Прополиса настойка

МНН: Прополис
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025331
Информация о регистрации в РК: 09.11.2021 - 09.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Прополис тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Тұндырма

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дерматологиялық қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапия препараттары. Жергілікті қолдануға арналған химиотерапиялық препараттар. Микробқа қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды D06BX

Қолданылуы

  • микрожарақаттар

  • терінің беткі қабаттарының және шырышты қабаттардың зақымдануы

  • отит

  • фарингит

  • тонзиллит

  • пародонт аурулары

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық;

- ара шаруашылығы өнімдері;

- өткір экземаға;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім жастағылар;

- поллиноз;

- шырышты қабаттардан немесе зақымдалған тері аймағынан қан кету кезінде дәрілік затты қолданылу ұсынылмайды.

  • Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

  • Препаратты ауыз қуысында қолданғаннан кейін тамақ пен сусындарды 15-30 минут ішінде қолдану ұсынылмайды.

  • Препаратты ауыз қуысында қолданғанда созылмалы алкоголизммен, эпилепсиямен, бауыр ауруларымен ауыратын науқастар, жүкті әйелдер мен емізетін аналар дәрілік заттың құрамында этанол (этил спирті) бар екенін ескеруі керек.

  • Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

    Басқа антисептик дәрілермен немесе ара өнімдерімен араластыру ұсынылмайды.

    Арнайы ескетулер

    Аллергиялық реакциялардың дамуына байланыста препаратты қолдануды тоқтату керек.

    Жүктілік, лактация кезеңі

    Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген.

    Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.

    Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Әсер етпейді.

    Қолдану жөніндегі нұсқаулар

    Дозалану режимі

    Терінің беткі зақымданған аймағы күніне 1-3 рет прополис тұнбасына малынған тампонмен өңделеді.

    Созылмалы іріңді отит кезінде іріңді мұқият тазалағаннан кейін, прополис тұнбасына малынған тампонды құлаққа күніне 2-3 рет 1-2 минут ішінде немесе құлаққа 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет енгізеді.

    Созылмалы фарингит пен тонзоллит кезінде прополистің тұнбасы бадамша бездеріне күніне 1-2 рет 8-15 күн ішінде қолданылады. Сонымен қатар, созылмалы тонзиллит кезінде ингаляцияға 1:20 қатынасында прополис тұнбасының суы ерітіндісі қолданылады. Емдеу курсы 7-10 күн ішінде күніне 1-2 ингаляция.

    Пародонт аурулары кезінде прополис тұнбасына малынған тампондар (турунда) пародонт қуысына 5 минут бойы енгізіледі.

    Ауыз қуысының шырышты қабаты зақымданған жағдайда, прополис тұнбасының сулы ерітіндісі (½ стақан жылы суға 15 мл) 3-4 күн ішінде күніне 4-5 рет шаю үшін қолданылады.

    Енгізу тәсілі және жолы

    Сыртқа, жергілікті, ингаляция арқылы

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Анықталмаған

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

    Егер сізге қосымша ақпарат немесе ұсыныстар қажет болса, дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

    Аллергиялық реакциялар (қышу, терінің қызаруы, бөртпе), қолдану орнында қысқа мерзімді қызу сезімі болуы мүмкін.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

  • http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препарат құрамы

    1 л препараттың құрамында

    белсенді зат - 100 г прополис;

    қосымша заттар - 1 л-ге дейін 80 % этил спирті

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Мөлдір, қызыл-қоңыр түсті прополистің өзіне тән иісі бар сұйықтық. Сақтау кезінде тұнбалар түзілуіне жол беріледі.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    25 мл, 50 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы полиэтилен қақпақпен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпақпен тығындалған бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыда.

    Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

    Құтылар қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен бірге сәйкес санымен орамдық қағаздан жасалған бумаға немесе қорап картоннан жасалған қорапқа немесе полиэтилен жылу ұстағыш үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

    Прикрепленные файлы

    ИМП_ЛВ_Прополиса_настойка_русс_оконч.docx 0.03 кб
    Прополиса_настойка_ЛВ_каз_оконч.doc 0.07 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники