ХЕДЕНЗА
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ХЕДЕНЗА
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Ректальді жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілер. Басқа да препараттар және олардың біріктірілімдері.
АТХ коды С05АХ03
Қолданылуы
Ересектердегі ішкі және сыртқы геморройды, анальді сызаттарды және анальді қышынуды емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарға, арахиске, сояға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген кез келген басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық;
қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты 12 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
ХЕДЕНЗА жақпамайдың құрамында ланолин бар. Бұл терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит сияқты).
ХЕДЕНЗА жақпамайдың құрамында арахис майы бар. Арахис немесе сояға аллергиялық реакциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
ХЕДЕНЗА жақпамайын анус аймағында терінің қатты зақымдануы болған жағдайда енгізуге болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу саласында зерттеулер жүргізілмеген.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүкті әйелдерде ХЕДЕНЗА жақпамайы препаратын қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке, эмбриональді/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлерді көрсетпейді. ХЕДЕНЗА жақпамайын жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек.
Бала емізу
Дәрілік препаратты бала емізу кезінде қолдануға болады.
Фертильділік
Фертильділікке жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеулер фертильділіктің бұзылуларын анықтамаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бұл дәрілік препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ешқандай әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
ХЕДЕНЗА жақпамайын күніне үш рет және әр дефекация актісінен кейін қосымша қолдану керек.
Балалар
Бұл дәрілік препаратты 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішкі геморрой мен сызаттарда жақпамайды анустық өзекке енгізу үшін қоса берілген аппликаторды пайдалануға болады. Қолданар алдында аппликаторды енгізуді жеңілдету үшін аппликаторға аздап жақпамай жағыңыз. Қолданғаннан кейін аппликаторды мұқият жуыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Геморройды жергілікті емдеу әдетте ұзақ мерзімді терапия болып табылады. Егер симптомдар 5 күннен кейін жақсармаса, емдеудің басқа әдістерін қарастыру керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жағымсыз реакциялардың жиілігі мынадай критерийлерге сәйкес айқындалады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
1-кесте. Жағымсыз реакциялар тізбесі
Жүйелік-ағзалық класс |
Өте жиі (≥ 1/10) |
Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін) |
Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін) |
Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін) |
Өте сирек (<1/10000) |
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар |
уақытша ашыту сезімі |
Аллергиялық реакциялар, терінің жергілікті тітіркенуі |
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г жақпамайдың құрамында:
белсенді заттар: монохлоркарвакрол 0.05 г, левоментол 2.50 г, ихтиол 0.50 г
қосымша заттар: арахис майы; күнбағыс майы; макрогол цетостеарил эфирі; октилдодеканол; ланолин; зығыр майы; тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сұйық шөгіндісіз, ашық сары түсті, ментол иісі бар жақпамай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан аппликатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі: 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
Мерц Фарма ГмбХ және Ко. КГаА
Людвигштрассе 22, 64354 Райнхайм, Германия
Тел.: +49 (0) 6162-8009-724
E-mail: carmen.gonzales-RHM@merz.com
ТІРКЕУ КУӘЛІГІНІҢ ҰСТАУШЫСЫ
Альпен Фарма АГ
Финкенхубельвег 16,
3012 Берн, Швейцария
Тел./факс: +41 (0) 31 313 33 66/+41 (0) 31 313 33 67
E-mail: info@alpenpharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Альпен Фарма» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,
Көкөзек а., 1044 құрылыс
Тел.: + 7 727 232-34-73
Факс: + 7 727 232-34-74
E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com
Моб. +7 701 035 70 69
E-mail: pv.kz@alpenpharma.com