Цивалган

МНН: Валганцикловира гидрохлорид (эквивалентно валганцикловиру)
Производитель: ООО "Изварино Фарма"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Valganciclovir
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023204
Информация о регистрации в РК: 04.09.2017 - 04.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Цивалган

Халықаралық патенттелмеген атауы

Валганцикловир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 450 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 496,30 мг валганцикловир гидрохлориді

450,00 мг валганцикловирге сәйкес

қосымша заттар: повидон, шарап қышқылы, маннитол, кросповидон, натрий стеарилфумараты.

таблетка қабығының құрамы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығының бояғыш заты (Е172), темірдің қызыл тотығының бояғыш заты (Е172), темірдің қара тотығының бояғыш заты (Е172).

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы және басқа жақ бетінде жаншылған «f» жазуы бар таблеткалар. Көлденең кесіндісінде – ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі ядро.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар.

Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Валганцикловир

АТХ коды J05AB14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Валганцикловирдің фармакокинетикалық сипаттамасы АИТВ- және ЦМВ-серологиялық оң пациенттерде, ЖИТС-пен және ЦМВ-ретинитпен ауыратын пациенттерде, және ірі ағзаларды трансплантациялағаннан кейін зерттелді.

Валганцикловирді қабылдағаннан кейін ганцикловирдің экспозициясын анықтайтын параметрлер биожетімділігі және бүйрек функциясы болып табылады. Ганцикловирдің биожетімділігі валганцикловир қабылдаған барлық пациенттерде ұқсас болды. Жүрек, бүйрек, бауыр трансплантатының реципиенттері үшін ганцикловирдің жүйелік экспозициясы, бүйрек функциясына байланысты дозалану режиміне сәйкес, валганцикловирді пероральді қабылдаудан кейінгі осындайға ұқсас болды.

Сіңуі

Валганцикловир ганцикловир дәрісінің ізашары болып табылады, асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Ішектің және бауырдың қабырғасында валганцикловир тез метаболизденіп, ганцикловир түзеді. Валганцикловирді қабылдағаннан кейін ганцикловирдің абсолюттік биожетімділігі 60%-ға жуықты құрайды. Валганцикловирдің жүйелік экспозициясы жоғары емес және қысқа мерзімдік сипатқа ие. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC24) және ең жоғары концентрация (Сmах) ганцикловирдегі осындайдың шамамен, сәйкесінше, 1%-ын және 3%-ын құрайды.

Валганцикловирді 450-ден 2625 мг-ге дейінгі дозаларда қабылдағаннан кейін ганцикловирдің AUC пропорционалды тәуелділігі тамақтанудан кейін препаратты қабылдау жағдайы үшін ғана көрсетілген. Егер тамақтану кезінде валганцикловир ұсынылған 900 мг дозада қабылданса, ганцикловирдің AUC24 орташа көрсеткіші де (шамамен 30%-ға), сонымен қатар Сmах орташа көрсеткіші де (шамамен 14%-ға) артады. Демек, валганцикловирді тамақтан кейін қабылдау ұсынылады.

Таралуы.

Валганцикловирдің ганцикловирге тез метаболизденуінің нәтижесінде валганцикловирдің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы анықталған жоқ. Ганцикловирдің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы пре­параттың 0,5-тен 51 мкг/мл-ге дейінгі концентрацияларында 1-2% құрайды. Вена ішіне енгізгеннен кейін ганцикловирдің таралу көлемі 0,680 ± 0,161 л/кг құрады.

Метаболизмі

Валганцикловир тез гидролизденіп, ганцикловир түзеді, басқа метаболиттер анықталған жоқ. Радиоактивті изотоппен таңбаланған 1000 мг ган­цикловирді ішке бір реттік қабылдаудан кейін нәжісте немесе несепте метаболиттердің бірде-біреуінің радиоактивті көрсеткіші 1-2%-дан асқан жоқ.

Шығарылуы

Валганцикловирдің де, сонымен қатар ганцикловирдің де шығарылуының негізгі жолы шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секреция болып табылады. Ганцикловирдің жүйелік клиренсінің 81,5 ± 22%-ы бүйректік клиренстің үлесіне тиеді.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы валганцикловирден түзілетін ганцикловир клиренсінің төмендеуіне әкеліп, терминальді фазада жартылай шығарылуын сәйкесінше арттырды. Демек, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет болады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Валганцикловирден түзілетін ганцикловирдің фармакокинетикасы 4 компонентті айқаспалы дизайны бар ашық зерттеуде бауырдың тұрақты функциясын атқарып тұрған трансплантаты бар пациенттерде зерттелді. Валганцикловирден түзілетін ганцикловирдің абсолюттік биожетімділігі (тамақтанудан кейін препаратты 900 мг дозада бір реттік қабылдағанда), шамамен 60% құрады, бұл пациенттердің басқа топтарындағы көрсеткішпен сәйкес келеді. Ганцикловирдің AUC0-24 бауырды алмастыруды бастан кешкен пациенттерге ганцикловирді 5 мг/кг дозада вена ішіне енгізгендегіге ұқсас болды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Валганцикловир ішке қабылдағаннан кейін ішек және бауыр эстеразаларының әсер етуімен ганцикловирге тез айналатын ганцикловирдің L-валил эфирі (ізашар дәрі) болып табылады. Ганцикловир 2'-дезоксигуанозиннің синтетикалық аналогы, ол in vitro және in vivo герпес тобы вирустарының репликациясын басады. Ганцикловирге сезімтал адам вирустарына цитомегаловирус (ЦМВ), 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусы, адамның 6, 7 және 8 типті герпес вирусы, Эпштейн-Барр вирусы, желшешек вирусы және В гепатитінің вирусы жатады.

ЦМВ-инфекцияланған жасушаларда UL97 вирустық протеинкиназаның әсер етуімен ганцикловир алдымен фосфорланып, ганцикловирмонофосфат түзеді. Әрі қарай фосфорлануы жасушалық киназалардың әсер етуімен жүріп, ганцикловиртрифосфат түзеді, ол содан кейін жасушаішілік баяу метаболизмге ұшырайды. Жасушаішілік сұйықтықтан ганцикловир жойылғаннан кейін ЦМВ-мен инфекцияланған жасушалардағы ганцикловиртрифосфаттың жасушаішілік жартылай шығарылу кезеңі 18 сағатты құрайды; қарапайым герпес вирусымен инфекцияланған жасушаларда – 6-24 сағат. Ганцикловирдің фосфорлануы үлкен дәрежеде вирустық киназаның әсер етуіне байланысты болғандықтан, ол көбіне инфекцияланған жасушаларда жүреді.

Ганцикловирдің виростатикалық белсенділігі келесі механизмдер арқылы вирустық ДНҚ синтезінің басылуымен жүзеге асырылады: (1) вирустық ДНҚ-полимеразаның әсер етуімен дезоксигуанозинтрифосфаттың орналасуының бәсекелі тежелуі; (2) вирустық ДНҚ-ға ганцикловиртрифосфаттың қамтылуы, ол вирустық ДНҚ-ның ұзаруының тоқтауына немесе ұзаруының өте шектеулі болуына әкеледі. Іn vitro зерттеулерге сәйкес, ЦМВ репликациясын басатын өзіне тән тежегіш концентрация ЦМВ репликациясын 50%-ға (IC50) басады, 0,08 мкмоль/л-ден (0,02 мкг/мл) 14 мкмоль/л-ге (3,5 мкг/мл) дейінгі ауқымда болады.

Валганцикловирдің вирусқа қарсы клиникалық әсері пациенттердің, жүре пайда болған иммунотапшылығы синдромы (ЖИТС) және алғаш білінген ЦМВ-ретиниті бар науқастардың организмінен валганцикловирмен 4 апта емдегеннен кейін ЦМВ-нің бөлініп шығуының бастапқы 46% көрсеткіштен 7%-ға дейінгі азаюымен айғақталды.

Қолданылуы

  • ересек пациенттерде ЦМВ-ретинитті, ЖИТС-ке шалдыққан науқастарды емдеуде

  • ағзалар трансплантациясынан кейін қауіп тобындағы пациенттерде ЦМВ-инфекцияларға профилактика үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Артық дозалануына жол бермеу үшін дозалау режимі бойынша нұсқауларды қатаң сақтау қажет.

Дозалаудың стандартты режимі

Валганцикловирді тамақ ішу кезінде ішке қабылдаған жөн.

Валганцикловир тез және едәуір дәрежеде метаболизацияланып, ганцикловир түзеді. Валганцикловир таблеткасын қабылдаған жағдайда ганцик­ловирдің биожетімділігі, ганцик­ловирді пероральді қабылдаған жағдайдан 10 есе жоғары.

ЦМВ-ретинитті емдеу

ЦМВ-ретиниттің индукциялық емі

Белсенді ЦМВ-ретинит бар пациенттерде валганцикловирдің ұсынылатын дозасы 21 күн бойы тәулігіне 2 рет 900 мг (450 мг 2 таблетка) құрайды. Ұзаққа созылатын индукциялық ем миелоуыттылық қаупін ұлғайтады.

ЦМВ-ретиниттің демеуші емі

Индукциялық ем жүргізгеннен кейін немесе белсенді емес ЦМВ-ретиниті бар пациенттерде ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 900 мг (450 мг 2 таблетка) құрайды. Егер ретинит ағымы нашарласа, индукциялық емдеу курсын қайталауға болады.

Ірі ағзалардың трансплантациясынан кейін ЦМВ-инфекцияға жүргізілетін профилактика

Бүйрек трансплантациясын бастан кешкен пациенттерде валганцикловирмен емдеуді операциядан кейін алғашқы 10 күн ішінде тәулігіне 1 рет 900 мг (450 мг 2 таблетка) дозадан бастау және емдеуді трансплантациядан кейінгі кезеңде 200 күнге дейін жалғастыру қажет.

Басқа ірі ағзалардың трансплантациясын бастан кешкен пациенттерде валганцикловирмен емдеуді операциядан кейін алғашқы 10 күн ішінде тәулігіне 1 рет 900 мг (450 мг 2 таблетка) дозадан бастау және емдеуді трансплантациядан кейінгі кезеңде 100 күнге дейін жалғастыру қажет.

Дозалау жөнінде ерекше нұсқаулар

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қан сарысуындағы креатинин концентрациясына немесе креатинин клиренсіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Ересек пациенттерде дозаны түзетуді төменде берілген кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсіне байланысты жүргізеді.

Креатинин клиренсі қан сарысуындағы креатинин концентрациясына байланысты келесі формула бойынша есептеледі:

(140 - жасы [жыл]) х (дене салмағы [кг])

еркектер үшін = ————————————————————————

(72) х (0,011 х қан сарысуындағы креатинин концентрациясы [мкмоль/л])

әйелдер үшін = 0,85 х еркектерге арналған көрсеткіш

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Индукциялық емге арналған доза

Демеуші емге/профилактикаға арналған доза

60

тәулігіне 2 рет 900 мг

тәулігіне 1 рет 900 мг

40-59

тәулігіне 2 рет 450 мг

тәулігіне 1 рет 450 мг

25-39

тәулігіне 1 рет 450 мг

әрбір 2 күн сайын 450 мг

10-24

әрбір 2 күн сайын 450 мг

аптасына 2 рет 450 мг

<10

қолдануға болмайды

қолдануға болмайды

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы, тромбоцитопениясы немесе панцитопениясы бар пациенттер

Валганцикловир (және ганцикловир) қабылдаған пациенттерде ауыр лей­копения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения жағдайлары, сүйек кемігінің бәсеңдеуі және апластикалық анемия жағдайлары білінді. Егер нейтрофилдердің абсолюттік саны 1 мкл-де 500 жасуша немесе тромбоциттер саны 1 мкл-де 25000 жасушадан аз, сондай-ақ егер гемоглобин 80 г/л-ден төмен болған жағдайда емдеуді бастамаған жөн. Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы және/немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерге гемопоэздік өсу факторларын тағайындау және/немесе препарат қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Егде жасағы пациенттер

Тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Бала пациенттер

ЦМВ-ретинитті емдеу

Валганцикловирді 18 жасқа дейінгі балаларда ЦМВ-ретинитті емдеу мақсатында қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында валганцикловирді қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Ірі ағзаларды трансплантациялағаннан кейін ЦМВ-инфекцияға жүргізілетін профилактика

16-дан 18 жасқа дейінгі балалардағы дозалау режимінің ересектердегі дозалау режимінен айырмашылығы жоқ. Валганцикловирді 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ірі ағзаларды трансплатациялағаннан кейін ЦМВ-инфекцияға профилактика жүргізу мақсатында қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында валганцикловирді қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Валганцикловир ганцикловир дәрісінің ізашары болып табылады, ол ішке қабылдағаннан кейін ганцикловирге тез айналады, сондықтан ганцикловирді қабылдаумен байланысты белгілі барлық жағымсыз әсерлер валганцикловир үшін күтілетін болып табылады. Клиникалық зерттеулерде тіркелген барлық жағымсыз құбылыстар бұрын ганцикловирмен емдеу кезінде байқалды.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі – кандидозды стоматит, сепсис (бактериемия, виремия), панникулит, несеп шығару жолдарының инфекциясы.

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: өте жиі нейтропения, анемия; жиіауыр анемия, тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения; жиі емессүйек кемігінің жеткіліксіздігі; сирек – апластикалық анемия.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: жиі емес – анафилаксиялық реакция.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: жиітәбеттің азаюы, анорексия.

Психиканың бұзылулары: жиі – депрессия, үрейлену, сананың шатасуы, ойлаудың бұзылуы; жиі емес – ажитация, психоздық бұзылыс, елестеулер.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі бас ауыруы, ұйқысыздық, дисгевзия, (дәм сезімінің бұзылуы), гипестезия, парестезия, шеткері нейропатия, бас айналуы, құрысулар; жиі емес – тремор.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: жиі – макулярлы ісіну, торқабықтың қыртыстануы, шыны тәрізді дененің деструкциясытолқынды бұлдырау»), көздің ауыруы; жиі емескөрудің бұзылуы, конъюнктивит.

Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар: жиіқұлақтың ауыруы; жиі емескереңдік.

Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі емес – аритмия.

Қантамырлар тарапынан бұзылулар: жиі емес – артериялық гипотензия.

Тыныс алу жүйесі тарапынан, кеуде қуысы ағзалары және көкірек тарапынан бұзылулар: өте жиіентігу; жиі – жөтел.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: өте жиі – диарея; жиіжүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, эпигастральді аймақтың ауыруы, диспепсия, іш қату, метеоризм, дисфагия; жиі емесіштің желденуі, ойық жаралы стоматит, панкреатит.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиібауыр функциясының бұзылуы, сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; жиі емес аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: жиі – дерматит, түнгі тершеңдік, қышыну; жиі емес – алопеция, есекжем, терінің құрғауы.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: жиі – арқаның ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықет спазмы.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі – креатинин клиренсінің жоғарылауы, бүйрек функциясының бұзылуы; жиі емес – гематурия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі.

Жыныс ағзалары және сүт бездері тарапынан бұзылулар: жиі емесеркектердегі белсіздік.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: жиіәлсіздік, жоғары температура, қалтырау, ауыру, кеуденің ауыруы, дімкәстік, астения.

Зертханалық және аспаптық деректер: жиісалмақтың кемуі, қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы.

Артық дозалануы

Бір ересек пациентте, бүйрек функциясының бұзылуларын (креатинин клиренсінің төмендеуін) ескеріп, валганцикловирді ұсынылғаннан кем дегенде 10 есе жоғары дозаларда бірнеше күн бойы қолданғанда сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі (медуллярлы апла­зия) дамып, өліммен аяқталған.

Валганцикловирдің артық дозалануы нефроуыттылықтың артуына әкеп соғуы мүмкін.

Артық мөлшерлену орын алған пациенттердің плазмасындағы валганцикловирдің концентрациясын гемодиализ және гидратация жолымен төмендетуге болады.

Вена ішіне енгізген кездегі ганцикловирдің артық дозалануы

Валганцикловир тез және елеулі дәрежеде ганцикловирге айналатын болғандықтан, ганцикловир артық дозаланған кезде байқалатын жағымсыз құбылыстар валганцикловир артық дозаланған кезде де күтілуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • валганцикловирге, ганцикловирге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық. Ацикловирдің, валацикловирдің және валганцикловирдің химиялық құрылыстарының ұқсастығына байланысты, осы препараттарға айқаспалы сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

  • нейтрофилдердің абсолюттік саны 1 мкл-де 500 жасушадан аз, тромбоциттер саны 1 мкл-де 25000 жасушадан аз немесе гемоглобин концентрациясы 80 г/л-ден төмен

  • креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден аз

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және емшек емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Валганцикловирдің дәрілік өзара әрекеттесуі

Егеуқұйрықтарда ішектік өткізгіштіктің in situ үлгісінде валганцикловирдің валацикловирмен, диданозинмен, нелфинавирмен, циклоспоринмен, омепразолмен және микофенолат мофетилімен өзара әрекеттесулері байқалған жоқ. Валганцикловир ганцикловирге айналады, сондықтан ган­цикловирге тән өзара әрекеттесулер валганцикловирді қабылдаған кезде де көрініс беруі мүмкін.

Ганцикловирдің дәрілік өзара әрекеттесуі

Ганцикловирдің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі тек 1-2%-ды ғана құрайды, сондықтан ақуызбен байланысудың алмасуымен байланысты реакциялар күтілмейді.

Имипенем/циластатин: ганцикловирді және имипенемді/циластатинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде құрысулар байқалды. Валган­цикловирді және имипенемді/циластатинді бір мезгілде қолдануға, егер емдеудің потенциалды артықшылығы ықтимал қаупінен басым болмайтын жағдайларда, жол бермеген жөн.

Пробенецид: пробенецидті бір мезгілде пероральді түрде қабылдау ганцикловирдің бүйректік клиренсінің статистикалық тұрғыдан маңызды (20%) төмендеуіне және оларың әсер ету ұзақтығының (40%) артуына әкелді. Бұл өзара әрекеттесу механизмімен - өзекшелік бүйректік экскреция үшін бәсекелесумен түсіндіріледі. Пробенецид пен валганцикловирді бір мезгілде қабылдап жүрген пациентте ганцикловирдің ықтимал уытты әсері болғандықтан, мұқият бақылауда болуы тиіс.

Зидовудин: пероральді ганцикловирмен бір мезгілде қолданғанда аздаған, бірақ зидовудиннің AUC мәнінің статистикалық тұрғыдан маңызды (17%) артуы байқалды; бұдан басқа, ганцикловир концентрациясының статистикалық тұрғыдан маңызды емес беталысы білінді. Зидовудин де, сонымен қатар ганцикловир де нейтропенияны және анемияны туындатуы мүмкін болғандықтан, кейбір пациенттерде валганцикловирді және зидову­динді толық дозаларда бір мезгілде қабылдағанда жақпаушылық білінуі мүмкін.

Диданозин: ганцикловирмен (вена ішіне де, сонымен қатар пероральді түрде қолдану тәсілінде) бір мезгілде қолданғанда плазмадағы диданозин концентрациясының тұрақты жоғарылауы байқалды. Ганцикловирді тәулігіне 3 және 6 г дозада пероральді түрде қабылдаған жағдайда диданозиннің AUC мәнінің 84-124%-ға артуы байқалды, ганцикловирді тәулігіне 5-10 мг/кг дозаларда вена ішіне енгізгенде диданозиннің AUC мәні 38-67%-ға артты. Бұл жоғарылауды бүйректің өзекшелік экскрециясы үшін бәсекелі өзара әрекеттесумен түсіндіруге болмайды, өйткені мұндайда диданозинның шығарылу пайызы артады. Осы артудың себептері биожетімділігінің жоғарылауынан немесе метаболизмінің баяулауынан болуы мүмкін. Ганцикловирдің концентрациясына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалы байқалған жоқ. Алайда, ганцикловирдің қатысуымен диданозиннің плазмалық концентрациясының жоғарылайтындығын ескеріп, валганцикловирді қолданғанда диданозиннің уытты әсерлерінің симптомдарының пайда болуы тұрғысында пациенттерді мұқият бақылаған жөн.

Микофенолат мофетилі: ганцикловирдің ұсынылған дозасын вена ішіне бір реттік енгізу және микофенолат мофетилін пероральді түрде қабылдау жөніндегі, сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылуларының микофе­нолат мофетилі және ганцикловирдің фармакокинетикасына тигізетін белгілі әсері нәтижелерінің негізінде, өзекшелік секреция үдерісінде бәсекелі өзара әрекеттесу беретін валганцик­ловирді және микофенолат мофетилін бір мезгілде қолдану ганцикловирдің және микофенол қышқылының фенольді глюкуронид концетрацияларының жоғарылауына әкеледі. Микофенол қышқылының фармакокинетикасындағы елеулі өзгерулер күтілмейді, сондықтан микофенолат мофетилі дозасын түзету қажет емес. Микофенолат мофе­тилін және валганцикловирді бір мезгілде қабылдап жүрген, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде валганцикло­вир дозасын түзету жөніндегі нұсқауларды орындау және мұқият бақылау жүргізу қажет.

Залцитабин: залцитабин пероральді түрде қабылданған ганцикловирдің AUC0-8 мәнін 13%-ға арттырды. Басқа фармакокинетикалық параметрлердің статистикалық маңызды өзгерулері байқалған жоқ. Ганцикловирді бір мезгілде пероральді түрде қабылдағанда, элиминация жылдамдығы константасының аздап артуына қарамастан, залцитабиннің фармакокинетикасында да клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер байқалған жоқ.

Ставудин: ганцикловир мен ставудинді бір мезгілде пероральді түрде қабылдағанда статистикалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер білінген жоқ.

Триметоприм: триметоприм пероральді түрде қабылданатын ган­цикловирдің бүйректік клиренсін статистикалық тұрғыдан маңызды 16,3%-ға азайтты, ол сондай-ақ терминальді элиминация жылдамдығының статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуімен және жартылай шығарылу кезеңінің 15%-ға тиісінше артуымен қатар жүрді. Дегенмен, осы өзгерулердің клиникалық маңыздылығы екіталай, өйткені AUC0-8 және Сmах мұндайда өзгерген жоқ. Ганцикло­вирді бір мезгілде қабылдағанда триметопримнің фармакокинетикалық параметрлерінің жалғыз ғана статистикалық тұрғыдан маңызды өзгеруі ең төмен концентрациясының (Сmin) 12%-ға артуы болды. Алайда мұның клиникалық маңызының болуы екіталай, сондықтан валганцикловирдің дозасын түзету қажет емес.

Циклоспорин: келесі дозаны қабылдар алдында циклоспориннің концентрациясын салыстырғанда, циклоспориннің фармакокинетикасын ганцикловирдің өзгерткені жөнінде деректер алынған жоқ. Дегенмен, ганцикловирді қолдануды бастағаннан кейін қан сарысуында креатининнің ең жоғары концентрациясының біршама жоғарылауы байқалды.

Басқа да ықтимал дәрілік өзара әрекеттесулер: ганцикловирдің негізгі шығарылу жолы шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секреция болып табылатындықтан, белсенді өзекшелік секреция (мысалы, кері транскриптазаның нуклеоз(т)идтік тежегіштері) арқылы шығарылатын валганцикловирді антиретровирустық препараттармен бір мезгілде қолдану валганцикловирдің және/немесе бірге қолданылатын препараттардың концентрацияларына ықпалын тигізуі мүмкін. Ганцикловирді миелосупрессивті немесе нефроуытты әсер беретін басқа препараттармен (мысалы, дапсонмен, пентамидинмен, флуцитозинмен, винкристинмен, винбластинмен, адриамицинмен, В амфотерицинмен, нуклеозидтердің аналогтарымен, гидроксикарбамидпен және пегилирленген интерферондармен/рибавиринмен) бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды, егер жүргізілген емнен күтілетін пайда ықтимал қаупінен басым болатын жағдайда ғана, бір мезгілде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Жануарларға жүргізілген эксперименттерде ганцикловирдің мутагендік, тератогендік, асперматогендік және канцерогендік әсерлері байқалды. Валганцикловирді қолдану адам үшін потенциалды тератогенді және канцерогенді деп саналған жөн, оны қолдану дамудың туа біткен кемістігін және обырды туындатуы мүмкін. Бұдан басқа, валганцикловир сперматогенезді уақытша немесе қайтымсыз басуы мүмкін.

Валганцикловир (және ганцикловир) қабылдап жүрген пациенттерде ауыр лей­копения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі және апластикалық анемия жағдайлары байқалды. Егер нейтрофилдердің абсолюттік саны 1 мкл-де 500 жасушадан аз болса немесе тромбоциттер саны 1 мкл-де 25000 жасушадан аз болса, сондай-ақ гемоглобин 80 г/л-ден төмен болған жағдайда, емдеуді бастамаған жөн.

Емдеу барысында қан формуласына және тромбоциттерге ұдайы толық бақылау жүргізу ұсынылады. Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы және/немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерге гемопоэздік өсу факторларын тағайындау және/немесе препарат қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге, трансплантациялық клиникаға барғанда кем дегенде әрбір ретте, қанның толық формуласына күшті бақылау қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде креатинин клиренсін ескере отырып, дозасын түзету қажет болады. Креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден аз болатын пациенттерде валганцикловирді қолдануға болмайды.

Валганцикловирмен ұзақ индукциялық ем миелоуыттылық қаупін ұлғайтады.

Ганцикловирді және имипенемді/циластатинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде құрысулар білінді. Валганцикловир мен имипенем­ді/циластатинді, егер емдеудің потенциалды артықшылығы ықтимал қаупінен басым болмаған жағдайларда, бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.

Зидовудин де, сонымен қатар ганцикловир де нейтропенияны және анемияны туындатуы мүмкін болғандықтан, кейбір пациенттерде валганциклови­р мен зидовудинді толық дозаларда бір мезгілде қабылдаған кезде жақпаушылық байқалуы мүмкін.

Ган­цикловирдің қатысуымен диданозиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауы мүмкіндігіне байланысты, диданозинның уытты әсері симптомдарының пайда болуы тұрғысында, пациентті мұқият бақылаған жөн. Валганцикловирді миело­супрессивті немесе нефроуытты әсер беретін басқа препараттармен бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін.

Препаратпен жұмыс жасау тәртібі

Таблетканы сындыруға немесе ұсақтауға болмайды. Валганцикловир адам үшін потенциалды тератогенді және канцерогенді болғандықтан, егер таблетка сындылырса, сақ болу қажет. Сындырылған немесе ұсақталған таблетканың терімен және шырышты қабықтармен тікелей жанасуына жол бермеген жөн. Мұндай жанасу болған жағдайда осы жерді сабындап, мұқият жуып-шаю, ал көзге тигізіп алған жағдайда оларды стерильді сумен, ал ол болмаған жағдайда жай сумен шаю керек.

Дәрілік препараттардың қоршаған ортаға түсуі барынша азайтылуы тиіс. Препаратты ағынды судың жәрдемімен немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге жоймаған жөн. Мүмкіндігінше, дәрілік препараттарды жоюға арналған арнайы жүйені пайдалану қажет.

Сақтықпен

Егде жас (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ).

Жүктілік және лактация кезеңі

Валганцикловирдің репродукциялық уыттылығына, валганцикловирдің ганцикловирге тез және толық айналуына байланысты, қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ. Ганцикловир фертильділікті бұзады және жануарларда тератогендік әсер береді.

  • Бала туа алатын жастағы әйелдерді валганцикловирмен емдеу кезінде контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануға кеңес берген жөн, еркектерге емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін кем дегенде 90 күн контрацепцияның бөгегіш әдісін пайдалануға, ағзалары трансплантацияланғаннан кейін пациенттерде ЦМВ-инфекцияға профилактика жүргізуге кеңес беріледі.

Адамда жүктілік кезінде валганцикловирді қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүктілік кезінде валганцикловирді тағайындауға, ана үшін потенциалды оң әсері шарана үшін ықтимал қауіпті ақтаған жағдайлардан басқасында, жол бермеген жөн.

Валганцикловир мен ганцикловирдің пери- және постнатальді дамуға ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ, мұндайда ганцикловирдің емшек сүтімен бірге бөлініп шығуы және емшектегі нәрестеде күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет.

Көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Валганцикловирмен және/немесе ганцикловирмен емдеген кезде құрысулар, седациялар, бас айналу, атаксия және/немесе сананың шатасуы пайда болуы мүмкін, ол көлік құралын басқаруды және машиналармен және механизмдермен жұмыс жасауды қоса, зейінді жұмылдыруды қажет ететін қызметтерге теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Осыған орай, валганцикловирмен емдеу кезінде көлік құралын басқарғанда және машиналармен және механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық танытқан жөн. Сипатталған жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда аталған қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

MKF-ERGIS SP z o.o., Польша (МемСТ 25250-88) өндірушісінің ПВХ үлбірінен және МемСТ 745-2003 бойынша баспалы лактат алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

МемСТ Р 50444-92, МемСТ Р 52770-2007 және МемСТ Р ИСО 10993-2009 бойынша, бұрап жабылатын қақпақпен жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған құтыға немесе банкаға 60 таблеткадан салынған. Құтыдағы немесе банкадағы бос кеңістік МемСТ 5556-81 бойынша мақтамен толтырылған, құтының мойны немесе банкалар полимерлі жабыны бар алюминий фольгамен герметикалық (нығыздап) тығындалған.

Пішінді ұяшықты 1, 2, 3, 6, 9 немесе 12 қаптама немесе 1 құты қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 7933-89 бойынша қораптық картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

«Изварино Фарма» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

142750, Мәскеу қ., Изварино үйі, БҰМДЕО аумағы, 1 бет

Тіркеу куәлігінің иесі

«Изварино Фарма» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

142750, Мәскеу қ., Изварино үйі, БҰМДЕО аумағы, 1 бет

Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Фарм-Евро» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәт.

Тел.: 8 (727) 271-10-17

8 (777) 392 80 80

E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

Цивалган_рус.doc 0.11 кб
Цивалган_табл_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту