Тубосан®

МНН: Метилдиоксотетрагидропиримидин сульфонизоникотиноил гидразид
Производитель: Биофарм Право-Альфа ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018364
Информация о регистрации в РК: 02.11.2011 - 02.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Тубосан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар.

Құрамы

Бір капсула құрамында:

белсенді зат - 200 мг - метилдиоксотетрагидропиримидин сульфонизоникотиноил гидразиді (кристафон).

қосымша зат - картоп крахмалы,

«Кони-Снеп» капсулалары құрамы:

қатты желатинді «Кони-Снеп» капсулалары 76МГ+5% НД 42-10132-05 (темірдің сары тотығы Е172, қызыл Е172, титанның қостотығы Е171, желатин)

Сипаттамасы

№ 1сары түсті қатты капсулалар. Капсула ішіндегісі – ақ немесе крем реңді ақ, иісі жоқ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Иммундық модуляторлар. Иммундық стимуляторлар.

АТЖ коды LO3AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан сіңеді, қандағы ең жоғары концентрациясына 6 сағаттан кейін жетеді, қанда 12-18 сағат бойы сақталады. Әлсіз еритіндігіне байланысты препараттың 50% дерлігі асқазан-ішек жолынан бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Тубосанның® иммунитет түрлендіргіш әсері бар, ағзаның иммундық статусы көрсеткіштерін бір қалыпқа түсіреді. Мононуклеарлық жасушалардың фагоцитарлық белсенділігін көтермелейді. Тубосанды® қолдану Т- Т-супрессорлары саны төмендегенінде Т-хелперлер санының ұлғаюына және иммунреттегіш индекстің бір қалыпқа түсуіне алып келеді. В-лимфоциттердің пролиферативті белсенділігін, антителопродуценттер мен иммуноглобулиндер түзілуін көтермелейді. Тубосан® жалпы уытты емес, аллергия беретін, мутагендік, эмбриоуыттылық, тератогендік және канцерогендік әсері жоқ.

Қолданылуы

Тубосан® ересектерде қолданылады:

  • ЖРВЖ ауруларының маусымдық қозуының алдын алу үшін;

  • иммундық жеткіліксіздік дамуымен бірге жүретін ауруларды кешенді емдеу құрамында, оның ішінде тыныс алу органдарының жедел және созылмалы спецификалық емес ауруларында, бактериялық простатитте, хламидиоз, туберкулез бен алапесте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тубосан ересектерге тағайындалады:

  • алдын алу мақсатында 5-10 күн бойы 200мг-ден тәулігіне 2 рет 12сағат сайын;

  • ЖРВЖ, тұмауда, парагриппте және басқа да респираторлық жұқпаларда 200мг-ден тәулігіне 2 рет 12сағат аралықпен 2-3апта бойы;

  • созылмалы спецификалық емес өкпе ауруларында, хламидиозда 200мг-ден тәулігіне 2 рет 12сағат аралықпен 30 күн бойына;

  • бактериялық простатитте 200мг-ден тәулігіне 3 рет 8 сағат сайын.

Емдеу курсы - 3 апта, аурудың табанды ағымында – 6 аптаға дейін тәуліктік дозасы 400мг-ге дейін төмендетіле отырып;

  • микобактериоздарда (туберкулез, алапес) 200мг-ден 8 сағат сайын тәулігіне 3 рет 6 айға дейін.

Бір реттік доза 200-400 мг.; тәуліктік доза 400-1600 мг.

Тубосанды тамақтан 30 минут бұрын немесе тамақтан соң 2 сағат кейін қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе препараттың басқа да компоненттеріне асқын сезімталдықта

-жүктілікте, лактация кезеңінде

- балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тубосан® басқа да спецификалық және спецификалық емес емдеудің дәрілік заттарымен (антибиотиктермен, туберкулезге қарсы препараттармен, бронхолитиктермен, оның ішінде және (З2- агонистермен, глюкокортикостероидтармен, антиоксиданттармен, антикоагулянттармен, вазодилататорлармен) бір уақытта қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тубосанның® тамақ өнімдерімен үйлесімсіздігі туралы айтылмайды.

Зерттеулерде Тубосанның® көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және термодәнекерленіп жабылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

1, 2, 3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған. Пәшкелер топтамалық қаптамаға салынған.

Стационарға арналған 400, 600 немесе 800 пішінді ұяшықты қаптамадан осындай шамадағы қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған топтамалық қаптамада.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биофарм Право-Альфа» ЖАҚ, Ресей. 141305, Мәскеу облысы, Сергиев Посад қ., Центральная к-сі,1үй, к. 1-1 а.

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Биофарм Право-Альфа» ЖАҚ Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Сенімді тұлға Рахимов С.К. ( «Биофарм Право-Альфа» ЖАҚ сенімхаты қоса беріледі)

Мекенжайы Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Науаи к.,7 үй 245 п.

тел./факс: 8 (727) 237 94 13

e-mail: jan.78@bk.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

535667221477977190_ru.doc 40.5 кб
990743731477978345_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники