Спирт этиловый (раствор 90%, Мicrohim)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Этил спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 70% және 90 %
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.
АТХ коды D08AX08
Қолданылуы
- медициналық практикада этил спирті негізінен сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде сүртуге, компресстерге қолданылады
- хирургтың қолын, операция алаңын, медициналық құрал-аспаптарды өңдеу.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- тері қабатының бүтіндігі бұзылған жедел қабыну үдерістері
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Тек сыртқа, дымқылдау түрінде!
Ішке – қолдануға болмайды!
Терінің сыртқы емінде мақта тампондар, сүрткілер көмегімен теріге жағылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.
Арнайы сақтандырулар
Балаларға
Балаларға компресс үшін сұйылтуды 1:4 (спирт және су) - 90% ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70% ерітінді үшін қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен қолдану керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезіндегі препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Сыртқа – мақта тампондар, сүрткілер көмегімен теріге жағады. Компресс жасайды
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Жергілікті қолданғанда артық дозалануы екіталай.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда, өтініш, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- аллергиялық реакциялар
- терінің, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі, құрғауы және күйіп қалуы
- компресс салынған жердегі ауырсыну
- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
- ОЖЖ бәсеңдетуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1,0 мл препараттың құрамында 70% 90 %
белсенді зат - 96 % этанол 0,665 г 0,913 г қосымша зат: тазартылған су. |
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз спиртке тән иісі және кермек дәмі бар сұйықтық, оңай тұтанады, көк түсті әлсіз жарқыраған түтінсіз жалынмен жанады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл, 50 мл немесе 90 мл препараттан күңгірт шыныдан жасалған немесе бұралатын пластмасса қақпақтары немесе бүріккіш қондырмалары және қорғаныш қалпақшасы бар пластик құтыларда. Құтыларға өзі желімделетін заттаңбаларды немесе қағаздан жасалған заттаңбаларды желімдейді. Құтылар қазақ және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша гофрленген лентасы немесе бумалық қағаздан жасалған жапсырмасы бар топтық қорапқа немесе полиэтиленді жылу ұстап тұратын үлбірден жасалған топтық қаптамаға салынады.Қораптарға қағаз жапсырмалар жапсырылады.
Сақтау шарттары
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«Microhim» ЖШС,
Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Microhim» ЖШС,
Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел. : (727) 222-24-96, +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Мәметова к-сі., 72-35, тел.: (727) 222-24-96, +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru