейінгі есептерде хабарланған жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша MedDRA жіктелуі бойынша төменде келтірілген. Дәрілік затқа жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелерінің әр класс шегінде жиілігі бойынша жіктелді, мұнда бірінші орында анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар келеді. Әрбір жағымсыз реакцияның пайда болу жиілігі осындай шартты бөлуді (CIOMS III) қолдану арқылы көрсетілген: өте жиі (1/10), жиі (1/100 және 1/10), жиі емес (  1/1000 және  1/100), сирек (1/10000 және 1/1000), өте сирек (1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілікті анықтау мүмкін емес).

ИТП емдеу кезінде.

Ағзалар жүйесінің класы

Жиілігі

Жағымсыз реакция

Инфекциялар мен инвазиялар

өте жиі

Назофарингит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

жиі

Фарингит, тұмау, ауыз қуысының герпесі, пневмония, синусит, тонзиллит, тыныс алу жолдарының инфекциялары, гингивит

жиі емес

Тері инфекциясы

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)

жиі емес

Жуан ішектің ректосигмоидты бөлігінің обыры

Қан жүйесі мен лимфа жүйесі тарапынан

жиі

Анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, тромбоцитопения, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, лейкоциттер деңгейінің төмендеуі

жиі емес

Анизоцитоз, гемолиздік анемия, миелоцитоз, таяқша ядролы нейтрофилдер деңгейінің жоғарылауы, миелоциттердің болуы, тромбоциттер санының жоғарылауы, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы

Иммундық жүйе тарапынан

жиі емес

Аса жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан

жиі

Гипокалиемия, тәбеттің төмендеуі, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

жиі емес

Анорексия, подагра, гипокальциемия

Психикалық бұзылыстар

жиі

Ұйқының бұзылуы, депрессия

жиі емес

Апатия, көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

жиі

Парестезия, гипестезия, ұйқышылдық, бас сақинасы

жиі емес

Тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы, дизестезия, гемипарез, аурамен бас сақинасы, шеткері нейропатия, шеткері сенсорлық нейропатия, сөйлеудің бұзылуы, уытты нейропатия, тамырлық бас ауыруы

Көру мүшесі тарапынан

жиі

Көздің құрғауы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің ауыруы, көру жітілігінің төмендеуі

жиі емес

Лентикулярлық бұлыңғырлану, астигматизм, кортикальды катаракта, көз жасының көп ағуы, ретинальды геморрагиялар, ретинальды пигментті эпителиопатия, көру қабілетінің нашарлауы, көру жітілігінің бұзылуы, блефарит және құрғақ кератоконьюнктивит

Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан

жиі

Құлақтың ауыруы, вертиго

Жүрек тарапынан

жиі емес

Тахикардия, жедел миокард инфарктісі, кардиоваскулярлық бұзылулар, цианоз, синусты тахикардия, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

Тамырлар тарапынан

жиі

Терең веналар тромбозы, гематома, ысынулар

жиі емес

Эмболия, беткейлік веналардың тромбофлебиті, беттің қызаруы

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан

өте жиі

Жөтел

жиі

Ауыз-жұтқыншақ ауыруы, ринорея

жиі емес

Өкпе эмболиясы, өкпе инфарктісі, мұрындағы жағымсыз сезімдер, ауыз-жұтқыншақта күлдіреуіктердің пайда болуы және ауыруы, мұрын қойнауының асқынуы, түнгі апноэ синдромы

Асқазан-ішек жолы тарапынан

өте жиі

Жүрек айнуы, диарея

жиі

Ауыздағы ойық жара, ауыздың құрғауы, тіс ауыруы, құсу, іштің ауыруы*, ауыз қуысында қан кету, іштің кебуі.

* ИТП бар балаларда өте кең таралған.

жиі емес

Ауыздың құрғауы, глосодиния, іштің ауырсынуы, нәжістің түссізденуі, тамақтан улану, жиі дефекация, гематемезис, ауыздағы жайсыздық

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан

өте жиі

Аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

жиі

Аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, бауыр функциясының бұзылуы

жиі емес

Холестаз, бауырдың зақымдануы, гепатит, бауырдың дәрі-дәрмектік зақымдануы

Тері және теріасты тіндері тарапынан

жиі

Бөртпе, алопеция, гипергидроз, жаппай қышыну, петехиялар

жиі емес

Есекжем, дерматоз, суық тер, эритема, меланоз, пигментацияның бұзылуы, терінің түссізденуі, терінің қабыршақтануы

Сүйек-бұлшықет аппараты және дәнекер тін тарапынан

өте жиі

Арқаның ауыруы

жиі

Миалгия, бұлшықеттің құрысуы, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, сүйектің аурыуы

жиі емес

Бұлшықет әлсіздігі

Бүйрек және несеп шығару жолдарының тарапынан

жиі

Протеинурия, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігі бар тромбоциттік микроангиопатия

жиі емес

Бүйрек жеткіліксіздігі, лейкоцитурия, жегі нефриті, никтурия, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, несептегі протеин/креатинин қатынасының жоғарылауы

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан

жиі

Меноррагиялар

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы өзгерістер

жиі

Қызба*, кеуденің ауыруы, астения

* ИТП бар балаларда өте кең таралған.

жиі емес

Ысыну, тамырлардың пункциясы орнындағы геморрагиялар, үрейлену сезімі, жаралардың қабынуы, дімкәстану, бөгде затты сезіну 

Зертханалық деректер

жиі

Қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

жиі емес

Қандағы альбуминнің жоғарылауы, ақуыздардың жалпы деңгейінің жоғарылауы, қандағы альбуминнің төмендеуі, несептің рН деңгейінің жоғарылауы

Жарақаттар, уланулар және емшаралардың асқынуы

жиі емес

Күнге күю

Педиатриялық зерттеулер кезінде байқалатын қосымша жағымсыз реакциялар (1 жастан 17 жасқа дейін).

Аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы жиілігі төмен болса да, бір уақытта пайда болуы мүмкін.

бүйрек функциясының жедел бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі басым мерзімдер бойынша топтастырылған.

ВСГ емдеуде (интерферон мен рибавиринмен вирусқа қарсы емдеумен бірге).

Ағзалар жүйесінің класы

Жиілігі

Жағымсыз реакция

Инфекциялар мен инвазиялар

жиі

Несеп шығару жолдарының инфекциясы, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, бронхит, назофарингит, тұмау, ауыз қуысының герпесі.

жиі емес

Гастроэнтерит, фарингит

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)

жиі

Бауырдағы қатерлі жаңа түзілімдер

Қан жүйесі мен лимфа жүйесі тарапынан

өте жиі

Анемия

жиі

Лимфопения

жиі емес

Гемолиздік анемия

Зат алмасу және тамақтану тарапынан

өте жиі

Тәбеттің төмендеуі

жиі

Гипергликемия, дене салмағының патологиялық азаюы

Психикалық бұзылыстар

жиі

Депрессия, мазасыздық, ұйқының бұзылуы

жиі емес

Сананың бұзылуы, қозу

Жүйке жүйесі тарапынан

өте жиі

Бас ауыруы

жиі

Бас айналу, зейін қоюдың бұзылуы, дисгевзия, бауыр энцефалопатиясы, летаргия, жад бұзылуы, парестезия

Көру мүшесі тарапынан

жиі

Катаракта, торқабық экссудаттары, көздің құрғауы, көздің сарғаюы, торқабықтағы қан құйылу

Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан

жиі

Вертиго

Жүрек тарапынан

жиі

Жүректің қағуы

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан

өте жиі

Жөтел

жиі

Ентігу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, физикалық жүктеме кезінде ентігу, қақырықпен жөтел

Асқазан-ішек жолы тарапынан

өте жиі

Жүрек айнуы, диарея

жиі

Құсу, асцит, асқазанның ауыруы, АІЖ жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, диспепсия, ауыздың құрғауы, іш қату, іштің кебуі, тіс ауыруы, стоматит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, геморрой, іштегі жайсыздық сезімі, веналардың варикозды кеңеюі

жиі емес

Өңеш веналарынан қан кету, гастрит, ойық жаралы стоматит.

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан

жиі

Гипербилирубинемия, сарғаю, бауырдың дәрі-дәрмектік зақымдануы.

жиі емес

Порталды вена тромбозы, бауыр жеткіліксіздігі

Тері және теріасты тіндері тарапынан

өте жиі

Қышыну

жиі

Бөртпе, терінің құрғауы, экзема, қышитын бөртпе, эритема, гипергидроз, жаппай қышыну, алопеция

жиі емес

Терінің зақымдануы, тері түсінің өзгеруі, терінің гиперпигментациясы, түнде терлеу

Сүйек-бұлшықет аппараты және дәнекер тін тарапынан

өте жиі

Миалгия

жиі

Артралгия, бұлшықеттің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, сүйектің ауыруы

Бүйрек және несеп шығару жолдарының тарапынан

жиі емес

жедел бүйрек жеткіліксіздігімен тромбоциттік микроангиопатия, дизурия

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы өзгерістер

өте жиі

Пирексия, қажу, тұмауға ұқсас синдром, астения, қалтырау

жиі

Ашушаңдық, ауырсыну, дімкәстану, инъекция орнындағы реакция, шығу тегі жүрек тарапынан емес кеуденің ауыруы, ісіну, шеткері ісіну

жиі емес

Инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы бөртпе, кеудедегі жайсыздық

Зертханалық деректер

жиі

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі, лейкоциттер деңгейінің төмендеуі, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, нейтропения, халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының ұзаруы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі

жиі емес

Электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

олигурия, бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы басым мерзімдер бойынша топтастырылған.

Жекелеген жағымсыз дәрілік реакциялардың сипаттамасы

Тромбоэмболиялық асқынулар

Элтромбопаг қабылдаған ИТП бар 446 ересек пациент қатысқан 3 бақыланатын және 2 бақыланбайтын клиникалық зерттеуде 17 пациентте жалпы алғанда, 19 тромбоэмболиялық асқынулар туындады, олар (пайда болу жиілігінің кему тәртібімен) терең веналар тромбозын (6), өкпе эмболиясын (6), жедел миокард инфарктісін (2), церебральды инфарктіні (2), эмболияны (1) қамтыды. Плацебо бақыланатын клиникалық зерттеуде (228 пациент) инвазиялық емшаралар алдында 2 апталық емдеуден кейін элтромбопагпен емделген, бауырдың созылмалы ауруларына шалдыққан 143 ересек пациенттің 6-да (4%) порталды веналар жүйесінде 7 тромбоэмболиялық асқыну болды және плацебо тобындағы 145 пациенттің 2-де (1%) 3 тромбоэмболиялық асқыну пайда болды. Элтромбопаг қабылдаған 6 пациенттің 5-де тромбоциттер саны >200000 / мкл болған кезде тромбоэмболиялық асқынулар пайда болды.

Тромбоциттер саны ≥200,000/мкл қоспағанда, тромбоэмболиялық асқынулары бар пациенттерде басқа спецификалық қауіп факторлары анықталған жоқ.

Интерферонмен ем алған (n=1439) ВСГ-мен ауыратын, тромбоцитопениясы бар пациенттерді бақыналатын зерттеулерде элтромбопаг алған 955 пациенттің 38-де (4%) және плацебо тобындағы 484 пациенттің 6-да (1%) тромбоэмболиялық асқынулар (ТЭА) дамыды. Көрсетілген тромбоздық / тромбоэмболиялық асқынуларға веналық және артериялық құбылыстар кірді. Порталды вена тромбозы екі емдеу тобында да ең көп таралған ТЭА болып табылады (плацебо қабылдаған пациенттердің <1% - на қарсы элтромбопаг қабылдаған пациенттердің 2% - ы). Альбумин деңгейі төмен (≤ 35 г/л) немесе MELD ≥ 10 пациенттерде альбумин деңгейі жоғары пациенттерге қарағанда ТЭА даму қаупі екі есе жоғары болды; 60 жастан асқан пациенттерде ТЭА қаупі жас пациенттерге қарағанда 2 есе жоғары болды.

Бауыр жеткіліксіздігі (интерферонмен бірге қолданғанда).

Бауыр циррозы бар ВСГ шалдыққан пациенттерде альфа-интерферонмен ем алған кезде бауыр декомпенсациясының даму қаупі бар. ВСГ және тромбоцитопениямен ауыратын пациенттер қатысқан 2 бақыланатын клиникалық зерттеуде бауыр декомпенсациясының белгілері (атап айтқанда, асцит, бауыр энцефалопатиясы, варикозды кеңейген веналардан қан кету, кенеттен болатын бактериялық перитонит) плацебо тобына (6%)қарағанда элтромбопаг тобында (11%) жиі хабарланды. Альбумин деңгейі төмен пациенттерде (≤35 г/л) немесе MELD шкаласы бойынша көрсеткіштің бастапқы мәні ≥ 10 бауыр декомпенсациясының қаупі үш есе көп қаупі және бауыр ауруының кеш сатысы аздау пациенттермен салыстырғанда өлімге әкелетін жағымсыз оқиғалар қаупінің жоғарылауы тіркелді. Элтромбопаг мұндай пациенттерге қауіптермен салыстырғанда күтілетін пайданы мұқият қарастырғаннан кейін ғана тағайындалуы керек. Осындай сипаттамалары бар пациенттерді емдеу кезінде бауыр декомпенсациясы симптомдарын мұқият бақылау қажет.

Гепатоуыттылық қаупі.

Созылмалы ИТП-ны элтромбопагпен емдеудің бақыланатын клиникалық зерттеулері кезінде қан сарысуындағы АЛТ, АСТ және билирубин деңгейінің жоғарылауы байқалды. Бұл бұзылулар жеңіл болды (1 2 дәреже), қайтымды сипатта және бауыр функциясының бұзылуын көрсететін клиникалық маңызды симптомдармен қатар жүрмеді. ИТП-ны емдеуге арналған 3 плацебо бақыланатын зерттеуге қатысушылар арасында плацебо тобының 1 пациентінде және элтромбопаг тобының 1 пациентінде 4 дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі туындады. Созылмалы ИТП бар балаларды (1 жастан 17 жасқа дейін) емдеудің екі плацебо- бақыланатын зерттеуінде АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе жоғары, элтромбопаг және сәйкесінше плацебо топтарындағы пациенттердің 4,7%-ында және 0%-ында анықталды.

ВСГ бар науқастарда бақыланатын екі клиникалық зерттеуде ҚЖШ-ден 3 есе жоғары АСТ немесе АЛТ деңгейлері элтромбопаг және сәйкесінше плацебо топтарындағы пациенттердің 34%-да және 38% - да анықталды. Элтромбопагты пегинтерферонмен/рибофлавинмен бірге қолдану тікелей емес гипербилирубинемиямен байланысты. Жалпы билирубин деңгейі ≥ 1,5 х ҚЖШ элтромбопаг және сәйкесінше плацебо топтарындағы пациенттердің 76%-да және 50% - да анықталды.

Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі тромбоцитопения.

3 бақыланатын клиникалық зерттеудің деректері бойынша элтромбопаг тобындағы пациенттердің 8% -да және плацебо тобының 8% -да емдеуді тоқтатқаннан кейін тромбоциттер деңгейінің бастапқы деңгейден өтпелі төмендеуі байқалды.

Сүйек кемігіндегі ретикулин деңгейінің ұлғаюы.

Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша сүйек кемігі функциясының бұзылуы туралы айғақтайтын, сүйек кемігінің клиникалық елеулі бұзылу белгілері немесе клиникалық белгілер анықталған жоқ. 1 пациентте сүйек кемігінде ретикулиннің пайда болуына байланысты элтромбопагпен емдеу тоқтатылды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар дамыған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

белсенді зат - элтромбопаг 25 мг немесе 50 мг,

Үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка құрамында 25 мг немесе 50 мг элтромбопаг (элтромбопаг оламин түрінде) бар.

Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, маннит, повидон, изомальт (E 953), кальций силикаты, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты;

Жабыны: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), триацетин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында “II” өрнегі бар, диаметрі шамамен 8 мм, қою-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (25 мг дозасы үшін).

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында “IIІ” өрнегі бар, диаметрі шамамен 10 мм, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг дозасы үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан қалыптық полиамид/ алюминий/ поливинилхлорид (oPA/Al/PVC) үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

Синтон Испания, С.Л.

К/Кастельо, №1, Сант Бой де Льобрегат, 08830, Барселона, Испания

телефон: +34936401516

Электронды пошта: www.synthon.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

МИСТРАЛ КЭПИТЭЛ МЭНЕДЖМЕНТ ЛИМИТЕД, Ұлыбритания

9 Уитмор Мэнор Клоуз, Ковентри, Англия, Ұлыбритания, CV6 2PH, Ұлыбритания

телефон: +447872326293, +44 192 693 5385

Электронды пошта: info@mistral.capital

Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Тұтынушылардың препараттың сапасы бойынша шағымдарын мына мекенжайға жіберу керек:

Қазақстан Республикасы,

«Jetcross» (Джеткросс) ЖШС, 050000, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42 үй,

15/1 павильон, «Атакент КҚКО» АҚ, 1 кеңсе.

Телефон:+7 708 591 02 81

e-mail: elmira_tavieva@mail.ru

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін байқауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Nur Business Consulting» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Қазыбек би к-сі 22, 304 кеңсе

телефон: +7 708 930 1280

Электронды пошта: pharmacovigilancenbc@gmail.com;

nurbusinessconsulting@gmail.com

Прикрепленные файлы

Эльтромбопаг-Виста_14.11_.2023(kk)_ЛВ_.docx 0.09 кб
ЛВ_Эльтромбопаг-Виста_14.11_.2023_.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники