Терафлю® БРО

МНН: Камфора, Масло розмарина, Перуанский бальзам, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Новартис Консьюмер Хелс СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011468
Информация о регистрации в РК: 25.07.2013 - 25.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Терафлю® БРО

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 40г жақпамай.

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 50 мг розмарин майы, 50 мг эфирлі эвкалипт майы, 60 мг перуан бальзамы, 125 мг рацемиялық камфора

қосымша заттар: карбомер 974 Р, 30 % натрий гидроксидінің ерітіндісі, полисорбат 20, тазартылған су.

Сипаттамасы

Камфора және бальзам майларының иісі бар ақ түсті біртекті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамында тері арқылы жеңіл өтетін рацемиялық камфора бар, бауырда гидроксикамфоралық метаболиттерге дейін гидроксилденеді, содан соң глюкурон қышқылымен байланысады және несеппен шығарылады.

1,8- цинеол (эвкалиптол) тері арқылы өтіп, организмнен байланысқан гидрокситуындылары түрінде өкпе мен бүйрек арқылы шығарылатын эвкалипт майының белсенді компоненті болып табылады.

Фармакодинамикасы

Тыныс алу жолдарының ауруларында жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін дәрі. Тыныс алуды көтермелейді, ЖРА және "салқын тию" симптомдарын қайтарады, антисептикалық, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, бронх кеңітетін әсері бар.

ТераФлю® БРО жақпамайы сау теріні тітіркендірмейді.

Қолданылуы

- суық тию және жөтел кезінде тыныс алуды жеңілдету және қақырықтың бөлінуін жеңілдету үшін

- қалтырау және жөтелмен қатар жүретін жоғары тыныс алу жолдарының қабыну және жұқпалы-қабыну аурулары симптомдарын жеңілдету үшін кешенді ем құрамында қолданылады: жедел бронхитте, созылмалы бронхитте, трахеобронхитте, трахеитте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға ТераФлю® БРО жақпамайы қолданылады.

Жақпамайдың көп мөлшерін орта сызық бойымен кеуде мен арқаның жоғары және ортаңғы бөлігіне, мүмкіндігінше ұйықтар алдында тәулігіне 2-3 рет жағу керек. Толық сіңгенге дейін уқалап жағып, жылы құрғақ матамен жауып қою керек. Жақпамайды бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде аздаған уақыт және шағын аймақтарға ғана қолдануға болады. Қолданудан кейін қолды мұқият жуу керек.

Жағымсыз әсерлер

- тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- эпилепсиялық синдром (сыртартқыда)

- 3 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты сыртқа қолданғандағы дәрілік өзара әрекеттесуі туралы қандай да бір деректер тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған!

Ішке қабылдауға болмайды!

Егер жөтел 7 күннен артық уақытқа созылса, дәрігерге қаралған жөн. Егер балада препарат компоненттерінің кез келгеніне аллергиялық реакция болса, препаратты қолдануға болмайды. Жасы 3-тен 7-ге дейінгі балаларға сақтықпен қолданған жөн.

Жақпамайды шырышты қабыққа (әсіресе, мұрын және ауыздың), күйген беткейлерге және зақымданған теріге жағуға болмайды. Препаратты көзге немесе шырышты қабықтарға тигізіп алғанда, салқын сумен шаю керек.

Киімде майлы іздер және дақтар қалдырмайды.

Жүктілік және лактация

Камфораның плаценталық бөгет арқылы өтетіндігі белгілі. Жүктілік кезеңінде ТераФлю® БРО-ны қолданбаған жөн.

ТераФлю® БРО белсенді заттарының ана сүтіне өтуі жайлы деректер жоқ болғандықтан, препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің түйіліп ауыруы, бас ауыруы, айқын бас айналуы, беттің қызаруы, ыстықты сезіну, тыныс алудың қиындауы, делирий, құрысу, орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуі, кома.

Емі: препаратты кездейсоқ ішке қабылдаған жағдайда алғашқы көмек белсенділендірілген көмір, тұзды іш жүргізгіштерді қабылдау және асқазанды шаю түрінде көрсетіледі. Құрысуларды диазепам немесе натрий тиопенталын көктамыр ішіне баяу енгізумен басуға болады.

Дереу дәрігерлік көмекке жүгіну керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 г препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Новартис Фарма Сервисез АГ» филиалы

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел. 8-800-080-0650 (Қазақстан Республикасы бойынша стационарлық телефондардан қоңырау тегін)

факс: +7 (727) 258-33-03

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

567144311477976853_ru.doc 45 кб
381340291477978014_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники