Теноф

МНН: Тенофовира дизопроксила фумарат
Производитель: Хетеро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenofovir disoproxil
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023522
Информация о регистрации в РК: 20.02.2023 - 20.02.2033
Номер регистрации в РБ: 10990/21
Информация о регистрации в РБ: 27.07.2021 - 27.07.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Теноф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тенофовир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Тенофовир дизопроксилі.

АТХ коды J05AF07

Қолданылуы

- ересектердегі АИТВ-1 инфекцияда кешенді антиретровирусты ем құрамында:

• бұрын емделмеген пациенттерде, АИТВ РНҚ жоғары вирусологиялық супрессиясы бар (> 100 000 көшірме/мл) пациенттерді қоса

бұрын антиретровирусты ем алған және бұрын алған емнің вирусологиялық тиімсіздігі болған (АИТВ РНҚ<10 000 көшірме/мл вирусологиялық супрессиясымен; бұл жағдайда пациенттерде көбінде АИТВ РНҚ вирусологиялық супрессиясы <5000 көшірме/мл құрады) пациенттерде. Пациенттің вирусқа жекелей қарсы тұруын тексеру үшін талдаулардың нәтижесін және/немесе пациенттің ауру тарихын ескеру ұсынылады

- ересектердегі созылмалы вирусты В гепатитінде, төмендегілермен:

• бауырдың компенсацияланған ауруларымен, вирустың белсенді репликациясы белгілерімен, аланинаминотрансферазаның (АЛТ) ұдайы жоғары деңгейімен және белсенді қабыну және/немесе фиброздың гистологиялық белгілерімен

• бауырдың декомпенсацияланған ауруларымен

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тенофовир дизопроксил фумаратына немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)

- туа біткен галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы секілді сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулар

- диданозинмен бір мезгілде қабылдау

- құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау

- адефовир дипивоксилмен бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тенофовирдің шығарылу жолдары негізінде тенофовир мен басқа дәрілік заттар қатысуымен CYP450 арқылы өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмаған

Тенофты құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.

Тенофты адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Диданозин

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды (2-кестені қараңыз).

Бүйрекпен шығарылатын дәрілік заттар

Тенофовир көбінесе бүйрекпен шығарылатындықтан, тенофовир дизопроксилі фумаратын бүйрек функциясын төмендететін немесе hOAT 1, hOAT 3 немесе MRP 4 тасымалдаушы ақуыздары арқылы (мысалы, цидофовирмен) белсенді өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы тенофовир және (немесе) бір мезгілде енгізілген дәрілік препараттар концентрациясын арттыруы мүмкін.

Тенофовир дизопроксилі фумаратын нефроуытты дәрілік заттармен (мысалы, аминогликозидтер, амфотерицин B, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир және интерлейкин-2) бір мезгілде немесе таяуда қолданудан аулақ болу қажет.

Такролимустың бүйрек функциясына ықпал етуі мүмкін екенін ескеріп, оны тенофовир дизопроксилі фумаратымен бір мезгілде қолдану кезінде мұқият бақылау ұсынылады.

Басқа өзара әрекеттесулер

Тенофовир дизопроксилі фумаратының, протеаза тежегіштерінің және протеаза тежегіштері болып табылмайтын антиретровирустық дәрілердің арасындағы өзара әрекеттесулер төмендегі 2-кестеде көрсетілген (артуы «↑», азаюы – «↓», өзгерістің болмауы – «↔», тәулігіне екі рет – «b.i.d.» және тәулігіне бір рет – «q.d.» болып белгіленген).

Емдеу бағыттары бойынша дәрілік зат

(мг доза)

AUC, Cmax, Cmin

препарат деңгейлеріне ықпалы,

орташа пайыздық өзгерісі

300 мг тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде енгізуге қатысты нұсқау

ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ

Антиретровирустық

Протеаза тежегіштері

Атазанавир/ритонавир

(300 q.d./100 q.d./300 q.d.)

Атазанавир:

AUC: ↓ 25 %

Cmax: ↓ 28 %

Cmin: ↓ 26 %

Тенофовир:

AUC: ↑ 37 %

Cmax: ↑ 34 %

Cmin: ↑ 29 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Лопинавир/ритонавир

(400 b.i.d./100 b.i.d./300 q.d.)

Лопинавир/ритонавир.

Лопинавир/ритонавирдің ФК параметрлеріне елеулі ықпалы жоқ.

Тенофовир:

AUC: ↑ 32 %

Cmax.: ↔

Cmin: ↑ 51 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Дарунавир/ритонавир

(300 /100 b.i.d./300 q.d.)

Дарунавир.

Дарунавир/ритонавирдің ФК параметрлеріне елеулі ықпалы жоқ.

Тенофовир:

AUC: ↑ 22 %

Cmin: ↑ 37 %

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері

Диданозин

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі экспозициясының 40-60% ұлғаюына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз құбылыстармен байланысты қауіпті арттыруы мүмкін. Панкреатит пен лактат-ацидоздың жиі емес, кейде өлімге ұшырататын жағдайлары хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану CD4 жасушалар санының едәуір азаюымен байланысты болды, бұл жасушааралық өзара әрекеттесумен байланысты болуы мүмкін, ол фосфорланған (яғни, белсенді) диданозинді арттырады. Тенофовир дизопроксил фумаратымен бірге енгізілетін диданозин дозалануын 250 мг дейін азайту АИТВ-1 инфекциясын емдеуге арналған бірнеше зерттелген біріктірілімдер тұсында вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі жөніндегі хабарламалармен байланысты болды.

Тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Адефовир дипивоксилі

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксилі фумаратын адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Энтекавир

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксилі фумаратын энтекавирмен бір мезгілде қолданғанда клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері болмаған.

С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілер

Ледипасвир/Софосбувир

(90 мг/400 мг q.d.) +

Aтазанавир/Ритонавир

(300 мг q.d./100 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Tенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)1

Ледипасвир:

AUC: ↑ 96%

Cmax: ↑ 68%

Cmin: ↑ 118%

Sofosbuvir:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 42%

Атазанавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 63%

Ритонавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 45%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын, ледипас-вирді/софосбувирді және ата-занавир/ритонавирді бірге қабылдау нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратының ледипасвирмен/софосбувир-мен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланудағы қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер емдеудің басқа баламалары мүмкін болмаса, бұл біріктірілімді бүйрек функциясын мұқият бақылай отырып сақтықпен қабылдау ұсынылады Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

Cmax: ↑ 47%

Cmin: ↑ 47%

Ледипасвир/Софосбувир

(90 мг/400 мг q.d.) +

Дарунавир/Ритонавир

(800 мг q.d./100 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)1

Ледипасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Софосбувир:

AUC: ↓ 27%

Cmax: ↓ 37%

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 48%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 50%

Cmax: ↑ 64%

Cmin: ↑ 59%

Тенофовир дизопроксил фумаратын, ледипас-вирді/софосбувирді және дарунавир/ритонавирді бірге қабылдау нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін. Тенофовир дизопроксилі фумаратының ледипасвирмен/софосбувир-мен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланудағы қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер емдеудің басқа баламалары мүмкін болмаса, бұл біріктірілімді бүйрек функциясын мұқият бақылай отырып сақтықпен қабылдау ұсынылады Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ледипасвир/Софосбувир

(90 мг/400 мг q.d.) +

Эффавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты

(600 мг/200 мг/300 мг q.d.)

Ледипасвир:

AUC: ↓ 34%

Cmax: ↓ 34%

Cmin: ↓ 34%

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эфавиренз:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 98%

Cmax: ↑ 79%

Cmin: ↑ 163%

Ледипасвир/Софосбувир

(90 мг/400 мг q.d.) + Эмт-рицитабин/Рилпивирин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/25 мг/300 мг q.d.)

Ледипасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 91%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ледипасвир/Софосбувир (90 мг/400 мг q.d.) +

Долутегравир (50 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Ледипасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Долутегравир

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 65%

Cmax: ↑ 61%

Cmin: ↑ 115%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Атазанавир/Ритонавир

(300 мг q.d./100 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 42%

Велпатасвир:

AUC: ↑ 142%

Cmax: ↑ 55%

Cmin: ↑ 301%

Атазанавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 39%

Ритонавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↑ 29%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

Cmax: ↑ 55%

Cmin: ↑ 39%

Тенофовир дизопроксил фумаратын, софосбуви-р/велпатасвирді және ата-занавир/ритонавирді бірге қабылдау нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін.

Тенофовир дизопроксилі фумаратының софос-бувир/велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланудағы қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер емдеудің басқа баламалары мүмкін болмаса, бұл біріктірілімді бүйрек функциясын мұқият бақылай отырып сақтықпен қабылдау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Дарунавир/Ритонавир

(800 мг q.d./100 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Teнофовир дизопроксил фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↓28%

Cmax: ↓ 38%

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↓ 24%

Cmin: ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын, софосбуви-р/велпатасвирді және дарунавир/ритонавирді бірге қабылдау нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін.

Тенофовир дизопроксилі фумаратының софос-бувир/велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланудағы қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер емдеудің басқа баламалары мүмкін болмаса, бұл біріктірілімді бүйрек функциясын мұқият бақылай отырып сақтықпен қабылдау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 39%

Cmax: ↑ 55%

Cmin: ↑ 52%

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Лопинавир/Ритонавир

(800 мг/200 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↓ 29%

Cmax: ↓ 41%

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↓ 30%

Cmin: ↑ 63%

Лопинавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

Cmax: ↑ 42%

Cmin: ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын, софосбуви-р/велпатасвирді және лопинавир/ритонавирді бірге қабылдау нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін.

Тенофовир дизопроксил фумаратының софос-бувир/велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланудағы қауіпсіздігі анықталмаған.

Егер емдеудің басқа баламалары мүмкін болмаса, бұл біріктірілімді бүйрек функциясын мұқият бақылай отырып сақтықпен қабылдау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Ралтегравир (400 мг b.i.d) +

Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Ралтегравир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↓ 21%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

Cmax: ↑ 46%

Cmin: ↑ 70%

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(600 мг/200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↑ 38%

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Велпатасвир:

AUC: ↓ 53%

Cmax: ↓ 47%

Cmin: ↓ 57%

Эфавиренз:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 81%

Cmax: ↑ 77%

Cmin: ↑ 121%

Софосбувир/Велпатасвирді және эфавирензді бірге қолдану қан плазмасында велпатасвир концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі.

Софосбувирді/велпатасвирді құрамында эфавиренз бар препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Софосбувир/Велпатасвир

(400 мг/100 мг q.d.) +

Эмтрицитабин/Рилпивирин/Тенофовир дизопроксилі фумараты

(200 мг/25 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

Cmax: ↑ 44%

Cmin: ↑ 84%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының ұлғаюы, бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Софосбувир

(400 мг q.d.) +

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Tенофовир дизопроксилі фумараты

(600 мг/200 мг/300 мг q.d.)

Софосбувир:

AUC: ↔

Cmax: ↓ 19%

GS-3310072:

AUC: ↔

Cmax: ↓ 23%

Эфавиренз:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Cmax: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

Cmax: ↑ 25%

Cmin: ↔

Дозаны түзету қажет емес.

1 Ледипасвирмен/софосбувирмен бір мезгілде қолданған кезде алынған мәліметтер. Сатылап қолдану кезінде (әрбір 12 сағатта) осыған ұқсас нәтижелер алынды.

2 Софосбувирдің айналымдағы басым метаболиті.

Басқа дәрілік заттармен бірге қолдану

Тенофовир дизопроксил фумаратын эмтрицитабинмен, ламивудинмен, индинавирмен, эфавирензбен, нельфинавирмен, саквинавирмен (ритонавирмен күшейтілген), метадонмен, рибавиринмен, рифампицинмен, такролимуспен және норгестимат/этинилэстрадиол гормональді контрацептивімен бір мезгілде қолдану кезінде клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.

Тенофовир дизопроксил фумаратын тамақпен бірге қабылдау керек, өйткені ас ішу тенофовир биожетімділігін арттырады.

Арнайы ескертулер

Тенофовир дизопроксил фумаратымен емді бастар алдында, В гепатиті вирусын жұқтырған барлық пациенттерге АИТВ-ға антиденелер тұрғысынан талдау жасауды ұсыну керек.

АИТВ-1

Антиретровирустық ем кезінде вирустың тиімді түрде бәсеңдетілуі вирустың жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір азайтатынына қарамастан, қалдық қауіпті жоққа шығару мүмкін емес. Вирустың берілуіне ұлттық ұсынымдарға сәйкес профилактика шараларын қолдану керек.

Созылмалы В гепатиті

Пациенттер тенофовир дизопроксил фумаратының жыныстық қатынас немесе қанға түсіп кету жолымен өзге тұлғаларға АИТВ немесе B гепатиті вирусының берілу қатерін болдырмайтынына дәлелдер жоқ екенінен хабардар болуы тиіс. Тиісті алдын ала сақтану шараларын қабылдауды жалғастыру қажет.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану

  • Тенофты құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.

  • Тенофты адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

  • Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану диданозиннің жүйелі экспозициясының 40-60 % ұлғаюына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін. Панкреатит пен лактат-ацидоздың жиі емес, кейде өлімге ұшырататын жағдайлары хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану CD4 жасушалар санының едәуір азаюымен байланысты болды, бұл жасушааралық өзара әрекеттесумен байланысты болуы мүмкін, ол фосфорланған (яғни, белсенді) диданозинді арттырады. Тенофовир дизопроксилі фумаратымен бірге диданозинді азайтылған 250 мг дозасында қолдану АИТВ-1 инфекциясын емдеуге арналған бірнеше біріктірілімдер тұсында вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі жөніндегі хабарламалармен байланысты болды.

Нуклеозидтермен/нуклеотидтермен үштік емдеу

Егер тәулігіне 1 рет енгізу сызбасы бойынша тенофовир дизопроксил фумараты ламивудинмен және абакавирмен, сондай-ақ ламивудинмен және диданозинмен үйлестірілгенде вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі және ерте сатыдағы АИТВ-пациенттерде төзімділіктің пайда болуы жөнінде мәлімдемелер түскен.

Ересектердегі бүйрек және сүйек функциясына ықпалы

Бүйрек функциясына ықпалы. Тенофовир, ең алдымен, бүйрекпен шығарылады. Клиникалық тәжірибеде тенофовир дизопроксил фумаратын қолданған кезде бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылулары, креатинин деңгейінің көтерілуі, гипофосфатемия және проксимальді тубулопатия (Фанкони синдромын қоса) туралы хабарламалар түскен.

Бүйрек функциясын бақылау. Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу басталғанша пациенттердің бәрінде 2-4 апта емдеуден кейін, сосын 3 ай емдеуден кейін, ал содан соң бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоқ болған кезде – әр 3-6 ай сайын креатинин клиренсін анықтау және бүйрек функциясын бақылау (креатинин клиренсі мен сарысудағы фосфат деңгейі) ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі жоғары пациенттерде бүйрек функциясын жиірек бақылап отыру қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттермен жұмыс жүргізу. Егер тенофовир дизопроксилі фумаратын алатын пациентте қан сарысуындағы фосфат деңгейі < 1,5 мг/дл (0,48 ммоль/л) немесе креатинин клиренсі < 50 мл/мин дейін төмендесе, қандағы глюкоза, қандағы калий және несептегі глюкоза концентрациясының деңгейін анықтауды қоса, 1 апта ішінде бүйрек функциясын қайта бағалау қажет. Креатинин клиренсі < 50 мл/мин дейін төмендеген немесе қан сарысуындағы фосфат деңгейі < 1,0 мг/дл (0,32 ммоль/л) дейін төмендеген ересек пациенттерде тенофовир дизопроксилі фумаратымен емдеуді тоқтату қажеттілігін де қарастыру керек. Егер бұл жағдайдың басқа себебі анықталмаса, бүйрек функциясының үдемелі төмендеу жағдайында да тенофовир дизопроксилі фумаратын қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Бірге қолдану және бүйректік уыттану қаупі. Тенофовир дизопроксил фумаратын нефроуытты дәрілік заттармен (мысалы, аминогликозидтер, амфотерицин В, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир және интерлейкин-2) бір мезгілде немесе таяуда қолданудан аулақ болу қажет. Егер тенофовир дизопроксил фумараты мен нефроуытты дәрілерді бір мезгілде қолданбау мүмкін емес болса, бүйрек функциясын апта сайын бақылау қажет.

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдайтын және бүйрек функциясы бұзылуының қауіп факторлары бар пациенттерде, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың (ҚҚСП) жоғары дозаларын немесе бірнешеуін қабылдай бастағаннан кейін жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. ҚҚСП мен тенофовир дизопроксил фумаратын бір мезгілде қолданған кезде бүйрек функциясын мұқият қадағалау керек.

Бүйректің зақымдану қаупінің жоғарылауы тенофовир дизопроксил фумаратын ритонавирмен немесе протеаза тежегіші күшейтілген кобицистатпен үйлестіре қабылдайтын пациенттерде байқалған. Мұндай пациенттер бүйрек функциясын мұқият бақылауды қажет етеді. Бүйректің зақымдануының қауіп факторлары бар болса, тенофовир дизопроксилі фумаратын күшейтілген протеаза тежегіштерімен бірге қолдану қажеттігіне мұқият баға беру керек.

Адамның органикалық аниондарын тасымалдаушылардың тасымал ақуыздарын (human organic anion transporter – hOAT) 1 және 3 немесе MRP 4 (мысалы, цидофовир – белгілі нефроуытты дәрілік зат) қоса, сол жолмен – бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік заттарды алатын пациенттерде тенофовир дизопроксилі фумаратына клиникалық бағалау жүргізілмеген. Бұл бүйректік тасымал ақуыздары тенофовир мен цидофовирдің тубулярлы сөлінісі мен ішінара бүйрекпен шығарылуына себеп бола алады. Сондықтан 1 және 3 hOAT тасымал ақуыздарын немесе MRP 4 қоса, сол сияқты бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы бір мезгілде қолданылған жағдайда өзгеруі мүмкін. Аса қажеттілігі болмаса, бүйрек арқылы бірдей шығарылатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер бұлай қолданбау мүмкін болмаса, бүйрек функциясын апта сайын бақылап отыру керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) пациенттерде тенофовирдің бүйрекке қауіпсіздігі өте шектеулі дәрежеде зерттелген.

Креатинин клиренсі < 50 мл/мин пациенттер, соның ішінде гемодиализ қажет болатын пациенттер. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін тенофовир дизопроксилі фумаратының әсер ету қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Осы себептен, егер емнің әлеуетті пайдасы әлеуетті қатерінен асып кетеді деп саналғанда ғана, тенофовир дизопроксилі фумаратын қолдану қажет. Бүйрек функциясының бұзылулары ауыр пациенттерге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) және гемодиализ қажет болатын пациенттерге тенофовир дизопроксилі фумаратын қолдану ұсынылмайды. Егер бірде-бір баламалы емдеу қолжетімді болмаса, дозалау аралығын түзетіп, бүйрек функциясын мұқият қадағалау қажет.

Сүйектерге әсер етуі. АИТВ инфекциясын жұқтырған, бұрын антиретровирустық препараттар қабылдамаған пациенттерде ортан жілік және омыртқа сүйектерінің минералдық тығыздығының аздап азаюы байқалды.

Сүйек аномалиялары (аракідік сыну себептерінің бірі болған) проксимальді бүйректік тубулопатиямен байланысты болуы мүмкін. Сүйек ақаулары күдік тудырғанда немесе анықталғанда тиісті кеңестер алу қажет.

Бүйрек функциясын бақылау. Емдеуді бастар алдында бүйрек функциясына (креатинин клиренсі және сарысудағы фосфат деңгейі) баға беру қажет, сондай-ақ емдеу барысында ересектердегідей бақылау жасау қажет (жоғарыдан қараңыз).

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді емдеу. Егер тенофовир дизопроксил фумаратын алатын балалар жасындағы кез келген пациентте қан сарысуындағы фосфат деңгейі < 3,0 мг/дл (0,96 ммоль/л) болып анықталса, қандағы глюкоза, қандағы калий деңгейін және несептегі глюкоза концентрациясының деңгейін анықтауды қоса, 1 апта ішінде бүйрек функциясын қайта бағалау қажет. Бүйрек тарапынан болатын кемістіктерден күдіктенгенде немесе осындай кемістіктер табылғанда тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеуді тоқтату қажеттілігін қарастыру мақсатында нефрологпен кеңесу қажет. Егер бұл жағдайдың басқа себебі анықталмаса, бүйрек функциясының үдемелі төмендеу жағдайында да тенофовир дизопроксилі фумаратын қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Бірге қолдану және бүйректің уыттану қаупі. Ересектер үшін қолданылатын дәл сол ұсынымдарды қадағалау қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Тенофовир дизопроксилі фумаратын бүйрек функциясы бұзылған балаларда қолдану ұсынылмайды. Бүйрек функциясы бұзылған балаларда тенофовир дизопроксилі фумаратымен емдеуді бастауға болмайды, сондай-ақ тенофовир дизопроксилі фумаратымен ем барысында бүйрек функциясының бұзылуы дамыған балалар жасындағы пациенттерде емдеуді тоқтату қажет.

Сүйектерге әсер етуі. Теноф сүйектердің минералдық тығыздығының азаюына себеп болуы мүмкін. Тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты сүйектердегі минералдық тығыздық өзгерісінің келешекте кейіннен білінетін сүйектің саулығына және қазіргі уақыттағы және болашақтағы сынулар қаупіне ықпал етуі белгісіз.

Бауыр аурулары

Бауыры ауыстырып салынған пациенттер үшін қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер өте шектеулі.

В гепатитін жұқтырған, бауыр ауруы декомпенсацияланған және Child-Pugh-Turcotte (CPT) жіктеуі бойынша > 9 дәрежесіндегі пациенттер үшін тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер шектеулі. Мұндай пациенттерде бауыр және бүйрек тарапынан болатын күрделі жағымсыз әсерлер қаупі аса жоғары болуы мүмкін. Сол себепті пациенттердің осы қауымында гепатобилиарлы және бүйректік параметрлерді мұқият бақылау қажет.

Гепатиттің өршуі

Емдеу кезіндегі өршу. Созылмалы гепатит B типінің кенет өршуі салыстырмалы түрде жиі болады және қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің уақытша жоғарылауымен сипатталады. Кейбір пациенттерде антивирустық ем басталған соң қан сарысуындағы АЛТ деңгейі көтерілуі мүмкін. Бауыр ауруы компенсацияланған пациенттерде қан сарысуындағы АЛТ деңгейінің осылай жоғарылауы, әдетте, қан сарысуындағы билирубин концентрациясының артуымен немесе бауыр декомпенсациясымен қатар жүрмейді. Бауыр циррозы бар пациенттерде гепатиттің өршуінен кейін бауыр декомпенсациясының қаупі жоғары болуы мүмкін, сондықтан да емдеу кезінде оларды мұқият қадағалау қажет.

Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі өршу.

B гепатитін емдеуді тоқтатқан пациенттерде гепатиттің жедел ұстамасы туралы да мәлімделген. Емдеуден кейінгі өршуі, әдетте, В гепатиті вирусының ДНҚ жоғарылауымен байланысты, әрі олардың көпшілігі өздігінен шектеулі болып табылады. Алайда, өлімге ұшырау жағдайларын қоса, ауыр сипатты өршулері хабарланған. B гепатитін емдеуді тоқтатқаннан кейін 6 ай бойы клиникалық және зертханалық көрсеткіштер бойынша бауырдың функционалдық жағдайын ұдайы бақылау қажет. Қажет болған жағдайда B гепатитін емдеуді жаңғырту мақсатқа сай болуы мүмкін. Бауыр ауруы дамыған немесе циррозға шалдыққан пациенттер үшін емдеуді тоқтату ұсынылмайды, өйткені емделуден кейін гепатиттің өршуі бауыр декомпенсациясына әкелуі мүмкін.

Бауыр ауруы компенсацияланбаған пациенттерде гепатиттің өршуі ерекше күрделі, ал кейде өлімге ұшыратады.

C немесе D гепатитін қатар жұқтыру. C немесе D гепатиті вирусын қатарлас жұқтырған пациенттердегі тенофовир тиімділігіне қатысты деректер жоқ.

АИТВ 1 және B гепатитін қатар жұқтыру. АИТВ/В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде, АИТВ төзімділігінің даму қаупіне байланысты, тенофовир дизопроксил фумаратын тиісінше біріктірілген антиретровирустық ем сызбасының бір бөлігі ретінде ғана қолдану қажет. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр функциясы бұрыннан бұзылған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары болады, әрі оларды стандартты тәжірибеге сәйкес бақылау қажет. Мұндай пациенттерде бауыр ауруы ағымының нашарлау белгілері болғанда емдеуде үзіліс жасау немесе емді тоқтату мәселесін қарастыру керек. Алайда тенофовирмен емделу кезінде АЛТ деңгейі жоғарылауы вирустық В гепатитімен науқастардағы клиренстің бір бөлігі болуы мүмкін.

С гепатитін емдеуге арналған препараттармен бір мезгілде қолдану

Тенофовир дизопроксилі фумаратын ледипасвир/софосбувирмен немесе софосбувир/велпатасвирмен, әсіресе құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар АИТВ-препараттармен, және фармакокинетикалық күшейткіштермен (ритонавирмен немесе кобицистатпен) бірге қолдану нәтижесінде тенофовирдің қан плазмасындағы концентрациясы ұлғаяды.

Тенофовир дизопроксил фумаратының ледипасвирмен/софосбувирмен немесе софосбувирмен /велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен бірге пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған.

Ледипасвир/софосбувирді немесе софосбувир/велпатасвирді тенофовир дизопроксилі фумаратымен, күшейтілген АИТВ протеаза тежегішімен (мысалы, атазанавирмен немесе дарунавирмен) бірге тағайындауға байланысты әлеуетті қауіптер мен пайданы, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі жоғары пациенттерде ескеру керек.

Ледипасвир/софосбувирді немесе софосбувир/велпатасвирді тенофовир дизопроксилі фумаратымен және күшейтілген АИТВ протеаза тежегішімен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды бақылау қажет

Липодистрофия

АИТВ инфекциясы бар пациенттерде БАРЕ организмде майдың қайта таралуымен (липодистрофия) байланысты болды. Осы құбылыстардың кейіннен білінетін зардаптары қазіргі таңда белгісіз. Механизмі туралы деректер толық емес. Висцеральді липоматоз бен протеаза тежегіштерінің және липоатрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерінің арасындағы байланыс туралы гипотеза бар. Липодистрофия қатерінің жоғарылауы пациенттердің егде жасы сияқты жекеше факторлардан және антиретровирустық емнің өте ұзаққа созылуы мен содан туындайтын метаболизм бұзылулары сияқты дәрілік затпен байланысты факторлардан болуы мүмкін. Клиникалық тексеруде организмде майдың қайта таралуының физикалық белгілерін бағалау қамтылуы тиіс. Ашқарындағы қан сарысуындағы липидтер көрсеткішіне және қандағы глюкоза деңгейіне көңіл бөлу керек. Клиникалық қажеттілік жағдайында липидтер метаболизмінің бұзылуын бақылау қажет.

Тенофовир құрылымы жағынан нуклеозид аналогтарына жатады, сондықтан липодистрофия қатерін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, бұрын антиретровирустық дәрілермен емделмеген АИТВ жұқтырған пациенттерден алынған деректер липодистрофия қатерінің тенофовир дизопроксил фумараты жағдайында, ставудин қолданған кездегіден егер ол ламивудинмен және эфавирензбен бірге енгізілсе, аз болғанын көрсетеді.

Митохондриялық функцияның бұзылуы

Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтар әртүрлі дәрежедегі митохондрия зақымдануына әкеледі. Нуклеозид аналогтарының әсеріне in utero және (немесе) постнатальді кезеңде ұшыраған ерте жастағы АИТВ-теріс сәбилердегі митохондриялық дисфункция туралы хабарламалар түскен. Негізгі хабарланған жағымсыз әсерлер гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения) және метаболизмдік бұзылулар (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болды. Бұл құбылыстар көбінесе қысқа мерзімді сипатта болады. Кешірек басталған кейбір неврологиялық бұзылулар (гипертония, конвульсиялар, мінез-құлық кемістігі) жөнінде хабарламалар түскен. Қазіргі таңда неврологиялық бұзылулардың уақытша немесе тұрақты болатыны белгісіз. Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтар әсеріне in utero ұшыраған кез келген сәби, тіпті АИТВ-теріс балалар тиісті белгілері мен симптомдары жағдайында митохондриялық функцияның бұзылу мүмкіндігіне қатысты клиникалық және зертханалық бақылау мен толық тексеруден өтуі тиіс. Бұл нәтижелер вертикальді АИТВ берілуінің профилактикасы үшін жүкті әйелдерге антиретровирустық ем қолдану туралы ағымдағы ұлттық нұсқауларға ықпал етпейді.

Салмақ және метаболизмдік параметрлер

Антиретровирустық ем кезінде салмақтың және қандағы липидтер мен глюкоза деңгейлерінің артуы мүмкін. Мұндай өзгерістер аурудың сатысымен және өмір салтымен ішінара байланысты болуы мүмкін. Тиімді емдеудің липидтерді қалпына келтірудің дәлелдері бар. Алайда салмақты ретке келтірудің дәлелдері жоқ. АИТВ-инфекцияны емдеу кезінде қандағы липидтер мен глюкоза деңгейлеріне мониторинг жүргізу қажет. Липидтер деңгейінің ауытқуы клиникалық тұрғыда бақылануы тиіс.

Иммундық реактивация синдромы

БАРЕ енгізу сәтінде иммундық жеткіліксіздігі ауыр АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде асимптоматикалық немесе қалдық оппортунистік патогендерге қабыну реакциясы болуы мүмкін, бұл күрделі клиникалық жағдайларға немесе симптомдардың күшеюіне себеп болуы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар БАРЕ басталған алғашқы бірнеше аптаның немесе айдың ішінде байқалған. Сәйкес мысалдары цитомегаловирустық ретинит, жайылған және (немесе) ошақтық микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jiroveci пневмониясы болып табылады. Кез келген қабыну симптомдарын бағалап, қажет болса, ем тағайындау керек.

Иммундық реактивация синдромы кезінде аутоимундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы) туралы да хабарланған. Алайда баяндалған көрініс беру уақыты аса құбылмалы, әрі бұл құбылыстар ем басталғаннан кейін көп ай өткен соң болуы мүмкін.

Остеонекроз

Шығу тегі көп факторлы (кортикостероидтар қолдануды, алкоголь тұтынуды, иммунитеттің қатты төмендеуін, дене салмағы индексінің жоғары мәнін қоса) болып саналса да, атап айтқанда, АИТВ ауруы дамыған және (немесе) біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) әсері ұзаққа созылған пациенттерге қатысты остеонекроз жағдайлары хабарланды. Пациенттерге, егер олар буындардың ауыруын, буындардың иілмеуін немесе қозғалу кезінде қиналыс сезінсе, дәрігерге жүгінуге кеңес беру керек.

Егде жастағы пациенттер

Тенофовир дизопроксил фумараты 65 жастан асқан пациенттерде зерттелмеген. Жасы ұлғайған пациенттерде бүйрек функциясының нашарлау ықтималдығы зор, сондықтан егде жастағы пациенттерді тенофовир дизопроксил фумаратымен емдегенде сақ болу қажет.

Лактоза

Препараттың құрамында лактоза бар. Тенофты лактоза жақпаушылығы, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылысына байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерін ескеріп, автокөліктерді және басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

АИТВ-1 немесе созылмалы В гепатитін емдеу үшін ұсынылған дозасы ішке, тамақ ішу кезінде күніне бір рет 300 мг бір таблетканы құрайды.

Емдеу ұзақтығы

Созылмалы В гепатиті

Емдеудің қолайлы ұзақтығы белгісіз. Төменде көрсетілген жағдайларда емдеудің тоқтатылуы мүмкін:

  • циррозсыз, В гепатиті вирусының антигеніне (HBeAg) оң реакция беретін пациенттерді емдеу HBe сероконверсиясын (В гепатиті вирусы антигендерінің және В гепатитінің ДНҚ-вирусының жоғалуы анти-НВе анықталуымен бірге) расталғаннан кейін кемінде 6-12 ай немесе HBs сероконверсиясына дейін, немесе тиімділігі жоғалғанға дейін жалғастырылуы тиіс. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қан сарысуындағы АЛТ деңгейін және виремияның қандай да бір кешеуілдеп қайталануын анықтау мақсатында, В гепатитінің ДНҚ вирусын тұрақты түрде тексеріп отыру қажет.

  • циррозсыз, В гепатиті вирусының антигеніне теріс реакциясы бар пациенттерді емдеу, ең кемінде, HBs сероконверсиясына немесе емдеу тиімділігінің жоғалу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырылуы тиіс. 2 жылдан астамға созылатын ұзартылған емдеу жағдайында пациент үшін таңдап алынған емнің жарамдылығын айғақтау үшін емдеуді жүйелі түрде қайта қарастырып отыру керек.

Сирек жағдайларда жұту қиындық тудыратын пациенттер Теноф таблеткасын су, апельсин немесе жүзім шырындарының 100 мл-де еріткеннен кейін қабылдауы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер: 65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылатын дозаларына қатысты деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Орташадан күрделі сатыға дейінгі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Тенофты қабылдағанда препарат экспозициясының айтарлықтай жоғарылауы байқалған. Сондықтан бастапқы креатинин клиренсі < 50 мл/мин пациенттер үшін 1-кестеде берілген ұсынымдарды қолданып, Тенофтың дозалау аралығын реттеу керек. Бүйрек функциясының орташа немесе елеулі бұзылуы бар (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) пациенттерде дозалаудың осы аралығының қауіпсіздігі және тиімділігі бағаланған жоқ, сондықтан осындай пациенттер үшін емдеуге клиникалық жауапты және бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

1-кесте. Креатинин клиренсінің өзгеруі бар пациенттерде дозаны түзету

Креатинин клиренсі (мл/мин) 1

Гемодиализдегі пациенттер

≥ 50

30-49

10-29

300 мг дозалар аралығындағы ұсынылған интервал

Әрбір 24 сағатта

Әрбір 48 сағатта

Әрбір 72-96 сағатта

Әрбір 7 күнде немесе диализден2 кейін шамамен 12 сағаттан соң

1 Мінсіз дене салмағына есептелген.

2 Әдетте аптасына ұзақтығы шамамен 4 сағаттық гемодиализдің үш сеансы жүргізіледі. Тенофовир дизопроксил фумаратын диализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.

Гемодиализ жасалмайтын креатинин клиренсі <10 мл/мин пациенттерде фармакокинетикасы бағаланған жоқ, сондықтан олар үшін дозасына қатысты ұсыныстар жоқ.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, шаршағыштық, ысыну, бас ауыруы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, өкпе инфильтраттары, бөртпе, бас айналуы, құсу, салмақты жоғалту, аллергиялық реакция.

Емі: гемодиализ, уыттылық белгілеріне қатысты пациенттерге мониторинг жүргізу және қажет болғанда – демеуші ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар

Егер пациент таблетканы уақытылы қабылдамаса (әдеттегі қабылдаудан кейін 12 сағаттың ішінде), онда ол Теноф таблеткасын тағаммен мүмкіндігінше тезірек қабылдауы керек және содан кейін дозалаудың әдеттегі режиміне оралуы керек.

Егер пациент таблетканы қабылдауды өткізіп алса, және 12 сағаттан астам уақыт өтсе, және келесі таблетканы қабылдайтын уақыт келсе, екі еселенген дозаны қабылдауға болмайды, дозалаудың әдеттегі режиміне оралу керек.

Егер пациент препарат таблеткасын қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң құсқан болса, басқа таблетканы қабылдауы керек. Егер препаратты қабылдаған уақыттан құсқанға дейін 1 сағаттан артық уақыт өтсе, Теноф таблеткасын қайта қабылдау қажет емес.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)»

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл -Фараби – 13 даңғ., Нұрлы –Тау бизнес орталығы, Блок 1В, кеңсе 502

Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352

regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар

Өте жиі

- Гипофосфатемия1

- Бас айналу

- Диарея, құсу, жүректің айнуы

- Бөртулер

- Астения

Жиі

- Бас ауыру

- Іштің ауыруы, іш кебуі, метеоризм

- трансаминаза деңгейінің жоғарылауы

- Шаршағыштық

Жиі емес

- Гипокалиемия1

- Панкреатит

- Рабдомиолиз1, бұлшықет әлсіздігі1

- Креатинин жоғарылауы

Сирек

- Лактатацидоз

- Бауырдың майлы дегенерациясы, гепатит

- Ангионевроздық ісіну

- Остеомаляция (сүйектердегі ауыру ретінде білінеді және сыну себептерінің бірі болып табылуы жиі емес)1, 2, миопатия

- Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел тубулярлы некроз, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (соның ішінде Фанкони синдромы), нефрит (соның ішінде жедел интерстициальді нефрит)2, нефрогенді қантсыз диабет

Өте сирек

- Гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, инсулин резистенттілік, гипергликемия және гиперлактатемия

Ерекше сирек / Жекелеген жағдайларда және т.с.с.

- Остеонекроз

Қосымша мәліметтер

құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- 300.00 мг тенофовир дизопроксил фумараты,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты (Фарматоза 200 М), микрокристалды целлюлоза (Avicel РН 101), желатинделген крахмал (Крахмал 1500), магний стеараты,

қабығының құрамы: Опадри ІІ ақшыл-көк (32К505038) (лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/Гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, FD&С Көгілдір #2/Индигокармин алюминий 3 % - 5 % (Е132))

сипаттамасы

Бадам дәні пішіндес, бір жағында 'H' және екінші жағында '123' таңбасы бар ақшыл-көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг.

30 таблеткадан жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған контейнерге салынған.

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

HETERO LABS LIMITED,

22-110, IDA, Jeedimetla, Hyderabad – 500 055, Telangana ҮНДІСТАН, contact@heterodrugs.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

HETERO LABS LIMITED,

22-110, IDA, Jeedimetla, Hyderabad – 500 055, Telangana ҮНДІСТАН, contact@heterodrugs.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)»

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл -Фараби даңғ. – 13, Нұрлы –Тау бизнес орталығы, Блок 1В, кеңсе 502

Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352

regulatory-pvg.kz@camberglobal.com

Прикрепленные файлы

Теноф_рус.doc 0.2 кб
Теноф_каз.doc 0.21 кб
10990_21_p.pdf 1.18 кб
10990_21_s.pdf 4.42 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ