ФУРАЦИЛИН АВЕКСИМА

МНН: Нитрофурал
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nitrofural
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024518
Информация о регистрации в РК: 21.03.2020 - 31.03.2025
Номер регистрации в РБ: 11043/21
Информация о регистрации в РБ: 16.09.2021 - 16.09.2026

Инструкция

Саудалық атауы

ФУРАЦИЛИН АВЕКСИМА

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нитрофурал

Дәрілік түрі, дозалануы

Жергілікті және сыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған көпіршитін таблеткалар, 20 мг

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Нитрофуран туындылары. Нитрофурал.

Код АТХ D08AF01

Қолданылуы

Кешенді емдеу құрамында:

жергілікті: жедел тонзиллит (ангина), стоматит, гингивит, блефарит, конъюнктивит, остеомиелит, мұрын мен плевраның қосалқы қуыстарының эмпиемасы; несеп шығару жолдарының инфекцияларықуыстарды жуу.

  • сыртқа: іріңді жаралар, ойылулар, ойық жаралар, II-III дәрежедегі күйіктер, терінің ұсақ зақымданулары (оның ішінде сыдырылулар, сызаттар, жарылулар, кесілулер).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • нитрофуралға, нитрофуран туындыларына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • аллергодерматоздар

  • қан кету

  • бүйрек функциясы айқын білінетін бұзылуы

Қолдануға қатысты сақтық шаралары

Шектеу дәрежесі препаратқа деген жекелей жағымдылығымен анықталады.

Басқа дәрілікзаттармен өзара әрекеттесуі

Зерттелмеген.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қолайсыз әсер туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдануға арналған ұсыныстар

Дозалау режимі

Жергілікті, сыртқа 0,02 % жаңа дайындалған сулы ерітіндісі түрінде: тікелей бір таблетканы (20 мг фурацилин) қолданар алдында бөлме температурасындағы 100 мл дистилляцияланған суда немесе жылы қайнаған суда ерітеді.

Сыртқа: 0,02% сулы ерітіндісі түрінде – жараларды жуады, ылғалды таңғыштар салады.

Жергілікті: блефарит, конъюнктивитте – конъюнктива қалтасына 0,02% сулы ерітіндіні инстилляциялайды. Операциядан кейін остеомиелитте – қуысты жуу, соңынан ылғалды таңғыш салынады. Мұрын маңы қойнаулары эмпиемасында (оның ішінде гайморитте)– қуысты жуу, плевра эмпиемасында – іріңді сорып алғаннан кейін және плевра қуысын 20 - 100 мл 0,02 сулы ерітіндісін енгізе отырып жуып-шаяды. Несеп шығару өзегін және қуықты жуу үшін 20 минут экспозициямен 0,02% сулы ерітіндіні қолданады.

Тонзиллитте, стоматитте, гингивитте –ауызды және тамақты 100 мл сулы 0,02% ерітіндісімен күніне 2-3 рет шаю.

Емдеу ұзақтығы – зақымданған бөліктің сипаты мен орналасқан жеріне байланысты көрсеткіштер бойынша. Егер симптомдары сақталса, дәрігерге бару ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті, сыртқа

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевтің кеңесіне жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша келесідегідей жіктеледі:

өте жиі: ≥ 1/10; жиі: ≥ 1/100 және <1/10; жиі емес: ≥ 1/1000 және <1/100; сирек: ≥ 1/10 000 және <1/1000; өте сирек: <1/10 000; жиілігі белгісіз: пайда болу жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес.

Жиілігі белгісіз: аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, дерматит.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат нитрофурал (фурацилин) - 20 мг,қосымша заттар: шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, натрий карбонаты, натрий хлориді, макрогол 20000, орташа молекулалы повидон.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, ашық-сары түстен сары түске дейінгі дақтары, екі жағында сызығы бар таблеткалар.Таблетка бетінің кедір-бұдырлығына жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 таблеткадан қағаз негізіндегі біріккен қаптамалық материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада (стрип).

Пішінді ұяшықсыз 5 қаптаманы (стриптер) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Ирбитхимфармзауыты» ААҚ, Ресей

623856, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров к-сі, 172

Тел./факс: (34355) 3-60-90

Электронды пошта: info@ihfz.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Авексима» ААҚ125284, Ресей, Мәскеу, Ленинград даңғылы, 31А үй, 1 құр.

Тел./факс: 8(495) 258-45-28

Электронды пошта: info@avexima.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

ТОО «Registrarius»

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Байзаков к-сі 280,

SmArt Point-2 коворкинг орталығы, кеңсе 11

Тел.: +7 727 3131207

Электронды пошта: info@registrarius.org

Прикрепленные файлы

Фурацилин_Авексима_ЛВ_итоговая.docx 0.03 кб
Фурацилин_Авексима_ЛВ_итоговая_КАЗ_(2).docx 0.05 кб
11043_21_s.pdf 0.36 кб
11043_21_p.pdf 0.36 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники