Рапимиг (Zolmitriptan)

МНН: Золмитриптан
Производитель: Актавис Лтд
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018904
Информация о регистрации в РК: 15.05.2012 - 15.05.2017
Номер регистрации в РБ: 9882/12/17
Информация о регистрации в РБ: 15.03.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Рапимиг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Золмитриптан

Дәрілік түрі

Ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 2,5 және 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –2,5 және 5 мг золмитриптан,

қосымша заттар: маннитол, микрокристаллды целлюлоза (112 типі), кросповидон (В типі), магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), кальций силикаты, аспартам, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, апельсин хош иісі Permaseal 11022-31.

Сипаттамасы

Беткейі тегіс, дөңгелек пішінді, ақ түсті таблеткалар, диаметрі 7,5 мм (2,5 мг доза үшін) немесе 9,5 мм (5 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Антимигренозды препараттар.

5НТ1Д серотонинді рецепторлар стимуляторлары.

АТЖ коды N02С С03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда, сіңірілуі 64 %-ды құрайды және тамақтануға байланысты болмайды.

Орташа абсолюттік биожетімділігі шамамен 40 %-ды құрайды. Плазманың ақуыздарымен байланысуы – 25 %. Ең жоғары концентрацияға жету уақыты 1 сағатты құрайды. Плазмадағы терапиялық концентрациясы кейінгі 4 – 6 сағат бойы ұстап тұрады. Қайта қабылдағанда жинақталуы байқалмайды.

N-десметилтуындысының пайда болуымен бауырда қарқынды биоөзгеріске ұшырайды, бастапқы қосылысқа қарағанда 2 – 6 есе үлкен фармакологиялық белсенділікке және бірқатар белсенді емес метаболиттерге ие болады.

Қан плазмасындағы Сmaxтың жету уақыты 1 сағатты құрап, кейінгі 4-5 сағат бойы ұстап тұрылады. Пероральды бір реттік қабылдағанда 60 %-дан астамы несеппен, ал шамамен 30 % -ы нәжіспен өзгеріссіз күйінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Рапимиг адам қантамыры серотонинінің рекомбинантты 5-НТ1В/1В-рецепторларының селективті агонисті болып табылады. Серотонинді 5-НТ1А-рецепторларымен орташа ұқсастыққа ие, 5НТ2-, 5НТ3-, 5НТ4-серотонинді рецепторлар, а1-, а2-, b1-адренорецепторлар, Н1-, Н2-рецепторлар, М-холинді рецепторлар, D1-, D2-дофаминергиялық рецепторлар бойынша маңызды аффиндік және фармокологиялық белсенділікке ие емес.

Рапимиг тамырдың вазоконстрикцияны көбіне краниальді тамырлардың вазоконстрикциясын тудырады, нейропептидтердің, әсіресе, рефлекторлық қозудың негізгі эффекторлық трансмиттері болып табылатын вазоактивті интестинальді пептидтің босатылуын бөгейді, бас сақинасының патогенезі негізіндегі қантамырлардың кеңеюін тудырады. Тікелей ауыруды басатын әсерінсіз бас сақинасы ұстамасының дамуын тоқтатады. Бас сақинасын басумен қатар, лоқсуды, құсуды (әсіресе, сол жақтағы ісінулерде), фото- және фонофобияны әлсіретеді. Шеткергі әсерге қосымша бас сақинасымен байланысты бас миыныың бағаны орталығына әсер етеді, бұл бір емделушідегі бас сақинасының бірнеше ұстамаларынан құралған серияларды емдеу кезіндегі тұрақты қайталама әсерді түсіндіреді. Бас сақинасын кешенді емдеуде тиімділігі жоғары (2 – 5 тәулікке созылатын, бірінен соң бірі келетін бас сақинасының бірнеше ауыр ұстамаларынан құралған сериялар). Етеккірмен байланысты бас сақинасын жояды. Жоғары дозалар седативті әсер беріп, ұйқышылдықты тудырады.

Қолданылуы

  • аурамен және аурасыз қатар жүретін, бас сақинасының ұстамасын емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Рапимигті бас сақинасы ұстамасының пайда болуынан кейін, алайда препараттың тиімділігі таблетканы алғашқы ұстамадан кейін қандай уақытта қабылдағанға байланысты болмаса да ертерек қолдану ұсынылады.

Таблетканы шайнамастан және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішу ұсынылады.

Бас сақинасының ұстамасын басу үшін Рапимигтің ұсынылатын дозасы – 1 таблетка (2,5 мг). Пайдасы болмаған кезде немесе ауыру қайталанған кезде 1 таблетка (2,5 мг) қайта қабылдануы мүмкін. Қажет болған кезде қайталану дозасын алғашқы дозадан кейін 2 сағаттан соң қабылдауға болады.

2,5 мг дозаның тиімділігі жеткіліксіз болғанда бір реттік дозаны 5 мг-ге (ең жоғарғы бір реттік дозаға) дейін арттыруға жол беріледі. Ең жоғарғы тәуліктік доза 10 мг-ден артпауға тиіс.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстың жалпы жиілігі плацебо үшін салыстырмалы тең.

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі" - > 1/10, "жиі" – > 1/100-ден < 1/10-ға дейін, "кейде" – > 1/1000-нан < 1/100-ге дейін, "сирек" – > 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін, "өте сирек" - < 1/10000.

Жиі

- жүрек қағуы

  • сезімталдықтың бұзылуы, бас айналуы, бас ауыруының күшеюі, гиперестезия, ұйқышылдық парестезиясы, ысынуды сезіну

  • іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, ауыздың кеберсуі

  • бұлшықеттің әлсіздігі, бұлшықеттің ауыруы

  • астения

  • тамақтың, мойынның, кеуде қуысының және аяқ-қолдың қысылу және ауырлау сезімі

Сирек

- миокард инфаркті, жүктемелі стенокардия, коронарлық түйілу

- интестинальді ишемия, интестинальді инфаркт, көкбауыр инфаркті

Кейде

  • тахикардия, артериялық қысымның мардымсыз жоғарылауы

  • полиурия, жиі несеп шығару

  • асқын сезімталдық реакциялары, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық реакциялар

Кейбір симптомдар бас сақинасы ұстамасының бөлігі болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- золмитриптанға немесе препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдықта

- ауыр артериялық гипертензия, жеңіл түрдегі бақыланбайтын артериялық гипертензияда

- ангиоспастикалық стенокардияда

- жүректің ишемиялық ауруында

- сыртартқысында миокард инфарктінде

- Принцметал стенокардиясында

- сыртартқысында инсульт және транзиторлық ишемиялық атакада (ТИА)

- креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен болғанда

- WPW-синдром, жүрек ырғағының бұзылуында

- жүктілік және лактация кезеңінде

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- 65 жастан үлкен жастағыларға

Дәрілік өзара әрекеттесуі

Препаратты кофеинмен, эрготаминмен, дигидроэрготаминмен, парацетамолмен, метоклопрамидпен, пизотифенмен, рифампицин және пропранолмен үйлестіруге рұқсат етіледі.

Золмитриптан мен эрготаминнің арасында өзара әрекеттестік байқалмайды. Теориялық тұрғыдан тәждік спазмның туындау қаупінің ұлғаюынан, Рапимигті құрамында эрготамин бар препараттарды қабылдаған соң ғана 24 сағаттан кейін қолдану ұсынылады. Керісінше, құрамында эрготамин бар препаратты Рапимигті қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Рапимигті басқа 5-HT1B/1D-агонисттерімен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.

Моклобемидті, моноаминоксидазаның спецификалық тежегішін (МАО-А) қабылдаған соң, золмитриптан үшін AUC-тың («концентрация-уақыт» қисық сызығы астындағы аудан) елеусіз дәрежеде ұлғаюы (26 %) және белсенді метаболит үшін AUC-тың үш есе ұлғаюы байқалды. Сондықтан МАО-А тежегішін қабылдайтын емделушілерге Рапимигті тәулігіне 5 мг-дан аспайтын дозада қабылдау ұсынылады. Моклобемидті тәулігіне екі рет 150 мг-дан аса дозада қабылдағанда, препараттар бір мезгілде қолданылмауы тиіс.

Циметидинді, Р450 жалпы тежегішін қабылдаған соң, золмитриптанның жартылай шығарылу кезеңі 44 %-ға, ал AUC-тың жартылай шығарылу кезеңі 48 %-ға артады. Сондай-ақ, циметидин белсенді N-диметилді метаболиттің (183С91) Т және AUC-ын екі есе арттырды. Циметидин қабылдайтын емделушілерге Рапимигті тәулігіне 5 мг-дан аспайтын дозада қабылдау ұсынылады. Өзара әрекеттесудің жалпы профиліне орай CYP 1A2 спецификалық тежегіштерімен өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан флувоксамин және хинол (мысалы, ципрофлоксацин) сияқты осындай қосылыстарды қолданғанда, дозалауды да азайту ұсынылады. Фармакокинетика тұрғысынан, селегилин (МАО-В тежегіші) және флуоксетин (СКҚСТ) золмитриптанмен өзара әрекеттеспейді.

Триптандар мен серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (СКҚСТ) немесе серотонин мен норадреналинді кері қармайтын тежегіштерді (СмНКҚТ) бір мезгілде қабылдағанда, серотонинді синдромның пайда болуы туралы хабарланды (психикалық күйдің өзгеруін, акатизия, Бабинскийдің екі жақты симптомы, эпилептиформдық ұстамалар, үйлесімділіктің бұзылуы, парестезия миоклониясы, бұлшықеттердің сіреспелігі, діріл сияқты жүйке-бұлшықет бұзылуларын қоса алғанда). Осы реакциялар ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Золмитриптанді және СКҚСТ мен СмНКҚТ-ты бір мезгілде қабылдау клиникалық тұрғыдан дұрыс болып келеді, әсіресе, емдеудің бас кезінде, дозаны ұлғайтқанда немесе басқа серотонинергиялық заттарды қолдана отырып, емделушіге тиісті тексеру жүргізу ұсынылады.

5HT1B/1D рецепторларының басқа да агонистері сияқты, золмитриптан басқа да дәрілік заттардың сіңірілуін баяулатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Рапимиг бас сақинасы ұстамаларының алдын алуға арналмаған.

Рапимиг ауралы және аурасыз бас сақинасы кезінде және етеккірмен байланысты бас сақинасы кезінде айқын әсерге ие. Препараттың тиімділігіне емделушінің жынысы мен жас ерекшелігі, ұстаманың ұзақтығы, препаратты қабылдау алдында лоқсудың болуы және бас сақинасының ұстамаларынның алдын алуға арналған препараттарды пайдалану әсер етпейді.

Препаратты анықталған диагноз жағдайында ғана қабылдау керек. Препаратты қабылдау алдында басқа мүмкін болған маңызды неврологиялық күйлерді болдырмау керек.

Рапимигті гемиплегиялық немесе базилярлық бас сақинасында қолданбау керек.

Бас сақинасы бар емделушілерде мидағы қанайналымы бұзылуының даму қаупі артуы мүмкін. 5НТ1B/1D-серотонинді рецепторларының агонистерін қабылдайтын емделушілерде, геморрагиялық инсульт, субарахноидальді инсульт, ишемиялық инсульт және мидағы қанайналымының басқа да бұзылулары атап өтілді.

Препараттардың осы класын қолдану кезінде өте сирек жағдайда (5НТ1B/1D-серотонинді рецепторларының агонистері) коронарлық қантамырлардың тарылуы, стенокардия немесе миокард инфарктының дамуы атап өтілді. ЖИА даму қаупінің жоғары дәрежесіне ие емделушілерге препаратты қабылдау алдында жүрек-қантамыр жүйесінің күйіне тексеру жүргізу ұсынылады. Сыртартқысында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына нұсқаулары жоқ емделушілерде өте сирек жағдайларда күрделі жүрек-қантамыр асқынулары атап өтілді.

Рапимигті қабылдағанда (серотонинді 5НТ1B/1D-рецепторларының басқа да агонистері сияқты) жүрек аумағында қалыптан тыс сезімдер туралы хабарланды. Кеудеде ауыру немесе ЖИА симптомдары пайда болғанда, тиісті медициналық тексеру жүргізгенге дейін Рапимигті қабылдауды тоқтата тұру керек.

Сыртартқысында артериялық гипертензияның болуына қарамай Рапимиг АҚ-ның жеңіл транзиторлық артуын тудыруы мүмкін (серотонинді 5НТ1B/1D-рецепторларының басқа да агонистері сияқты); өте сирек жағдайда АҚ-ның осылай артуы клиникалық тұрғыдан айқын болды.

Рапимигті қабылдағанда (серотонинді 5НТ1B/1D-рецепторларының басқа да агонистері сияқты) анафилактикалық/анафилактоидты реакциялар сирек атап өтілді.

Бас сақинасына қарсы препараттарды шектен тыс пайдалану бас ауруының пайда болу жиілігінің ұлғаюына әкеледі, бұл емдеуді тоқтатуды қажет етеді.

Фенилкетонурияға шалдыққан емделушілерге Рапимигтің құрамында фенилаланин (аспартам компоненті) бар екендігін ескеру қажет. 2,5 мг-дық әр таблетканың құрамында 4 мг фенилаланин, ал 5 мг-дық әр таблеткада 8 мг фенилаланин бар.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр қызметі жеңіл және орташа бұзылған емделушілер үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бауыр қызметінің ауыр бұзылуымен емделушілер үшін тәуліктік доза 5 мг-дан аспауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Креатинин клиренсінде 15 мл/мин дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Рапимигті тағайындағанда, автомобильді жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу ұсынылады.

Артық дозаланғанда

Симптомдары - Рапимигті 50 мг дозада ішке бір рет қабылдағанда, әдетте, седативтік әсер атап өтіледі.

Емдеу – емделушілердің күйін бақылау кем дегенде 15 сағат бойы (золмитриптанның T1/2 -ы - 2.5-3 сағат), немесе артық дозалау симптомдары сақталып тұрғанша жалғасуы тиіс. Спецификалық антидоты жоқ. Айқын уланған жағдайда, ӨЖЖ қоса алғанда қарқынды емдеу іс-шаралары, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметін бақылау және ұстап тұру ұсынылады. Қан сарысуындағы золмитриптанның концентрациясына гемодиализ бен перитонеальді диализ қандай әсер ететіндігі белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 немесе 6 таблетка алюминий/қағазды фольгадан және ішкі жағы алюминий фольгалы жабындысы бар ПВХ/ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картонды қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Актавис Лтд, В өндірістік аймақ 16, Зейтун ZTN 08, Мальта

Тіркеу куәлігінің иесі

Актавис Лтд., Мальта

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ-дағы Актавис Интернешнл Лтд өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241-1А.

Тел./факс: 8 (727) 313-74-30, 313-74-31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Прикрепленные файлы

485560901477977112_ru.doc 71 кб
330038691477978280_kz.doc 85 кб
9882_12_17_p.pdf 0.45 кб
9882_12_17_s.pdf 0.53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в зд равоохранении» МЗ РБ