Пантогам (250мг) (Гопантеновая кислота)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Пантогам
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гопантен қышқылы
Дәрілік түрі, дозалануы
Таблеткалар, 250 мг
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Зейін тапшылығы мен аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар (ADHD – Attention deficit hyperactivity disorder) және ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляциялайтын және ноотропты дәрілер.
АТХ коды: N06BX
Қолданылуы
Пантогам, таблеткалар, ересектерде және 6 жастан асқан балаларда кешенді ем ретінде қолдануға көрсетілген:
мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылуларда, соның ішінде нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдарында, және невроздық бұзылыстар кезінде;
церебральді органикалық жеткіліксіздікпен жүретін шизофренияда;
экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерацияда, Паркинсон ауруында және т.б.), сондай-ақ, нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды (гиперкинетикалық және акинетикалық) емдеу және профилактикасы үшін;
психикалық үдерістердің баяулауымен жүретін эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен кешенді емде;
психоэмоционалдық артық жүктемелер кезінде, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттіліктің төмендеуінде, зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін;
несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында (поллакиурия, императивтік қысылулар, императивтік несеп ұстай алмау, энурез);
дамудың тежелуі (психикалық, сөйлеу, моторлық немесе осылардың бірігуі), соның ішінде бастан өткерген перинаталдық энцефалопатия аясындағы тежелуі бар балаларға және церебральді салданудың әр түрі бар балаларда;
балаларға гиперкинетикалық бұзылыстарда (зейін тапшылығымен жүретін гиперактивтілік синдромында);
балаларға невроз тәрізді жай-күйлерде (тартылуларда; тұтығуда, көбінесе клонустық түрінде).
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші зат кальций гопантенатына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
бүйректің жедел ауыр аурулары;
жүктілік;
бала емізу кезеңі;
6 жасқа дейінгі балаларға (осы дәрілік түрі үшін).
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Ұзақ емдеу жағдайларында препаратты басқа ноотропты және стимуляциялайтын дәрілермен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты қабылдар алдында дәрігерге басқа препараттарды қабылдап жүргеніңіз туралы айту керек.
Барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, нейролептиктердің жағымсыз құбылыстарының алдын алады. Глицинмен, этидрон қышқылымен біріккенде Пантогам препаратының әсері күшейе түседі. Жергілікті анестетиктердің (прокаиннің) әсерін күшейтеді.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Пациенттердің бұл санатында клиникалық қолдану тәжірибесінің жоқтығына байланысты, препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараты қабылдаудың алғашқы күндері ұйқышылдықтың туындауы мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралдары мен механизмдерді басқарғанда сақтық таныту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
Бір реттік дозасы 0,25–1 г (1–4) таблетканы, тәуліктік дозасы – 1,5–3 г (6–12 таблетканы) құрайды. Емдеу курсы – 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3–6 айдан соң емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.
Мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылуларда, соның ішінде нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдарлары, және невроздық бұзылыстар кезінде: тәулігіне 3–4 рет 0,25 г-ден (1 таблетка).
Экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерацияда, Паркинсон ауруында және т.б.): тәулігіне 0,5-тен 3 г (2–12 таблеткаға) дейінгі дозада. Емдеу курсы – 4 ай және одан да көп айға дейін.
Нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды (гиперкинетикалық және акинетикалық) емдеу және профилактикасы кезінде, церебральді органикалық жеткіліксіздікпен жүретін шизофренияда: тәулігіне 3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Психикалық үдерістердің баяулауымен жүретін эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен кешенді емде: тәулігіне 3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 6 айға дейін.
Психоэмоционалдық артық жүктемелер кезінде, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттіліктің төмендеуінде, зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін: тәулігіне 3 рет 0,25 г-ден (1 таблетка).
Несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында: тәулігіне 2–3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 6 жастан асқан балаларда қолданылады. Кішірек балаларға препараттың сұйық дәрілік түрін қабылдау ұсынылады.
Балалар мен ересектерде препаратты тағйындау тактикасы мен емдеу курсының ұзақтығы сәйкес келеді.
Бір реттік дозасы 0,25–0,5 г (1–2 таблетка); тәуліктік дозасы – 0,75–3 г (3–12 таблетка) құрайды.
Нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды (гиперкинетикалық және акинетикалық) емдеу және профилактикасы кезінде, церебральді органикалық жеткіліксіздікпен жүретін шизофренияда: тәулігіне 3–4 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Психикалық үдерістердің баяулауымен жүретін эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен кешенді емде: тәулігіне 3–4 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2
таблетка) дозада. Емдеу курсы – 6 айға дейін.
Психоэмоционалдық шамадан тыс жүктемелер, ақыл-ой мен физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі кезінде, зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін: тәулігіне 3 рет 0,25 г (1 таблетка).
Несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында: тәулігіне 3 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2 таблетка) дозада (тәуліктік дозасы 25–50 мг/кг құрайды). Емдеу курсы – 1–3 ай.
Жас шамасына байланысты жүйке жүйесінің түрлі патологиясы бар балаларға препаратты тәулігіне 3 г (12 таблетка) дейін қабылдау ұсынылады. Препаратты тағайындау тактикасы: дозасын 7–12 күн ішінде арттыру, 15–40 күн бойы ең жоғарғы дозасында қабылдау, дозасын препарат тоқтатылғанға дейін 7–8 күн ішінде біртіндеп төмендету. Курстық қабылдаулар арасындағы үзіліс 1 айдан 3 айға дейінді құрайды.
Дамудың тежелуі кезінде: тәулігіне 3–4 рет 0,5 г –ден (2 таблетка). Емдеу курсы 2–3 ай.
Гиперкинетикалық бұзылыстар кезінде (зейін тапшылығымен жүретін гиперактивтілік синдромы): тәулігіне 1–2 рет 0,25-тен 1 г дейінгі (1–4 таблетка) дозада таңертең және күндіз, алғашқы 5–7 күн ішінде дозасын титрлеумен (орташа емдік дозасы баланың кг дене салмағына тәулігіне 30 мг құрайды). Емдеу курсы – 3–4 ай.
Невроз тәрізді жай-күйлер кезінде (тартылуларда; тұтығуда, көбінесе клонустық түрінде): 0,25-тен 0,5 г (1–2 таблетка) дейінгі дозада тәулігіне 3–6 рет. Емдеу курсы – 1–4 ай.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер:
Егде жастағы пациенттер үшін дозалануы жөнінде белгілі бір ұсынымдар жоқ, алайда кез келген дәрілік зат үшін жағдайдағы сияқты, ең аз тиімді дозасын пайдалану ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Тек пероральді қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Пантогам таблеткаларын тамақтан кейін 15–30 минуттан соң ішке қабылдайды.
Препараттың ноотроптық әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақыттарда (сағат 17-ге дейін) қабылдаған дұрыс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: ұйқы бұзылулары немесе ұйқышылдық, бастың дыңылдауы.
Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (ринит, конъюнктивит, терінің аллергиялық реакциялары)
- гиперқозу, бас ауыруы, бас айналуы, бастың дыңылдауы, енжарлық, мәңгіру, ұйқының бұзылулары, ұйқышылдық.
Жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда дозасын азайтады немесе препаратты тоқтатады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 таблетканың құрамында:
белсенді зат: кальций гопантенаты (Пантогам) 250 мг,
қосымша затар: метилцеллюлоза, кальций стеараты, магний гидроксикарбонаты, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықты 5 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.
Жарамдылық мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«ПИК-ФАРМА ЛЕК» ЖШҚ, Ресей, 308010, Белгород обл., Белгород ауданы, Северный қтк, Березовая көш., 1/19 үй.
Тел.: +7 (4722) 733444
pikfarmalek@pikfarma.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ПИК-ФАРМА ЖШҚ, Ресей 125047, Мәскеу қ., Оружейный тұйық көш., 25 үй, 1 құр., I орынжай, 1-қабат.
Тел.: +7 (495) 925-57-00
pikfarma@pikfarma.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«LEKARSTVENNAYA BEZOPASNOST (Дәрілердің қауіпсіздігі)», 050047, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алатау ауданы, Саялы ықшамауданы,
16 үй.
Тел.: +7 777 064 27 02, +7 499 504-15-19
E-mail: adversereaction@drugsafety.ru