Ротадон
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ротадон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глюкозамин
Дәрілік түрі, дозалануы
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1500 мг
Фармакотерапиялық тобы
Фармакотерапиялық тобы: Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес басқа препараттар. Глюкозамин.
АТХ коды M01AX05
Қолданылуы
- кез-келген жерде орналасқан остеоартроздың алдын алу және емдеу үшін (жамбас, тізе, кәрі жілік-білезік артрозы, спондилоартроз, омыртқааралық остеохондроз);
- жауырын-иық периартритін, тізе тобығының хондромаляциясын емдеуде.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- құрамында аспартам болуына байланысты фенилкетонурияда;
- құрамында сорбитолдың болуына байланысты фруктозаны көтере алмаушылықта;
- бүйрек функциясының айқын бұзылуы;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейін
- моллюскке аллергия.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Біріктіріп қолданған кезде глюкозамин тетрациклиндердің сіңуін күшейтеді және пенициллиндер мен хлорамфениколды азайтады. Препарат стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен және глюкокортикостероидтармен үйлесімді. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен бірге қолданғанда, соңғысының қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсерін күшейтеді.
Глюкозаминмен ықтимал дәрілік өзара әрекеттесулер туралы деректер жеткіліксіз, алайда К дәруменінің оральді антагонистерімен бірге қабылдаған кезде ХҚҚ көрсеткішінің артуы туралы деректер бар. Осылайша, К дәруменінің оральді антагонистерін қабылдайтын пациенттер емдеу басталар алдында және глюкозаминмен емдеу аяқталғаннан кейін мұқият тексерілуі тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Глюкозаминмен емдеуді бастағаннан кейін демікпе симптомдарының асқыну жағдайлары сипатталған. Бронх демікпесі бар пациенттер препаратты қолданған кезде демікпе симптомдарының нашарлау мүмкіндігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Препаратты моллюскке аллергиясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды, себебі белсенді зат моллюсктерден алынады.
Егде жастағы адамдарда қолдану
Ешқандай нақты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ клиникалық тәжірибеге сәйкес егде жастағы адамдарды емдеу кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек және (немесе) бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дәрігердің қадағалауымен ғана қолдануға болады.
Глюкозаға төзімділігі бұзылған пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мониторингтеу қажет және қажет болған жағдайда емдеуді бастар алдында және емдеу кезінде кезең-кезеңімен инсулинге қажеттілікті айқындау ұсынылады.
Емдеудің басында қант диабетімен ауыратын науқастар үшін қандағы қант деңгейін бақылау ұсынылады.
Жүрек-қан тамырлары аурулары үшін белгілі қауіп факторы бар пациенттерде қандағы липидтердің деңгейін бақылау ұсынылады, себебі гиперхолестеринемия кейбір жағдайларда глюкозамин қабылдаған пациенттерде байқалады.
Қосымша заттар
1 пакетте 257,1 мг калий бар. Мұны бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер немесе калий бақыланатын диетадағы пациенттер ескеруі керек.
Балаларда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, себебі мұндай пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде немесе бала емізу кезінде қолдануға қатысты деректер жоқ.Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Ұйқышылдық, шаршау, бас айналу кезінде автокөлік пен механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ. Бір пакеттің ішіндегісін 200 мл суда ерітеді, тамақтан 20 минут бұрын тәулігіне бір рет 1 пакеттен ішке қабылдайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін
Емдеу ұзақтығы.
Емдеу ұзақтығы 4-тен 12 аптаға дейін, емдеу курсы екі ай аралықпен қайталанады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
ДП-ты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну, іштің ауыруы, диспепсия
- бас ауыру, ұйқышылдық, шаршау;
Жиі емес
- қышыну, есекжем, эритема, тері бөртпесі
Белгісіз
- бас айналу
- визуалды бұзылулар
- демікпе
- шаштың түсуі, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
және/немесе
pvpharma@worldmedicine.kz
немесе телефон арқылы: 87017863398
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Құрамы: 1 пакеттің ішінде
Белсенді зат: 1990.46 мг калий хлориді глюкозамин сульфаты (1500 мг глюкозамин сульфатына баламалы)
қосымша заттар: сорбитол, аспартам, сусыз лимон қышқылы, макрогол 6000
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ. Дайындалған ерітінді түссіз болуы тиіс.
Шығарылу түрі және қаптамасы
4 г препараттан қағаздан/ полиэтиленнен/ алюминийден / полиэтиленнен жасалған фольга пакетке салынады.
10 немесе 20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия
15 Теммуз Мах., Джами Йолу Джад. № 50 Гюнешли/ Багджылар, Стамбул,
+902124747050; +90 212 474 09 01
info.worldmedicine@com.tr
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД», Грузия
Бербути к-сі,10/ Алмасиани к-сі, 19-21, 26 кеңсе (II корп.), Тбилиси қ.
+ 995 32 2 21 28 12; + 995 32 2 21 28 13,
worldmedicine.llc.geo@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«WM Pharma Alliance» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 222 Б
Тел/факс: 8 (727) 2529090
е-mail: wm_pharma@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«RIN Pharm» ЖШС, Алматы, Сүйінбай д-лы 222 Б
Ұялы тел +7 701 786 33 98
е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz