Халавен® (Эрибулин)

МНН: Эрибулина мезилата
Производитель: БСП Фармасьютикалс С.П.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Эрибулин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025688
Информация о регистрации в РК: 29.03.2022 - 29.03.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Халавен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эрибулин

Дәрілік түрі, дозасы

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 0.5 мг/мл, 2 мл

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық препараттар. Эрибулин.

АТХ коды L01XX41.

Қолданылуы

Халавен® ересектерде қолдануға арналған:

- сүтбездің жергілікті-таралған немесе метастаздық обыры бар, бұрын таралған ауру бойынша химиотерапияның кемінде бір режимін алған. Алдыңғы ем антрациклиндер мен таксандарды адьюванттық режимде немесе аурудың метастаздық түрінде, осы препараттар тағайындала алмаған пациенттерді қоспағанда, қамтуы тиіс.

- таралған немесе метастаздық ауру себебінен антрациклиндермен бұрын химиотерапия алған операция жасауға болмайтын липосаркомасы бар (осы препараттар тағайындала алмаған пациенттерді қоспағанда).

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эрибулинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

- бала емізу кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Гематология

Миелосупрессия дозаға тәуелді болып табылады және ең алдымен нейтропения түрінде көрінеді. Әрбір пациентте эрибулиннің кез келген дозасын енгізер алдында қанның клиникалық талдауын жүргізу керек. Эрибулинмен емдеуді 1,5 х 109/л жоғары және тромбоциттер саны 100 х 10 9 /л жоғары болған кезде ғана бастауға болады.

Эрибулин қабылдаған пациенттердің кемінде 5% - да фебрильді нейтропения байқалды. Пациентте фебрильді нейтропения дамыған кезде, сондай-ақ ауыр нейтропения немесе тромбоцитопения кезінде емдеуді «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде келтірілген нұсқауларға сәйкес түзету керек.

Қалыптың жоғарғы шегінен үш есе артық болатын аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігі кезінде пациентте 4 дәрежелі нейтропенияның және фебрильді нейтропенияның даму қаупі артады. Қалыптың жоғарғы шегінен бір жарым есе артық болатын билирубин мәндерінде 4 дәрежелі нейтропения мен фебрильді нейтропения қаупі артады, дегенмен бұл тәуелділікті растайтын мәліметтер шектеулі.

Фебрильді нейтропения, нейтропениялық сепсис, сепсис және өлімге әкелетін сепсистік шок жағдайлары туралы хабарланды.

Ауыр нейтропения кезінде емдеуші дәрігердің шешімі бойынша және қолданыстағы нұсқауларға сәйкес гранулоциттік колония стимуляциялаушы фактор (Г-КСФ) немесе оның аналогі тағайындалуы мүмкін.

Шеткері нейропатия

Пациенттерде шеткері моторлық немесе сенсорлық нейропатияның ықтимал белгілерінің бар-жоғына тұрақты бақылау жүргізу керек. Ауыр шеткері нейропатияның дамуы енгізуді кешіктіруді немесе дозаны азайтуды талап етеді.

Алдыңғы шеткергі нейропатиясы 2-ден астам ауырлық дәрежесі бар пациенттер клиникалық зерттеулерге енгізілмеген. Дегенмен, алдыңғы 1 немесе 2 дәрежелі ауырлықтағы нейропатиясы бар пациенттерде осы жағдайсыз зерттеуге енгізілген пациенттермен салыстырғанда жаңа симптомдар дамуының немесе оның бар белгілері нашарлауының үлкен қаупі байқалмады.

QT аралығының ұзаруы

26 пациентке жүргізілген ЭКГ бақылаусыз ашық зерттеуінде QT аралығының ұзарғаны эрибулин концентрациясына қарамастан және 1-күні аралықтың қалыпты мәндерінде 8-күні байқалды. Халавен® препаратымен емдеу аясында ЭКГ мониторингін жүрек функциясының жеткіліксіздігі және брадиаритмиясы бар пациенттерде, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарды (оның ішінде аритмияға қарсы IA және III кластағы) бір мезгілде қабылдаған кезде жүргізу ұсынылады. Халавен® препаратымен емдеуді бастағанға дейін электролиттік теңгерімсіздікті (мысалы, гипокалиемияны, гипомагнемияны) жою, ал емдеу аясында қандағы осы электролиттердің мөлшерін мониторингілеу ұсынылады. QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерге эрибулинді тағайындау ұсынылмайды.

Біріктірілімдерде қолдану

Эрибулинді анти-HER2 емімен және капецитабинмен біріктіріп қолдану қауіпсіз болып табылатыны анықталды.

Қосымша заттар

Халавен® препаратының құрамында аз мөлшерде этанол (бір дозаға 100 мг-ден аз) және 1ммоль/мл (23 мг/мл) аз мөлшерде натрий бар.

Алғаш ашқаннан кейін

Микробиологиялық тұрғыдан Халавен® ашқаннан кейін дереу қолдану керек. Егер препарат қаптаманы ашқаннан кейін бірден қолданылмаса, препаратпен жұмыс істейтін адам оның сақтау мерзімі мен шарттарына жауап береді.

Егер Халавен® қаптаманы ашқаннан кейін сұйылтылмаан ерітінді түрінде бірден қолданылмаса, шашыраған жарықта 25 о С кезінде ең ұзақ сақтау мерзімі 4 сағатты, ал тоңазытқыш жағдайында (2-8 оС) – 24 сағатты құрайды.

Халавен® препаратының сұйылтылған ерітіндісі (инъекцияға арналған 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісінде 0,02 мг/мл-ден 0,2 мг/мл-ге дейінгі концентрацияларда) бастапқы ерітіндіні сұйылту стандартталған бақыланатын асептикалық жағдайларда жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, 2-8 о С температурада 24 сағаттан артық сақталмауы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Эрибулин негізінен (70% дейін) өтпен бірге шығады. Бұл процеске жауап беретін тасымалдаушы ақуыз анықталмады. Эрибулин сүтбез обырына төзімді ақуыздың (BCRP), органикалық аниондардың тасымалдаушы ақуыздарының (OAT1, OAT3, OATP1B1, OATP1B3), көптеген дәрілерге төзімді ақуыздардың (MRP2, MRP4) және өт қышқылдарының тасымалдаушы ақуызының (BSEP) субстраты болып табылмайды.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен және индукторларымен дәрілік өзара әрекеттесуі күтілмейді. Кетоконазолмен (СYP3А4 және Р-гликопротеин изоферментінің тежегіші) және рифампицинмен (CYP3A4 изоферментінің индукторы) бірге қолданғанда эрибулин экспозициясында («концентрация/уақыт» (AUC) және ең жоғары концентрация (Cmax) тәуелділігін сипаттайтын фармакокинетикалық қисық астындағы аудан) клиникалық маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ.

Эрибулиннің басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері

In vitro зерттеулеріне сәйкес, эрибулин СYP3А4 изоферментінің әлсіз ингибиторы болуы мүмкін. In vivo деректері қол жетімді емес. Тар емдік диапазоны бар және көбінесе СYP3А4 изоферменті метаболиздейтін дәрілік заттармен (мысалы, альфентанил, циклоспорин, эрготамин, фентанил, пимозид, хинидин, сиролимус, такролимус) бір мезгілде қолданғанда сақтық танытып, жағымсыз құбылыстардың бар-жоғына бақылау жүргізген жөн.

Эрибулин емдік концентрация диапазонында CYP1A2, СУР2В6, СУР2С8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 изоферменттеріне тежегіш әсер етпейді.

Клиникалық маңызды концентрацияларда эрибулин BCRP, OCT1, OCT2, OAT1, OAT3, OATP1B1 және OATP1B3 тасымалдаушы белсенділігіне тежегіш әсер еткен жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Бала көтеретін әйелдерге олар немесе олардың жұптары Халавен® препаратын пайдаланған кезде жүктіліктен сақтану қажеттігі туралы, сондай-ақ Халавен® препаратымен емдеу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін міндетті түрде қолдану туралы хабардар етілуі тиіс.

Жүкті әйелдерде эрибулинді қолдану туралы деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерде эрибулиннің эмбриоуытты, фетоуытты және тератогендік әсерлері бар. Халавен® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды, ол нақты қажет болған жағдайларды қоспағанда және ананың қажеттіліктері мен шарана үшін қауіпті мұқият қарастырғаннан кейін.

Лактация

Эрибулиннің немесе оның метаболиттерінің адамның немесе жануарлардың емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Жаңа туылған нәрестелер мен емшек семетін нәрестелер үшін қауіпті болдырмау мүмкін емес болғандықтан, Халавен® препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Халавен® препаратын қолданғанда шаршағыштық немесе бас айналу сияқты жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін, олар автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу мүмкіндігіне әлсіз немесе орташа әсер етуі мүмкін. Пациенттерге шаршау немесе бас айналу сезімі пайда болған кезде оларды автомобильді басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайтындығы туралы хабарлау керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Халавен® препаратымен емдеуді цитоуытты дәрілік препараттарды қолдануда тиісті тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізу керек. Препаратты енгізуді тек білікті медицина қызметкері жүзеге асыруы тиіс.

Халавен® препаратының ұсынылатын дозасы 1,4 мг/м2құрайды, әрбір 21 күндік циклдің 1-ші және 8-ші күндерінде 2-5 минут ішінде вена ішіне енгізіледі.

Глюкокортикостероидтарды қоса, құсуға қарсы дәрілер пациентте жүрек айнуды және құсуды қоздырған жағдайда ұсынылады.

Ем барысында кезекті дозаны енгізуді кейінге қалдыру

Халавен® препаратын ем циклінің 1-ші немесе 8-ші күнінде енгізуді мынадай жағдайлардың кез келгені болған кезде кейінге шегеру қажет:

- Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1 x 109/л.

- Тромбоциттер саны < 75 x 109/л.

- 3 немесе 4 дәрежелі гематологиялық емес уыттылық.

Халавен® препаратын циклдің 8-күніне енгізу ең көбі 1 аптаға кейінге шегерілуі мүмкін.

- Егер 15-күнге қарай уытты көріністер басылмаса немесе олардың айқындылығы ≤ 2 ауырлық дәрежесіне дейін төмендемесе, препараттың кезекті дозасын енгізуді өткізіп жіберу керек.

- Уытты көріністердің айқындылығы 15-күнге қарай ≤ 2 ауырлық дәрежесіне дейін басылған немесе төмендеген жағдайда Халавен® препараты төмендетілген дозада енгізілуі тиіс, бұл ретте келесі емдеу циклін жүргізу 2 аптадан ерте басталмауы тиіс.

Ем барысында дозаны төмендету

Емді қайта бастаған кезде дозаны есептеу жөніндегі нұсқаулар 1-кестеде келтірілген:

1-кесте.

Халавен® препаратын алдыңғы енгізгеннен кейінгі жағымсыз реакциялар

Ұсынылатын доза

Гематологиялық:

Ұзақтығы 7 күннен асатын нейтропения < 0.5 х 109

1,1 мг / м2

Қызбамен немесе инфекциямен асқынған нейтропения < 1 х 109/ л

Тромбоцитопения < 25 х 109/ л

Қан кетумен асқынған немесе қан /тромбоциттік масса құюды талап ететін тромбоцитопения < 50 х 10 9/л)

Гематологиялық емес:

Алдыңғы циклдегі 3 немесе 4 дәрежелі кез келген жағымсыз реакциялар

Жоғарыда көрсетілген гематологиялық немесе гематологиялық емес жағымсыз реакциялардың кез келгенінің қайталануы

Дозаны 1,1 мг/м2 дейін төмендетуге қарамастан

0,7 мг / м2

Дозаны 0,7 мг/м2 дейін төмендетуге қарамастан

Халавен® препаратымен емдеуді тоқтату

Эрибулин дозасын төмендеткеннен кейін оны кейінгі циклдерде кері жоғарылату ұсынылмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Балалар мен жасөспірімдерде «сүт безі обыры» көрсетілімі бойынша Халавен® препаратын қолдану қарастырылмаған.

Халавен® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі жұмсақ тіндердің саркомалары бар 18 жасқа толмаған пациенттерде қазіргі уақытта анықталмаған. Деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдарға дозаны өзгерту бойынша арнайы нұсқаулар қарастырылмаған.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының метастаздардың пайда болуымен байланысты бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша А класы) бар пациенттер үшін Халавен® препаратының ұсынылатын дозасы 21 күндік емдеу циклінің 1-ші және 8-ші күндерінде 2-5 минут ішінде вена ішіне 1,1 мг/м 2 құрайды.

Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша В класы) бар пациенттер үшін Халавен® препаратының ұсынылатын дозасы 21 күндік ем циклінің 1-ші және 8-ші күндерінде 2-5 минут ішінде вена ішіне 0,7 мг/м2 құрайды.

Бауыр функциясыының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Халавен® препаратын қолдану зерттелмеген (Чайлд-Пью бойынша С класы) , бірақ Халавен® препаратының дозасын едәуір төмендету қажет болуы мүмкін деп күтіледі.

Бауыр функциясының циррозға байланысты бұзылуы

Препаратты пациенттердің осы тобында қолдану зерттелмеген. Жоғарыда келтірілген дозалар мұқият мониторинг жүргізу шартымен бауыр функциясының жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін қолданылуы мүмкін, өйткені дозаны одан әрі төмендету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде (креатинин клиренсі (КК) < 50 мл/мин) эрибулин экспозициясының артуы байқалуы мүмкін және нәтижесінде бастапқы дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар барлық пациенттер үшін қосымша сақтық шаралары және жағымсыз әсерлердің мониторингі ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Препаратты дайындау мен енгізуді тек цитостатиктермен жұмыс істеу тәжірибесі бар адамдар ғана жүзеге асыра алады.

Халавен® препараты ісікке қарсы цитоуыттыпрепарат болып табылады және онымен жұмыс істегенде, басқа да уытты заттармен де, сақтық таныту керек. Қолғап, қорғаныш көзілдірігін және қорғаныс киімін пайдалану ұсынылады. Препарат ерітіндісі теріге тиген жағдайда дереу терінің осы бөлігін сабынмен және сумен мұқият жуу қажет. Препарат шырышты қабықтарға тигенде тиген жерді сумен мұқият жуу қажет. Жүктілік кезінде Халавен® препаратымен жұмыс істемеу керек.

Халавен® препаратын асептикалық жағдайларда инъекцияға арналған 100 мл 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтады. Енгізгеннен кейін толық дозаны енгізуді қамтамасыз ету үшін инъекцияға арналған 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісімен венаішілік катетерді шаю ұсынылады.

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға, сондай-ақ инфузия үшін декстрозаның 5% ерітіндісінде сұйылтуға болмайды.

Қалған барлық дәрілік препаратты және қалдықтарды белгіленген тәртіппен жою керек.

Халавен® препараты вена ішіне енгізіледі.

Препарат инъекцияға арналған 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісінің 100 мл-ден аспайтын ерітіндісінде сұйылтылады. Препаратты инфузияға арналған глюкозаның 5% ерітіндісінде сұйылтуға болмайды. Енгізер алдында жақсы шеткергі вена арқылы енгізуді немесе өткізетін орталық сызықты қамтамасыз ету керек. Эрибулин мезилаты везикант немесе тітіркендіргіш екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Экстравазация жағдайында емдеу симптоматикалық болуы керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалану жағдайларының бірінде пациентке 8,6 мг Халавен® препараты қате енгізілді (жоспарланған дозадан шамамен 4 есе көп), нәтижесінде 3-күні 3 - дәрежелі аса жоғары сезімталдық реакциясы және 7-күні 3-дәрежелі нейтропения дамыды. Екі жағымсыз реакция да демеуші емнің көмегімен басылды.

Халавен® препаратымен артық дозаланғанда антидоты белгісіз. Артық дозаланғанда пациентті үнемі бақылау және симптоматикалық емді қолдану ұсынылады.

Артық дозалануды емдеу бар клиникалық көріністерді емдеу үшін демеуші емді және симптоматикалық терапияны қолдануды қамтуы тиіс.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Қатысты емес

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Қатысты емес

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Халавен® препаратымен емдеу кезінде жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға нейтропения, лейкопения, анемия және қатар жүретін инфекциялармен байқалатын тромбоцитопениямен көрінетін сүйек кемігінің функциясының тежеу жатады. Сондай-ақ, бұрын болған шеткері нейропатияның жаңа көріністері немесе нашарлағаны хабарланды. Анорексия, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату және стоматит түрінде көрінетін гастроинтестиндік уыттылық Халавен® препаратымен емдеуде жағымсыз әсерлерге де жатады. Басқа жағымсыз әсерлерге шаршау, алопеция, бауыр ферменттерінің белсенділігі, сепсис және бұлшықет-қаңқалық ауыру жатады.

Халавен® препаратын трастузумабпен немесе капецитабинмен біріктірудің қауіпсіздік бейіні осы препараттардың әрқайсысының жеке-жеке белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.

Төменде Халавен® препаратын қолданумен байланысты жағымсыз әсерлер берілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 бастап < 1/10 дейін), кейде (≥ 1/1000 бастап < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 бастап < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес).

Өте жиі

- нейтропения

- лейкопения

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- шеткері нейропатияс

- бас ауыру

- диспноэ

- жөтел

- жүрек айну

- іш қату

- диарея

- құсу

- алопеция

- артралгия және миалгия

- арқаның ауыруы

- аяқ-қолдардың ауыруы

- шаршау

- астения

- қызба

- дене салмағының төмендеуі

Жиі

- несеп шығару жолдарының инфекциясы

- пневмония

- ауыз қуысының кандидозы

- ауыз қуысының шырышты қабығының герпесі

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы

- назофарингит

- ринит

- белдемелі теміреткі

- лимфопения

- фебрильді нейтропения

- тромбоцитопения

- гипокалиемия

- гипомагниемия

- сусыздану d

- гипергликемия

- гипофосфатемия

- гипокальциемия

- ұйқысыздық

- депрессия

- дисгевзия

- бастың айналуы

- гипестезия

- летаргия

- нейроуыттылық

- жас ағудың артуы

- конъюнктивит

- вертиго

- құлақтың шыңылдауы

- тахикардия

- «ысыну»

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- орофарингеальдік ауыру

- мұрыннан қан кету

- ринорея

- іштің ауыруы

- стоматит d

- ауыз қуысының құрғауы

- диспепсия d

- гастроэзофагеальдік рефлюкс ауруы

- іштің кебуі

- АСТ белсенділігінің артуы d

- АЛТ белсенділігінің артуы d

- гаммаглутамилтрансфераза белсенділігінің артуы d

- гипербилирубинемия

- бөртпе

- қышыну

- тырнақтардың зақымдануы

- түнгі тершеңдік

- терінің құрғауы

- эритема

- гипергидроз

- алақан-табан эритродизестезиясы

- сүйектердің ауыруы

- бұлшықет түйілуі

- бұлшықет-қаңқа ауыруы

- кеуденің бұлшықет-қаңқалық ауыру

- бұлшықет әлсіздігі

- дизурия

- шырышты қабықтардың қабынуы

- шеткергі ісіну

- ауырсыну

- қалтырау

- кеуденің ауыруы

- тұмауға ұқсас синдром

Жиі емес

- сепсис

- нейтропениялық сепсис

- сепсистік шок

- терең веналар тромбозы

- өкпенің интерстициальді аурулары

- ауыз қуысының шырышты қабығының ойықжарасы

- панкреатит

- гепатоуыттылық

- ангионевроздық ісіну

- гематурия

- протеинурия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- Тамырішілік шашыранды қан ұюb

- Стивенс-Джонсон синдромы / уыттық эпидермалық некролизb

a 5-дәрежелі жағдайларды қосқанда.

b Кездейсоқ түскен хабарламалар.

c Терминдерді қоса алғанда: шеткері нейропатия, шеткері моторлық нейропатия, полиневропатия, парестезия, шеткері сенсорлық нейропатия, шеткері сенсомоторлық нейропатия және демиелиндеуші полиневропатия.

d 4 дәрежелі жағдайлар жоқ.

Жалпы, Халавен® препаратының сүтбез обыры және жұмсақ тіндердің саркомасы үшін ұқсас қауіпсіздік бейіні бар.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Нейтропения

Байқалған нейтропения қайтымды және кумуляциялық емес болды. Нейтрофилдер (надир) санының күтілетін ең аз шамасына дейінгі орташа уақыт 13 күнді құрады, ал ауыр нейтропениядан (НАС< 0,5 x 109/л) кейін қалпына келудің орташа уақыты 8 күнді құрады.

EMBRACE зерттеуінде нейтрофилдер санының

< 0,5 х 109/л мәніне дейін төмендеуі, 7 күннен астам уақытқа созылған, 13% жағдайда кездескен.

Жұмсақ тіндердің саркомалары кезінде емдеу барысында пайда болған нейтропения туралы хабарламалар сүт безі обырына қарағанда 902/1559 жағдаймен (ауырлықтың барлық дәрежелерінің 57,9%) салыстырғанда 151/404 жағдайда (ауырлықтың барлық дәрежелерінің 37,4%) кездескен. Емдеу ұзақтығының медианасы жұмсақ тіндер саркомасы бар пациенттер үшін 12,0 аптаны және сүтбез обыры бар пациенттер үшін 15,9 аптаны құрады.

Фебрильді нейтропения, нейтропениялық сепсис, сепсис және өлімге әкелетін сепсистік шок жағдайлары туралы хабарланды. Клиникалық зерттеулер барысында ұсынылған дозаларда эрибулин қабылдаған, жұмсақ тіндер саркомасы және сүтбез обыры бар 1963 пациенттің арасында нейтропениялық сепсистен (0,1 %) және фебрильді нейтропениядан болған (0,1%) бір өлім жағдайы, сондай-ақ сепсистен болған 3 өлім жағдайы (0,2 %) және сепсистік шоктан болған бір жағдай (0,1%) байқалды.

Ауыр нейтропения кезінде емдеуші дәрігердің шешімі бойынша және қолданыстағы нұсқауларға сәйкес гранулоциттік колония стимуляциялаушы фактор (Г-КСФ) немесе оның аналогі тағайындалуы мүмкін. 3-фазалы екі клиникалық зерттеуде (305 және 301 зерттеулері) Г-КФС тиісінше пациенттердің 18% және 13% алды. 3-фазалы зерттеуде жұмсақ тіндер саркомасы бар пациенттерде (309 зерттеуі) Г-КСФ пациенттердің 26% - ы алды.

Нейтропения эрибулин қабылдайтын пациенттердің кемінде 1% -ын зерттеуге қатысуын тоқтатты.

Тамырішілік шашыранды қан ұю

Әдетте нейтропениямен және/немесе сепсиспен астасқан тамырішілік шашыранды қан ұюдың даму жағдайлары туралы хабарланды.

Шеткері нейропатия

Сүтбез обырымен ауыратын 1559 пациенттің ішінде эрибулинмен емді тоқтатуға әкелетін ең жиі кездесетін жағымсыз құбылыс шеткергі нейропатия (3,4%) болды. 2-дәрежелі шеткері нейропатия пайда болғанға дейінгі медиана 12,6 аптаны құрады (4 циклден кейін). Жұмсақ тіндердің саркомасы бар 404 пациенттің 2-інде шеткері нейропатия эрибулинмен емдеуді тоқтатты. 2-дәрежелі шеткері нейропатия пайда болғанға дейінгі медиана 18,4 аптаны құрады.

3 және 4 дәрежелі шеткері нейропатияның дамуы сүтбез обыры бар пациенттердің 7,4% - ында және жұмсақ тіндердің саркомалары бар пациенттердің 3,5% - ында туындады. Клиникалық зерттеулерде Халавен® препаратымен ем басталғанға дейін болған нейропатиясы бар пациенттерде Халавен® препаратымен ем басталғанға дейін шеткергі нейропатиясы болмаған пациенттерге қарағанда, оның жаңа симптомдарының даму немесе бұрыннан бар симптомдарының нашарлау қаупі көп болмағаны көрсетілген.

Алдыңғы 1 немесе 2 дәрежелі шеткері нейропатиясына шалдыққан сүтбез обыры бар пациенттерде Халавен® препаратымен емдеу кезінде 3 дәрежелі шеткері нейропатияның туындау жиілігі 14% - ды құрады.

Гепатоуыттылық

Эрибулинмен емдегенге дейін бауыр ферменттері белсенділігінің қалыпты/аномалиялық деңгейі бар кейбір пациенттерде емнің басталуымен бауыр ферменттері белсенділігінің артқаны туралы хабарланды. Мұндай арту көбінесе эрибулинмен емдеудің басында байқалды (1-2 циклде). Бұл бауырдың эрибулинмен емдеуге бейімделуіне байланысты болса да, гепатоуыттылық туралы да хабарланды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы адамдар

Эрибулинді ұсынылған дозада 283 (18,2 %) қабылдаған, сүтбез обыры бар 1559 пациенттің ішінде 65 жастан асқан адамдар бар. Саркомасы бар 404 пациентке жүргізілген зерттеуде эрибулин қабылдаған 90 пациент (22,3%) 65 жастан асқан. Егде жастағы пациенттердегі (65 жастан асқан) эрибулиннің қауіпсіздік бейіні жас ұлғайған күшейген шаршау мен астенияны қоспағанда, жасырақ популяциядағы препараттың қауіпсіздік бейініне ұқсас. Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету бойынша арнайы нұсқаулар жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қалыптың жоғарғы шегінен үш есе артық болатын АЛТ немесе АСТ белсенділігі кезінде пациентте 4 дәрежелі нейтропенияның және фебрильді нейтропенияның даму қаупі артады. Қалыптың жоғарғы шегінен бір жарым есе артық болатын билирубин мәндерінде 4 дәрежелі нейтропения мен фебрильді нейтропения қаупі артады, дегенмен бұл тәуелділікті растайтын мәліметтер шектеулі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 1 мг эрибулин мезилаты

қосымша заттар: этанол, инъекцияға арналған су, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан номиналды сыйымдылығы 5 мл, тефлонмен қапталған (Teflon® 2) сұр бутилкаучук тығындармен тығындалған және көк түсті жыртылмалы пластик дискілермен жабдықталған, алюминий қалпақшалармен бұралған, I типті (Ф. США) мөлдір түссіз гидролиздік шыныдан жасалған құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада. Картон қорапшаның ашылатын жерлері екі мөлдір қорғаныш стикермен желімделген.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С температурада сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

БСП Фармасьютикалс С.п.А., Латина қ., Италия

Via Appia Km 65, 561 (loc. Latina Scalo) – 04013, Latina (LT), Italy.

Тел: +39 0773 8221

Электронды пошта: info@bsppharmaceuticals.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Эйсай Юроп Лимитед, Хатфилд қ., Біріккен Корольдік.

Eisai Europe Limited, European Knowledge Centre, Mosquito Way, Hatfield, Hertfordshire AL10 9SN, United Kingdom.

Тел: +44 (0) 845 676 1400

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«НеоТекФарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 18а.

Телефон нөмірі +7 (727)332 40 49 қосым. 1131

Электронды пошта: phv@neotechpharm.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Халавен_18.01_.2022_рус__.docx 0.07 кб
ИМП_Халавен_15.03_.2022_каз(1)_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники