Роксардио™ (10 мг)

МНН: Розувастатин
Производитель: Лек Фармасьютикалс д.д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022263
Информация о регистрации в РК: 12.07.2021 - 12.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Роксардиотм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 5 мг розувастатин (розувастатин кальций түрінде),

қосымша заттар: сусыз лактоза – 58.690 мг, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы – 0.330 мг, силикатталған микрокристалды целлюлоза (Prosolv SMCC90) – 27.500 мг, кепкен жүгері крахмалы – 16.500 мг, тальк – 1.100 мг, натрий стеарил фумараты– 0.880 мг,

қабығы: гипромеллоза (2910) – 1.860 мг, маннитол – 0.150 мг, макрогол 6000 – 0.090 мг, титанның қостотығы (Е 171) – 0.645 мг, темірдің сары тотығы (Е 172) – 0.056 мг, темірдің қызыл тотығы (Е 172) – 0.019 мг, тальк – 0.180 мг.

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 10 мг розувастатин (розувастатин кальций түрінде),

қосымша заттар: сусыз лактоза – 53.690 мг, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы – 0.330 мг, силикатталған микрокристалды целлюлоза (Prosolv SMCC90) – 27.500 мг, кепкен жүгері крахмалы – 16.500 мг, тальк – 1.100 мг, натрий стеарил фумараты– 0.880 мг,

қабығы: гипромеллоза (2910) – 1.860 мг, маннитол – 0.150 мг, макрогол 6000 – 0.090 мг, титанның қостотығы (Е 171) – 0.420 мг, темірдің сары тотығы (Е 172) – 0.225 мг, темірдің қызыл тотығы (Е 172) – 0.075 мг, тальк – 0.180 мг.

Үлбірлі қабықпен қапталған 20 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 20 мг розувастатин (розувастатин кальций түрінде),

қосымша заттар: сусыз лактоза – 107.380 мг, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы – 0.660 мг, силикатталған микрокристалды целлюлоза (Prosolv SMCC90) – 55.000 мг, кепкен жүгері крахмалы – 33.000 мг, тальк – 2.200 мг, натрий стеарил фумараты– 1.760 мг,

қабығы: гипромеллоза (2910) – 3.720 мг, маннитол – 0.300 мг, макрогол 6000 – 0.180 мг, титанның қостотығы (Е 171) – 0.840 мг, темірдің сары тотығы (Е 172) – 0.450 мг, темірдің қызыл тотығы (Е 172) – 0.150 мг, тальк – 0.360 мг.

Үлбірлі қабықпен қапталған 40 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 40 мг розувастатин (розувастатин кальций түрінде),

қосымша заттар: сусыз лактоза – 214.760 мг, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы – 1.320 мг, силикатталған микрокристалды целлюлоза (Prosolv SMCC90) – 110.000 мг, кепкен жүгері крахмалы – 66.000 мг, тальк – 4.400 мг, натрий стеарил фумараты– 3.520 мг,

қабығы: гипромеллоза (2910) – 7.440 мг, маннитол – 0.600 мг, макрогол 6000 – 0.360 мг, титанның қостотығы (Е 171) – 1.680 мг, темірдің сары тотығы (Е 172) – 0.900 мг, темірдің қызыл тотығы (Е 172) – 0.300 мг, тальк – 0.720 мг.

Сипаттамасы

Ашық-қоңыр түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде «RSV 5» өрнегі бар таблеткалар (5 мг доза үшін).

Қоңыр түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде «RSV 10» өрнегі бар таблеткалар (10 мг доза үшін).

Қоңыр түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде «RSV 20» өрнегі бар таблеткалар (20 мг доза үшін).

Қоңыр түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, бір жақ бетінде «RSV 40» өрнегі бар таблеткалар (40 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері. Розувастатин.

АТХ коды С10А А07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Пероральді түрде қабылдағаннан кейін шамамен 5 минуттан соң плазмада розувастатин концентрациясы ең жоғары мәніне жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды.

Таралуы

Розувастатин бауырда метаболизденеді, ол холестерин синтезінің және ТТЛП клиренсінің негізгі орны болып табылады. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Плазма ақуыздарымен, көбіне альбуминмен байланысы 90% құрайды.

Биотрансформациясы

Розувастатиннің метаболизмге түсуі шектеулі (шамамен 10%). Розувастатиннің метаболизміне жүргізілген in vitro зерттеулерде Р450 цитохромы жүйесінің ферменттерімен метаболизмі үшін розувастатиннің бейінді емес субстрат болып табылатындығы білінді. Розувастатиннің метаболизміне қатысатын негізгі изоэнзим CYP2C9 болып табылады. CYP2C19, CYP3A4, CYP2D6 ферменттері метаболизмге аз дәрежеде тартылған. Негізгі метаболит - N-дисметил және лактонды метаболиттер. N-дисметил розувастатиннің белсенділігінің 50%-на ие, ал лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес. Розувастатиннің үлесіне айналымдағы ГМГ-КоА-редуктаза тежегіші белсенділігінің 90%-дан көбірегі тиеді.

Организмнен шығарылуы

Көбіне өзгермеген күйінде (90%) нәжіспен (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса); қалған бөлігі несеппен бірге шығарылады. Шамамен 5%-ы несеппен бірге өзгермеген күйінде бөлініп шығады.

Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 19 сағатты құрайды. Ол өте жоғары дозаларда артпайды. Орташа геометриялық плазмалық клиренсі – сағатына 50 л (ауытқу коэффициенті 21,7%). ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштеріндегі жағдай сияқты, препараттың бауырда қармалу үдерісіне бауырлық элиминацияда маңызды рөл атқаратын холестериннің спецификалық жарғақшалық тасымалдаушысы қамтылған.

Дозаға байланыстылығы

Розувастатиннің жүйелік әсері дозаға пропорционалды түрде артады. Бірнеше тәуліктік дозаларды қолданғаннан кейін фармакокинетикалық параметрлер өзгеріссіз қалды.

Тұрғындардың ерекше топтары:

Жасы және жынысы: Жыныс пен жас розувастатиннің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізбейді.

Нәсілдер: Фармакокинетикалық зерттеулер Азиядан қатысушыларда (жапондықтар, қытайлықтар, филиппиндіктер, вьетнамдықтар және кәрістер), еуропалық нәсілге жататын адамдармен салыстырғанда, медианалық AUC пен Сmax мәндерінің шамамен 2 есе жоғарылайтынын көрсетеді. Азия тұрғындары мен үндістандықтарда медианалық AUC және Сmax мәндерінің шамамен 1,3 есе жоғарылағаны байқалды. Популяциялық фармакокинетикалық талдау еуропалық және қара нәсіл өкілдерінің арасында қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықты байқаған жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: Зерттеулерде бүйрек функциясының әртүрлі дәрежедегі жеткіліксіздігі, бүйректің жеңіл және орташа дәрежедегі ауруы бар қатысушыларда қан плазмасындағы розувастатиннің немесе N-десметил метаболиттің концентрациясына қандай да болсын ықпалы байқалған жоқ. Ауыр бұзылулары бар (CrCl <30 мл / мин) пациенттерде, дені сау еріктілермен салыстырғанда, плазмадағы концентрациясы 3 есе және N-десметил метаболитінің концентрациясы 9 есе артты. Плазмадағы розувастатиннің тұрақты концентрациялары гемодиализде жүрген пациенттерде, дені сау еріктілердегімен салыстырғанда, шамамен 50% жоғары.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі: Бауыр функциясының әртүрлі сатыдағы жеткіліксіздігі Чайльд-Пью шкаласы бойынша 7 балл және одан төмен болатын пациенттерде розувастатин әсерінің артқаны білінген жоқ. Дегенмен, Чайльд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балл болған 2 пациентте, Чайльд-Пью шкаласы бойынша өте төмен балл болған қатысушылармен салыстырғанда, жүйелік әсерінің 2 есе артқаны білінді. Розувастатинді бауыр функциясының бұзылуы 9 баллдан көбірек болатын пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Розувастатин 3-гидрокси-3-метилглутарил А коэнзимді холестериннің ізашары мевалонатқа айналдыратын ферментті лимиттеуші ГМГ-КоА-редуктазаның селективтік және бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің әсер ететін алғашқы орны холестеринді төмендетуге арналған мақсаттық ағза бауыр болып табылады.

Гепатоциттердің беткейінде ТТЛП рецепторларының санын арттырып, ТТЛП қармалуын және катаболизмін арттырады, ол ТТЛП мен ТӨТЛП жалпы санын азайта отырып, ТӨТЛП синтезінің тежелуіне әкеледі.

Фармакодинамикалық әсері

Розувастатин ТТЛП холестериннің, жалпы холестериннің және триглицеридтердің концентрациясын төмендетеді, ТЖЛП холестериннің концентрациясын арттырады. Ол сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес холестеринді, ТӨТЛП холестеринді, ТГ-ТӨТЛП төмендетеді және АпоA-I арттырады (3-кестені қараңыз). Розувастатин сондай-ақ ТТЛП холестерині/ТЖЛП холестерині, жалпы холестерин/ТЖЛП холестерині, ТЖЛП емес холестерин/ТЖЛП холестерині, АпоВ/АпоА-I арақатынастарын төмендетеді.

3-кесте. Гиперхолестеринемияның (IIa және IIb типі) бастапқы сатысында пациенттердегі «доза-жауап» тәуелділігі (базалық мәндерден пайыздық өзгерулердің түзетілген орташа шамасы)

Доза

Мөлшері

ТТХЛ

Жалпы холестерин

ТЖХЛ

TG - триглицеридтер

ТЖЛП емес холестерин

АпоB

АпоA-I

Плацебо

13

-7

-5

3

-3

-7

-3

 

5

17

-45

-33

13

-35

-44

-38

4

10

17

-52

-36

14

-10

-48

-42

4

20

17

-55

-40

8

-23

-51

-46

5

40

18

-63

-46

10

-28

-60

-54

 

Емдік әсері емдеуді бастағаннан кейін 1 апта ішінде пайда болады, 2 аптадан кейін ең жоғарының 90%-на жетеді, ең жоғары әсеріне әдетте 4 аптада жетеді және осыдан кейін тұрақты болып қалады.

Клиникалық тиімділігі

Гипертриглицеридемиямен немесе онсыз гиперхолестеринемиясы бар ересек пациенттерде (нәсіліне, жынысына немесе жасына қарамай-ақ), соның ішінде қант диабеті және отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде тиімді.

ІІІ фазада жүргізілген зерттеулердің біріктірілген деректерінің негізінде розувастатин IIa және IIb типті гиперхолестеринемиясы бар (ТТЛП-Х орташа бастапқы деңгейі 4,8 ммоль/л-ге жуық) пациенттердің басым көпшілігін емдегенде атеросклероздың Еуропалық қоғамы (EAS; 1998) мойындаған бағдарлы мақсаттық көрсеткіштерге дейінгі тиімділігін көрсетті; 10 мг препарат қабылдаған пациенттердің 80%-да ТТЛП-Х (<3 ммоль / л) деңгейінде EAS мақсаттық көрсеткішіне жетті.

Отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемиясы бар 42 пациенттің қатысуымен дозаны арттыруға мәжбүр болған ашық зерттеулерде 20 мг - 40 мг дозадағы розувастатинге реакциясы бағаланды. Жалпы популяцияда ТТЛП-Х орташа төмендеуі 22% құрады.

Пациенттердің шектеулі саны қатысқан клиникалық зерттеулерде триглицеридтер деңгейін төмендетуде және ТЖЛХ деңгейін арттыруда фенофибратпен біріктіріп қолданғанда, никотин қышқылымен біріктіріп пайдаланғанда розувастатиннің аддитивтік әсері білінді.

Қолданылуы

Ересектер және 10 жастағы және одан үлкен балалар

- алғашқы гиперхолестеринемияда немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диета және дәрі-дәрмектік емес басқа емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болған жағдайда, диетаға қосымша ретінде

Ересектер

- отбасылық гомозиготалы гиперхолеестеринемияда диетаға және липидті төмендететін басқа емге (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде, немесе осындай ем пациентке қолдануға келмеген жағдайларда

- атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғарылаған пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасында қосымша ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді бастағанға дейін пациентке стандартты гиполипидемиялық диета тағайындау қажет, оны емдеу кезінде де ұстану керек. Роксардио препаратының дозасы емдеу мақсатына және пациенттің реакциясына байланысты қазіргі бірыңғай нұсқаулар негізінде тағайындалады.

Роксардио препараты ішке қабылдауға арналған, тамақ ішуге қарамай-ақ, күннің кез келген уақытында қабылдануы мүмкін.

Гиперхолестеринемияны емдеу

Роксардио препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы бұрын статиндер тобының препараттарын қабылдамаған пациенттер үшін, немесе бұрын ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің басқа препараттарын қабылдаған пациенттер үшін тәулігіне бір рет ішке қабылданатын 5 мг немесе 10 мг құрайды. Бастапқы дозаны таңдаған кезде пациенттің, холестерин деңгейі және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан реакциялар қаупі, сондай-ақ жағымсыз әсерлер қаупі сияқты, жекелей көрсеткіштерін ескеру қажет. Дозаны арттыру үшін түзету енгізу қажетіне қарай 4 аптадан кейін жүзеге асырылады. Роксардио препаратын 40 мг дозада қабылдағанда, өте төмен дозалармен салыстырғанда, жағымсыз әсерлер жағдайы жиілігінің жоғарылауына байланысты, дозаны 40 мг-ге дейін арттыру ауырлығы жоғары дәрежедегі ауыр гиперхолестеринемиясы бар пациенттерді емдегенде, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан біліністер қаупі жоғары болуы (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар болғанда), тәулігіне 20 мг доза препаратты қабылдау қажетті нәтижені қамтамасыз ете алмаған кезде, үнемі медициналық тексеру жүргізілу жағдайында ғана ұсынылады.

40 мг доза Роксардио препаратын қабылдау тек дәрігердің бақылауымен ғана ұсынылады.

Жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы

Ересектер: Роксардио препаратын тәулігіне 20 мг дозада тағайындайды.

Педиатриялық іс-тәжірибеде қолданылуы

Балалар және 10-нан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер (Танердің ІІ және одан жоғары сатысындағы ер балалар, алғашқы етеккірі кем дегенде 1 жыл бұрын келген қыз балалар).

Педиатриялық іс-тәжірибеде Роксардио препаратын қолдану мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.

Балалар мен жасөспірімдерге Роксардио препаратын тәулігіне бастапқы 5 мг дозада тағайындайды. Дозалардың әдеттегі ауқымы тәулігіне 1 рет 5 мг – 20 мг. Дозаны арттыру педиатриялық іс-тәжірибеде қолдану жөніндегі нұсқауларға сай, жекелей реакцияға және Роксардио препаратының жағымдылығына сәйкес жүзеге асырылады. Розувастатинді пайдаланып емдеуді бастар алдында балалар мен жасөспірімдерге холестерині аз стандартты диета тағайындайды, диеталарды ем жүргізу кезеңінде де ұстану қажет. Пациенттердің осы тобында 20 мг-ден асатын дозалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. 40 мг таблеткалар пациенттердің осы тобына ұсынылмайды.

70 жастан асқан егде жастағы пациенттер

Роксардио препаратының ұсынылған бастапқы дозасы - 5 мг. Пациенттің жасына сай дозаны әрі қарай түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде Роксардио препаратының дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылулары бар (креатинин клиренсі <60 мл/мин) пациенттерді емдеуге Роксардио препаратын қолданған кезде ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрауы тиіс. Бүйрек функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде Роксардио препаратының 40 мг дозасын қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының ауырлығы ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде Роксардио препаратының кез келген дозаларын қолдануға болмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуге қолданылуы

Бауыр функциясының Чайльд-Пью шкаласы бойынша 7 немесе одан төмен дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттер қабылдаған кезде розувастатиннің жүйелік әсер ету көрсеткіштерінің жоғарылағаны байқалмайды. Алайда бауыр функциясының Чайльд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттер қабылдағанда розувастатиннің жүйелік әсер ету көрсеткіштерінің жоғарылағаны байқалды. Осындай санаттағы пациенттерге ем жүргізгенде бүйрек функциясын да үнемі тексеріп отырған жөн. Бүйрек функциясының 9-дан жоғары дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Розувастатинді бауырдың белсенді аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Нәсілі

Азиялық нәсілге жататын пациенттерде розувастатинді қабылдаған кезде жүйелік әсер ету көрсеткіштерінің жоғарылағаны білінді. Азиялық нәсілге жататын пациенттерді емдеуге розувастатиннің ұсынылатын дозасы 5 мг құрауы тиіс. Азиялық нәсілге жататын пациенттерге розувастатинді 40 мг дозада қолдануға болмайды.

Миопатияға бейім пациенттер

Роксардио препаратының ұсынылған бастапқы дозасы - 5 мг.

Мұндай пациенттерге Роксардио препаратын 40 мг дозада қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- қант диабеті1

- бас ауыру, бас айналу

- іш қату, жүректің айнуы, іштің ауыруы

- бұлшықеттердің ауыруы

- астения

Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)

- қышыну, бөртпе, есекжем

Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)

- тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса

- панкреатит

- бауыр трансаминазаларының ұлғаюы

- миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз

Өте сирек (< 1/10 000)

- полинейропатия, жадының жоғалуымен бірге

- сарғаю, гепатит

- артралгия

- гематурия

- гинекомастия

Белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

- депрессия

- шеткергі невропатия, ұйқының бұзылуы (ұйқысыздықты және түнгі қорқыныштарды қоса)

- жөтел, диспноэ

- диарея

- Стивенс-Джонсон синдромы

- шеміршек патологиясының иммунитетке байланысты некроздық миопатиясы, кейде үзілумен асқынатын

- ісіну

1 Жиілігі қауіп факторының болуына немесе болмауына байланысты (ашқарында қандағы глюкоза > 5,6 ммоль/л, ДСИ >30 кг/м, триглицеридтердің жоғары деңгейі, анамнездегі гипертония).

ГМГ-КоА редуктазасының басқа тежегіштері сияқты, жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі дозаға байланысты.

Несеп шығару жолдары: Розувастатин қабылдаған пациенттерде тест-жолақша жәрдемімен, негізінен, тубулоэпителиальді жүйеден анықталған протеинурия байқалуы мүмкін. 10-20 мг розувастатин қабылдап жүрген пациенттердің 1%-дан азында және 40 мг розувастатин қабылдап жүрген пациенттердің шамамен 3%-да несептегі ақуыздар мөлшерінде өзгерістің жоқтығы немесе ++ дейін немесе одан көбірек қалдық мөлшері байқалады. Несепте ақуыз мөлшерінің аздаған өзгеруі розувастатиннің 20 мг дозасын қабылдағанда байқалды. Көптеген жағдайларда протеинурия ем барысында азаяды немесе жоғалады. Клиникалық зерттеу деректеріне және розувастатинді тіркеуден кейін қолдану тәжірибесіне сай, протеинурия бүйректің жедел ауруының пайда болуымен немесе бұрыннан бар ауруының өршуімен байланысты емес.

Гематурия розувастатин қабылдаған пациенттер тобында байқалды, бірақ клиникалық зерттеулер оның пайда болу ықтималдылығының төмен болып табылатынын көрсетеді.

Тірек-қимыл аппараты: Розувастатинді барлық дозаларда, әсіресе 20 мг-ден асатын дозаларда қолданғанда келесі жағымсыз әсерлер жөнінде мәлімделді: миалгия, миопатия (миозитті қоса), сирек жағдайларда – бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігімен бірге немесе онсыз рабдомиолиз.

Пациенттерде креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің дозаға байланысты жоғарылауы байқалады: көптеген жағдайларда олар жеңіл, симптомсыз және уақытша болды. КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен бес еседен астамға жоғарылаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.

Бауыр тарапынан жағымсыз әсерлері: ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштеріндегі сияқты, розувастатин қабылдаған пациенттердің аздаған бөлігі ішінде трансаминазалардың дозаға байланысты артуы байқалды; көптеген жағдайлар жеңіл, симптомсыз және уақытша болды.

Кейбір статиндерді қолданғанда келесі жағымсыз әсерлер мәлімделді:

- Депрессия;

- Ұйқының бұзылуы, ұйқысыздықты және түнгі қорқыныштарды қоса;

- Сексуальді дисфункция;

- Әсіресе ұзақ емдегенде тек қана өкпенің интерстициальді аурулары жағдайлары

Рабдомиолиздегі есептік нормалар, күрделі бүйректік асқынулар және бауыр тарапынан күрделі жағымсыз әсерлер (негізінен бауыр трансаминазаларынан тұратын) розувастатиннің 40 мг дозасында жоғары болады.

Балалар:

Розувастатинді 52 апта бойы қабылдаған балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында креатинфосфокиназа концентрацияларының ҚЖШ-ден 10 есе басым деңгейге дейін жоғарылау жағдайлары, сондай-ақ спортпен немесе дене жүктемесімен шұғылданғаннан кейін бұлшықет тарапынан симптомдар, ересектердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер кезіндегіге қарағанда, жиі байқалды. Балалар мен жасөспірімдердегі розувастатиннің басқаларына қатысты қауіпсіздік бейіні ересектердегіге ұқсас болды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- «Құрамы» бөлімінде берілген белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- бауырдың белсенді аурулары, соның ішінде сарысуда трансаминазаның түсініксіз, ұдайы жоғарылауы және сарысуда қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) үш есе жоғары болатын трансаминазаның кез келген ұлғаюы;

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин);

- миопатия;

- циклоспоринді бір мезгілде қолдану;

- 10 жасқа дейінгі балалар (5 мг доза үшін);

- 18 жасқа дейінгі балалар (10 мг, 20 мг, 40 мг дозалары үшін);

- галактозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы (құрамында лактоза болғандықтан);

- жүктілік және лактация кезінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын, бала туа алатын жастағы әйелдерде.

40 мг дозаны миопатия/рабдомиолиз дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде қолдануға болмайды. Миопатия/рабдомиолиз дамуының қауіп факторлары мыналар болып табылады:

- бүйрек функциясының орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 60 мл/мин);

- гипотиреоз;

- жеке немесе отбасылық анамнезінде бұлшықеттердің тұқым қуалайтын ауруларының болуы;

- ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің басқа препараттарын немесе фибраттарды қолданғанда бұлшықет уыттылығы жағдайларының анамнезінде болуы;

- созылмалы маскүнемдік;

- плазмада розувастатин деңгейі артуы мүмкін жағдайлар;

- азиялық нәсілге жататын пациенттер;

- фибраттарды бір мезгілде қолдану;

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин: Розувастатинді және циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда розувастатиннің AUC (қисық астындағы аудан) мәндері дені сау еріктілердегі мәндерінен орта есеппен 7 есе жоғары болды (1-кестені қараңыз). Розувастатинді циклоспоринмен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Мұндайда қан плазмасындағы циклоспориннің концентрациясы өзгерген жоқ.

К витаминінің антагонистері: ГМГ-КоА – редуктаза тежегіштерінің басқа препараттарын қолданған жағдайдағы сияқты, емнің басында немесе розувастатиннің дозасын арттырғанда К витамин антагонисі препараттарын (мысалы, варфарин немесе басқа кумариндік антикоагулянттар) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде Халықаралық қалыстасқан қатынас (ХҚҚ) жоғарылауы мүмкін. Розувастатинді қолданып емдеуді тоқтату немесе дозасын төмендету Халықаралық қалыстасқан қатынас (ХҚҚ) көрсеткіштерінің төмендеуін қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ХҚҚ көрсеткіштеріне тиісті мониторинг ұсынылады.

Гемфиброзил және басқа да гиполипидемиялық препараттар: Розувастатинді және гемфиброзилді бір мезгілде қолдану розувастатиннің Cmax және қисық астындағы аудан (AUC) мәндерінің 2 есе артуына әкелді.

Осы нақты зерттеулердің деректері негізінде, фенофибратпен фармакокинетикалық елеулі өзара әрекеттесудің болуы мүмкін емес, бірақ фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер пайда болуы мүмкін. Гемфиброзил, фенофибрат, басқа да фибраттар және ниацин (никотин қышқылы) липидтердің мөлшерін төмендету үшін қолданылатын (тәулігіне ≥1 г) дозада ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданылғанда миопатияның даму қаупі жоғарылайды, бұл осы препараттардың миопатияны туындатуы салдарынан және бөлек қолданудан болуы мүмкін. Фибраттарды бір мезгілде қабылдағанда розувастатинді 40 мг дозада қолдануға болмайды. Мұндай пациенттерде розувастатинді тәулігіне 5 мг дозадан бастап қабылдау ұсынылады.

Эзетимиб: Розувастатинді және эзетимибті бір мезгілде қабылдаған кезде Cmax және қисық астындағы аудан (AUC) өзгерген жоқ. Алайда розувастатин мен эзетимиб арасында жағымсыз әсерлер түріндегі фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер жоққа шығарылуы мүмкін емес.

Протеаза тежегіштері: Өзара әрекеттесуінің дәл механизмі белгісіз болса да, протеаза тежегішін бір мезгілде қолдану розувастатиннің әсерін күшті арттыруы мүмкін. Мысалы, фармакокинетикалық зерттеулерде дені сау еріктілерде 20 мг розувастатинді және протеазаның екі тежегішінің біріктірілген өнімін (400 мг лопинавир/100 мг ритонавир) бірге қолдану розувастатиннің AUC (қисық астындағы аудан) мәндерінің екі есе және Cmax мәндерінің бес есе артуымен байланысты болды. Сондықтан розувастатинді протеаза тежегіштерінің препараттарын қабылдап жүрген АИТВ жұқтырған пациенттерде бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Антацид: Розувастатинді және құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацид суспензиясын бір мезгілде қабылдау қан плазмасында розувастатин концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуіне әкеледі. Бұл әсері, егер антацидтер розувастатинді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылданса, әлсіздеу білінеді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы зерттелген жоқ.

Эритромицин: Розувастатинді және эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатиннің AUC мәндерінің 20%-ға, ал Cmax мәндерінің 30%-ға төмендеуіне әкелді. Мұндай өзара әсер ету эритромицинді қабылдау себебінен болған ішек моторикасы күшеюінің нәтижесі болып табылуы мүмкін.

Ішілетін контрацептивтер/гормонның орнын басу емі (ГОЕ): Розувастатинді және ұрықтануға қарсы пероральді түрде қолдануға арналған дәрілерді бір мезгілде қабылдау этинилэстрадиолдың және норгестрелдің AUC мәндерінің, сәйкесінше, 26%-ға және 34%-ға артуына әкеледі. Қан плазмасындағы концентрациясының осылай жоғарылауын пероральді түрде қолдануға арналған тиісті дозаларды таңдаған кезде ескерген жөн. Розувастатинді гормонның орнын басу емінің (ГОЕ) аясында қабылдауға қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ, демек, осыған ұқсас әсер ету жоққа шығарылмайды. Алайда осындай біріктірілім клиникалық зерттеулерге қамтылған әйелдерге кеңінен қолданылды, және оларға жағымдылығы жақсы болды.

Дигоксин: Зерттеу деректерін негізге алсақ, дәрілік препараттардың дигоксинмен клиникалық тұрғыдан спецификалық өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Р450 цитохромы жүйесінің ферменттері: Іn vitro және in vivo зерттеу нәтижелері розувастатин Р450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес екендігін көрсетеді. Бұдан басқа, розувастатин осы изоферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Осылайша, Р450 цитохромы метаболизмінің нәтижесінде дәрілік өзара әрекеттесу күтілмейді. Розувастатин және флуконазол (СYР2А9 және СYР3А4 тежегіштері)/ немесе кетоконазол (СYР3А4 және СYР2А6 тежегіштері) арасында клиникалық тұрғыдан қандай да болсын маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде розувастатинді қолдануға болмайды.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде ұрықтануға қарсы сенімді заттарды қолданған жөн. Холестерин және холестерин биосинтезінің басқа да өнімдері ұрықтың дамуы үшін маңызды болғандықтан, жүктілік кезінде ГМГ-КоА – редуктазаның тежелуінің потенциалды қаупі емдеудің артықшылығынан басым болады. Препаратты қолдану кезеңінде жүктілік басталған жағдайда әрі қарай емдеуді дереу тоқтатқан жөн.

Айрықша нұсқаулар

Несеп шығару жүйесі

Розувастатинді жоғары дозаларда, әсіресе 40 мг дозаларда қолданғанда көптеген жағдайларда бұзылулар уақытша және тұрақты емес сипатта болса да, талдау нәтижесі бойынша анықталған, шығу тегі өзекшелік протеинурия байқалды.

Бұрыннан бар бүйрек ауруларының жедел дамуының немесе өршуінің дәлелі болып табылмайтындығы айғақталды. Розувастатинді 40 мг дозада қабылдағанда бүйрек тарапынан күрделі бұзылулар жағдайларының жиілігі артады. Розувастатинді 40 мг дозада тағайындағанда стандартты мониторинг бағдарламасына бүйрек функциясын тексеруді міндетті түрде енгізу қажет.

Тірек-қимыл аппараты

Қаңқа бұлшықеттерінің, мысалы, миалгия, сирек рабдомиолиз сияқты бұзылулары, пациенттердің розувастатинді кез келген дозада, көбіне > 20 мг дозаларда қабылдағанда байқалды. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін және эзетимибті біріктіріп қолданғанда рабдомиолиз жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімделді. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмады, демек, препараттарды біріктіріп қолданғанда аса сақтық қажет.

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану жағдайындағы сияқты, розувастатинді қабылдау аясында рабдомиолиздің пайда болу жиілігі оны 40 мг дозада қолданғанда артады.

Креатинкиназа (КФК) деңгейін анықтау

КФК деңгейін анықтауды қарқынды дене жүктемелерінен кейін немесе КФК концентрациясы жоғарылауының басқа да мүмкін болатын себептері бар болғанда жүргізбеген жөн, өйткені бұл алынған нәтижелерді бүркемелеуі мүмкін. Емдеуді бастағанға дейін КФК концентрациясы жоғарылаған (> 5 х ҚЖШ) жағдайда алынған нәтижені тексеру үшін қайталап анықтауды 5-7 күннен кейін жүргізу керек. Егер қайталап талдау нәтижелері - КФК концентрациясының жоғарылауы (> 5 х ҚЖШ) алдындағы нәтижені растаса, емдеуді бастамаған жөн.

Емдеуді бастар алдында

Розувастатинді, ГМГ-КоА – редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, миопатияға/рабдомиолизге бейім пациенттерді емдегенде сақтықпен қолданған жөн. Миопатия/рабдомиолиз дамуының қауіп факторлары мыналар болып табылады:

- бүйрек функциясының бұзылуы

- гипотиреоз

- жеке немесе отбасылық анамнезінде бұлшықеттердің тұқым қуалайтын ауруларының болуы

- ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің басқа препарттарын немесе фибраттарды қолданғанда бұлшықет уыттылығы жағдайларының сыртартқыда болуы

- созылмалы маскүнемдік

- > 70 жас

- қан плазмасындағы препарат концентрациясы жоғарылауы мүмкін жағдайлар

- фибраттарды бір мезгілде қолдану.

Розувастатинді мұндай пациенттерге тағайындағанда емдеу себеп болған қауіптің, және ықтимал пайдасының арақатынасын мұқият таразылаған жөн; клиникалық мониторингті ұдайы жүргізу ұсынылады. Емдеуді бастағанға дейін КФК концентрациясының деңгейлері едәуір жоғарылаған жағдайда (> 5 х ҚЖШ), емдеуді бастамаған жөн.

Емдеу кезінде

Пациенттер бұлшықеттерде түсініксіз ауыру, бұлшықет әлсіздігі немесе құрысулар пайда болған жағдайлар жөнінде, әсіресе егер мұндай құбылыстар дімкәстікпен немесе қызбамен қатар жүрсе, дәрігерге дереу айту керек. Мұндай жағдайларда КФК концентрацияларының деңгейін тексеру қажет. КФК концентрациясының деңгейі едәуір жоғарылағанда (> 5 х ҚЖШ) немесе жайсыздыққа себеп болып табылатын бұлшықет тарапынан ауырлығы жоғары дәрежедегі симптомдарда емдеуді тоқтатқан жөн (тіпті КФК концентрациясының деңгейі ≤ 5 х ҚЖШ болғанның өзінде). Симптомдарды жойғаннан кейін және креатинкиназа мөлшері қалыпты шекке оралғаннан кейін розувастатинмен немесе ГМГ-КоА – редуктаза тежегіштерінің баламалы препараттарының ең төмен дозасымен емдеуді қайта жаңғыртуды пациенттің жағдайына тиісінше мониторинг жүргізген жағдайда қайта қарастыруға болады.

Аздаған пациенттердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында розувастатиннің аздаған дозаларында және қатар жүретін ем кезінде қаңқа бұлшықеттері әлсіздігінің артуы клиникалық тұрғыдан дәлелденген жоқ. ГМГ-КоА - редуктаза тежегіштерінің басқа препараттарын фиброй қышқылының туындыларымен, соның ішінде гемфиброзилмен, циклоспоринмен, никотин қышқылының препараттарымен, зеңге қарсы азольді препараттармен, протеаза тежегіштерімен және макролидтік антибиотиктермен бірге қабылдаған пациенттер арасында миозиттер мен миопатия жағдайларының жиілігінің жоғарылағаны білінді. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда миопатия қаупін арттырады. Осылайша, розувастатин мен гемфиброзилді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Розувастатин мен фибраттарды немесе ниацинді бір мезгілде қабылдағанда липидтер деңгейінің әрі қарай төмендеуіне ықпал етуінің пайдасын, осыған ұқсас біріктіріп қолданудың потенциалды қаупін ескеріп, жан-жақты таразылаған жөн. Фибраттарды бір мезгілде қабылдағанда розувастатинді 40 мг дозада қолдануға болмайды.

Розувастатинді миопатия үшін тән болатын ауыр өршу жағдайлары бар, немесе рабдомиолиз себеп болған бүйрек функциясының жеткіліксіздігі өршіп дамыған пациенттерді емдеуге қолданбаған жөн (мысалы, сепсисте, артериялық гипотензияда, ауқымды хирургиялық араласым жүргізгенде, жарақаттарда, зат алмасулар бұзылғанда, эндокриндік бұзылуларда немесе ауырлығы жоғары дәрежедегі электролиттік бұзылуларда, немесе бақыланбайтын эпилепсияда).

Бауыр тарапынан бұзылулар

ГМГ-КоА – редуктаза тежегіштерінің басқа препараттары сияқты, розувастатинді алкогольді шамадан тыс пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерді емдегенде сақтықпен қолданған жөн.

Емдеуді бастағанға дейін, сондай-ақ емдеуді бастағаннан кейін 3 айдан соң бауыр функциясын анықтау үшін талдаулар жүргізу ұсынылады. Сарысулық трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен астамға артық болған жағдайларда розувастатинді әрі қарай қабылдауды тоқтатқан немесе розувастатин дозасын азайтқан жөн. Бауыр тарапынан күрделі бұзылулар жағдайларының жиілігі (біліністері көбінесе бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы болып табылады) препаратты тіркеуден кейінгі кезеңде розувастатинді 40 мг дозада қабылдау аясында жоғары болды.

Гипотиреоз немесе нефроздық синдром салдарынан пациентте салдарлық гиперхолестеринемия болған жағдайда негізгі ауруды розувастатинмен емдеуді бастағанға дейін емдеп жазған жөн.

Нәсілі

Фармакокинетикалық зерттеулер азиялық нәсілге жататын қатысушыларда, еуропалық нәсілге жататын қатысушылармен салыстырғанда, әсерінің артқанын көрсетеді.

Протеаза тежегіштері

Розувастатинді және протеаза тежегіштерінің препараттарын бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды.

Өкпенің интерстициальді аурулары

Статиндер тобының кейбір препараттарын қабылдау аясында, әсіресе ұзақ ем жүргізгенде, өкпенің интерстициальді аурулары дамыған жекелеген жағдайлар жөнінде мәлімдемелер бар. Аурудың белгілері ентігу, өнімсіз жөтел және жалпы денсаулық жағдайының нашарлауы (қажығыштық, дене салмағының төмендеуі және қызба) болуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруларына күдіктенгенде статиндер қолданылатын емді тоқтатқан жөн.

Қант диабеті

Пациенттерде (глюкоза ашқарында 5,6-дан 6,9 ммоль/л дейін), розувастатинді қолдану диабеттің дамуының жоғары қаупімен астасуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Розувастатиннің автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, розувастатиннің фармакодинамикалық қасиеттерін ескерсек, бұл қабілетке үлкен ықпал тигізуі екіталай болып табылады. Автокөліктерді басқарғанда немесе басқа да механизмдерді пайдаланғанда розувастатинмен емдеу аясында анда-санда байқалатын бас айналудың болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Емі: артық дозаланған жағдайда арнайы емі жоқ. Қажетті демеуші шараларды қолданып, симптоматикалық ем жүргізіледі. Мұндайда бауыр функциясын және креатинкиназа деңгейін бақылауды жүзеге асыру қажет. Гемодиализдің пайдасы екіталай.

Шығарылу түрі

Алюминий (oPA-алюминий-ПВХ/алюминий) фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 4 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Verovškova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia

Қаптаушы

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Trimlini 2D, 9220 Lendava, Slovenia

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Verovškova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia

Тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ, Луганский к-сі, 96, «Керуен» Бизнес орталығы, Тел +7 (727) 2581048 Факс: +7 (727) 2581047,

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі

Прикрепленные файлы

577721941477976197_ru.doc 141.5 кб
720281001477977442_kz.doc 184.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники