Хондроксид® (гель, 5%, 30 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Хондроксид®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 5% гель
Құрамы
1 г гельдің құрамында
белсенді зат – натрий сульфаты хондроитині (100 % құрғақ затқа шаққанда) – 0,05 г,
қосымша заттар – диметилсульфоксид, пропиленгликоль, изопропанол, этанол, натрий дисульфиті, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, карбомер, апельсин хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жеміс иісі бар, сарғыш, жартылай мөлдір біртекті гель
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды M02AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Хондроксид®, гель жақсы сіңеді. Диметилсульфоксид хондроитин сульфаттың тіндерге тереңдей жасуша жарғақшаларынан жақсы енуіне ықпал етеді. Хондроитин сульфаты теріге препаратты жаққаннан кейін буынға жылдам және таңдамалы түрде түседі, 30 минуттан кейін ең жоғары концентрациясына жетіп, содан соң препарат шеміршек тінінен екі фазада шығарылады. Жылдам шығарылу фазасы қолданудан кейін 1 сағаттан соң аяқталады. Препараттың буында ұсталып тұруы 5 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Хондроксид®, гельдің біріктірілген әсері бар – остеоартроз және остеохондроздың үдеуін баяулатады, ауыруды басатын, қабынуға қарсы әсері бар, буын шеміршегінің қалпына келуін көтермелейді, буындар қозғалғыштығын жақсартып, домбығуын азайтады.
Гель компоненттерінің ұтымды үйлесімі арқасында олардың ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерлерінің өзара күшеюі байқалады. Хондроксид®, гель препаратын қолдану қабынуға қарсы стероидты емес препараттар дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Хондроксид®, гель құрамында шеміршек тінін қалыптастыруға қатысатын хондроитин сульфатының табиғи компоненті (жоғары молекулалық мукополисахарид) бар. Хондроитин сульфаты шеміршек тінінде фосфор-кальций зат алмасуын жақсартады, шеміршек тіндерін бұзатын ферменттер белсенділігін төмендетеді, шеміршек тінінің дегенерация үдерістерін (бұзылу) тежейді, глюкозаминогликандар синтезін көтермелейді, дәнекер тіннің коллапсына кедергі жасайды. Бұл зақымданған буындар ауыруының азаюына және қозғалыс ширақтығының артуына әкеледі.
Қолданылуы
-
шеткергі буындардың және омыртқаның дегенеративтік-дистрофиялық ауруларында (остеоартроз, оның ішінде самай-төменгі жақ буыны остеоартрозы, спондилоартроз, остеохондроз, остеопороз, хейропатиялар)
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолданады. Хондроксид®, гель зақымдану ошағының бетіндегі теріге күніне 2-3 рет және 2-3 минут бойы толық сіңіп кеткенше шапалақтап жағылады. Емдеу курсы - 2-3 аптадан 2-3 айға дейін. Қажет болғанда - емдеу курсы қайталанады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
жаққан аумақта тері жабындарының зақымдануы
Айрықша нұсқаулар
Препараттың шырышты қабықтарға және ашық жараларға түсіп кетуін болдырмау керек.
Гель теріге жағылған немесе киімге жұққан кезде із қалдырмай, сумен оңай жуылады.
Балалар жасы
Балалар жасында Хондроксид® қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде Хондроксид® қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Дәрілік препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін тигізбейді.
Артық дозалануы
Хондроксид®, гель препаратының артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г-ден алюминий немесе полиэтилен ламинатты сықпаларда.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 398-64-91, 398-64-92, 398-64-93, 243-45-03, 243-45-04
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz