Фарматон®

Производитель: Гинсана СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019942
Информация о регистрации в РК: 12.06.2013 - 12.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

ФАРМАТОН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

 

Стандартталған женьшень сығындысы Panax G115 Фарматон

40.00 мг

Ретинол пальмитаты (вит.А)

Холекальциферол (вит.Д3)

2667 МЕ

200 МЕ

α-токоферол ацетаты (вит.Е)

14.90 мг

Тиамин гидрохлориді (вит.В1)

1.40 мг

Рибофлавин (вит.В2)

1.60 мг

Пиридоксин гидрохлориді (вит.В6)

2.00 мг

Цианокобаламин (вит.В12)

1.00 мкг

Биотин

150.00 мкг

Никотинамид (вит.РР)

18.00 мг

Аскорбин қышқылы (вит.С)

60.00 мг

Фолий қышқылы

0.10 мг

Мыс

2.00 мг

Селен

50.0 мкг

Марганец

2.5 мг

Магний

10.0 мг

Темір

10.0 мг

Мырыш

1.0 мг

Кальций

100.0 мг

Лецитин

100,0 мг

қосымша заттар: тазартылған рапс майы, қатты май, этилванилин, желатин,

капсула қабығы: желатин, глицерин 85 %, темірдің (II, III) қара тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, ұзына бойғы күңгірт-қоңыр түсті жігі, болмашы ғана байқалатын өзіне тән иісі бар, тегіс, жылтыр, жұмсақ, мөлдір емес желатинді капсулалар.

Капсула ішіндегісі – сары түсті гомогенді паста. Майлы фазасының ішінара бөлінуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Басқа біріктірілімдердегі поливитаминдер.

АТХ коды A11AВ

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Стандартталған женьшень сығындысы Panax G115 Фарматон құрамында әр түрлі 200 астам белсенді заттары бар күрделі кешенді білдіреді, осыған байланысты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу қиын. Дегенмен, жануарлардың әр түрлеріне жекелеген тазартылған гинсенозидтарды фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді.

Женьшень сығындысынан алынған таңбаланған радиоактивті изотоп (14С) гинсенозид Rg1 пайдалану деректеріне сәйкес биожетімділігі 30 %-ға жуықты құраған.

Фармакодинамикасы

ФАРМАТОН құрамында организмнің тәуліктің қажеттілігіне сәйкес мөлшерде витаминдер, минералдар мен микроэлементтер, сондай-ақ стандартталған женьшень сығындысы Panax G115 Фарматон бар.

Женьшеньнің биологиялық белсенді заттар кешені жасушалық метаболизмге көтермелеуші әсер етеді және ақыл-ой мен дененің жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады.

Женьшень сығындысын қолданудан кейін дене жүктемесі кезінде бұлшықет тінінде сүт қышқылының азаюы, допамин мен норадреналин мөлшерінің ұлғаюы және ми жасушаларында серотонин мөлшерінің азаюы байқалған.

Витаминдер, минералдар және микроэлементтер жоғары жүктемелер кезеңінде жасушалық метаболизм бұзылуының алдын алады және қайтарады. Витаминдер, минералдар және микроэлементтердің организмге түсуінің жеткіліксіздігі әлсіздікпен, шаршағыштықпен, тіршілік тонусының төмендеуімен, организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, сондай-ақ сауығу кезеңінің баяулауымен қатар жүретін көңіл-күйдің әр түрлі бұзылуларына әкелуі мүмкін.

B-кешенінің витаминдері организмнің алмасу үдерістерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

Препараттың құрамы мен компоненттерінің дозалары ЕО елдерінде ұсынылатын тәуліктік дозаларға сәйкес келеді.

Қолданылуы

  • әбден әлсіреу кезінде (мысалы, стресске байланысты), шаршаған кезде, әлсіздік сезімінде, зейін қою және шоғырландыру қабілетінің төмендеуінде

  • жедел және созылмалы ауруларға байланысты, соның ішінде хирургиялық араласудан кейінгі жағдайда және сауығу кезеңіндегі теңгерілмеген немесе толыққанды емес тамақтануда (соның ішінде егде адамдарда және белгілі бір ем-дәм ұстанатын емделушілерде), тәбеттің жоғалуында, анорексия және астенияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: тәулігіне 1 капсула.

Капсулаларды негізінен таңертеңгілік, тамақтану кезінде, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдаған дұрыс. Емдеу курсы 1-2 ай.

Егде адамдар: егде адамдар үшін айрықша ұсынымдар жоқ.

Балалар: балаларға пайдалануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • бас ауыру,бас айналу, ұйқысыздық

  • жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • тері бөртпесі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препараттың кез келген ингридиентіне жоғары сезімталдық

– кальций алмасуының бұзылуы (гиперкальциемия және гиперкальциурия)

– А немесе D гипервитаминозы, ретиноидтар (мысалы, акне емдеу кезінде) немесе D витаминін қолданумен қатар емдеу

– бүйрек жеткіліксіздігі

– сирек тұқым қуалайтын галактозаны (галактоземия) көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза/ галактоза мальабсорциясы

– сояға немесе арахиске аллергия

– 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында женьшень және антикоагулянттар бар препараттарды бірге қабылдау кезінде соңғыларының (мысалы, варфариннің) әсері төмендеуі мүмкін. Варфарин немесе басқа да антикоагулянттар (кумарин туындылары) алатын емделушілерде құрамында женьшень бар препараттарды тағайындар алдында және емдеуді тоқтатқаннан кейін халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) көрсеткішін мұқият бақылау қажет.

Темірдің В6 витаминімен, леводопа және үшциклды қатардың антибиотиктерімен: тетрациклин, доксициклин, миноциклинмен дәрілік өзара әрекеттесуі белгілі. Жоғарыда көрсетілген препараттарды қабылдап жүрген емделушілер ФАРМАТОН препаратын қабылдауды бастағанға дейін дәрігермен кеңесуі тиіс.

Артық дозалану қаупін болдырмас үшін, құрамында А немесе D витамині бар басқа да витаминдік препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Әлсіреу жағдайларында (мысалы, стресстен туындаған) клиникалық зерттеулерге сәйкес жақсаруы 4 аптаның ішінде басталады. Егер симптомдары осы уақыт мерзімі ішінде қайтпаса, дәрігермен кеңескен жөн. Артериялық гипертензиясы бар науқастарда құрамында женшень бар препараттар артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Отбасылық сыртартқысында гемохроматозы бар емделушілер ФАРМАТОН препаратын қабылдауды бастардың алдында дәрігермен кеңесулері тиіс.

Бір капсуланың құрамында ұсынылатын ең жоғарғы тәуліктік дозада 26 мг лактоза бар. Препаратты сирек туа біткен тұқым қуалайтын галактозаны (галактоземиямен) көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза / галактоза мальабсорциясы бар емделушілерге қабылдамаған жөн.

Диабетке шалдыққан науқастарға арналған ақпарат:

Бұл препараттың құрамында 1 капсулада 308 мг көмірсу бар.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

ФАРМАТОН құрамында А және D витаминдері тәуліктік нормаға сәйкес немесе біршама асып түсетін мөлшерде болады.

ФАРМАТОН-ды жүктілік кезінде ұсынылған дозаларда қабылдағанда ұрықтың дамуына жағымсыз әсер етуі жөніндегі деректер жоқ. Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану бойынша бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген.

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қолданылмауы тиіс.

ФАРМАТОН препаратының адамның фертильділігіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ФАРМАТОН препаратының адамның көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі жөнінде зерттеулер жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: созылмалы уыттылық симптомдары (препараттың жоғары дозасын ұзақ күнделікті қолдану кезінде А витамині үшін 37 капсулаға дейін, D витамині - 10 капсулаға дейін): құсу, бас ауыру, ұйқышылдық және диарея. Едәуір артық дозаланғанда осы препараттың уыттылығы майда еритін А және D витаминдерінің әсер етуімен анықталады.

Темір мен мырыштың жиынтық тәуліктік дозасы 15 мг аспауы тиіс (осы микроэлементтердің әрқайсысы үшін).

Емі: гиперкальциемияда терапиялық шаралар қабылдау қажет болуы мүмкін, сондай-ақ қажет болған жағдайда мұқият медициналық бақылаумен симптоматикалық емдеу басталуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 және 60 капсуладан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қалпақшамен тығындалған қоңыр түсті (III типті) шыны құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гинсана С.А., Швейцария

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ

Бингер Штрассе 173,

55216 Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Берингер Ингельхайм Фарма Гес мбХ» өкілдігі

Заңды мекенжайы: Алматы қ., 050010, Қайырбеков к-сі 38

Нақты мекенжайы: Алматы қ., 050008, Абай д-лы 52

«Innova Tower» бизнес-орталығы, 7-ші қабат

тел: +7 (727) 250 00 77

факс: +7 (727) 244 51 77

e-mail: Drug-SafetyKZ@boehringer-ingelheim.com

 

Прикрепленные файлы

421972611477976898_ru.doc 80.5 кб
094552061477978067_kz.doc 107.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники