Элеутерококк-ТК

МНН: Элеутерококка колючего корневища и корни
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025438
Информация о регистрации в РК: 09.12.2021 - 09.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Элеутерококк-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған сұйық экстракт, 25 мл, 50 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Жалпы сергітетін препараттар

АТХ коды А13А

Қолданылуы

- дененің және ақыл-ойдың қажуында

Кешенді ем құрамында:

- неврастенияда

- артериялық гипотензияда

- ауыр хирургиялық операциялардан кейін, жедел және созылмалы сәулелік ауру кезінде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

- гипертермиялық синдром

- артериялық гипертензия

- қатты қозғыштық

- жедел инфекциялық аурулар

- миокард инфарктісі

- аритмия

- ұйқысыздық

- нейроциркуляторлы дистония

- қызба

- эпилепсия

- алкоголизмнен зардап шегетін тұлғалар

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр аурулары бар науқастар

Қолданған кезінде қажетті сақтық шаралары

Препаратты қабылдау кезінде артериялық қысымды бақылау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат орталық жүйке жүйесінің стимуляторларының, аналептиктердің, гипогликемиялық дәрілердің әсерін күшейтеді, ол орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілердің (оның ішінде барбитураттар, транквилизаторлар, эпилепсияға қарсы дәрілер) физиологиялық антагонисі болып табылады.

Элеутерококк экстарктісі гипогликемиялық дәрілердің әсерін күшейте алады.

Арнайы ескертулер

Дәрілік заттың қолданылу ережелерін бұзбау керек.

Препарат ұйқысыздықты тудыруы мүмкін. Сондықтан препарат осылай әсер ететін пациенттерге оны кешке қабылдауға болмайды.

Қолданар алдында шайқау керек

Педиатрияда қолдану

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қатысты емес.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болу мүмкіндігіне және препарат құрамында 40% этанол бар болуына байланысты психомоторлы реакция жылдамдығына әсер ететін болғандықтан, көлік жүргізуден немесе басқа механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге – 20-30 тамшыдан

Енгізу әдісі және жолы

Элеутерококкты ішу үшін тағайындайды

Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі

Ересектерге тағам қабылдағанға дейін 30 минут бұрын тәулігіне 1 рет.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 25-30 күнді құрайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдар: артериялық қысым жоғарылауы мүмкін, жүрек ырғағының бұзылуы, қатты қозғыштық, ұйқының бұзылуы, асқазан ішек жолы тарапынан бұзылулар, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі.

Емі: препаратты қолдануды дереу тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек.

Қажет болса қайталап емдеу курсы дәрігердің кеңесінен кейін 1-2 аптадан соң жүргізіледі.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, ашушаңдық, үрейлену жай күйі, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, қатты қозғыштық, бас ауыруы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия.

Тері тарапынан: бөртпе, терінің қызаруы, қышыну.

Ұзақ қолдану бұлшықеттің түйілуін, ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылуын тудыруы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 литр экстракт құрамында

белсенді зат - 1000 г элеутерококк (тікенді) тамырсабағы тамырлармен;

қосымша зат: 40 % этил спирті

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, жұқа қабатында мөлдір, ашық қоңырдан қою-қоңыр түске дейін сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл, 50 мл-ден полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы полиэтиленді қақпағы немесе полиэтиленді қақпағы бар, бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыда немесе полимерлі материалдан жасалған қақпақ-тамшылатқышы бар полиэтилен құтыда.

Құтыларға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды поштасы:dir-tkpharm@mail.ru

ҚазақстанРеспубликасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайыжәнебайланысдеректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

Электронды поштасы:dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_ЛВ_каз_Элеутерококк-ТК.docx 0.04 кб
ЛВ_русс_Элеутерококк-ТК_Final.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники