ТЕРНАВИР (Тенофовира дизопроксил)

МНН: Тенофовира дизопроксила фумарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenofovir disoproxil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025963
Информация о регистрации в РК: 15.08.2022 - 15.08.2027

Инструкция

Саудалық атауы

ТЕРНАВИР

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тенофовир дизопроксилі

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 245 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Кері транскриптазаның нуклеозидті және нуклеотидті тежегіштері. Тенофовир дизопроксилі.

АТХ коды J05AF07

Қолданылуы

АИТВ-1 инфекциясы

ТЕРНАВИР басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілімде АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған ересектерді емдеу үшін қолданылады.

Ересектерде Тернавир препаратымен емдеудің артықшылығы вирустық жүктемесі жоғары пациенттерді (> 100 000 көшірме/мл) қоса алғанда, бұрын ем қабылдамаған пациенттердегі клиникалық зерттеудің, және ТЕРНАВИР осының алдында вирусологиялық сәтсіздікке ұшыраған, бұрын антиретровирустық ем қабылдаған пациенттерде тұрақты фондық емге (негізінен үштік ем) қосымша ем ретінде қолданылған зерттеулердің деректеріне (<10 000 көшірме/мл, бұл ретте пациенттердің көпшілігінде <5 000 көшірме/мл) негізделген.

АИТВ-1 инфекциясы бар, антиретровирустық ем қабылдаған пациенттерді емдеу үшін ТЕРНАВИР препаратын таңдау вирустық резистенттілікті және/немесе бұрын жүргізілген ем туралы анамнез деректерін дербес тестілеуге негізделуі тиіс.

В гепатиті инфекциясы

ТЕРНАВИР төмендегідей:

- вирустың белсенді репликациясы белгілерімен, қан сарысуындағы аланинаминогрансфераза (АЛТ) деңгейі тұрақты түрде жоғарылаған және белсенді қабынудың және /немесе фиброздың гистологиялық белгілерімен бауырдың компенсацияланған ауруы бар

- ламивудинге резистентті В гепатиті вирусы (ВГВ) бар

- бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар ересектерде созылмалы В гепатитін емдеуге арналған

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Жалпы ақпарат

Тенофовирмен емдеу басталғанға дейін В гепатиті вирусын жұқтырған барлық пациенттерге АИТВ-ға антиденелердің бар-жоғын анықтау үшін тест жүргізу керек (төменнен "АИТВ-1 және В гепатитімен коинфекциялануды" қараңыз).

АИТВ-1

Ретровирусқа қарсы ем арқылы вирусты тиімді басу жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденгенімен, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Ұлттық нұсқауларға сәйкес берілудің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет.

В гепатиті

Пациенттерге тенофовирдің АИТВ басқа адамдарға жыныстық қатынас арқылы берілу немесе қанға түсу қаупін болдырмайтындығы туралы дәлелдердің жоқтығы туралы хабарлау керек. Сондықтан тиісті сақтандыру шараларын қолдануды жалғастыру керек.

Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану

ТЕРНАВИР препаратын құрамында тенофовир дизопроксил фумараты немесе тенофовир алафенамиді бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тенофовирді адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тенофовир мен диданозинді бірге қолдану ұсынылмайды.

Нуклеозидтермен/нуклеотидтермен жүргізілетін үштік ем

Вирусологиялық сәтсіздіктердің жоғары жиілігі және тенофовирдің ламивудинмен және абакавирмен, сондай-ақ ламивудинмен және диданозинмен тәулігіне бір рет сызбасы бойынша біріктірілімде АИТВ бар пациенттерде ерте сатыда төзімділіктің пайда болғаны туралы хабарламалар бар.

Ересектердегі бүйрек функциясы мен сүйек тініне әсері

Бүйрекке әсері

Тенофовир негізінен бүйрек арқылы шығады. Клиникалық практикада тенофовирді қолданғанда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы, креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипофосфатемия және проксимальді тубулопатия (Фанкони синдромын қоса алғанда) туралы хабарламалар түсті.

Бүйрек функциясының мониторингі

Тенофовирмен емдеуді бастағанға дейін барлық пациенттерде креатинин клиренсін (КК) анықтау, сондай-ақ бүйрек функциясын бақылау (КК және сарысудағы фосфат деңгейі емдеудің 2-4 аптасынан кейін, содан кейін емдеудің 3 айынан кейін және әрбір 3-6 айдан кейін) бүйрек функциясының бұзылуының қауіп факторлары жоқ пациенттерде ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоғары пациенттер үшін бүйрек функциясына неғұрлым жиі бақылау жүргізу қажеттігін қарастыру керек.

Бүйрек функциясын бақылау

Егер қан сарысуындағы фосфат деңгейі <1.5 мг/дл (0.48 ммоль/л) немесе КК <50 мл/мин дейін төмендесе тенофовирді қабылдайтын кез келген пациент үшін қандағы глюкоза, қандағы калий деңгейін және несептегі глюкоза концентрациясын анықтауды қоса алғанда, 1 апта ішінде бүйрек функциясына қайта бағалау жүргізу қажет (проксимальді тубулопатия туралы бөлімді қараңыз). Сондай-ақ КК <50 мл/мин дейін төмендеген немесе қан сарысуындағы фосфат деңгейі <1.0 мг/дл (0.32 ммоль/л) дейін төмендеген пациенттерде тенофовирмен емдеуді тоқтату қажеттілігін қарастыру керек. Сондай-ақ, басқа себептер анықталмаған кезде бүйрек функциясының үдемелі төмендеуі жағдайында тенофовирмен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Бір мезгілде қолдану және бүйрекке уытты әсер ету қаупі

Бір мезгілде немесе жақында нефроуытты дәрілік заттарды қолданғанда (мысалы, аминогликозидтер, амфотерицин В, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир және интерлейкин-2) тенофовирді қолданбау қажет. Егер тенофовир мен нефроуытты дәрілерді бір мезгілде қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, апта сайын бүйрек функциясын бақылап отыру қажет.

Тенофовирді қабылдаған және бүйрек функциясының бұзылу қаупі факторлары бар пациенттерде жоғары дозаларды немесе бірнеше қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау басталғаннан кейін бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды. Егер тенофовир ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданылса, бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Ритонавирмен немесе кобицистатпен күшейтілген протеаза тежегіштерімен біріктіріп тенофовирді қабылдайтын пациенттерде бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жоғары қаупі туралы хабарланды. Бұл пациенттерге бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі факторлары бар пациенттерде протеаза тежегішімен күшейтілген тенофовирді қатар қабылдауды мұқият бағалау керек.

1 және 3 немесе MRT 4 (мысалы, цидофовир, белгілі нефроуытты дәрілік препарат) адамның органикалық аниондарын тасымалдаушылардың (human organic anion transporter- hOAT) тасымалдаушы ақуыздарын қоса алғанда, бүйрек арқылы бірдей жолмен шығатын дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде тенофовирге клиникалық бағалау жүргізілген жоқ. Бұл бүйректің тасымалдаушы ақуыздары өзекшелік секрецияға және тенофовир мен цидофовирдің бүйрек арқылы ішінара шығуына қатысуы мүмкін. Демек, hOAT 1 және 3 немесе MRP4 тасымалдаушы ақуыздарын қоса алғанда, сол механизмдердің қатысуымен бүйрек арқылы шығатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы бір мезгілде қолданған жағдайда өзгеруі мүмкін. Аса қажеттілік болмаған кезде бүйрек арқылы бір механизмнің көмегімен шығатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер мұндай қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, апта сайын бүйрек функциясын бақылап отыру керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (КК <80 мл/мин) бүйрек үшін тенофовирдің қауіпсіздігі тек өте шектеулі дәрежеде зерттелген.

Гемодиализдегі пациенттерді қоса, креатинин клиренсі < 50 мл/мин құрайтын ересек пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін тенофовирдің әсерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Сол себепті тенофовирді емдеудің ықтимал пайдасы әлеуетті қауіпінен асып кеткен жағдайларда ғана қолдану қажет. Гемодиализді қажет ететін, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (КК <30 мл/мин) тенофовирді қолдану ұсынылмайды. Баламалы ем болмаған жағдайда дозалау аралығын түзету және бүйрек функциясын мұқият бақылап отыру қажет.

Сүйек тініне әсері

Остеомаляция сияқты сүйек аномалиялары сүйектің тұрақты немесе күшейетін ауыруы (сыну себептерінің бірі сирек болған) тенофовир туындатқан бүйректің проксималдық тубулопатиясымен байланысты болуы мүмкін.

Тенофовир сүйек тінінің минералдық тығыздығының (СМТ) төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұрын антиретровирустық препараттарды қабылдамаған пациенттерде тенофовирді ламивудинмен және эфавирензбен біріктіріп ставудинмен салыстырған 144 апталық бақыланатын клиникалық зерттеу кезінде АИТВ жұқтырған пациенттерде, екі эксперименттік топта да сан және омыртқа сүйектерінің минералдық тығыздығының аздап төмендегені байқалды. 144 апта ішінде тенофовирді қабылдаған топта омыртқа сүйектерінің минералдық тығыздығының азаюы және сүйек биомаркерлерінің өзгеруі бастапқы деректермен салыстырғанда едәуір көбірек болды. Бұл топта сан сүйектерінің минералдық тығыздығының азаюы 96 аптаға дейін едәуір көбірек болды. Алайда, 144 аптадан кейін сынықтар қаупі немесе сүйек жағдайының қалыптыдан клиникалық маңызды ауытқу белгілері байқалмады.

Басқа зерттеулерде (проспективті және айқаспалы) едәуір айқын төмендеу протеазаның күшейтілген тежегіші бар емдеу сызбасы шеңберінде тенофовирді қабылдаған пациенттерде байқалды. Жалпы, тенофовирмен байланысты сүйек аномалияларын және сүйек тінінің жай-күйіне және сыну қаупіне тенофовирдің әсері туралы шектеулі ұзақ мерзімді деректерді ескере отырып, сыну қаупі жоғары остеопорозы бар пациенттер үшін емдеудің баламалы сызбаларын қарастырған жөн.

Егер сүйек аномалиясына күдік болса немесе анықталса, тиісті кеңестер алу қажет.

Бауыр аурулары

Бауыр трансплантациясы жасалған пациенттер үшін қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер өте шектеулі.

В гепатитін жұқтырған, бауырдың декомпенсацияланған ауруына шалдыққан және Child-Pugh-Turcotte (CPT) жіктемесі бойынша >9 дәрежесі бар пациенттер үшін тенофовирді қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер шектеулі. Мұндай пациенттерде бауыр мен бүйректің ауыр жағымсыз реакцияларының қаупі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы популяциясында бауыр мен бүйрек функциясының көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.

Гепатиттің өршуі

Емдеу кезіндегі өршу: созылмалы В гепатитінің кездейсоқ өршуі салыстырмалы түрде жиі кездеседі және қан сарысуындағы АЛТ деңгейінің уақытша жоғарылауымен сипатталады. Вирусқа қарсы ем басталғаннан кейін кейбір пациенттерде қан сарысуындағы АЛТ деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бауырдың компенсацияланған ауруына шалдыққан пациенттерде қан сарысуындағы АЛТ деңгейінің жоғарылауы әдетте қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауымен немесе бауыр декомпенсациясымен қатар байқалмайды. Бауыр циррозы бар пациенттерде гепатиттің өршуінен кейін бауыр декомпенсациясының жоғары қаупі болуы мүмкін, сондықтан емдеу кезінде осы пациенттерді мұқият бақылау қажет.

Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі өршу: В гепатитін емдеуді тоқтатқан пациенттерде гепатиттің өршу жағдайлары да тіркелген. Емдеуден кейінгі өршулер әдетте HBV ДНҚ деңгейінің жоғарылауымен байланысты және көп жағдайда өздігінен кетеді. Алайда аурудың ауыр өршуі, оның ішінде өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Бауыр функциясын В гепатитін емдеу тоқтатылғаннан кейін кемінде 6 ай бойы клиникалық және зертханалық бақылаумен қайталанатын уақыт аралықтары арқылы бақылау керек. Қажет болған жағдайда В гепатитін емдеуді қайта бастау орынды болуы мүмкін. Бауыр ауруының меңдеген сатысы немесе циррозы бар пациенттерде емдеуді тоқтату ұсынылмайды, өйткені емдеуден кейін гепатиттің өршуі бауырдың декомпенсациясына алып келуі мүмкін.

Бауырдың крмпенсацияланбаған ауруымен ауыратын пациенттерде гепатиттің өршуі әсіресе ауыр болады, кейде өліммен аяқталды.

С немесе D гепатитімен қатарлас жұқтыру

С немесе D гепатиті вирусын қатарлас жұқтырған пациенттерде ТЕНОФОВИРДІҢ тиімділігіне қатысты деректер жоқ.

АИТВ-1 және В гепатитін қатарлас жұқтыру

В гепатитінің вирусын/ АИТВ қатарлас жұқтыратын пациенттерде АИТВ-төзімділігінің даму қаупіне байланысты тенофовирді тиісті антиретровирустық біріктірілген сызбаның бір бөлігі ретінде ғана қолдану қажет. Бұрын созылмалы белсенді гепатитті қоса алғанда, бауыр функциясының бұзылуы байқалған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары болады және олар стандартты практикаға сәйкес бақылауда болуы керек. Мұндай пациенттерде бауыр ауруының өршу белгілері болған кезде емдеуді үзу немесе емдеуді тоқтату қажеттілігі туралы мәселені қарау керек. Алайда, АЛТ деңгейінің жоғарылауы тенофовирмен емдегенде В вирустық гепатиті бар пациенттерде бауыр арқылы шығаруға ішінара байланысты болуы мүмкін екенін айта кету қажет.

С гепатиті вирусы кезінде вирусқа қарсы кейбір препараттармен қолдану

Тенофовирді ледипасвирмен/софосбувирмен, софосбувирмен/велпатасвирмен немесе софосбувирмен/велпатасвирмен/вокслапревирмен қолданғанда, әсіресе құрамында тенофовир және фармакокинетикалық күшейткіші (ритонавир немесе кобицистат) бар АИТВ емдеу сызбасымен бірге қолданғанда плазмадағы тенофовир концентрациясының жоғарылауы байқалады. Тенофовирді ледипасвирмен/софосбувирмен, софосбувирмен/велпатасвирмен немесе софосбувирмен/велпатасвирмен/воксилапревирмен және фармакокинетикалық күшейткішпен қолдану қауіпсіздігі анықталмады. Ледипасвирді/софосбувирді, софосбувирді/велпатасвирді немесе софосбувирді/велпатасвирді/воксилапревирді АИТВ протеазасының күшейтілген тежегішімен (мысалы, атазанавир немесе дарунавир) бірге қолданылатын тенофовирмен бір мезгілде, әсіресе бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоғары пациенттерде қолданумен байланысты ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын ескеру қажет. Ледипасвирді/софосбувирді, софосбувирді/велпатасвирді немесе софосбувирді/велпатасвирді/воксилапревирді тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде АИТВ протеазасының күшейтілген тежегішімен бірге қабылдайтын пациенттер тенофовирмен байланысты жағымсыз реакциялардың дамуы тұрғысынан бақылауда болуы тиіс.

Дене салмағы және метаболизмдік параметрлер

Ретровирусқа қарсы ем кезінде пациенттерде дене салмағының және қандағы липидтер мен глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін. Ондай өзгерістер ішінара еммен де, өмір сүру салтымен де байланысты болуы мүмкін. Липидтердің деңгейіне қатысты кейбір жағдайларда емдеудің әсері туралы дәлелдер бар, ал дене салмағының жоғарылауы үшін қандай да бір нақты емдеумен байланысы туралы сенерлік дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкоза деңгейін мониторингілеу үшін АИТВ-ны емдеу жөніндегі бекітілген нұсқауларды басшылыққа алған жөн. Липидтер деңгейі өзгерген кезде тиісті клиникалық нұсқауларға жүгінген жөн.

Жатырішілік әсер етуден кейін митохондриялық функцияның бұзылуы

Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтары митохондрия функциясына әртүрлі дәрежеде әсер етуі мүмкін, бұл ставудинді, диданозинді және зидовудинді қолдану кезінде айқын көрінеді. Нуклеозидті аналогтарының құрсақішілік және/немесе постнатальдық әсеріне ұшыраған АИТВ-теріс сәбилерде митохондриялық дисфункция туралы хабарламалар бар. Бұл негізінен құрамында зидовудин бар емдеу сызбаларына қатысты. Негізгі жағымсыз реакциялар гематологиялық (анемия, нейтропения) және метаболизмдік бұзылулар (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болып табылады. Бұл құбылыстар жиі өткінші болды. Кеш көрінетін неврологиялық бұзылулар (гипертония, құрысулар, аномалиялық мінез-құлық) туралы сирек хабарланды. Бүгінгі таңда неврологиялық ондай бұзылулардың уақытша немесе тұрақты екендігі белгісіз. Ондай нәтижелерді этиологиясы белгісіз, әсіресе неврологиялық ауыр клиникалық бұзылулары бар нуклеозидті және нуклеотидті аналогтарының құрсақішілік әсеріне ұшыраған кез келген бала үшін ескеру қажет. Бұл нәтижелер АИТВ тігінен берілуінің профилактикасы үшін жүкті әйелдерге антиретровирустық ем қолдану жөніндегі ағымдағы ұлттық нұсқауларға әсер етпейді.

Иммундық реактивация синдромы

Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) қолдану кезінде симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы туындауы мүмкін, бұл ауыр клиникалық жағдайлар немесе симптомдар өршуінің себебі болуы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар БАРЕ басталғаннан бастап алғашқы бірнеше апта немесе айлар ішінде байқалды. Тиісті мысалдар цитомегаловирустық ринит, жайылған және/немесе ошақталған микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii туындатқан пневмония болып табылады. Кез келген қабыну симптомдарын бағалау керек және қажет болған жағдайда емдеуді тағайындау керек. Иммундық реактивация жағдайында дамып келе жатқан аутоиммундық аурулар (мысалы, Грейвс ауруы немесе аутоиммундық гепатит) туралы да хабарланды; алайда аурудың басталуына дейін тіркелген уақыт қатты өзгерді және бұл құбылыстар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін байқалуы мүмкін.

Остеонекроз

Этиологиясы көпфакторлы (кортикостероидтарды қолдануды, алкогольді тұтынуды, иммунитеттің ауыр бәсеңдеуін, дене салмағы индексінің жоғары мәнін қоса алғанда) болып саналғанымен, остеонекроз жағдайлары туралы, атап айтқанда, АИТВ инфекциясының кешеуілдеген сатысы бар және (немесе) біріктірілген антиретровирустық емнің ұзақ әсері бар пациенттерге қатысты хабарланды. Буындар ауырғанда, буындар иілгіштігі жойылғанда немесе қозғалғанда қиындықтар туындаған кезде пациенттерге дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Тенофовирді қолдану 65 жастан асқан пациенттерде зерттелмеген. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі жиі байқалады, сондықтан егде жастағы пациенттерді тенофовирмен емдеу кезінде сақ болу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуін зерттеу ересектердің қатысуымен ғана жүргізілді.

In vitro эксперименттерінің нәтижелері мен тенофовирдің белгілі шығару жолы негізінде тенофовирдің және басқа да дәрілік заттардың қатысуымен CYP450 изоферменттерімен байланысты өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен болып табылады.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

ТЕРНАВИР препаратын құрамында тенофовир дизопроксил фумараты немесе тенофовир алафенамиді бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тенофовирді адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Диданозин

Тенофовир мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек арқылы шығатын дәрілік препараттар

Тенофовир көбінесе бүйрек арқылы шығатындықтан, тенофовирді бүйрек функциясының бұзылуын туындататын немесе hOAT 1, hOAT 3 немесе MRP 4 (мысалы, цидофовирмен) тасымалдаушы ақуыздары арқылы белсенді өзекшелік секреция үшін бәсекелесетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы тенофовирдің және/немесе бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін.

Тенофовирді нефроуытты дәрілік заттармен бір мезгілде немесе нефроуытты дәрілік заттарды (мысалы, аминогликозидтерді, амфотерицин В, фоскарнетті, ганцикловирді, пентамидинді, ванкомицинді, цидофовирді және интерлейкин-2) жақында қолданғаннан кейін қолданбау қажет.

Такролимус бүйрек функциясына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, тенофовирмен бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жағдайын мұқият бақылау ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесуінің басқа түрлері

Тенофовирдің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі төмендегі 1-кестеде келтірілген (жоғарылау "↑" ретінде, төмендеу "↓" ретінде, өзгерістердің болмауы "↔" ретінде, күніне екі рет және күніне бір рет ретінде белгіленеді).

1-кесте: Тенофовир дизопроксил фумаратының басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдеу салалары бойынша дәрілік препарат (дозасы мг-мен)

Препараттың концентрациясына әсері, AUC, Cmax, Cmin орташа пайыздық өзгеруі

245 мг тенофовирмен бірге қолдану бойынша нұсқаулар

ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

Антиретровирустық препараттар

Протеаза тежегіштері

Атазанавир/Ритонавир

(300 мг күніне 1 рет /100 мг күніне 1 рет)

Атазанавир:

AUC: ↓ 25%

Cmax: ↓ 28%

Cmin: ↓ 26%

Тенофовир:

AUC: ↑ 37%

Cmax: ↑ 34%

Cmin: ↑ 29%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің артқан экспозициясы тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Лопинавир/

Ритонавир (күніне 1 рет 400 мг/100 күніне 1 рет)

Лопинавир/ритонавир:

Лопинавир/ритонавирдің ДК параметрлеріне айтарлықтай әсер етпейді.

Тенофовир:

AUC:↑ 32%

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 51%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғарылаған экспозициясы тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Дарунавир/Ритонавир

(300 мг/100 мг күніне 2 рет )

Дарунавир: Дарунавир / ритонавирдің ДК параметрлеріне айтарлықтай әсер етпейді.

Тенофовир:

AUC: ↑ 22%

Cmin: ↑ 37%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғарылаған экспозициясы тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ)

Диданозин

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелік экспозициясының 40-60% артуына әкеледі.

Тенофовир мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Диданозиннің жоғары жүйелік әсері диданозинмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Панкреатит және лактоацидоз, кейде өліммен аяқталатыны туралы сирек хабарланды. Тенофовир мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бірге енгізу CD4 жасушалары санының айтарлықтай төмендеуімен, бәлкім, фосфорланған (яғни белсенді) диданозин концентрациясын арттыратын жасушаішілік өзара әрекеттесумен байланысты болды. Тенофовир емімен бір мезгілде тағайындалатын диданозинді 250 мг азайтылған дозада қолдану АИТВ-1 инфекциясын емдеу үшін зерттелген бірнеше біріктірілімдерде вирусқа қарсы сәтсіз емнің жоғары жиілігі туралы хабарламалармен байланысты болды.

Адефовир дипивоксилі

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Энтекавир

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир энтекавирмен бірге қабылдаған кезде клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

С гепатиті вирусына қарсы вирусқа қарсы дәрілер

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Атазанавир / Ритонавир (300 мг күніне 1 рет / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир ( 200 мг / 245 мг күніне 1 рет) 1

Ледипасвир:

AUC: ↑ 96%

макс : ↑ 68%

мин : ↑ 118%

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 42%

Атазанавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 63%

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 45%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

макс : ↑ 47%

мин : ↑ 47%

Тенофовирді, ледипасвирді/ софосбувирді және атазанавирді / ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде қан плазмасындағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясының бұзылуын қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Ледипасвирмен / софосбувирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолданғанда тенофовирдің қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер басқа баламалар қолжетімді болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек.

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Дарунавир / Ритонавир (800 мг күніне 1 рет / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир ( 200 мг / 245 мг күніне 1 рет) 1

Ледипасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Софосбувир:

AUC: ↓ 27%

макс : ↓ 37%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 48%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 50%

макс : ↑ 64%

мин : ↑ 59%

Тенофовирді, ледипасвирді/ софосбувирді және дарунавирді / ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясының бұзылуын қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкінЛедипасвирмен / софосбувирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолданғанда тенофовирдің қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер басқа баламалы ем қолжетімді болмаса, біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек.

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Эфавиренз / Эмтрицитабин / Тенофовир (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Ледипасвир:

AUC: ↓ 34%

макс : ↓ 34%

мин : ↓ 34%

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эфавиренц:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 98%

макс : ↑ 79%

мин : ↑ 163%

Дозаны түзету ұсынылмайдыТенофовирдің жоғары әсер етуі тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды, бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды қоса күшейтуі мүмкінБүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Рилпивирин / Тенофовир (200 мг / 25 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Ледипасвир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

C макс : ↔

C мин : ↑ 91%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсер етуі тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды, бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды қоса күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Долутегравир (50 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↔

GS-331007 2

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Ледипасвир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Долутегравир

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 65%

C макс : ↑ 61%

C мин : ↑ 115%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсер етуі тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды, бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды қоса күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Атазанавир / Ритонавир (300 мг күніне 1 рет /100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↑ 42%

Велпатасвир:

AUC: ↑ 142%

C макс : ↑ 55%

C мин : ↑ 301%

Атазанавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↑ 39%

Ритонавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↑ 29%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

C макс : ↑ 55%

C мин : ↑ 39%

Тенофовирді, софосбувирді / велпатасвирді және атазанавирді / ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясының бұзылуын қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Софосбувирмен / велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолданғанда тенофовирдің қауіпсіздігі анықталмаған.

Біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек (4.4 бөлімін қараңыз).

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Дарунавир / Ритонавир (800 мг күніне 1 рет /100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↓ 28%

C макс : ↓ 38%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

C макс : ↓ 24%

C мин : ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 39%

C макс : ↑ 55%

C мин : ↑ 52%

Тенофовирді, софосбувирді / велпатасвирді және дарунавирді / ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек тарапынан бұзылуларды қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Софосбувирмен / велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолданғанда тенофовирдің қауіпсіздігі анықталмаған.

Біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Лопинавир / Ритонавир (800 мг /200 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↓ 29%

C макс : ↓ 41%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

C макс : ↓ 30%

C мин : ↑ 63%

Лопинавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

C макс : ↑ 42%

C мин : ↔

Тенофовирді, софосбувирді / велпатасвирді және лопинавирді / ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде қан плазмасындағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек тарапынан бұзылуларды қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Софосбувирмен / велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолданғанда тенофовирдің қауіпсіздігі анықталмаған.

Біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Ралтегравир (400 мг күніне 2 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Ралтегравир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↓ 21%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

C макс : ↑ 46%

C мин : ↑ 70%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсер етуі тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды, бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды қоса күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Эфавиренз / Эмтрицитабин / Тенофовир (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↑ 38%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↓ 53%

C макс : ↓ 47%

C мин : ↓ 57%

Эфавиренц:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 81%

C макс : ↑ 77%

C мин : ↑ 121%

Софосбувирді / велпатасвирді және эфавиренцті бір мезгілде қабылдау велпатасвирдің плазмалық концентрациясын төмендетеді деп күтіледі. Софосбувирді / велпатасвирді құрамында эфавиренц бар сызбалармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Рилпивирин / Тенофовир (200 мг / 25 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

C макс : ↑ 44%

C мин : ↑ 84%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсер етуі тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды, бүйрек тарапынан болатын бұзылуларды қоса күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир / Воксилапревир (400 мг / 100 мг / 100 мг + 100 мг күніне 1 рет) 3 + Дарунавир (800 мг күніне 1 рет) + Ритонавир (100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↓ 30%

C мин : N / A

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : N / A

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Воксилапревир:

AUC: ↑ 143%

макс : ↑ 72%

мин : ↑ 300%

Дарунавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↓ 34%

Ритонавир:

AUC: ↑ 45%

макс : ↑ 60%

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 39%

макс : ↑ 48%

мин : ↑ 47%

Тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы тенофовирді, софосбувирді / велпатасвирді / воксилапревирді және дарунавирді / ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде бүйрек тарапынан бұзылуларды қоса алғанда, тенофовирмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін.

Тенофовирдің софосбувирмен / велпатасвирмен / воксилапревирмен және фармакокинетикалық күшейткішпен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) қолдану кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған.

Біріктірілімді бүйрек функциясын жиі мониторингілеу арқылы сақтықпен қолдану керек (4.4 бөлімін қараңыз).

Софосбувир (400 мг күніне 1 рет) + Эфавиренз / Эмтрицитабин / Тенофовир (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↓ 19%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↓ 23%

Эфавиренц:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс : ↔

C мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

C макс : ↑ 25%

C мин : ↔

Дозаны түзету қажет емес.

1. Деректер ледипасвирді / софосбувирді бір мезгілде дозалау кезінде алынған. Кезең-кезеңмен енгізу (12 сағат аралықпен) ұқсас нәтижелер берді.

2. Софосбувирдің басым айналымдағы метаболиті.

3. СГВ инфекцияланған пациенттерде воксилапревирдің күтілетін әсеріне қол жеткізу үшін воксилапревирдің қосымша мөлшерімен 100 мг дозада жүргізілген зерттеу.

Басқа дәрілік препараттармен жүргізілген зерттеулер

Тенофовирді эмтрицитабинмен, ламивудинмен, индинавирмен, эфавирензбен, нелфинавирмен, саквинавирмен (күшейтілген ритонавирмен), метадонмен, рибавиринмен, рифампицинмен, такролимуспен және құрамында норгестимат/этинилэстрадиол бар гормондық контрацептивпен бір мезгілде қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмады.

Тенофовирді тамақтану кезінде қабылдау керек, өйткені тамақ тенофовирдің биожетімділігін арттырады.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Индигокармин алюминий лагы бояғышының (E132) құрамында болуына байланысты препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерді бақылағанда алынған шектеулі деректер (1000 астам жүктілік нәтижесі) даму ақауларының немесе тенофовирмен байланысты болатын шаранаға/жаңа туған нәрестеге уытты әсердің болмағанын көрсетеді. Жануарларға жүргізілген зерттеу нәтижелері репродукциялық функцияға уытты әсерін көрсетпейді.

Қажет болған жағдайда, жүктілік кезінде тенофовир дизопроксил фумаратын қолданудың орындылығын қарастыруға болады.

Жүктіліктің үшінші триместрінде тенофовирдің әсері В гепатитіне қарсы иммуноглобулинге және нәрестелердегі В гепатитіне қарсы вакцинаға қосымша тенофовирді аналарға енгізген кезде анадан балаға ВГВ берілу қаупін азайтатыны хабарланды.

HBV созылмалы инфекциясы бар 327 жүкті әйел жүктіліктің 28-ден 32 аптасына дейін, сондай-ақ босанғаннан 1-2 айдан кейін тәулігіне бір рет тенофовирді (245 мг) қабылдағаны белгілі. Әйелдер мен олардың сәбилері босанғаннан кейін 12 ай бойы бақылауда болды. Алынған мәліметтер бұл қауіпсіз деп айтуға қандай да бір негіз бермейді.

Бала емізу

Зерттеулер тенофовирдің емшек сүтімен бөлініп шығатынын көретті. Тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған, балаға АИТВ және В гепатиті вирусының постнаталдық берілу қаупінің алдын алу мақсатында препаратпен ем қабылдап жүрген аналарға емшек емізу ұсынылмайды.

Қосымша заттар туралы ерекше ақпарат

ТЕРНАВИР пепаратының құрамында лактоза бар. Соған байланысты, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы  керек.

Препараттың құрамында 18 жасқа дейінгі балалар үшін дәрілік заттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин алюминий лагы бояғышы (E132) бар. Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, пациенттерге осы препаратпен емдеу кезінде бас айналуы мүмкіндігі туралы хабарлау керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Терапияны АИТВ инфекциясын және/немесе созылмалы В гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.

Жұту қиын болған жағдайда ТЕРНАВИР препаратының 1 таблеткасы шамамен 100 мл суда, апельсин немесе жүзім шырынында ерітіп, таблетка ерігеннен кейін бірден қабылдайды.

АИТВ-1 және созылмалы В гепатиті

Ересектер

АИТВ инфекциясын немесе созылмалы В гепатитін емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет, ішке, тамақтану кезінде 1 таблетканы құрайды.

Созылмалы В гепатиті бар ересектерде емнің ұзақтығы

Созылмалы В гепатитін емдеудің оңтайлы ұзақтығы анықталмаған. Емдеуді тоқтату мынадай жағдайларда қаралуы мүмкін:

- Бауыр циррозынсыз байқалатын В гепатиті вирусының антигеніне (HBeAg) оң реакциясы бар пациенттерді емдеу НВе сероконверсиясы расталғаннан кейін (сарысудың бірінен соң бірі екі үлгісінде кемінде 3-6 ай аралықпен В гепатиті вирусы антигендерінің және В гепатиті ДНҚ вирусының анти-НВе анықталуымен білінетін жойылуы) немесе HBs сероконверсиясына дейін немесе тиімділігі жойылғанға дейін кемінде 12 айға жалғасуы тиіс. Емдеуді тоқтатқаннан кейін кез келген кешеуілдеген вирусологиялық қайталануды анықтау үшін, қан сарысуындағы АЛТ және В гепатитінің ДНҚ вирусының деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру қажет.

- Бауыр циррозынсыз білінетін В гепатиті вирусының антигеніне теріс реакциясы бар пациенттерді емдеу кемінде HBs сероконверсиясына дейін немесе емдеу тиімділігінің жойылу белгілері пайда болғанға дейін жалғасуы тиіс. Сарысудағы АЛТ және HBV ДНҚ деңгейлері кез келген кеш вирусологиялық қайталануды анықтау үшін емдеуді тоқтатқаннан кейін жүйелі түрде бақыланып отыратын жағдайда, емдеуді тоқтату тұрақты вирусологиялық суппрессияға қол жеткізгеннен кейін де (яғни, кем дегенде 3 жыл бойы) қаралуы мүмкін. 2 жылдан астам уақытқа созылған ұзартылған ем жағдайында пациент үшін таңдалған емді жалғастырудың қолайлылығын растау үшін емдеуді үнемі қайта қарау ұсынылады.

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы немесе бауыр циррозы бар ересек пациенттерде емдеуді тоқтату ұсынылмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Құрамында 18 жасқа дейінгі балалар үшін дәрілік заттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин алюминий лагы бояғышының (E132) болуына байланысты, препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Қазіргі уақытта 65 және одан үлкен жастағы пациенттер үшін дозалау режимі бойынша нұсқаулар беруге болатын деректер жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Қатарлас АИТВ инфекциясымен немесе онсыз байқалатын созылмалы В гепатиті бар пациенттерге препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде гепатиттің өршу белгілерін анықтау мақсатында мұқият бақылау талап етіледі.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тенофовир организмнен бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тенофовирдің организмнен жартылай шығарылу кезеңінің ұзағырақ болғаны байқалады.

Ересектер

Бүйрек функциясы бұзылуының орташа және ауыр дәрежелері бар пациенттерде тенофовирді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер (КК<50 мл/мин) шектелген. Бүйрек функциясы жеңіл бұзылғанда (КК 50-80 мл/мин) қауіпсіздік көрсеткіштеріне бағалау жүргізілген жоқ. Сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тенофовирді қолдану емдеудің ықтимал пайдасы әлеуетті қаупінен асып кеткен жағдайларда мүмкін болады. КК<50 мл/мин құрайтын пациенттер үшін препаратты қабылдау арасындағы аралықты түзету ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин)

Клиникалық зерттеулердің шектеулі деректері бүйрек функциясы бұзылуының жеңіл дәрежесі бар пациенттерде 245 мг тенофовирдің бір реттік күнделікті дозасын растайды.

Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин)

Әр 48 сағат сайын 245 мг тенофовирді қолдану АИТВ-теріс субъектілерде және В гепатиті вирусын жұқтырмаған, бүйрек функциясының әртүрлі бұзылу дәрежесі бар субъектілерде, оның ішінде гемодиализді талап ететін бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминалдық сатысында бір реттік дозаны қабылдағанда фармакокинетикалық көрсеткіштері негізінде ұсынылады. Алайда, ондай дозалау режимі клиникалық зерттеулер шеңберінде расталған жоқ. Сондықтан мұндай пациенттерде емдеуге және бүйрек функциясына клиникалық реакцияны мұқият бақылау қажет.

Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі< 30 мл/мин) және гемодиализдегі пациенттер

Әсер етуші заттың басқа дозасы бар таблетканың болмауына байланысты дозаны тиісті түзетуді қолдану мүмкін емес, сондықтан осы топтағы пациенттер үшін препаратты қолдану ұсынылмайды. Қолжетімді баламалы емі болмаған жағдайда, препаратты қабылдаулар арасындағы аралықтарды төмендегідей арттыруды пайдалануға болады:

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі:1 таб. әр 72-96 сағат сайын (аптасына 2 рет);

- гемодиализдегі пациенттер: 1 таб. гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін әрбір 7 тәулік сайын қабылдау*.

Дозалау режимін аталмыш түзету клиникалық зерттеулер шеңберінде расталған жоқ. Модельдеу дозалау аралығы оңтайлы емес және уыттылықтың жоғарылауын және, бәлкім, талапқа сай емес реакцияны туындатуы мүмкін деп болжауға негіз береді. Осы себепті емдеуге және бүйрек функциясына клиникалық реакцияны мұқият бақылау қажет.

* Әдетте, аптасына 1 рет, ұзақтығы шамамен әрқайсысы 4 сағ. сайын, немесе 12 сағаттық кумулятивтік гемодиализден кейін гемодиализдің 3 сеансын жүргізе отырып, енгізу.

КК<10 мл/мин құрайтын, гемодиализсіз пациенттер үшін дозалау режимі бойынша нұсқаулар жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Препарат таблеткасын тәулігіне бір рет, тамақпен бірге қабылдау керек.

Таблетканы жұту керек. Жұту қиын болған жағдайда 1 таблетканы шамамен 100 мл суда, апельсин немесе жүзім шырынында ерітеді және таблетка ерігеннен кейін бірден қабылдайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозаланған жағдайда пациент уыттылық белгілерін анықтау үшін дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Қажет болған жағдайда - стандартты демеуші ем жүргізу.

Тенофовирді гемодиализдің көмегімен шығаруға болады; тенофовирдің орташа гемодиализдік клиренсі 134 мл/мин құрайды. Тенофовирдің перитонеальді диализ кезінде шығарылатын-шығарылмайтындығы белгісіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса және дозаны қабылдаудың әдеттегі уақытынан 12 сағаттан аз уақыт өтсе, онда пациент препаратты тамақпен бірге мүмкіндігінше тезірек қабылдап, әдеттегі қабылдау режиміне оралуы керек.

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алғаннан кейін 12 сағаттан астам уақыт өтсе және препараттың келесі дозасын қабылдау уақыты жақындаса, онда пациент өткізіп алған дозаны қабылдамаған жөн, және препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне оралу қажет.

Егер препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде пациентте құсу болса, тағы 1 таблетка қабылдау керек. Егер пациентте құсу препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағаттан аса болса, онда тағы бір таблетканы қабылдауға болмайды.

Препаратты өткізіп алған қабылдаудың орын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар.

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Төменде аталған жағымсыз әсерлер АИТВ және ВГВ бар пациенттерді қамтитын клиникалық зерттеулердің нәтижелеріне және маркетингтен кейінгі тәжірибеге негізделген.

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

АИТВ-1 және В гепатиті: тенофовирді қабылдайтын пациенттерде бүйрек функциясы бұзылуының, бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің және бүйректің кейде сүйек тінінің бұзылуын (сынуға жиі ықпал етпейтін) туындататын проксимальді тубулопатиясының (Фанкони синдромын қоса алғанда) сирек жағдайлары хабарланды. ТЕРНАВИР препаратын қабылдап жүрген пациенттерге бүйрек функциясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

АИТВ-1 инфекциясы: тенофовирмен басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеген кездегі жағымсыз реакциялар пациенттердің шамамен 1/3-інде күтілуі мүмкін. Мұндай реакциялар, әдетте, АІЖ тарапынан жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейінгі реакциялар болып табылады. Тенофовирмен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 1%-ында АІЖ тарапынан болатын реакцияларға байланысты емдеу тоқтатылды.

В гепатиті: тенофовирмен емдеу кезіндегі жағымсыз реакциялар (негізінен елеусіз) шамамен 1/4 пациентте күтілуі мүмкін. В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде тенофовир дизопроксил фумаратының ең жиі жағымсыз реакциясы жүрек айнуы болды (5.4%).

Ем қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ В гепатитін емдеуді тоқтатқан пациенттерде гепатиттің өршу жағдайлары туралы хабарланды.

Жағымсыз реакциялардың кесте түріндегі түйіндемесі

Тенофовирді қолдану кезіндегі жағымсыз реакцияларды бағалау клиникалық зерттеулер және постмаркетингтік талдау барысында алынған қауіпсіздік жөніндегі деректерге негізделеді. Барлық жағымсыз реакциялар 2-кестеде көрсетілген.

Емдеуге ықтимал (немесе, кем дегенде, ықтимал) қатынасымен жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелері класы мен жиілігі бойынша төменде келтіріледі. Жиілігі бойынша әрбір топтың шеңберінде жағымсыз құбылыстар ауырлығының кему тәртібімен келтірілген.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

2-кесте. Клиникалық зерттеу және постмаркетингтік талдау негізінде тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаумен байланысты жағымсыз реакциялар туралы қысқаша деректер

Жиілігі

Тенофовир

Метаболизм мен тамақтанудың бұзылулары

Өте жиі

Гипофосфатемия1

Жиі емес

Гипокалиемия1

Сирек

Лактоацидоз

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі:

Бас айналуы

Жалпы:

Бас ауыруы

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Диарея, құсу, жүрек айнуы

Жиі

Іш ауыруы, іштің кебуі, метеоризм

Жиі емес

Панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Сирек

Бауыр стеатозы, гепатит

Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бөртпе

Сирек

Ангионевроздық ісіну

Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Рабдомиолиз1, бұлшықет әлсіздігі1

Сирек

Остеомаляция (сүйектердің ауыруы түрінде көрінеді және жиі сынуға әкеледі) 1, 2, миопатия1

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Креатининнің жоғарылауы, бүйректің проксимальді тубулопатиясы (Фанкони синдромын қоса алғанда)

Сирек

Бүйрек функциясының жедел бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жедел тубулярлық некроз, нефрит (жедел интерстициальді нефритті қоса алғанда)2, нефрогенді қантсыз диабет

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар

Өте жиі:

Астения

Жиі

Шаршау

1- Жағымсыз реакция бүйректің проксимальді тубулопатиясының нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Бұл ауру болмаған кезде тенофовирді қолданумен себептік байланысы бар деп есептелмейді.

2- Жағымсыз реакция постмаркетингтік зерттеу кезінде анықталды, бірақ рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер немесе тенофовирге кеңейтілген қол жетімділік бағдарламасы кезінде байқалмады. Жиілік санаты статистикалық есептеулер бойынша рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер мен кеңейтілген қолжетімділік бағдарламасы (n=7319) шеңберінде тенофовирді қабылдаған пациенттердің жалпы саны негізінде анықталды.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

АИТВ-1 және В гепатиті

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: ТЕРНАВИР бүйректі зақымдауы мүмкін болғандықтан, бүйрек функциясын бақылау ұсынылады. Тенофовирді тоқтатқаннан кейін бүйректің проксимальді тубулопатиясы, әдетте, қайтты немесе жақсару байқалды. Алайда, кейбір пациенттерде тенофовирді қолдануды тоқтатқанына қарамастан, креатинин клиренсінің төмендеу процесі толық тоқтаған жоқ. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар пациенттер (бүйрек функциясы бұзылуының бастапқы қауіп факторлары бар пациенттер, үдемелі АИТВ инфекциясы бар пациенттер немесе қатарлас нефроуытты препараттарды қабылдайтын пациенттер) тенофовирді қабылдауды тоқтатқанына қарамастан, бүйрек функциясының толық емес қалпына келу қаупі жоғары.

Лактоацидоз

Тенофовирді монотерапия түрінде немесе басқа антиретровирустық препараттармен бірге қолданғанда лактоацидоз жағдайлары туралы хабарланды. Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар пациенттер немесе лактоацидозды тудыратыны белгілі қатарлас препараттарды қабылдайтын пациенттер тенофовирмен емдеу кезінде, өліммен аяқталатынды қоса, ауыр лактоацидоздың даму қаупі жоғары.

АИТВ-1

Метаболизмдік параметрлер

Антиретровирустық ем кезінде дене салмағы мен липидтер мен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Иммундық реактивация синдромы

Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем басталған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Аутоиммундық бұзылулар туралы да хабарланды (мысалы, Грейвс ауруы сияқты). Алайда, сипатталғандай, мұндай бұзылулардың туындау уақыты ауытқып тұрды және олар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін дамуы мүмкін.

Остеонекроз

Остеонекроз жағдайлары, әсіресе жалпы танылған қауіп факторлары бар, АИТВ-инфекциясының үдемелі сатысы бар немесе ұзаққа созылған біріктірілген антиретровирустық емі бар пациенттерде хабарланды. Остеонекроздың туындау жиілігі белгісіз.

В гепатиті

Емдеу кезінде гепатиттің өршуі

Бұрын нуклеозидтерді қабылдамаған пациенттерде, тенофовирді қабылдаған пациенттердің 2,6%-ында АЛТ деңгейінің бастапқы деңгейден 10 еседен астам (қалыптың жоғарғы шегі) және 2 еседен астам жоғарылуы байқалғаны хабарланды. АЛТ артуының басталуына дейінгі орташа уақыт 8 аптаны құрады, емдеуді жалғастыру кезінде қайтты және көп жағдайларда АЛТ артуының алдында болған немесе сәйкес келген ≥ 2 log10 көшірме/ мл вирустық жүктеменің төмендеуімен байланысты болды. Емдеу кезінде бауыр функциясын мезгіл-мезгіл мониторингілеу ұсынылады.

Емдеуді тоқтатқаннан кейін гепатиттің өршуі

В гепатитін емдеуді тоқтатқаннан кейін В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде гепатит өршуінің клиникалық және зертханалық белгілері туындады.

Пациенттердің басқа да ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер: 65 жастан асқан пациенттерде тенофовирге зерттеу жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы жоғары, сондықтан пациенттердің осы санатында препаратты сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: тенофовир нефроуыттылықты туындатуы мүмкін болғандықтан, препаратты қабылдап жүрген, бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерде бүйрек функциясын мұқият бақылау ұсынылады. Бүйрек функциясы бұзылған балаларда тенофовирді қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 300 мг тенофовир дизопроксил фумараты (245 мг тенофовир дизопроксиліне баламалы)

қосымша заттар: желатинделген крахмал, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты

Шефф коат см-Көгілдір үлбірлі жабыны: гипромеллоза, титанның қостотығы (E171), глицерол триацетаты, индигокармин алюминий лагы (E132)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Бадам тәрізді пішінді, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан тығыздығы жоғары ақ түсті полиэтиленнен жасалған, балалардан қорғалған ақ пластик қақпақпен тығындалған құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге УК-лакпен қапталған картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Атабай Илач Фабрика А.С.

Acibadem, Koftuncu sok. No:1

34718 Kadıkoy, Стамбул, Түркия

тел: + 90 216 326 69 65, + 90 216 326 65 33

факс: + 90 216 340 13 77

info@atabay.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Acibadem, Koftuncu sok. No:1

34718 Kadıkoy, Стамбул, Түркия

тел: + 90 216 326 69 65, + 90 216 326 65 33

факс: + 90 216 340 13 77

info@atabay.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Управляющая компания WHITE SAIL» ЖШС

Алматы қ., 1 ш. а., 61/1 үй, Қазақстан Республикасы

тел: +7 777 727 27 07

Электронды пошта: whitesail20@mail.ru

Прикрепленные файлы

Тернавир_таб_245_мг_ЛВ(kk).docx 0.11 кб
Тернавир_таб_245_мг_ЛВ_clean_version_17.03_.22_.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники