Фалиминт®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фалиминт®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - ацетиламинонитропропоксибензол1 25 мг,
қосымша заттар: сахароза, желатин, қатты май, тальк, коповидон, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
қабығының құрамы: сахароза, тальк, сұйық глюкоза, 30 % симетикон эмульсиясы, сұйық жеңіл парафин, қатты парафин.
1 - 16.600 мг ядросының құрамында және 8.400 мг қабығының құрамында
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, тегіс, сыртқы түрі біртектес дерлік ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды R02A
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Адамда Фалиминт® пероральді қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Қан плазмасында тек өзгермеген Фалиминт® анықталады, оның ең жоғары мәніне қабылдағаннан кейін ½ - 1 сағаттан соң жетеді. Фалиминт® организмнен несеппен шығарылады. 24 сағат өткеннен кейін несепте негізгі метаболит — фалиминт қышқылына (3- (2-ацетамино-4-нитро-фенокси) пропион қышқылы) шаққанда метаболит түрінде енгізілген дозаның 95% жуығы анықталады. Метаболиттер концентрациясы өзінің ең жоғары шегіне несепте 2 сағаттан кейін жетеді. 6 сағат ішінде метаболиттердің негізгі мөлшері элиминацияланады.
Фармакодинамикасы
Фалиминт® химиялық тұрғыда 1-ацетиламино-5-нитро-2-пропоксибензен болып табылады және хош иісті нитро қосындылар тобына жатады.
Фалиминт® препаратының қасиетін ментолдың қасиетімен салыстыруға болады. Фалиминт®, емделушілерге жағымды сезілетін, ментол секілді, тек одан да күштірек дәрежеде ауыз қуысы мен жұтқыншақта салқындық сезімін туындатады.
Фалиминт® шырышты қабаттарды құрғататын әсер көрсетпейді және ауызда жансыздану сезімін туындатпайды. Қабықпен қапталған таблетканы сорғанда дереу салқындататын және сергітетін әсер сезіледі, тыныс алу жеңілдейді және рефлекторлық жөтел тоқтайды. Фалиминт® қабылдаған емделушілердің субъективті бағасы бойынша, бұл препарат шырыштың сұйылуына, ауырудың бәсеңдеуіне әкеледі және қабынуға қарсы әсерге ие.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы манипуляцияларда, мысалы, аспаптық және стоматологиялық тексерулер жүргізгенде құсуды басуға қатысты нұсқаулар бар.
Фалиминт® баспаның барлық түрін, фарингитті, ларингитті, темекі шегетіндердің катарын, риниттен және мұрынның қосалқы қойнауларының зақымдануының нәтижесінде болған шырыштың түзілуін емдеуде қосымша дәрі ретінде артықшылығымен ерекшеленеді.
Қолданылуы
- ауыз қуысындағы және жұтқыншақтағы қабыну үдерістерінде (баспа, фарингит, ларингит) кешенді ем құрамында
- ауыз қуысында және аңқада аспаптық тексеруді жүргізуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Егер басқадай тағайындалмаса, онда оны баяу сорып, күніне бірнеше рет қабықпен қапталған бір таблеткадан, бірақ тәулігіне 10 таблеткадан асырмай қабылдайды. Фалиминт® препаратын бірнеше күн бойы қабылдау керек. Ұзақ уақыт қолдануға арналмаған!
Жағымсыз әсерлері
Белгісіз
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- дәрілік препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық
- туа біткен глюкозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және лактация
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгісіз
Айрықша нұсқаулар
Аталған препарат құрамында глюкоза мен сахароза бар.
Балалар
Фалиминт® препаратын балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан аталған препаратты балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезінде аталған препаратты жеткілікті қолдану тәжірибесі жоқ болғандықтан Фалиминт® препаратын қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын жүргізу немесе машиналармен жұмыс жасау қабілетіне әсері белгісіз.
Артық дозалануы
Симптомдары: құсу
Емі: қатты құсуда асқазанды шаю секілді жедел шараларды әдетте жүргізуге болмайды және ол тек шектен тыс артық дозалануда ғана қарастырылады. Белгісіне қарай ем ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қабықпен қапталған 20 таблеткадан поливинилхлоридті қатты мөлдір үлбірден және қатты алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Дәрілік затты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші / Тіркеу куәлігінің иесі
БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)
Глиникер Вег 125
12489 Берлин, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі
Телефон нөмірі:+7 727 2446183, 2446184, 2446185
Факс нөмірі: +7 727 2446180
Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com