Пантодерм Плюс (30 гр)

МНН: Декспантенол, Хлоргексидина биглюконат
Производитель: АО "Химико-фармацевтический комбинат "АКРИХИН"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Хлоргексидин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024003
Информация о регистрации в РК: 07.09.2023 - 07.09.2033

Инструкция

ПАНТОДЕРМ ПЛЮС

Саудалық атауы

Пантодерм плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында:

белсенді заттар:

декспантенол 100 % затқа шаққанда – 5,000 г,

хлоргексидин биглюконаты, 20 % ерітінді хлоргексидин биглюконатына шаққанда – 0,776 г;

Қосымша заттар: пропиленгликоль, сквалан, сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, диметикон, цетостеарил спирті [цетил спирті - 60 %, стеарил спирті - 40 %], макрогол цетостеараты, D,L-пантолактон, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті крем.

 

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Басқа препараттармен біріктірілген хлоргексидин.

АТХ коды D08АC52

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол теріге жылдам сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына (В5 дәрумені) айналады және осы дәруменнің эндогенді бөлігімен бірігеді. Пантотен қышқылы қанда плазма ақуыздарымен (-глобулиндер және альбумин) байланысады; өзгермеген күйде – 60-70% несеппен, қалған бөлігі АІЖ арқылы шығарылады.
Хлоргексидин теріге жаққанда іс жүзінде сіңірілмейді. Пероральді қолданғанда хлоргексидин толық дерлік нәжіспен бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Декспантенол Пантодерм Плюс препаратының белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда жылдам пантотен қышқылына (В5 дәрумені) айналады. Пантотен қышқылы – А эссенциальді коэнзимінің компоненті. А ацетилкоэнзимі формасында жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері мен шырышты қабықтар регенерациясын жақсартады. Декспантенол жергілікті қолданғанда жеңіл тарайды.
Хлоргексидин гидрохлориді грамоң бактерияларға, әсіресе алтын түстес стафилококктың және тері инфекцияларына қатысты микроорганизмдердің сезімтал штаммдарына қатысты бактерицидті белсенділікке ие анағұрлым белсенді және жақсы көтерімді жергілікті антисептиктердің бірі. Төмен дәрежеде грамтеріс патогендерге қатысты белсенді, Pseudomonas және Proteus кейбір түрлері оған төзімді, вирустарға қатысты белсенді емес.

 

Қолданылуы

  • инфекция қаупі болған кезде кез келген генездегі беткейлік жаралар: сыдырылу, сызат, кесілу, жарылу, күйіп қалу, ойықжара, дерматит;

  • созылмалы жараларды (ойылу, аяқтың ойықжарасы және басқалар) емдеу;

  • тері инфекциясында, мысалы, екіншілік инфекцияланған экзема, нейродерматиттер;

  • бала емізетін аналарда емізектің жарылуын емдеу;

  • кіші хирургия: аздаған ашық зақымдануларда және хирургиялық жараларда жергілікті антисептикалық дәрі ретінде.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді алдын ала тазартылған жараға немесе қабынған тері аумақтарына қажеттілігіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет жұқа қабатпен жағады және ақырындап ысқылайды. Қажет болса таңғыш пайдалануға болады.

Емдеу ұзақтығы емнің көрсетілімдеріне және тиімділігіне байланысты.

 

Жағымсыз әсерлер

Тізілген жағымсыз әсерлер спонтанды хабарламалар негізінде көрсетілген, олардың әрқайсысының кездесу жиілігін нақты анықтау мүмкін емес.

Иммундық жүйе, тері аурулары және тері асты шелмайы тарапынан:

- аллергиялық реакциялар, оның ішінде терінің аллергиялық реакциялары: жанаспалы дерматит, аллергиялық дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі;

- бөртпе, есекжем, ісіну, қышыну және кардио-респираторлық дистресс сияқты симптомдарды қоса, теріге, тыныс алу жолдарына, асқазан-ішек жолына және жүрек-қантамыр жүйесіне потенциалды ықпал ететін әлсіз және орташа реакция синдромын қоса, бронх демікпесінің тиісті зертханалық және клиникалық көріністері бар аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок (өмірге қауіп төндіретін).

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- терінің үлкен аумақтарын зақымданғанда

- барабан жарғағы тесілгенде

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хлоргексидин сабынмен және басқа аниондық қосылыстармен үйлеспейді. Ықтимал өзара әрекеттесудің сақтық шаралары (антагонизм немесе инактивация) ретінде Пантодерм Плюсті басқа антисептиктермен бір уақытта қолданбаған жөн.

 

Айрықша нұсқаулар

Көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға тигізіп алмаңыз.

Сондай-ақ препаратты терінің үлкен аумақтарына қолданудан аулақ болыңыз.
Декспантенол хлоргексидинпен (Пантодерм Плюс) бірге терінің тітіркенуін емдеу үшін қолданылмауы тиіс, олардың инфекция жұқтыру ықтималдығы аса төмен (мысалы, күнге күю). Мұндай жағдайларда декспантенолы (Пантодерм) бар кремді пайдаланған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кремді жүктілік уақытында және емшек емізу кезеңінде пайдалануға болады (емізу алдында препаратты шайып тастау керек).

Жүктілік және емшек емізу кезінде терінің анағұрлым үлкен аумақтары зақымданғанда қолданбайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

 

Артық дозалануы

Пантодерм Плюс үлкен дозаларда да жақсы көтерімді, әдебиетте оның уыттылығына нұсқаулар жоқ. Гипервитаминозы белгісіз. Кездейсоқ көзге кіріп кетсе аздаған тітіркену болуы мүмкін, оны умен немесе физиологиялық ерітіндімен шайып кетіреді.

Препаратты бір ғана зақымданған жерге жиі қайта қолдану терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Емі. Препарат қолдануды тоқтатады. Симптоматикалық ем.

 

Шығарылу түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем.

30 г алюминий сықпада. Әрбір сықпа медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

 

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

 

Өндіруші

«АКРИХИН» химия-фармацевтикалық комбинат» акционерлік қоғамы («АКРИХИН» АҚ), Ресей 142450, Мәскеу облысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ-сы, Киров көш., 29 үй.

Телефон/факс: +7 (495) 702-95-03.

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Телефон номері +7 7252 (610151)

Электронды поштаcomplaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Телефон номері +7 7252 (610150)

Электронды пошта phv@santo.kz; infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Пантодерм_плюс_Окончат.doc 0.07 кб
пантодерм_106460.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту