Троксевазин Нео (Балканфарма-Троян АД)

МНН: Гепарин натрия, Декспантенол, Троксерутин
Производитель: Балканфарма-Троян АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026317
Информация о регистрации в РК: 23.10.2024 - 23.10.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Троксевазин® Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Қатысы жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған гель

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Варикозға қарсы терапия. Гепарин немесе жергілікті қолданатын гепариноидтар. Гепарин, біріктірілімдер.

АТХ коды: C05BA53

Қолданылуы

- аяқтың веналық жеткіліксіздігіне байланысты ісіну-ауырсыну синдромы және микроциркуляторлық-трофиялық бұзылулар (веналардың варикоздық кеңейюі, жедел және созылмалы тромбофлебит, тромбофлебиттен кейінгі синдром, созылмалы лимфостаз);

- жұмсақ тіндердің жарақаттары (гематомалар, буын шығып кетулері, созылулар);

- регенерация фазасында трофиялық ойық жаралардың түйіршіктелуін және эпителизациясын жеделдету үшін (айқын экссудация болмаған кезде).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында;

- гепаринге, декспантенолға немесе троксерутинге немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділік пен қауіпсіздік жөніндегі деректердің болмауына байланысты);

- жүктіліктің I триместрі;

- бала емізу кезеңі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Троксевазин® Нео препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Гельді тек терінің зақымдалмаған беткейіне жағу керек.

Ашық жараларға, көзге және шырышты қабаттарға түсуден аулақ болу керек.

Троксевазин® Нео препараты офтальмологияда қолдануға, интравагинальді және ректальді енгізуге арналмаған.

Сақтықпен

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қажет болған жағдайда препаратты ұзақ уақыт қолдану.

Қосымша заттар

Пропиленгликоль

Тороксевазин® Нео гель құрамында пропиленгликоль бар. Пропиленгликоль терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат

Троксевазин Нео гель препаратының құрамында консерванттар ретінде метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (баяу түрдегі реакциялар болуы мүмкін).

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Троксевазин® Нео препаратын I триместрде қолдану бақыланатын клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты қолдануға болмайды.

Жүктіліктің II және III триместрінде – ықтимал, егер терапияның ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін қауіптен асып кетсе.

Лактация

Препараттың емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Бала емізу кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Қолдану тәсілі

Сыртқа қолданады. Егер дәрігер басқаша ұсынбаса, онда ұзындығы 1-3 см болатын гель жолағы (зардап шеккен беткейдің ауданына байланысты) теріге жұқа қабатпен күніне 2 рет таңертең және кешке жағылады, терінің бетіне толығымен сіңгенше жеңіл ысқылау қозғалыстарымен біркелкі таралады. Қажеттілігіне қарай гелді бинт немесе эластикалық шұлықтың астына жағуға болады.

Емдеу ұзақтығы

Препаратпен емдеудің сәттілігі оны ұзақ уақыт бойы үнемі қолдануына байланысты. Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды. Ұзақ емдеу қажеттілігін емдеуші дәрігер анықтайды.

Емдеудің қайталама курсын жылына 2-3 рет жүргізу ұсынылады.

Күшейтілген әсер ету үшін Троксевазин® Нео гельді Троксевазин® капсулаларын қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Гельдің белсенді заттарының аз жүйелі сіңуіне байланысты артық дозалану екіталай.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

- Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан бұзылулар: гельді қолдану орнындағы аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну).

Препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін симптомдар тез жоғалады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г гельдің құрамында:

белсенді зат – 0,17 г натрий гепарині (30000 ХБ сәйкес келеді)

2 г троксерутин,

5 г декспантенол.

қосымша заттар – 980 NF карбомер, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, троламин, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сарғыштан жасыл-сары түске дейін мөлдір немесе мөлдір дерлік гель.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 г-ден тескішпен жабдықталған ақ түсті бұрандалы полимерлі қақпағы бар бірінші ашылуды бақылау үшін қорғаныш алюминий жарғақшасы бар іші лакпен қапталған алюминий сықпада.

40 г немесе 100 г-ден ақ түсті бұрандалы полимерлі қақпағы бар алғашқы ашылуды бақылау үшін қорғаныс алюминий жарғақшасы бар жарғақшалық ламинатты сықпада.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге, үстіне қорғаныс жапсырмалары қосымша салынуы мүмкін, картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Balkanpharma - Troyan AD,

Болгария, 5600, Троян қ.,

Крайречна” көш. № 1

(+359)0670 68 104

trooperations@actavis.bg

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Teva Pharmaceutical Industries Ltd.,

124 Dvora HaNevia St., 6944020, Тель-Авив, Израиль

Тел: 972-3-9267267

info@tevapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 17/1, Нұрлы-Тау БО, 5Б, 6 қабат.

Тел.: (727) 3251615, е-mail: info.tevakz@tevapharm.com; веб сайт: www.kaz.teva

Прикрепленные файлы

Проект_3_ИМП_Троксевазин_Нео_рус.docx 0.05 кб
Троксевазин_ЛВ.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту