Термо-Фенадол

МНН: Бензилникотинат, Этофенамат
Производитель: Abdi Ibrahim
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Нестероидные противовоспалительные препараты для наружного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018576
Информация о регистрации в РК: 13.09.2017 - 13.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Термо - Фенадол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 50г крем

Құрамы

1г кремнің құрамында

белсенді заттар: 100мг этофенамат, 10 мг бензилникотинат

қосымша заттар: бензил спирті, сусыз лимон қышқылы, глицерилмоностеарат, изопропилмиристат, макроголстеарат 5000, метилгидроксиэтилцеллюлоза, натрий цитраты, дистилляцияланған су

Сипаттамасы

Ақ түсті біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар

АТЖ коды М02АА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Теріге жергілікті қолданылғаннан кейінгі биожетімділігі 20%-ды құрайды; препарат қабынған бөлікке тез жетеді. Этофенамат қан плазмасы ақуыздарымен 98-99%-ға байланысады. Оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 3.3 сағатты құрайды. Плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына жергілікті қолданғаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Флуфенам қышқылының гидроксилденген туындысы мен басқа метаболиттерінің пропорциясы өте төмен.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат - белсенді ингредиенті этофенамат ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ыстық түсіретін сипаты бар қабынуға қарсы стероидтық емес дәрі болып табылады. Этофенамат өзінің қабынуға қарсы әсерін простагландиндердің гистаминмен, брадикининмен және лизосомалық ферменттермен бірге өндірілуін бәсеңдету жолымен, сондай-ақ гиалуронидаза мен анафилактикалық реакциялар арқылы береді. Оның құрамында 1% бензилникотинат болғандықтан, Термо-Фенадол кремі гиперемия мен ревматикалық емделушілерге пайдалы орындардағы температураның жоғарылауын туғыза отырып, жылумен физиоем жүргізуге тиімді әсерін бере алады.

Қолданылуы

Ауыру синдромдарында

қаңқа-бұлшықет жүйесінің ревматикалық аурулары

- бұлшықет құрысуларында

- бұлшықет түйілуімен иық-жауырын периартритінде

- люмбагода

- ишиаста

- бурситте

- буындар мен омыртқаның (спондилез, артроз) дегенеративті зақымдануларында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Бір реттік 2- 4 г дозадағы кремді теріге қабыну ошағының жоғары жағына жағады және жеңіл ысқылайды. Қолдану жиілігі тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік дозасы 8 г-ден аспауы тиіс.

Емдеу курсы - бірнеше күннен бірнеше айға дейін.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек. Термо-фенадол кремін электрофорездің көмегімен қолдануға болады (бұл жағдайда препараттың тері арқылы күштірек өтуіне қол жетеді).

Жағымсыз әсерлер

- аллергиялық реакциялар

- тері бөртпесі, күйдіру, қызару

- препаратты ұзақ уақыт сыртқа қолданғанда ас қорыту жүйесі, ОЖЖ, тыныс алу жүйесі тарапынан болатын жүйелік жағымсыз әсерлер, сондай-ақ аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тері жабыны бүтіндігі бұзылғанда

- этофенаматқа, флуфенам қышқылына, бензилникотинатқа немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктіліктің III триместрінде және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданғанда емдік және жағымсыз әсерлері өзара күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ашық жараларда қолдануға болмайды. Көзге түсуінен сақтану керек.

Жүктілік

Препаратты жүктіліктің I және II триместрлерінде қолданғанда сақ болу қажет, препаратты қысқа мерзімге және азғантай бөлікке жағу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Белгілері: бас ауыруы, бас айналуы.

Емі: кремді дене беткейінен дереу жуып тастау керек

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Аппликаторы мен оймалы қалпақшасы бар алюминий сықпаларда 50 г препараттан.

Бір сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын бөлме температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жапрамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ABDI IBRAHIM

Хадымкой-Стамбул

Түркия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

ABDI IBRAHIM

Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайыҚазақстандағы "АБДИ ИБРАХИМ Илач Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" компаниясының өкілдігі, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 155, 37/38 кеңсе,

тел: +7 (727) 394-35-12

факс: +7 (727) 295-29-35

e-mail: aim2004@inbox.ru

 

Прикрепленные файлы

160684781477977177_ru.doc 48.5 кб
816010001477978343_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники