Фенкарол® 25 мг

МНН: Хифенадин
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антигистаминные препараты для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019744
Информация о регистрации в РК: 24.02.2023 - 24.02.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Фенкарол® 25 мг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хифенадин

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 25 мг фенкарол (хифенадин гидрохлориді),

қосымша заттар: картоп крахмалы, қант, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Антигистаминді жүйелік әсер ететін препараттар.

Антигистаминді жүйелік әсер ететін басқа да препараттар

АТХ коды R06АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

45% фенкарол асқазан-ішек жолынан тез сіңеді және 30 минуттан кейін-ақ организм тіндерінен табылады. Қан плазмасында әсер етуші зат ең жоғары концентрацияға бір сағаттан кейін жетеді. Әсер етуші заттың өте жоғары концентрациясы бауырда, өкпелерде және бүйректерде байқалады, өте төмені – бас ми тіндерінде. Хифенадиннің липофильділігі төмен және оның ми тіндеріндегі мөлшері төмен (0,05%-дан аз), ол орталық жүйке жүйесін тежейтін әсерінің жоқтығымен түсіндіріледі, бірақ жекелей жоғары сезімталдықта әлсіз седативтік әсер болуы мүмкін.

Хифенадин бауырда метаболизденеді. Метаболиттер және препараттың өзгермеген бөлігі негізінен несеппен, өтпен бірге және өкпелер арқылы шығарылады. Ішек арқылы препараттың сіңбеген бөлігі шығарылады. Препараттың және оның метаболиттерінің негізгі бөлігі (44%-ға жуығы) несеппен бірге 48 сағат ішінде және тағы да 1%-ы келесі 48 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фенкарол – гистаминге қарсы дәрі (хинуклидилкарбинол туындысы), гистаминнің ағзаларға және жүйелерге әсерін азайтады. Фенкарол шеткергі тіндерде гистаминдік Н1-рецепторларды бөгейді, сондай-ақ диаминоксидаза (гистаминазаны) энзимін белсенді етеді, осылайша, тіндерде гистаминнің мөлшерін төмендетеді. Бұл гистаминге қарсы басқа дәрілермен емдеу тиімді болмаған науқастар үшін фенкаролдың тиімді болуымен түсіндіріледі. Фенкаролдың липофильділігі төмен, сондықтан гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді, ми тіндерінде серотониннің дезаминирлену үдерісіне және моноаминоксидаза энзимдерінің белсенділігіне әлсіз ықпал етеді.

Фенкарол гистаминнің уытты әсерін төмендетеді, бронхоконстрикторлы әсерін және ішектің тегіс бұлшықеттеріне түйілтетін ықпалын жояды немесе бәсеңдетеді, гистаминнің гипотензивтік әсерін және қылтамырлар өткізгіштігіне ықпалын әлсіретеді. Фенкаролдың серотонинге қарсы орташа әсері және әлсіз холинолитикалық әсері бар, адренолитикалық әсері жоқ.

Препарат айқын қышынуға қарсы, десенсибилизирлеуші, сондай-ақ орташа диуретикалық әсер береді.

Қолданылуы

  • поллиноздарда

  • тағамдық және дәрілік аллергияда, басқа да аллергиялық ауруларда

  • жедел және созылмалы есекжемде

  • Квинке (ангионевротикалық) ісінуінде

  • пішен қызбасында

  • аллергиялық ринитте

  • дерматоздарда (экзема, нейродермит, терінің қышуы)

  • бронхты тарылтатын компонентпен бірге жұқпалы емес-аллергиялық реакцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Фенкаролды тамақтанғаннан кейін бірден ішке қабылдайды.

Ересектерге арналған доза – күніне 3-4 рет 25-50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы – 10-20 күн. Қажет болған кезде курс қайталанады.

12 жастан асқан балаларға – күніне 2-3 рет 25 мг-нан. Емдеу курсының ұзақтығы 10-15 күнді құрайды. Қажет болғанда курсты қайталайды.

Егер кезекті доза дер кезінде қабылданбаса, препарат қабылдауды, дозасын арттырмай, жалғастырады. Қажет болған жағдайда дәрігерден кеңес алуы керек.

Жағымсыз әсерлері

  • ауыз қуысының шырышты қабықтарының құрғауы

  • диспепсиялық құбылыстар (жүректің айнуы, құсу)

  • седативтік әсер

Жағымсыз әсерлері әдетте дозаны азайтқанда немесе препаратты тоқтатқанда жоғалады.

Жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігі асқазан-ішек жолдарының ауруларында артады.

Егер жағымсыз әсерлер, әсіресе нұсқаулықта көрсетілмегендері, пайда болса, дәрігерден кеңес алу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фенкаролға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фенкарол ұйықтатқыш дәрілердің орталық жүйке жүйесін тежейтін әсерін күшейтпейді. Фенкаролдың әлсіз М-холинобөгегіш қасиеттері бар, бірақ асқазан-ішек жолының жиырылуы төмендегенде баяу сіңетін дәрі-дәрмектердің (мысалы, әсер етуі тікелей емес антикоагулянттар - кумариндердің) сіңуі күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолының немесе бауырдың, бүйректің ауыр ауруларында сақ болу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар тәжірибесінде Фенкарол® 10 мг таблеткаларын және дозаланған Фенкарол® 10 мг ұнтағын қолданады.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Жұмысы тез дене немесе психомоторлы реакцияларды қажет ететін адамдар (көлік жүргізушілері және басқалар) препараттың седативті әсер ететін-етпейтінін алдын ала анықтап алғаны жөн (қысқа мерзімге тағайындау арқылы). Препаратты қолдану кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: шырышты қабықтардың құрғауы, бас ауыруы, құсу, іш тұсының ауыруы және басқа да диспепсиялық құбылыстар.

Емдеу: симптоматикалық ем. Өзіне тән у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Олайнфарм” АҚ.

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Олайнфарм” АҚ.

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050009 Алматы қ-сы, Абай д-лы 151/115, 807 кеңсе,

телефон / факс 007 727 333 46 52,

E-mail altynay1992@mail.ru

Прикрепленные файлы

438275061477976935_ru.doc 22.36 кб
650269271477978114_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники