СПАЗМОВАКС (Флороглюцинол)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
СПАЗМОВАКС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флороглюцинол
Дәрілік түрі, дозалануы
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 40 мг/4 мл
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішектің функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған басқа да препараттар. Флороглюцинол.
ATХ коды: A03AX12
Қолданылуы
- ас қорыту жолының және өт жолдарының функциональді ауруларымен байланысты ауырсынуларды симптоматикалық емдеу үшін.
- несеп шығару жолдары ауруларының ауырсынуымен қоса жүретін жедел спазмалық бүйрек шаншуларын емдеу үшін.
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Осы препаратты қолданар алдында дәрігерден немесе фармацевтіден кеңес алу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері
Қандай да болсын басқа дәрілік препараттарды қолданған жағдайда мұны өз дәрігеріңізге немесе фармацевтіге мәлімдеу қажет.
СПАЗМОВАКС препаратын ауыруды сездірмейтін күшті препараттармен, мысалы, морфинмен немесе оның туындыларымен бір мезгілде қолдану, олардың спазмогендік әсеріне байланысты, ұсынылмайды.
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған флороглюцинол ерітіндісін норамидопиринмен, физикалық-химиялық үйлесімсіздігімен байланысты (флеботромбоз қаупі), араластыру ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
СПАЗМОВАКС препаратының құрамында натрий метасульфиті бар. Бұл зат осы затқа сезімтал пациенттерде және демікпеге шалдыққан пациенттерде аллергиялық демікпелік реакцияны және демікпенің ауыр ұстамаларын туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация
ЖүктілікЗертханалық хайуандарға жүргізілген зерттеулерде флороглюцинолды қолданғанда тератогендік әсерлер байқалған жоқ. Хайуандарға жүргізілген зерттеулер шегінде тератогендік әсерлердің жоқтығына байланысты, адамдарда туа бітетін кемістіктердің туындауы екіталай деп саналады. Шындығында, адамдарда туа біткен кемістіктерді туындататын заттар бүгінгі күнге дейін осы құбылыстарға баға беру үшін жүргізілетін арнайы зерттеулер кезінде хайуандарда тератогендік әсері көрінді. Флороглюцинолдың біршама кең таралған клиникалық қолданылуы қазіргі таңға дейін туа біткен кемістіктердің туындау қаупінің бар екендігін көрсетпеді. Жүктілік кезінде препаратты тек абсолюттік қажеттілік жағдайында және дәрігердің бақылауымен ғана пайдалану қажет.
Емшек емізу
Тиісті деректердің жоқ болуына байланысты, лактация кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Урологияда және гепатологияда шаншу туындаған кезде:
- емі: 1 ампула (вена ішіне), 30 минуттан кейін екінші инъекция жасалуы мүмкін.
- демеуші ем: күніне бір немесе екі рет 1 ампула (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне).
Енгізу әдісі және жолы
СПАЗМОВАКС вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізіледі.
Атап айтқанда СПАЗМОВАКС препаратын вена ішіне білікті қызметкер енгізуі тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары туралы мәлімделген жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препарат қабылдауды өткізіп алғанда дозаны екі еселеп қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың қолданылуын түсіну үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін бару жөнінде нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты пайдалану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтіге бару қажет.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Сирек:
- терінің алллергиялық реакциялары
- бөртпе (терінің қышынумен қоса жүретін қызаруы)
- ауыр аллергиялық реакциялар (анафилаксия)
- отек Квинке ісінуі (тез ісіну, әдетте қолдың, аяқтың, беттің, тілдің және тамақтың)
- артериялық гипотензия (қан қысымының төмендеуі)
- анафилаксиялық шок (организмде қан ағыны өмірлік маңызы бар функцияларын сақтау үшін жеткіліксіз).
Белгісіз:
- емнің бас кезінде қызбамен қоса жүретін тері астындағы бұдырмақтары және күлбіреуіктері бар кең таралған қызыл қабыршақты бөртпе (жайылған жедел экзантематозды пустулез).
Осы симптомдар туындаған кезде осы дәрілік затты пайдалануды тоқтату және дәрігерге немесе медициналық жәрдем алуға дереу бару керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - флороглюцинол дигидраты, 51,43 мг, ол 40 мг сусыз флороглюцинолға сәйкес келеді.
қосымша заттар: натрий хлориді, натрий метабисульфиті, натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түсінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, іс жүзінде түссіз ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сындыратын сызығы бар, І класқа жататын бейтарап шыны ампулада 4 мл ерітіндіден.
Пластикалық тұғырдағы 10 ампула медицинада қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды. Тоңазытқышта сақтамау керек.
СПАЗМОВАКС препаратын 8 °C-ден төмен температурада қатарынан 7 күннен асырмай сақтауға болмайды.
Егер СПАЗМОВАКС препараты 8 °C немесе одан төмен температурада сақталса, кристалдар түзілуі мүмкін. Егер ампулаларды 25 °С температурада кем дегенде 1 күн ұстаса, олар жойылады.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
ДОППЕЛЬ ФАРМАЦЕУТИЦИ С.Р.Л.
Мекенжайы: Виа Вольтурно, 48, Квинто де’Стампи - 20089 Роццано (МИ), Италия
Тел: +39 02 303218280
Факс: +39 02 303218500
Электронды поштасы: info@doppel.it
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ШАРПЕР С.п.А.
Мекенжайы: Виале Ортлес, 12 - 20139, Милан, Италия
Тел: +390226291639
Факс: +39022401180
Электронды поштасы: rzancani@scharper.it, DAR@Scharper.it
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«MERLIN CAPITAL INVESTMENTS LLP» (МЕРЛИН КЭПИТАЛ ИНВЕСТМЕНТС ЛЛП) Серіктестігінің өкілі, Достық даңғ., 105, 050051, кеңсе 301А, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Тел/факс: +772 731 71464
Электронды поштасы: gulmira.pharm@yahoo.com
Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС. Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қ., Мамыр-1 ш/ауд., үй 29, пәт. 159.
Телефон тәулік бойы: +7-717-272-72-31; e-mail: pv.kz@biomapas.eu