Примафлокс

МНН: Левофлоксацина полугидрат
Производитель: ЕВРОЛАЙФ ХЕЛТКЕР ПВТ. ЛТД.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023565
Информация о регистрации в РК: 05.03.2018 - 05.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Примафлокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 500 мг/100 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат левофлоксацин полугидраты 512 мг (500 мг левофлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: сусыз декстроза, 1 Н хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Жасыл-сары түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

ATX коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Левофлоксацинді вена ішіне бір рет енгізгеннен кейін плазмада жеткен орташа ең жоғарғы концентрациясы ± SD 500 мг 60 минут бойы енгізгеннен кейін 6,2 ± 1,0 мг/мл құрады. Левофлоксациннің фармакокинетикасы бір реттік және қайталанған енгізуден кейін дозаға тәуелді болып табылады әрі алдын ала болжанады. Күніне бір рет 500 мг қабылдағаннан кейін плазмадағы тұрақты концентрациясына 48 сағаттың ішінде жетеді. 500 мг вена ішіне көп рет енгізгенде жеткен қан плазмасындағы орташа ± SD шыңы және ең төменгі концентрациялары шамамен 6,4 ± 0,8 және 0,6 ± 0,2 мкг / мл болды.

Таралуы

Левофлоксациннің 30 - 40% жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады.

Левофлоксациннің орташа таралу көлемі бір реттік және қайталанған 500 мг дозаны енгізуден кейін шамамен 100 л құрайды, бұл организмнің тіндеріне кең таралатынын көрсетеді.

Организмнің тіндеріне және сұйықтығына өтуі

Бронх шырышты қабығына, эпителиальді төсеніш сұйықтығына, альвеолярлық макрофагқа, өкпе тініне, тері (интерстициальді сұйықтық), простата тіндеріне және несепке өтеді. Алайда левофлоксацин жұлын сұйықтығына нашар өтеді.

Биотрансформациясы

Левофлоксацин елеусіз метаболизденеді, дезметил-левофлоксацин және N-оксид левофлоксацин метаболиті болып табылады. Бұл метаболиттер ішінде препараттың <5% дозасы бар және несеппен шығарылады. Левофлоксацин стереохимиялық тұрғыда тұрақты және хиральді инверсияға ұшырамайды.

Шығарылуы

Ішке қабылдаудан кейін немесе вена ішіне (в/і) енгізуден кейін препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу (t1/2: 6 - 8 сағ) шығарылады. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады (енгізілген дозаның >85%-ы).

Левофлоксациннің 500 мг бір реттік дозасын енгізуден кейін болжамды орташа жалпы клиренсі 175 +/- 29,2 мл/мин құрайды.

Вена ішіне және пероральді түрде қолдану тәсілінде левофлоксацин фармакокинетикасында елеулі айырмашылық болмайды, бұл олардың өзара алмастырылатынын растайды.

Дозаға байланыстылығы

Левофлоксацин фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі дозалар ауқымында дозаға байланысты болып табылады.

Пациенттердің ерекше тобы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Левофлоксацин фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігі әсер етеді. Бүйрек функциясы төмендегенде препараттың бүйрек арқылы шығарылуы және бүйрек клиренсі азаяды және төменде келтірілген кестеде көрсетілгендей, жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Бір реттік 500 мг дозаны пероральді түрде қабылдағаннан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы.

Clкр [мл/мин]

<20

20 - 49

50 - 80

Clбүй. [мл/мин]

13

26

57

t1/2 [сағ]

35

27

9

Егде жастағы пациенттер

Жас және егде жастағы пациенттер арасында креатинин клиренсімен байланысқан айырмашылықтарды қоспағанда, левофлоксацин фармакокинетикасында елеулі айырмашылықтар жоқ.

Фармакодинамикасы

Левофлоксацин фторхинолондар класының бактерияға қарсы синтетикалық препараты, офлоксациннің рацемиялық белсенді затының S (-) энантиомері болып табылады.

Әсер ету механизмі

Фторхинолондар тобының бактерияға қарсы дәрісі бола отырып, левофлоксацин ДНҚ-ДНҚ-гираза және топоизомераза IV кешеніне әсер етеді.

ФК/ФД арақатынасы

Левофлоксациннің бактерицидті белсенділік дәрежесі сарысудағы ең жоғары концентрациясының (Cmax) немесе фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының (AUC) және ең төмен тежегіш концентрациясының (ЕТТК) арасындағы арақатынасқа тәуелді.

Төзімділік механизмі

Левофлоксацинге төзімділік II типті топоизомеразаларда, ДНҚ-гираза және IV топоизомеразада нысана-сайт мутациясы арқылы біртіндеп жүре пайда болады. Өткізгіштік бөгеттері (көбінесе Pseudomonas aeruginosa-да) және жасушадан заттардың ағып кетуі сияқты басқа да төзімділік механизмдері левофлоксацинге сезімталдыққа ықпал етуі мүмкін.

Левофлоксацин мен басқа да фторхинолондар арасында айқаспалы төзімділік байқалады. Әсер ету механизмінің ерекшеліктеріне орай, жалпы, левофлоксацин мен бактерияға қарсы препараттардың басқа кластары арасында айқаспалы төзімділік болмайды.

Шектік мәндері

Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) ұсынған левофлоксацин үшін ЕТТК шектік мәндері, сезімтал және сезімталдығы орташа микроорганизмдер, сондай-ақ орташа сезімтал және төзімді микроорганизмдер арасында айырма жүргізумен ЕТТК тестілеуге (мг/л) арналған төмендегі кестеде берілген.

Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет ұсынған левофлоксацин үшін ЕТТК клиникалық шектік мәндері (2.0, 01.01.2012 ж. нұсқасы):

Патоген

Сезімталдығы

Төзімділігі

Энтеробактериялар

≤1 мг/л

>2 мг/л

Pseudomonas spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Acinetobacter spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Staphylococcus spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

S. pneumoniae 1

≤2 мг/л

>2 мг/л

Streptococcus A, B, C, G

≤1 мг/л

>2 мг/л

H. influenzae 2 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

M. catarrhalis 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

Микроорганизмдер түріне байланысты емес шектік мәндері 4

≤1 мг/л

>2 мг/л

1. Левофлоксацин үшін шектік мәндердің препараттың жоғары дозалары қолданылған емге қатысы бар.

2. Фторхинолондарға төзімділіктің төмен деңгейін байқауға болады (ципрофлоксацин препараты ЕТК 0,12-0,5 мг/л), алайда бұл төзімділіктің тыныс алу жолдарының H. influenzae таяқшасымен инфекциялары кезінде клиникалық мәні бар екеніне дәлелдер жоқ.

3. Сезімталдықтың шектік мәндерінен жоғары ЕТТК мәндері бар штаммдар өте сирек кездеседі немесе олар туралы әлі хабарланбаған. Кез келген осыған ұқсас изолят пайдаланумен микробқа қарсы препараттарға сәйкестендірілуіне және сезімталдығына талдаулар қайта жасалу керек, ал егер нәтиже расталса, изолятты анықтамалық зертханаға жөнелту керек. Ағымдағы тұрақты бақылау нүктесінен асатын MIC бар расталған изоляттар үшін клиникалық жауапқа қатысты дәлелдер алынғанға дейін, олар тұрақты ретінде тіркелуі тиіс.

4. Шектік мәндерді пероральді қабылданатын 500 мг x 1-ден 500 мг x 2 дейінгі және в/і енгізуге арналған 500 мг x 1-ден 500 мг x 2 дейінгі доза үшін қолдануға болады.

Төзімділігінің таралуы географиялық тұрғыда және уақыт өтуіне қарай (жекелеген түрлер үшін) ауытқиды, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде жергілікті төзімділігі бойынша ақпарат алған дұрыс. Қажет болса, егер жергілікті төзімділігі, ең болмаса, инфекцияның кейбір типтері кезінде препаратты қолданудың пайдасы күдік тудыратындай шамада таралса, сарапшы кеңесіне жүгінген жөн.

Микроорганизмдердің әдеттегі сезімтал түрлері. Аэробты грамоң бактериялар: Bacillus anthracis,Метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus,

Staphylococcus saprophyticus. Streptococcus, C және G тобы, Streptococcus agalactiae,

Streptococcus pneumonia, Streptococcus pyogenes. Аэробты грамтеріс бактериялар: Eikenella corrodens, Haemophilus influenza, Haemophilus para-influenzae,

Klebsiella oxytoca, Moraxella catarrhalis, Pasteurella multocida, Proteus vulgaris,

Providencia rettgeri. Анаэробты бактериялар: Peptostreptococcus. Басқалары: Chlamydophila pneumonia, Chlamydophila psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella pneumophila,Mycoplasma pneumonia, Mycoplasma hominis, Ureaplasma urealyticum, Жүре пайда болған төзімділік қиындық тудыруы мүмкін түрлері. Аэробты грамоң бактериялар: Enterococcus faecalis. Метициллинге төзімді# Staphylococcus aureus. Коагулазаға теріс Staphylococcus spp. Аэробты грамтеріс бактериялар: Acinetobacter baumannii, Citrobacter freundii,Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Klebsiella pneumonia, Morganella morganii, Proteus mirabilis, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens. Анаэробты бактериялар: Bacteroides fragilis. Табиғи төзімділігі бар штаммдар. Аэробты грамоң бактериялар: Enterococcus faecium.

#Метициллинге төзімді S. aureus-тің, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға ко-төзімділігінің болу ықтималдығының үлесі зор.

Қолданылуы

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісі мынадай инфекцияларды емдеу үшін ересектерге арналған:

- ауруханадан тыс пневмония

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

Жоғарыда аталған инфекциялар үшін Примафлоксты, әдетте осы инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мақсатқа сай емес деп саналған жағдайларда ғана пайдалану керек.

Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдануға қатысты ресми нұсқаулықты ескеру керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Вена ішіне қолданылуы:

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісі күніне 1 немесе 2 рет баяу венаішілік инфузия арқылы енгізіледі. Дозалануы инфекцияның түрі мен ауырлығына және болжанған қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болады. Бастапқы, венаішілік емнің бірнеше күнінен кейін науқастың хал-жағдайына қарай левофлоксацинмен пероральді емге көшуге болады (Примафлокс 500 мг және 750 мг таблеткалары). Пероральді және парентеральді түрлерінің биобаламалылығын ескере отырып, дәл сол дозаны қолдануға болады.

Инфузияға арналған басқа ерітінділермен үйлесімділігі:

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісі мынадай инфузияға арналған ерітінділермен үйлесімді:

- 0,9% физиологиялық ерітінді

- инъекцияға арналған 5% декстроза ерітіндісі

- Рингер ерітіндісіндегі 2,5% декстроза ерітіндісі,

- парентеральді қоректендіруге арналған біріктірілген ерітінділер (амин қышқылдары, гидрокарбонаттар, электролиттер).

Үйлесімсіздік

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісі гепаринмен және сілтілік ерітінділермен (мысалы, натрий гидрокарбонаты) араластыруға жатпайды.

Бұл дәрілік препаратты жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Дозалануы

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде дозалануы (креатинин клиренсі > 50 мл/мин)

Қолданылуы

Күнделікті дозасы

(аурудың ауырлығына қарай)

Емдеу ұзақтығы1

(аурудың ауырлығына қарай)

Ауруханадан тыс пневмония

Тәулігіне бір немесе екі рет 500 мг

7 - 14 күн

Пиелонефрит

500 мг тәулігіне бір рет

7 – 10 күн

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

500 мг тәулігіне бір рет

7 - 14 күн

Шығу тегі бактериялық созылмалы простатит

500 мг тәулігіне бір рет

28 күн

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

Тәулігіне бір немесе екі рет 500 мг

7 - 14 күн

Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі

500 мг тәулігіне бір рет

8 апта

1Емдеу ұзақтығы вена ішіне енгізу мен ішу арқылы емдеуді қамтиды. Вена ішіне енгізуден ішу арқылы емдеуге көшу уақыты клиникалық жағдайға байланысты, бірақ әдетте 2 күннен 4 күнге дейін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

Дозалау режимі

250 мг / 24 сағ.

500 мг / 24 сағ.

500 мг / 12 сағ.

Креатинин клиренсі

бірінші доза: 250 мг

бірінші доза: 500 мг

бірінші доза: 500 мг

50-20 мл/мин

соңынан: 125 мг/24 сағ.

соңынан: 250 мг/24 сағ.

соңынан: 250 мг/12 сағ.

19-10 мл/мин

соңынан: 125 мг/48 сағ.

соңынан: 125 мг/24 сағ.

соңынан: 125 мг/12 сағ.

< 10 мл/мин (гемодиализ және CAPD қоса) 1

соңынан: 125 мг/48 сағ.

соңынан: 125 мг/24 сағ.

соңынан: 125 мг/24 сағ.

1 Гемодиализден немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализден (CAPD) кейін ешқандай қосымша дозалары қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Левофлоксацин бауырда қандай да бір дәрежеде метаболизденбейтіндіктен және негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек функциясын ескеру кезіндегіні қоспағанда, егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес

Балалар

Примафлоксты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).

Қолдану тәсілі

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісі вена ішіне баяу инфузия үшін ғана арналған, ол күніне бір немесе екі рет енгізіледі. Инфузия уақыты Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісінің 250 мг дозасы үшін 30 минуттан немесе 500 мг дозасы үшін 60 минуттан кем болмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиіліктері мынадай жіктемені пайдаланып анықталады: өте жиі (≥1 / 10), жиі (≥1 / 100, <1/10), кейде (≥1 / 1000, <1/100), сирек (≥1 / 10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Әрбір жиілік тобында жағымсыз әсерлері күрделілігінің кему ретімен берілген.

Жиі

- ұйқысыздық

- бас ауыру, бас айналу

- флебит

- диарея, құсу, жүрек айну

- бауыр ферменттері (АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, гамма-глютамилтрансфераза) деңгейінің жоғарылауы

енгізген жердегі реакция (ауыру, қызару)

Кейде

- зеңді инфекция, оның ішінде кандидоздық инфекция, патогендерге төзімділік

- лейкопения, эозинофилия

- тәбеттің төмендеуі

- мазасыздық, сананың шатасуы, ашушаңдық

- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)

- бас айналуы

- диспноэ (ауа жетіспеушілігін сезіну)

- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату

- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- тері және теріасты шелмайы бұзылыстары b:

- бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз

- артралгия, миалгия

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- астения

Сирек

- тромбоцитопения, нейтропения

- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық

- гипогликемия, әсіресе диабеті бар науқастарда

- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулер, паранойя), депрессия, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер

- құрысулар, парестезия

- анық көрмеу сияқты көрудің бұзылулары

- құлақтың шыңылдауы

- тахикардия, жүрек қағу

- гипотензия

- тендинитті қоса, сіңір аурулары (мысалы, Ахилл сіңірі), Гравис миастениясы бар пациенттерде маңызды болуы мүмкін бұлшықет әлсіздігі

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)

- дене температурасының жоғарылауы

Белгісіз

- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

- анафилаксиялық шокa, анафилактоидты шокb

- гипергликемия, гипогликемиялық кома

- пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықпен психоздық бұзылыстар, суицидтік ойларды немесе өзін-өзі өлтіру әрекетін қоса

- шеткері сенсорлы нейропатия, шеткері сенсорлы-моторлы нейропатия, паросмия (иіс сезу бұзылысы), оның ішінде аносмия (иіс сезбей қалу), дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыс, агевзия (дәм сезуді жоғалту), естен тану, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия, жадының нашарлауы, шаршау

- уақытша көрмей қалу, увеит

- естімей қалу, естудің бұзылуы

- жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін қарыншалық тахикардия, қарыншалық аритмия және қарыншалар дірілдеуі-жыпылықтауы (негізінен QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары бар пациенттерде байқалады), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

- бронх түйілуі, аллергиялық пневмонит

- геморрагиялық диарея, өте сирек жағдайларда жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколитті көрсетуі мүмкін, панкреатит

- сарғаю және бауырдың ауыр зақымданулары, оның ішінде ең алдымен қатар жүретін ауыр аурулары бар пациенттерде өліммен аяқталатын бауырдың жедел жеткіліксіздігімен, гепатит

- тері және теріасты шелмайы аурулары b: уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, жарыққа сезімталдық реакциясы, лейкоцитокласты васкулит, стоматит

- рабдомиолиз, сіңірдің үзілуі (мысалы, Ахилл сіңірі), байламдардың үзілуі, бұлшықеттердің жыртылуы, артрит, жүрістің бұзылуы, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы немесе әлсіздігі, дененің түршігу сезімі, аяқтардың шаншу сезімі, буындардың домбығуы.

- ауыру (арқаның, кеуденің және аяқ-қолдың ауыруын қоса)

Ескертпе:

a Анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін-ақ пайда болуы мүмкін

b Тері және шырышты қабықтар тарапынан реакциялар кейде бірінші дозасын қабылдағаннан кейін-ақ пайда болуы мүмкін

Фторхинолондарды енгізумен байланысты басқа да жағымсыз әсерлерге жатады:

• порфириясы бар пациенттердегі порфирия ұстамалары.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар

Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы берілген деректер дәрілік заттың қауіп/пайдасы арақатынасына ұдайы мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін өте маңызды кезең болып табылады. Медицина қызметкерлері кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты нұсқаулықтың соңында берілген байланыс деректері, сондай-ақ ақпаратттарды жинаудың ұлттық жүйесі арқылы хабарлауы керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Примафлокс инфузияға арналған ерітіндісін қабылдауына болмайды:

  • левофлоксацинге, басқа да хинолондарға, фторхинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдығы бар пациенттер

  • эпилепсиясы бар пациенттер,

  • анамнезінде фторхинолондар қабылдаумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер,

  • жүктілік кезінде,

  • емшек емізетін әйелдер

  • ауыр емес және бактерияға қарсы емсіз кетуі мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциялары) емдеуде

  • бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде

  • саяхатшы диареясының немесе төменгі несеп жолдарының қайталанатын инфекцияларының (қуық шеңберінен тыс таралмайтын инфекциялар) алдын алу үшін

  • орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін, егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалану мүмкін болмағанда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттардың Примафлоксқа әсері

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зерттеулерде левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Дегенмен, хинолондар теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілермен бір мезгілде тағайындалғанда құрысуға дайындық шегінің айқын төмендеуі байқалуы мүмкін.

Фенбуфен болғанда левофлоксацин концентрациясы жеке-жеке енгізген кездегіден шамамен 13% жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық маңызды әсерін тигізді. Левофлоксациннің бүйректік клиренсін циметидин (24%) және пробенецид (34%) төмендетті. Бұл екі препараттың да левофлоксациннің бүйрек өзекшелерінен бөлініп шығуын бөгеу қабілетімен байланысты. Примафлоксты пробенецид және циметидин сияқты бүйрек өзекшелері сөлінісіне ықпалын тигізетін дәрілік заттармен, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту керек.

Басқа маңызды ақпарат

Левофлоксацинді келесі дәрілік заттармен: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге енгізгенде левофлоксацин фармакокинетикасына қандай да бір клиникалық дәрежеде әсері тимегенін деректер көрсеткен.

Кортикостериодтар

Егде жастағы пациенттер тобында, бүйрек тарапынан бұзылулары бар пациенттерде және ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде байламдардың зақымдану қаупі жоғары, сондықтан фторхинолондарды кортикостероидтармен бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн, өйткені байламдардың зақымдану қаупі артады, осыған байланысты бұл препараттарды біріктіріп пайдаланудан аулақ болу керек.

Примафлокстың басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бір мезгілде тағайындағанда 33% ұлғайған.

K дәрумені антагонистері

Левофлоксацинді K дәрумені антагонисімен (мысалы, варфаринмен) біріктіріп қабылдаған пациенттерде коагуляция тесті көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ) протромбин уақыты/халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылағаны және/немесе күрделі болуы мүмкін қан кетулер туралы хабарланды. Сондықтан K дәрумені антагонистерін қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық тесттер жүргізу қажет

QT аралығын ұзартатын препараттар

Примафлоксты QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттарын, трициклді антидепрессанттарды, макролидтерді, нейролептиктерді) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек

Басқа маңызды ақпарат

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер деректерінде левофлоксацин теофиллиннің (CYP1A2 үшін маркерлік субстрат болып табылатын) фармакокинетикасына әсер етпеген, бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екенін көрсетеді.

Айрықша нұсқаулар

Метициллинге төзімді S.aures-тің, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы зор. Сондықтан егер зертханалық нәтижелер организмнің левофлоксацинге сезімталдығын растамаса (ал MRSA-инфекцияны емдеуге арналған жалпыға мәлім бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сай емес деп саналса), левофлоксацинді белгілі немесе күдік тудырған MRSA инфекцияларын емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Левофлоксацин пероральді түрде жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің өршуін емдеуге, осы аурулар дұрыс диагностикаланған жағдайда, пайдалануға болады.

E. coli - несеп шығару жолдарының инфекцияларына қатысатын ең көбірек таралған патогеннің фторхинолондарға төзімділігі – бүкіл Еуропалық одақ елдерінде ауытқып отырады. Дәрігерлер E. coli фторхинолондарға төзімділігінің жергілікті таралуына назар аударуы керек.

Инфузия ұзақтығы

Примафлокс инфузияға арналған 250 мг ерітіндісі үшін 30 минуттан немесе Примафлокс инфузияға арналған 500 мг ерітіндісі үшін 60 минуттан кем инфузия ұзақтығын сақтау керек. Офлоксацин инфузиясы кезінде тахикардия және артериялық қысымның уақытша төмендеуі дамуы мүмкін екені белгілі.

Сирек жағдайларда, артериялық қысымның қатты төмендеуінің нәтижесінде циркуляторлық коллапс туындауы мүмкін. Егер левофлоксацин (офлоксациннің l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның айқын төмендеуі білінсе, инфузия дереу тоқтатылуы тиіс.

Натрий мөлшері

Бұл препарат құрамында натрий бар, сондықтан натрий бақыланатын диетадағы пациенттерде бұл ескерілуі тиіс.

Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: адамда қолданылуы Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректерге және саны жағынан шектеулі клиникалық деректермен қатар клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлердің сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға жүгінгендері жөн.

Тендинит және сіңірдің үзілуі

Тендинит сирек туындауы мүмкін. Ахилл сіңірі өте жиі зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда екі жақты тендинит пен сіңірдің үзілуі левофлоксацинмен емдеу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін.

Сіңірдің зақымдануы одан да кешірек кезеңде, емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң туындауы мүмкін. Тендиниттің және сіңір үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, күн сайын 1000 мг доза қабылдайтын пациенттерде, және кортикостероидтарды пайдаланатын пациенттерде ұлғаяды. Бұдан бөлек, ағзалары ауыстырып салынған пациенттерде тендиниттің даму қаупі жоғары болғандықтан, пациенттердің бұл тобында фторхинолондарды пайдаланған кезде сақтық танытқан жөн. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек. Сондықтан мұндай пациенттерге левофлоксацин тағайындалғанда мұқият бақылау қажет. Егер тендинит симптомдарын бастан кешсе, барлық пациенттер өз дәрігерінен кеңес алуы тиіс. Тендинитке күдік туындаса, левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтату керек, және зақымданған сіңірдің тиісті емін бастау керек (мысалы, иммобилизация).

Clostridium difficile-мен байланысты ауру

Левофлоксацинмен емделу кезіндегі немесе одан кейінгі, әсіресе ауыр түрдегі, тұрақты және/немесе қан аралас диарея (оның ішінде емдеуден кейін бірнеше апта өткенде), Clostridium difficile тудырған аурудың (C. difficile-associated disease (CDAD) симптомы болуы мүмкін. CDAD ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қатер төндіруге дейін ауытқуы мүмкін, оның ең ауыр түрі жалған жарғақшалы колит болып табылады (Жағымсыз әсерлері бөлімін қараңыз). Сондықтан левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін пациенттерде күрделі диарея дамыса, осы диагнозды қарастыру маңызды. Егер Clostridium difficile тудырған ауру күдік тудырса немесе расталса, левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және кешіктірмей тиісті емді бастау керек. Осындай клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік заттарды қолдануға болмайды.

Құрысуларға бейім пациенттер

Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Примафлоксты анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды, оны құрысуларға бейімділігі бар немесе теофиллин сияқты құрысуға дайындық шегін төмендететін белсенді заттармен қатарлас емделетін пациенттерге ерекше сақтықпен пайдалану керек. Құрысу ұстамасы туындаған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе нақты бұзылыстары бар пациенттер хинолондар қатарындағы антибиотиктермен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейім болуы мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерде Примафлокс пайдалану қажет болғанда гемолиздің туындау ықтималдығын қадағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Примафлокстың дозасын түзету керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин кейде алғашқы дозаны енгізгеннен кейін дереу, күрделі және өлімге ұшырату қаупі зор аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттер емді дереу тоқтатып, өз дәрігеріне немесе тиісті шұғыл шараларды қабылдайтын жедел жәрдем дәрігеріне жүгінуі керек.

Ауыр буллезді реакциялар

Левофлоксацин қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз сияқты ауыр буллезді тері реакциялары туындаған жағдайлар хабарланды. Пациенттерге теріде және шырышты қабықтарда реакциялар туындаса, емдеуді жалғастырмас бұрын дәрігерге дереу көрінуді ұсыну керек.

Дисгликемия

Барлық хинолондар жағдайындағы сияқты, әдетте пероральді гипогликемиялық дәрімен (мысалы, глибенкламидпен) немесе инсулинмен қатарлас ем алатын диабеті бар пациенттерде гипогликемияны, сондай-ақ гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылулары туралы хабарланған. Гипогликемиялық кома жағдайлары хабарланды. Қант диабеті бар пациенттерге қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Фотосенсибилизация профилактикасы

Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосенсибилизацияның туындағаны туралы хабарламалар бар. Фотосенсибилизацияның алдын алу үшін емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде пациенттерге күшті күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелену (мысалы, күн шамы, солярий) әсеріне шамадан тыс ұшырамауға кеңес беріледі.

К дәрумені антагонистерін қабылдаған пациенттер

Левофлоксацинді K дәруменінің антагонистімен (мысалы, варфаринмен) бірге қабылдаған пациенттерде коагуляциялық тесттердің (ПУ/ХҚҚ) ұзаруы және/немесе қан кетулер болуы мүмкін болғандықтан, бұл препараттарды бір мезгілде енгізсе, коагуляциялық тесттерді бақылау қажет.

Психоздық реакциялар

Хинолондарды, оның ішінде левофлоксацинді қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар тіркелген. Өте сирек жағдайларда олар, кейде левофлоксацинді бір рет қабылдағаннан кейін-ақ – суицидтік ойларға және өзі үшін қауіпті мінез-құлыққа ауысты. Пациентте осы реакциялар дамыған жағдайда Примафлокса қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау керек. Примафлоксты психоздық бұзылыстары бар пациенттерде немесе анамнезінде психикалық ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

QT аралығының ұзаруы

Примафлоксты қоса, фторхинолондарды пайдаланған кезде төмендегідей QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтық таныту керек:

- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

- QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклдық антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) бір мезгілде қабылдау

- түзетілмеген электролиттік теңгерімінің бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия)

Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығының ұзаруын туғызатын препараттарға неғұрлым сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан Примафлоксты левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің осы тобында пайдаланғанда сақтық таныту керек.

Шеткері нейропатия

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар қабылдаған пациенттерде шеткері сенсорлы нейропатия және шеткері сенсорлы-моторлы нейропатия тіркелген, олар өте жылдам дамуы мүмкін. Нейропатия симптомдары пайда болса, қайтымсыз бұзылулардың дамуына жол бермеу үшін Примафлоксты қолдануды тоқтату қажет

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Левофлоксацин қолдану кезінде, ең алдымен негізгі ауыр аурулары, мысалы сепсисі бар пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозы жағдайлары хабарланған. Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну немесе ішті басқандағы ауыруы сияқты бауыр ауруларының белгілері мен симптомдары дамығанда емдеуді тоқтатып, дәрігерге көріну ұсынылады.

Гравис миастениясының өршуі

Фторхинолондардың, левофлоксацинді қоса, жүйке-бұлшықеттік бөгеу белсенділігі бар және миастениядан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайларын қоса, күрделі жағымсыз реакциялар және постмаркетингтік бақылау кезеңінде туындаған өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігі гравис миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды пайдаланумен байланысты болды. Примафлокс анамнезінде Гравис миастениясы бар пациенттерге ұсынылмайды.

Көрудің бұзылулары

Көрудің бұзылулары туындағанда немесе препарат қабылдаудың көзге әсері білінгенде дереу офтальмологқа қаралу керек

Асқын инфекция

Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Емделу кезеңінде асқын инфекция туындағанда тиісті шаралар қабылдау керек.

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері

Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Неғұрлым спецификалық әдісті пайдаланып, апиындарды тексерудің оң нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін. Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін басуы мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасы кезінде жалған теріс нәтижелер беруі ықтимал.

Аортаның аневризмасы және ыдырауы

Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қабылдағаннан кейін, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аортаның жарылуының жоғары қаупі туралы хабарланған.

Демек, ауырлаған отбасылық анамнезі, яғни аневризма ауруына генетикалық бейімділігі бар пациенттерде, аортаның аневризмасы және/немесе аортаның ыдырауы диагнозы қойылған пациенттерде, немесе аневризмаға немесе аорта жарылуына бейімдейтін (мысалы, Марфан синдромы, Элерс-Данлос васкулярлық синдромы, Такаясу артерииті, алып жасушалы артериит, Бехчет ауруы, гипертония, белгілі атеросклероз) басқа да қауіп факторлары немесе жай-күйлері бар болғанда Примафлоксты пайда/қауіпке мұқият баға бергеннен кейін және емнің басқа да нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек.

Іште, кеудеде немесе арқада кенеттен ауыру пайда болған жағдайда пациенттер дәрігерден дереу кеңес алуы керек.

Жүктілік

Жүктілік және лактация кезеңі

Левофлоксациннің жүктілік кезіндегі қауіпсіздігіне баға берілмеген.

Левофлоксацинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Левофлоксацинді әйелдерде лактация және емшек емізу кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір жағымсыз әсерлері (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, көрудің бұзылулары) пациенттің зейін қою қабілетін және реакциясын төмендетіп, соған сәйкес, бұл қабілеттер аса маңызды болатын жағдайларда (мысалы, автокөлікті басқару немесе құрал-жабдықпен жұмыс) қауіп төндіруі мүмкін.

Артық дозалануы

Препараттың терапиялық дозасынан жоғары дозаларын қолдану арқылы жүргізілген деректердің нәтижелеріне сәйкес, левофлоксациннің жедел артық дозалануынан кейін пайда болуын күтуге болатын неғұрлым маңызды белгілерге сананың шатасуы, бас айналуы, сананың бұзылуы елестеулер және тремор, құрысу ұстамалары, QT аралығы ұзаруын сияқты жүйке жүйесі тарапынан симптомдар жатады.

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне орай, ЭКГ-мониторинг жүргізіп отыру керек. Перитонеальді диализді және ПАПД қоса, гемодиализ, левофлоксациннің организмнен шығарылуында тиімсіз. Спецификалық антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препарат FFS технологияны қолданумен (қалыптасуы - толтыру - герметизация) тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған, құтыға құйылған.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тіліндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ЕВРОЛАЙФ ХЕЛТКЕР ПВТ. ЛТД.

Хасра №520, Бхагванпер, Рурки, Харидвар ауданы (Уттараханд), Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

КРОТОН ФАРМАСЬЮТИКАЛЗ ПТЕ. ЛТД.

Ривер Вэлли Роуд қ., Сингапур

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

СonsultAsia ЖШС,

050001, Алматы қ., Шевченко к-сі, 165Б

факс: +7(727) 379 42 58

+7 705 170 88 25

+7 705 170 88 76 (24 сағат бойы қолжетімділік)

e-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Примафлокс_раствор.doc 0.16 кб
Примафлокс_раствор_каз.doc 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту