Салвисар

Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019840
Информация о регистрации в РК: 11.04.2018 - 11.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Салвисар

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: кәдімгі сұр жылан уы 5 тышқан әсер ету бірлігі, 1 г салицил қышқылы, 3 г камфора, 3 г шайырлы скипидар

қосымша заттар: эмульгатор №1 (Ланетте SX), қатты мұнай парафиндері, медициналық вазелин, глицерол (глицерин), инфузияға арналған 0,9% изотониялық натрий хлориді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сиапттамасы

Камфора және скипидар иісі бар, түсі ақ немесе сәл сарғыштау реңді ақ жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар

АТХ коды М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Жергілікті тітіркендіретін және ауыруды басатын әсері бар. Құрамына кіретін жылан уының нейротропты компоненті ауыруды басатын әсер береді; гиалуронидазалық белсенділігі бар энзиматикалық компонент жазылу үдерісін жылдамдатады. Тері және тері асты шелді тіндерінің сезімтал рецепторларының тітітркенуін туғызады.

Қолданылуы

- тірек-қимыл аппараты мен шеткергі жүйке жүйесінің ауыру синдромымен қатар жүретін ауруларында: этиологиясы әр түрлі артритте, артралгияларда, невралгияларда, миалгияларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Тері беткейінің аумағына байланысты ауыратын жерге жақпамайды аздаған 5-10 г (1-2 шай қасық) мөлшерімен теріге тәулігіне 1 рет, қатты ауырғанда – тәулігіне 2 рет ауыру синдромы кеткенге дейін жағады, бірақ дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс

Жағымсыз әсерлері

- жағу барысында туындайтын күйдіру (әдетте бірнеше минуттан соң қайтады)

– терінің аллергиялық реакциялары

Жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін жақпамайдың теріге сезімталдығын анықтауға алдын ала аздап жағып көру ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жақпамай компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, тері аурулары (оның ішінде аллергиялық, іріңді және зеңді, препарат жағылатын жердегі тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы)

- белсенді өкпе туберкулезі, қызба жағдайы, жалпы жүдеулік

- ми және коронарлы қан айналымының ауыр жеткіліксіздігі, ангиоспазмға бейімділік

- бауырдың немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды пайдаланғаннан кейін қолды мұқият жуған жөн, көзге, сондай-ақ ашық жаралар мен шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек. Көрсетілген жерлерге тигізіп алған жағдайда – оларды мол сумен жуып шаю керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Байқалмаған. Жақпамайдың шырышты қабыққа кездейсоқ тиіп кетуі қатты тітіркендіруді тудырады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық жақпамайға арналған алюминий сықпада 25 г-ден.

Әр сықпа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ.,

Васенко к-сі,15 А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігінің иесі

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 290

тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00,

e-mail: register@caph.kz

 

Прикрепленные файлы

633334711477976967_ru.doc 46.5 кб
030209511477978139_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники