Хлосоль (раствор для инфузий, Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Калия хлорид, Натрия ацетат, Натрия хлорид
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014591
Информация о регистрации в РК: 07.10.2014 - 07.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Хлосоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл, 400 мл ерітінді

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 4.75 г натрий хлориді

3.6 г натрий ацетаты

1.5 г калий хлориді

қосымша зат - 1 л-ге дейін инъекцияға арналған су

Теориялық осмоляльділігі ~ 294 мОсм/кг

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Су-электролиттік теңгерілімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер

АТХ коды В05ВВ01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат, уытсыздандырғыш, плазма алмастырғыш, регидратациялайтын, диуретикалық, шокқа қарсы, антиагреганттық әсер көрсетеді. Гиповолемияны төмендетеді, қанның ұюына және метаболикалық ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді күшейтеді, микроциркуляцияны жақсартады.

Қолданылуы

- операциядан кейінгі кезеңдегі (цекостомия, энтеростомия) дегидратацияда (құрамында калий, натрий және хлордың үлкен мөлшері бар)

- гиповолемиялық және жұқпалы-уытты шокта

- метаболиялық ацидозда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен балаларда

Көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып), зертханалық көрсеткіштерінің бақылануымен. 1 сағат ішінде науқас дене салмағының

7-10 % сәйкес мөлшердегі ерітіндіні енгізеді; содан соң сорғалатып енгізуді минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен 24-48 сағат тамшылатып енгізумен ауыстырады. Енгізер алдында ерітіндіні дене температурасына дейін жылытады. Енгізілетін ерітіндінің жалпы мөлшері жоғалтқан сұйықтық көлеміне сәйкес болуы тиіс. Енгізілген және жоғалтқан сұйықтық теңгерімін әр 6 сағат сайын анықтайды. Аурудың ауыр түрлері кезінде (гиповолемиялық жұқпалы-уытты шок, талапқа сай емес қылтамырлық перфузия, декомпенсацияланған метаболикалық ацидоз) препаратты сорғалатып енгізуден бастап, кейін тамшылатып енгізуге көшеді. Аурудың жеңілдеу түрлерінде (организмнің уыттануы мен сусыздануы, метаболикалық ацидоз) препаратты тамшылатып енгізумен шектелуге болады.

Жағымсыз әсерлері

- гиперкалиемия

- аллергиялық реакциялар (қышыну)

- ісінулер

- қалтырау

- тахикардия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- гипертониялық және изотониялық гипергидратация

- метаболикалық алкалоз

- анурия және олигурия

- жедел және созылмалы бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі

- гиперкалиемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде көзбен шолып үйлесімділігін бақылау қажет.

Коллоидты ерітінділермен (декстран препараттары, Калий хлориді + Кальций хлориді + Магний хлориді + Натрий гидрокарбонаты + Натрий хлориді + Повидон – 8 мың &, Желатин & және басқалар) үйлестіріп қолдануға болады; сондай-ақ, донор қанымен, эритромассамен, плазмамен және басқа да қан препараттарымен үйлесімді. Әдетте қолданылатын шокқа қарсы дәрілік заттардың, соның ішінде нейролептанальгезияға арналған препараттардың (фентанил, дроперидол), бензодиазепиндердің (диазепам мен басқалар), сонымен қатар, миорелаксанттардың (суксаметоний және басқалар), протеолиз тежегіштерінің (апротинин) және альфа-адреностимуляторлардың (допамин, эпинефрин) тағайындалуына кедергі келтірмейді.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы жағдайда орташа айқындалған дегидратацияда тұзды ерітінділерді ішке енгізу көрсетілген және тек бұлай енгізу мүмкін болмағанда (белгілі бір себептермен) препараттарды парентеральді енгізеді.

Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек. Емді гематокрит және қан электролиттерінің концентрациясын, артериялық қысымды, электрокардиограмманы, диурезді бақылау арқылы жүргізеді. Гиперкалиемия қаупі төнгенде немесе өршігенде препаратты электролиттік теңгерім қалыпқа келгенге дейін Натрий ацетаты + Натрий хлориді & («Дисоль») ерітіндісімен алмастырады.

Жүктілік және лактация

Егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық пен бала үшін күтілетін әлеуетті қауіптен жоғары болса препаратты қолдануға болады.

Автокөлік немесе басқа да механизмдерді басқарғанда реакция жылдамдығына әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тек қана аурухана жағдайларында қолданғандықтан деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың көмескіленуі, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, бұлшықеттердің құрыса тартуы, аяқ пен ерінде шаншуды сезіну.

Емі: артериялық қысымды, пульс пен ЭКГ бақылай отырып, 10 % кальций хлоридін, сода ерітінділерін көктамыр ішіне енгізу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл немесе 400 мл препараттан резеңке тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшалармен қаусырылған, қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған сыйымдылығы 250 мл немесе 450 мл (сәйкесінше) шыны бөтелкелерде. Бөтелкеге заттаңбалық және жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады. Бөтелкелер гофрланған картоннан төсеніштері бар жеке қорапшаларсыз гофрланған картоннан жасалған қорапқа қапталады. Қорапқа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар бөтелкелердің санына қарай салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бөтелке бүтіндігі сақталған кезде ерітіндіні мұздатып қатыру препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz.

 

 

Прикрепленные файлы

454239571477976703_ru.doc 50 кб
434918221477977862_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники