Солидагорен
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Солидагорен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған ерітінді
Құрамы
10 мл (= 9.5 г) препараттың құрамында
белсенді заттар: 7.9 мл «Солекван»* сұйық сығындысы (сарыраушан
(1: 1.5 – 2.1), қазтабан және қырықбуынның (4.2 : 1.4 : 1) сығындысы), экстрагент: 50 % этанол (к/к).
қосымша заттар: тазартылған су, 96% этанол
* - «Экстракт Солекван» құрамында кәдімгі сарыраушан шөбінің сығындысы (1 : 1.5 – 2.1), қазтабан және қырықбуын шөбінің сығындылары (4.2 : 1.4 : 1), экстрагент: этанол 50 % (к/к).
Сипаттамасы
Мөлдір қоңыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық деректер мен биологиялық қол жетімділігін зерттеу туралы деректер жоқ.
Фармакодинамика
Солидагорен – біріктірілген өсімдік тектес препарат, құрамында кәдімгі сарыраушан, қазтабан және дала қырықбуыны шөптерінен алынған сығынды бар. Қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, спазмолитикалық, несеп айдайтын орташа әсер береді, түйілулерді басады және несепағар бұлшықеттерін босаңсытады. Сұйықтықты жеткілікті қабылдау (2 литр) бүйректе құм шөгуі мен несеп тастары пайда болуынан сақтандырады.
Кәдімгі сарыраушан
Сарыраушанның жерасты бөлігінің құрамында тұтқырлық, қабынуға қарсы, диурездік және бактерияға қарсы әсер ететін флавоноидтар, полиацетиленді қосылыстар, ди- және тритерпеноидтар, сапониндер, фенолкарбон қышқылдары болады. Бүйректас ауруы кезінде сарыраушан бүйректің секреция-экскрециялық функциясын жоғарылатады, су-тұз алмасуын және қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттейді.
Қазтабан
Қазтабан шөбінің құрамында иіткіш заттар, ащы заттар, эфир майлары, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, хин қышқылы, холин, цинк және басқа да биологиялық белсенді заттар спазмолитикалық, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.
Дала қырықбуыны
Дала қырықбуынының құрамында кремний қосылыстары (кремний қышқылы), калий тұздары, қымыздық, алма қышқылдары мен иіткіш заттар, кверцетин гликозидтерімен берілген флавоноидтар, кемпферол мен лютеолин болады. Аталған қосылыстардың қабынуға қарсы, антисептикалық, несеп айдайтын әсері бар.
Несеп айдайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде дала қырықбуыны қуық аумағының ауыруын азайтады, несеп бөлінуін ұлғайта отырып, ондағы ақуыз мөлшерін төмендетеді.
Дала қырықбуынының сығындысы бүйрек шумақтарындағы сүзілісті ұлғайтады, несепте рН жоғарылатады, несеп қышқылы деңгейін төмендетеді, кальций және бейорганикалық фосфордың шығарылуын арттырады, тас түзілуінен сақтандырады.
Қолданылуы
- несеп шығару жолдарының қабыну ауруларын кешенді емдеуде
- бүйректе құм шөгуі және несеп тастары түзілуінің, оның ішінде олар жойылғаннан кейін де алдын алуда
- диурезді күшейту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге 20-30 тамшы препаратты 100-200 мл сумен күніне 3 рет қабылдау керек (30 тамшы 1.4 мл сәйкес келеді).Препарат мол мөлшердегі, кем дегенде 2 литр сұйықтықты қатар ішіп, қабылдануы тиіс.
Препаратпен емдеудің ұзақтығына қатысты дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
- жоғары сезімталдық реакциялары және аллергиялық реакциялар
- асқазан-ішектің жеңіл бұзылыстары
Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері (мысалы, бөрту) пайда болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- күрделі гүлділерге (Asteraceae) аллергия
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- эпилепсия
- жүктілік және лактация кезеңі
- бауыр аурулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Препарат құрамында этил спирті болғандықтан, басқа дәрілік препараттардың әсері бұзылуы немесе күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Солидагорен препаратын жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі туындатқан ісінулерді емдеу үшін несеп айдайтын дәрі ретінде қолдану ұсынылмайды. Бұл әсіресе егде жастағы адамдарға қатысты.
Несепте қан болуы, жоғары температура немесе 5 күн бойы сақталған симптоматика кезінде дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Жоғары сезімталдық реакциясының алғашқы белгілері болғанда (мысалы, терідегі бөртулер) дәрі қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері пайда болғанда дәрігерге қаралған жөн.
Ескерту нұсқаулары
Препарат құрамында 45 к.% этил спирті бар. Доза бойынша нұсқаулар сақталғанда әрбір 30 тамшы препаратты қабылдаумен организмге 600 мг алкоголь келіп түседі.
Препаратты маскүнемдікпен , эпилепсиямен ауыратын науқастарға, мидың органикалық аурулары бар науқастарға, балаларға, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде, бауыр аурулары бар науқастарға қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат дұрыс қолданылғанда реакция жылдамдығына әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану оқиғалары анықталмаған.
Емі: артық дозаланған жағдайда - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20, 50 және 100 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен және бұрандалы полипропилен қақпақпен жабдықталған күңгірт шыны құтыға құйылған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Контейнерді алғашқы ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Др. Густав Кляйн ГмбХ & Ко. КГ
Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Др. Густав Кляйн ГмбХ & Ко. КГ
Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия
Эксклюзивті өкілі
Альпен Фарма АГ
Берн, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Альпен Фарма» ЖШС
Алматы қ., Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер
Тел./факс + 7 727 2265306 E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com