Флоксал (0,3 %, 5 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Флоксал
Халықаралық патенттелмеген атауы
Офлоксацин
Дәрілік түрі
0,3% көз тамшысы 5 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 3,0 мг офлоксацин,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, 1 М хлорсутек қышқылы, 1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз дерлік мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Микробқа қарсы басқа да препараттар. Офлоксацин.
АТХ коды S01AX11
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Офлоксацин жергілікті қолданғаннан кейін мөлдір қабықта, конъюнктивада, көз бұлшықеттерінде, склерада, нұрлы қабықта, цилиарлы дене мен көздің алдыңғы камерасында анықталады. Көп мәрте қолдану, сондай-ақ офлоксациннің шыны тәрізді денеде емдік концентрациясына жетуіне алып келеді. Көздің сулы ылғалына қарағанда көз тіндерінде дәрілік заттың анағұрлым жоғары концентрациясы құралады. Офлоксацин концентрациясы көздің сулы ылғалы мен мөлдір қабықта ең жоғары мәніне 1 сағаттан соң жетеді.
Фармакодинамикасы
Офлоксацин бактериялық әсерге ие фторхинолон болып табылады. Әсер ету механизмі ДНҚ-гираза ферментінің блокадасына байланысты.
Мыналарға қатысты белсенді: Chlamydia trachomatis, Bacillus spp., Staphylococcus aureus (метициллинтөзімді), Acinetobacter baumannii, Acinetobacter Iwoffii, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Serratia marcescens.
Офлоксацинге орташа сезімтал: Corynebacterium spp., Enterococcus faecalis, Streptococcus pneumoniae, Staphylococcus epidermidis, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia.
Препаратқа сезімтал емес: Enteroccocus spp.
Қолданылуы
Офлоксацинге сезімтал патогенді микроорганизмдер туғызған көздің алдыңғы сегментінің жұқпалары:
- созылмалы конъюнктивитте
- кератитте
- мөлдір қабық ойық жарасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға ауыратын көздің конъюнктивальді қабына 1 тамшыдан күніне 4 рет тамызады.
Біреуден артық препаратты бір мезгілде қолданған кезде инстилляциялар арасындағы кем дегенде 15 минуттық аралықты сақтау қажет.
Емдеу курсы: 2 аптаға дейін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес
-
көздегі жеңіл күйдіру мен жайсыздық сезімі
-
көзде бөгде денені сезіну
-
конъюнктиваның қызаруы, қышынуы мен құрғауы
-
көру өткірлігінің төмендеуі
-
жарықтан қорқу, жас ағу
-
асқын жұқпаның дамуы
-
мөлдір қабық инфильтрациясы
-
қабақтың, беттің ісінуі
Сирек
- аллергиялық реакциялар
- мөлдір қабықтағы шөгінділер (әсіресе мөлдір қабықтың зақымданулары болған жағдайда)
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдықтың жүйелі реакциялары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- офлоксацинге және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- созылмалы бактериялық емес конъюнктивит
- жүктілік, лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты басқа көз тамшы дәрілер/жақпамайлармен бірге пайдаланған кезде препараттарды кем дегенде 15 мин аралықпен қолдану керек.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты тек қана жергілікті қолдану керек, субконъюнктивальді немесе көздің алдыңғы камерасына енгізуге болмайды. Күннен қорғайтын көзәйнектер тағып (жарықтан қорқудың даму ықтималдығына байланысты), күн сәулесі әсерінің ұзаққа созылуынан сақтану керек.
Препарат құрамында бензалконий хлоридінің болуына байланысты ириттер болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линза тағу ұсынылмайды.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаны түссіздендіреді. Қатты линзалар пайдаланған кезде қолданар алдында линзаларды көзден алып, препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күте тұру қажет.
Мөлдір қабық тесілуі дамуының қаупі болғандықтан (әсіресе стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда) мөлдір қабықтың эпителиальді ақаулары бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тамшыны қолданғаннан кейін көру өткірлігі уақытша нашарлайды, автомобиль жүргізгенде және механизмдермен жұмыста осыны ескеру қажет.
Артық дозалануы
Деректер жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан ақ түсті жартылай мөлдір дөңгелек тамшылатқыш-құтыға құйылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 6 апта ішінде пайдалану керек. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Др. Герхард Манн, Химиялық-фармацевтикалық ГмбХ кәсіпорны Брунсбюттелер Дамм 165-173,
13581 Берлин, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы 4Б Блок, 1104 кеңсе
Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517
Электронды поштасы: Оffice.KZ@valeant.com