Солкосерил® (раствор для инъекций, 42.5 мг/мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Солкосерил®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 42,5 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - (Воs tаurus) жаңа туылған бұзаулардың қанынан депротеинделген гемодериват, химиялық және биологиялық стандартталған (құрғақ затқа шаққанда) 42,5 мг,
қосымша зат –1,0 мл дейінгі инъекцияға арналған су, 25% хлорсутек қышқылы және/немесе 27% натрий гидроксиді (ерітіндінің рН 7.0-ге дейін жеткізу үшін).
Сипаттамасы
Сәл сарғыштан сары түске дейінгі, солкосерилдің әлсіз иісі бар (жағымды, ет сорпасының иісі сияқты) мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да гематологиялық препараттар
АTХ коды В06АВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Солкосерил препаратының белсенді компоненті - жаңа туылған бұзаулардың қанынан алынған депротеинделген стандартталған гемодериваттың (басқа да биологиялық стандартталған препараттар фармакокинетикасы сияқты) сіңуі, таралуы және элиминациялануы құрамында адам және жануарлардың организмінде қалыпты мөлшерде кездесетін плазманың төмен молекулалы компоненттері мен қанның формалы элементтері бар болғандықтан әдеттегі фармакокинетикалық әдістермен зерттеуге келмейді.
Фармакокинетикасын зерттеу үдерісінде препараттың инъекциядан кейін орташа алғанда 20 мин (10–30 мин) соң әсер ете бастайтыны анықталды, және оның әсері енгізуден кейін 3 сағат бойына сақталады. Фармакодинамикасы
Солкосерил - бұл құрамында молекулалық массасы 5000 дальтонға дейін болатын төмен молекулалы табиғи заттардың кең ауқымы бар жаңа туылған бұзаулардың қанынан диализ және ультрафильтрация тәсілімен алынған депротеинделген гемодериват және олардың тек кейбіреуі ғана химиялық және фармакологиялық сипатталған. Солкосерил тіндердің регенерациясын жылдамдатады: энергетикалық метаболизм және тотығу фосфорлануын қалыптандырады және демейді, қорек тапшылығы жағдайындағы жасушаларды фосфаттармен қамтамасыз етеді; оттегі утилизациясын арттырады және гипоксия жағдайындағы және метаболизм ресурстарының таусылу жағдайындағы жасушаларға глюкоза тасымалын стимуляциялайды; зақымданған тіндердегі репаративті және регенеративті үдерістерді жеделдетеді; коллаген синтезін жоғарылатады және жасушалардың пролиферациясын және көшуін стимуляциялайды.
Осылайша, Солкосерил гипоксия және метаболизмдік бұзылулар жай-күйіндегі жасушаларға қорғайтын әсер етеді, тіндердің регенерациясына ықпал етеді, жараның жазылуын тездетеді.
Қолданылуы
- қарсы көрсетілімдері немесе басқа дәрілік заттардың жақпаушылығы бар емделушілердегі Фонтейн бойынша II – IV сатысындағы шеткергі артериялардың окклюзиялық ауруларында
- балтыр ойық жарасының емдік әсерге тұрақтылығымен созылмалы көктамырлық жеткіліксіздігінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Аурудың ауырлығына қарай бастапқы доза тәулігіне көктамыр ішіне
10-20 мл; одан әрі қарай - тәулігіне 5-10 мл көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 2-5 мл құрайды. Инфузия түрінде енгізгенде еріткіш ретінде натрий хлоридінің 250 мл изотониялық ерітіндісін немесе 5% глюкоза ерітіндісін пайдаланады.
Шеткергі артерияның окклюзиялық ауруларын (ШАОА) емдеуде – күніне 20 мл көктамыр ішіне. Көктамыр ішіне тамшылатып енгізілуі мүмкін. Емнің ұзақтығы 4 аптаға дейінді құрайды және аурудың клиникалық бейнесімен анықталады.
Трофикалық бұзылулармен қатарлас жүретін (Ulcera Cruris) созылмалы көктамырлық жеткіліксіздікті емдеуде – 10 мл-ден көктамыр ішіне аптасына 3 рет. Емнің ұзақтығы 4 аптадан аспайтын шаманы құрайды және аурудың клиникалық бейнесімен анықталады. Шеткергі ісінулерді («көктамырлық» ісінулер) тойтаруға бағытталған маңызы бар қосымша шара созылмалы бинтті қолданатын таңғыш қою болып табылады.
Жағымсыз әсерлері
- гиперемия және инъекция орнының ісінуі
- дене температурасының жоғарылауы
Сирек
- аллергиялық реакциялар (есекжем,қышыну)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар болған кезде препаратты қолданбау керек
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Солкосерил инъекциясын енгізгенде басқа дәрілік препараттармен, әсіресе фито сығындыларымен араластыруға болмайды.
Қандағы калий деңгейін арттыратын препараттармен бірге сақтықпен қолданылады (калий препараттары, калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштері).
Айрықша нұсқаулар
Сұйылтылмаған препаратты көктамыр ішіне қолданғанда оны баяу енгізу керек.
Сақтықпен: гиперкалиемияда, бүйрек жеткіліксіздігінде, жүрек ырғағы бұзылуында, олигоурияда, анурияда, өкпе ісінуінде, айқын жүрек жеткіліксіздігінде.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүкті және бала емізетін әйелдерді емдеу үшін, егер оның ана үшін болжамды пайдасы ұрық және бала үшін потенциалды қаупінен асатын болса дәрігер тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл немесе 5 мл препараттан I типті гидролитикалық төзімді қызыл сары бейтарап шыны ампулаларға құйылады.
5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған (2 мл үшін).
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған (5 мл үшін).
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ
Рюрбергштрассе 21, 4127 Бирсфельден, Швейцария
Тіркеу куәлігінің иесі
МЕДА Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ» ЖШС өкілдігі: Алматы қ., Достық даңғылы 97, 8 кеңсе, тел : +7 727 264-17-94,
факс: + 7 727 264-17-71
Электронды поштасы: info.safety@meda-cis.com