Танфлекс

МНН: Бензидамин
Производитель: АБДИ ИБРАГИМ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№009592
Информация о регистрации в РК: 22.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Танфлекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі

Ауыз қуысына арналған 0,15% спрей

Құрамы

1 мл-лік спрейдің құрамында

белсенді зат – 1.500 мг бензидамин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий бикарбонаты, полисорбат 20, 96% этил спирті, тазартылған су, глицерин, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат, жалбыз эссенциясы.

Сипаттамасы

Жалбыз иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакологиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды А01АD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда препарат шырышты қабық арқылы жақсы сіңіріледі және қабынған тіндерге енеді.

Препарат негізінен бүйрекпен және ішек арқылы метаболиттер және конъюгация өнімдері түрінде шығарылады.

Жергілікті қолдануға арналған дәрілік түрлері жүйелі әсер етпейді және емшек сүтіне енбейді.

Фармакодинамикасы

Бензидамин қабынуға қарсы препарат болып табылады, индазолдар тобына жатады. Қабынуға қарсы және жергілікті ауырғанды басатын әсер етеді, микроорганизмдердің кең ауқымына қарсы антисептикалық әсері бар.

Препараттың әсер ету механизмі жасушалық жарғақшалардың тұрақтануымен және простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты.

Бензидамин кейіннен жасушалық құрылымдарды зақымдаумен, метаболизмдік үдеріс бұзылыстарымен және жасуша лизисімен микроорганизмдердің жарғақшалар арқылы жылдам енуі есебінен бактерияға қарсы және микробқа қарсы спецификалық әсер етеді.

Қолданылуы

ЛОР мүшелерінің және ауыз қуысының этиологиясы әртүрлі қабыну ауруларында: (кешенді ем құрамында)

- гингивитте, глосситте, стоматитте (оның ішінде сәуле және химиотерапиясынан кейін)

- баспада, фарингитте, ларингитте, тонзиллитте

- ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозында

- сілекей бездерінің калькулездік қабынуларында

- операциялық араласулар мен жарақаттардан кейін (тонзиллэктомия, жақтың сынуы)

- тісті емдегеннен немесе жұлғаннан кейін

- пародонтозда

Жүйелік емдеуді қажет ететін инфекциялық және қабыну аурулары кезінде біріктірілген ем құрамында Тафлекс қолдану қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

3-6 жастағы балаларға - 1-4 дозадан (ең жоғарысы - 4 доза) әрбір 1,5-3 сағат сайын, 6-12 жастағы балаларға - 4 дозадан әрбір 1,5-3 сағат сайын, ересектерге - 4-8 дозадан 1,5-3 сағат сайын.

Емдеу курсы:

- ЛОР мүшелерінің және ауыз қуысының этиологиясы әртүрлі қабыну ауруларында – 4-тен 15 күнге дейін,

- одонто-стоматологиялық патология кезінде – 6-дан 25 күнге дейін,

- операциялық араласулар мен жарақаттардан кейін (тонзилэктомия, жақтың сынуы) - 4-тен 7 күнге дейін.

Препаратты ұзақ қолданғанда дәрігердің кеңесі қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар – ауыздың құрғауы, жансыздануды сезіну, ауыз қуысын күйдіріп ашыту

Сирек – аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі), ұйқышылдық

Өте сирек – ларингоспазм

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Танфлекс препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Спрейді көзге тигізіп алмаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың пайдаланылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті және жоғары зейін қоюды талап ететін өзге де қызметтерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі кезде Танфлекс препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл немесе 30 мл препараттан пульверизатормен жабдықталған күңгірт шыны құтыға құйылған. 1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85

Электрондық пошта: info@aigp.kz

 

 

Прикрепленные файлы

937636111477976248_ru.doc 51.5 кб
734541681477977512_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники