Фолиевая кислота №50 (1 мг, Валента Фармацевтика ОАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Фолий қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фолий қышқылы
Дәрілік түрі
1мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 1 мг фолий қышқылы,
қосымша заттар: лактоза (сүт қанты), картоп крахмалы, стеарин қышқылы, тальк.
Сипаттамасы
Ақшыл сарыдан сары түске дейінгі, жалпақ циллиндр сияқты ойығы бар таблеткалар. Аздаған мәрмәрлығына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы.
АТХ коды В03ВВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы Дәрілік зат түрінде тағайындалатын фолий қышқылы асқазан-ішек жолында, көбіне он екі елі ішектің жоғары бөліктерінде толық және жақсы сіңеді (тіпті тропикалық спру аясында мальабсорбция синдромы болса да, сол кезде тамақ фолаттары мальабсорбция синдромы жағдайында нашар сіңеді). Плазма ақуыздарымен қарқынды байланысады.
Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтіне енеді.
Қан плазмасында ең жоғары (ТСmax) концентрацияға жету уақыты 30-60 минутты құрайды.
Тетрагидрофолий қышқылын түзе отырып, бауырда жинақталып, метаболизденеді (аскорбин қышқылы қатысуымен дигидрофолатредуктаза әсері арқылы).
Көбіне бүйректермен метаболиттер түрінде шығарылады; егер қабылданған доза фолий қышқылына деген тәуліктік қажеттіліктен айтарлықтай жоғары болса, онда өзгермеген түрде шығарылады.
Гемодиализ көмегімен шығарылады.
Фармакодинамикасы
В тобының витаминдері (Вс витамині, В9 витамині) ішек микрофлораларымен синтезделуі мүмкін. Фолий қышқылы организмде коэнзим болып табылатын, әртүрлі метаболизмдік үдерістерге қатысатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келеді. Фолий қышқылы мегалобластардың дұрыс жетілуіне және нормобластар түзілуі үшін қажет.
Эритропоэзді стимуляциялайды, амин қышқылдары (оның ішінде глицин, метионин), нуклеин қышқылдары, пуриндер мен пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидин алмасуына қатысады.
Қолданылуы
-
фолий қышқылы тапшылығынан болатын мегалобласты анемияны емдеуде
-
тропикалық және тропикалық емес спруда, толыққанды тамақтанбаған жағдайда фолий қышқылы тапшылығы профилактикасында және емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты тамақтан кейін тәулігіне 1 мг ішке қабылдайды.
Ең жоғары бір реттік доза – 1 мг.
Ең жоғары тәуліктік доза – 5 мг.
Емдеу курсы 20-30 күн.
Жағымсыз әсерлері
- тері бөртпесі, тері қышымасы, бронхтүйілуі
- эритема, гипертермия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат құрамына кіретін компоненттерге жоғары сезімталдық
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
-
В12-тапшылығы анемиясында
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрысуға қарсы препараттар (оның ішінде фенитоин және карбамазепин), эстрогендер, пероральді қабылданатын контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады.
Фолий қышқылы фенитоин тиімділігін төмендетеді.
Антацидтер (оның ішінде кальций, алюминий және магний препараттары), колестирамин, сульфонамидтер (оның ішінде сульфасалазин) фолий қышқылының сіңуін төмендетеді.
Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (бұл препаратты қабылдайтын емделушілерге оның орнына кальций фолинатын тағайындау керек).
Айрықша нұсқаулар
Үлкен доза қолданғанда төзімділік дамуы мүмкін.
Фолий қышқылын В12-тапшылықты (пернициозды), нормоцитарлы және апластикалық анемияны емдеуге қолданбайды. Пернициозды (В12-тапшылықты) анемияда фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық білінулерін бүркемелейді. Пернициозды анемия жоқ деп табылмайынша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг-ден асатын дозада тағайындау ( жүктілік пен лактация кезеңі бұған кірмейді) ұсынылмайды.
Гемодиализдегі емделушілер фолий қышқылының жоғары мөлшерін (тәулігіне 5 мг-ге дейін) қажет етеді.
Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдаған соң 2 сағат өткеннен кейін, колестираминді фолий қышқылын қабылдаудан 4-6 сағат бұрын немесе фолий қышқылын қабылдағаннан 1 саған кейін қолданған жөн.
Антибиотиктер плазма мен эритроциттердегі фолий қышқылы концентрациясын микробиологиялық бағалаудың нәтижесін бұрмалауы
(біле тұра төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екенін ескеру керек.
Фолий қышқылын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт емдегенде цианокобаламин концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат берілген дозада жүктілік кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша жекелей ұсынылуы мүмкін. Фолий қышқылы емшек сүтіне өтетін болғандықтан емшекпен емізу кезінде препаратты мұндай дозада қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдаудың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін..
Емі: препаратты тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мг таблеткалар
50 таблеткадан қақпағымен жиынтықта полимер банкіде.
Әр банкі медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Валента Фармацевтика» ААҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ-сы, Абай д-лы, Радостовец к-нің бұрышы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе
Телефон/факс 8 (727) 334-15-52
Электрондық поштасы: asia@valentapharm.com
4