Сималгель

МНН: Алюминия гидроксид, Магния гидроксид, Симетикон
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стандартные комбинации соединений в сочетании с препаратами, уменьшающими газообразование в кишечнике
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010580
Информация о регистрации в РК: 29.11.2019 - 29.11.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Сималгель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 300 мл суспензия

Құрамы

1 мл суспензияның құрамында

белсенді заттар: 0.08100 г алюминий гидроксиді құрғақ гелі, 0.02000 г магний гидроксиді, 0.02500 г симетикон,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, бұрышты жалбыз майы, маннитол, натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты, натрий сахаринаты, 70% сорбит ерітіндісі, 95% этанол, сутегі асқын тотығының концентрацияланған ерітіндісі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сүт түстес ақ гомогенді суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Жел айдағыш препараттармен біріктірілген антацидтер. Тұздар мен жел айдағыш препараттардың қарапайым қосылысы.

ATХ коды A02AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сималгель іс жүзінде сіңбейді және организмдегі электролиттік теңгерімді бұзбайды.

Алюминий гидроксиді алюминий хлоридін түзе отырып, асқазандағы тұз қышқылының артық бөлігін бейтараптандырады. Ішектің ішіндегі сілтілік заттардың әсерінен соңғысы алюминийдің сілтілі тұздарына айналады, ол нашар резорбцияланады және асқазан-ішек жолы (АІЖ) арқылы шығарылады. Қан сарысуындағы алюминий мөлшері бұл кезде мүлдем өзгермейді деуге болады.

Магний гидроксиді де магний хлоридіне айнала отырып, асқазандағы тұз қышқылын бейтараптандырады. Ішекте бұл тұз нашар резорбцияланатын магний карбонатын түзеді және қандағы магний иондарының концентрациясын айтарлықтай өзгертпейді.

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда қан сарысуындағы магний және алюминий иондарының деңгейі олардың шығарылуының бұзылуы нәтижесінде уытты шамаларға дейін артуы мүмкін.

Симетикон бүкіл асқазан-ішек жолы бойымен әсер етеді және инертті қосылыс түрінде келеді. Ол басқа заттардың сіңуіне әсер етпейді, жинақталмайды және жинақталуға ықпал етпейді, АІЖ pH мен химиялық ортасын өзгертпейді және өзгеріссіз күйде шығарылады.

Препарат ішке қабылдағаннан кейін 3-5 минуттан соң әсер етеді, әсерінің ұзақтығы 3 сағатқа дейін.

Фармакодинамикасы

Сималгель – бұл көпкомпонентті, алюминий мен магнийдің арақатынасы оңтайлы, жергілікті әсері бар сіңбейтін антацидтік препарат. Препарат оңтайлы буферлік әсер туғызады – асқазандағы pH мәнін 3,5-4,0 шегінде ұстап тұрады. Қышқылды бейтараптандыру әсері аса жоғары. Сималгель пепсин мен өт қышқылдарын сіңіреді, шырыш түзілуін және PgE2 простагландиндерінің синтезін күшейтеді, шырышты қабықты бүркемелеп тұрады және цитопротективтік әсер береді, зақымдалған тінде қорғаныс қабатын түзеді және төменгі эзофагеальді сфинктердің тонусын күшейтеді.

Құрамына кірістірілген беткейлік белсенді заты – симетикон, фазаларға бөліну шегіндегі беткейлік созылуын төмендетеді, бұл газ көпіршіктерінің түзілуін қиындатады және асқазан-ішек жолы шырышы мен ішіндегілердің жүзіндісінде ыдырауына ықпал етеді. Симетикон антацидтермен бірге қолданғанда олардың бүркемелегіш әсерін күшейтеді және сол арқылы, шырышты қабықты зиянды факторлардың әсерінен қорғайды.

Қолданылуы

- асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруында (біріктірілген ем құрамында)

- жедел гастритте, секреторлық функциясы жоғары және қалыпты, өршу сатысындағы созылмалы гастритте

- диафрагманың өңештік саңылауының жарығында

- рефлюкс – эзофгитте

- эпигастрийдегі жайсыздықта және ауыруында, қыжылда, емдәмдегі ауытқулардан кейінгі қышқыл кекірікте, алкоголді, кофе мен никотинді шамадан тыс қолданғанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған суспензия.

Қолданар алдында суспензиясы бар құтыны жақсылап шайқау қажет. Ересектерге тәулігіне 4 рет 10 мл-ден тамақтың алдында 30 – 40 минут бұрын (егер дәрігер басқаша көрсетпесе) қабылдау керек.

Рефлюкс-эзофагитте препаратты тамақтан соң 1 сағаттан кейін қабылдайды. Емдеу курсы 2-3 айды құрайды.

Ауық-ауық қолданғанда (емдәмдегі ауытқулардан кейінгі жайсыздықта) – бір рет 10 мл.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, диарея, дәм сезудің өзгеруі

- артралгиялар, остеомоляция, остеопороз

- Альцгеймер ауруының өршуі (егде жастағыларда)

- аллергиялық реакциялар: гиперемия, бронх түйілуі, қышыну, терідегі бөртпе, есекжем

- артериялық қысымның төмендеуі

- гипорефлексия (бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде)

- фосфор, кальций, магний алмасуының бұзылуы (ұзақ уақыт қолданғанда)

- энцефалопатия

- нефрокальциноз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек қызметінің бұзылуы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- бауыр ауруы

- Альцгеймер ауруы

- ішектің бітелуі, АІЖ обструкциялық аурулары

- гипофосфатемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сималгель, мына дәрілік препараттармен: тетрациклиндік қатардың антибиотиктерімен, гистаминдік H2 – рецепторлардың блокаторларымен, темір тұздарымен, ципрофлоксацинмен, фенотиазинмен, изониазидпен, бета-адреноблокаторлармен, индометацинмен және кетокенозолмен бір мезгілде қабылдағанда олардың емдік әсерін төмендетуге қабілетті.

Сималгель каптоприлдің плазмадағы концентрациясы мен оның салыстырмалы биожетімділігін азайтады. Каптоприлді препаратты қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын қолдану қажет.

Сималгельді хинолондармен бірге қолдануға болмайды. Препаратты дигоксин мен пропранололды қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін қолдану керек, өйткені Сималгель олардың биожетімділігін азайтады.

Сималгель препараты хинидиннің шығарылуын бұзуы мүмкін, бұл әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары бар науқастарда хинидинмен уыттанудың пайда болуына алып келуі мүмкін. Антацид пен салицилаттарды бір мезгілде қабылдау сарысудағы салицилаттар деңгейінің едәуір төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емделушілерге орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде; маскүнемдік пен эпилепсиядан зардап шегетіндерге сақтықпен қолдану керек, өйткені құрамында этанол бар.

Сималгель мен басқа дәрілік заттарды бірге қолданғанда қабылдаулар аралығы кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.

Сималгель препаратының құрамында натрий сахаринаты бар, сондықтан қант диабеті бар науқастарда сақтықпен қолдану керек, соған байланысты натрийдің басқа тұздарын тұзсыз емдәм ұстанып жүрген адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда қандағы фосфор мен магний құрамын бақылауға алу ұсынылады.

Ұзақ уақыт қабылдағанда егде жастағы науқастарда сақтықпен тағайындау керек.

Препараттың құрамында пропилгидроксибензоат қосымша заты бар, ол есекжем тудыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Құрамында этанол болғандықтан, көлік құралын басқаруда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасауда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: кальций, магний, фосфор алмасуының бұзылулары (әлсіздік, сүйектердің ауыруы, терінің қызаруы, қалыпсыз мінез-құлық), метаболизмдік алкалоз белгілері: көңіл-күйдің өзгерістері, күйгелектік және қатты қажығыштық, тыныстың баяулауы, жағымсыз дәм сезінулер.

Емі: асқазанды шаю, құстыру, белсендірілген көмірді қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

300 мл препараттан балалардан қорғауға арналған жүйесімен қақпағы бар, күңгірт шыныдан жасалған құтыға салады.

1 құтыдан, дозалағыш стақаннан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

тіркеу куәлігінің иесі

23 Килнс, Такстид Роад, Саффрон Уалден, Эссекс CB10 2 UQ,,

(23 The Kilns, Thaxted Road, Saffron Walden, ESSX CB10 2 UQ,,)

Өндіруші

Е.И.П.И.Ко., Мысыр,

Тенс ов Рамадан Сити,

Бірінші өндірістік аймақ B1, а/ж 149 Тенс

(«E.I.P.C.O.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Тіркеу куәлігінің иесі

«Уорлд Медицин», Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы қ., Сүйінбай к-сі 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

www.worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

160186851477976750_ru.doc 53.5 кб
442774431477977916_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники