ПАНТИКОР
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ПАНТИКОР
Халықаралық патенттелмеген атауы
Иматиниб
Дәрілік түрі, дозалануы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг, 400 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Иматиниб.
ATХ коды: L01XЕ01
Қолданылуы
сүйек кемігін трансплантациялау алғашқы желілі ем ретінде қарастырылмайтын ересектер мен балаларда алғаш диагностикаланған филадельфиялық хромосомасы бар (Ph+ СМЛ) созылмалы миелоидты лейкозда
ересектер мен балаларда альфа интерферонмен емдеу ойдағыдай болмағаннан кейінгі созылмалы фазадағы немесе акселерация, немесе бластты криз фазасындағы Ph+ СМЛ
ересек пациенттермен балаларда алғаш диагностикаланған филадельфиялық хромосомасы бар (Ph+ ЖЛЛ) жедел лимфобластты лейкозда химиотерапия құрамында
ересек пациенттерде қайталанатын немесе рефрактерлі Ph+ ЖЛ (монотерапия ретінде)
ересек пациенттерде өсудің тромбоцитарлық факторы рецепторының (PDGFR) белсенділенуімен байланысты миелодисплазиялық /миелопролиферациялық ауруларда
ересек пациенттерде гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда
ересек пациенттерде асқазан-ішек жолының Kit+ (CD117) операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық қатерлі стромальді ісіктерінде
ересек пациенттерде АІЖ Kit-позитивті стромальді ісіктері резекциясынан кейін адъювантты ем жүргізу үшін
ересек пациенттерде операция жасауға келмейтін, рекуррентті және/немесе метастазданатын бұдырмақты дерматофибросаркомада (БДФС)
Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
иматинибке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
жүктілік және лактация кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қан плазмасында иматинибтің концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар
Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін заттар (мысалы, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин) иматинибтің метаболизмін баяулатуы және қан плазмасында оның концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматинибті кетоконазолдың (CYP3A4 тежегіші) бір реттік дозасымен бір мезгілде қабылдағанда дені сау ерікті адамдарда иматинибтің экспозициясы едәуір артты (иматинибтің орташа Cmax және AUC, сәйкесінше, 26%-ға және 40%-ға өсті). ПАНТИКОР препаратын CYP3A4 изоферментінің тежегіштері – препараттарымен біріктіріп қолданғанда сақтық таныту қажет.
Қан плазмасында иматинибтің концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар
CYP3A4 изоферментінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде белгілі Hypericum perforatum), емдеудің жағымсыз аяқталу қаупін потенциалды түрде арттыра отырып, ПАНТИКОР препаратының экспозициясын едәуір төмендетуі мүмкін. Алдын ала рифампициннің 600 мг бірнеше дозаларын кейіннен ПАНТИКОР препаратының 400 мг бір реттік дозасымен бірге қабылдау рифампициннді алдын ала қабылдаусыз алынған тиісті Cmax және AUC(0-∞) мәндердің, сәйкесінше, 54%-ға және 74%-ға төмендеуіне әкелді. ПАНТИКОР препаратын карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, фосфенитоин, фенобарбитал және примидон сияқты эпилепсияға қарсы ферменттерді индукциялайтын препараттарды (ЭҚФИП) қабылдау кезінде алған, қатерлі глиомалары бар пациенттерде ұқсас нәтижелер байқалды. Иматинибтің плазмадағы AUC мәні, ЭҚФИП қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, 73%-ға төмендеді. Рифампицинді немесе басқа да CYP3A4 күшті индукторларын иматинибпен қатар қабылдауға жол бермеу керек.
Қан плазмасындағы концентрациясы ПАНТИКОР препаратының әсер етуімен өзгеруі мүмкін белсенді заттар
Иматинибті және симвастатинді (CYP3A4 изоферментінің субстраты) бір мезгілде қолданғанда симвастатиннің Cmax және AUC мәндерінің, сәйкесінше, 2 және 3,5 есеге артқаны білінеді, бұл CYP3A4 изоферментінің иматинибпен тежелуінің салдары болып табылады. ПАНТИКОР препаратын және CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылатын және емдік концентрациясы ауқымды емес препараттарды (мысалы, циклоспорин, пимозид) бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады. ПАНТИКОР препараты CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазоло-бензодиазепиндер, дигидропиридин, кальций өзектерінің блокаторлары, ГМГ-КоА-редуктазаның бірқатар тежегіштері, соның ішінде статиндер және т.б.) қан плазмасындағы концентрацияларын арттыруы мүмкін.
ПАНТИКОР препараты сондай-ақ CYP2C9 және CYP2C19 изоферментін тежейді. Варфаринмен біріктіріп қолданудан кейін протромбин уақытының ұзарғаны білінді. Демек, кумариндерді тағайындағанда ПАНТИКОР препаратымен емдеудің басында және аяғында, сондай-ақ дозаны өзгерткенде протромбин уақытына қысқа мерзімдік мониторинг қажет. Балама ретінде төмен молекулалы гепаринді қолдануды қарастыруға болады.
ПАНТИКОР препараты P450 цитохромының CYP2D6 изоферментін CYP3A4 белсенділігіне ықпалын тигізетіндерге ұқсас концентрацияларда тежейді. Иматинибті тәулігіне екі рет 400 мг дозада қолданғанда CYP2D6-арқылы метопрололдың метаболизміне тежегіш әсері және метопрололдың Cmax және AUC мәндерінің шамамен 23%-ға артуы білінеді.
ПАНТИКОР препараты Ki 58,5 мкмоль/л мәні бар парацетамолдың О-глюкуронизациясын тежейді.
ПАНТИКОР препаратының жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда сақтық танытқан жөн.
Тиреоидэктомияны басынан өткерген және левотироксин қабылдап жүрген пациенттерде қан плазмасындағы левотироксиннің мөлшері ПАНТИКОР препаратын бір мезгілде қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін, осыған байланысты сақтық таныту ұсынылады.
Химиотерапиялық препараттармен біріктіріп қолданғанда Ph+ ЖЛЛ бар пациенттерде иматинибтің жағымсыз әсерлері, соның ішінде гепатоуыттылық, миелосупрессиялар және т.б. күшеюі мүмкін. L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылықты туындатуы мүмкін екендігі мәлімделді. Осылайша, ПАНТИКОР препаратын біріктіріп қабылдау арнайы сақтық шараларын қажет етеді.
Арнайы ескертулер
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді ісіктерге қарсы препараттармен жұмыс жасау тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізген жөн.
Препаратпен жұмыс жасағанда оның тері мен көзге және тыныс алу жолдарына түсіп кетуіне жол бермеу керек.
ПАНТИКОР препаратын басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесудің потенциалы болады. ПАНТИКОР препаратын протеаза тежегіштерімен, азольді фунгицидтермен, кейбір макролидтермен, емдік ауқымы кең емес CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, алфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел, хинидин) немесе варфаринмен және кумариннің басқа туындыларымен бірге сақтықпен қолдану керек.
CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттармен (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) біріктіріп қолдану ПАНТИКОР препаратының әсерін едәуір төмендетіп, емнің жағымсыз аяқталу қаупін потенциалды түрде арттыруы мүмкін. Сондықтан CYP3A4 күшті индукторларын иматинибпен қатар қабылдауға жол бермеу керек.
Гипотиреоз
Тиреоидэктомияны басынан өткерген және левотироксинмен орнын басу емін қабылдап жүрген пациенттерде ПАНТИКОР препаратын қолдану аясында гипотиреоздың дамуы туралы мәлімдемелер бар болғандықтан, пациенттердің осы санатында тиреотроптық гормон (ТТГ) деңгейін мұқият бақылау қажет.
Бауырға уытты әсері
Бауыр функциясы бұзылған (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі) пациенттерде шеткері қан талдауларын және бауыр ферменттерінің деңгейін ұдайы бақылау керек.
АІЖСІ бар пациенттердің бауырында метастаздар болуы мүмкін, ол бауыр функциясының жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін екендігін ескеру керек.
Иматинибті қолданған кезде, бауыр функциясының жеткіліксіздігін және бауыр некрозын қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары байқалды. Иматинибпен жоғары дозалардағы химиопрепараттарды біріктіріп емдеген кезде күрделі бауыр реакцияларының артқаны білінді. ПАНТИКОР препаратын басқа химиотерапиялық режимдермен, сондай-ақ бауыр функциясының бұзылуын туындатуға қабілетті препараттармен біріктіріп қолданған жағдайда бауыр функциясын үнемі бақылау ұсынылады.
Ісінулер және сұйықтықтың іркілуі
Олардың айқындылық жиілігі және дәрежесі, сірә, қан плазмасындағы препараттың концентрациясымен өзара байланысты. Сұйықтықтың айқын іркілуі (плевралды жалқық, ісіну, өкпенің ісінуі, асцит және т.б.) СМЛ бар пациенттердің шамамен 2,5%-да байқалады. Көбінесе периорбитальді ісінулер, сирек – аяқтардың ісінуі туындайды. Спецификалық емдеу әдетте қажет емес. Сұйықтықтың іркілуін дер кезінде анықтау үшін пациенттердің дене салмағын ұдайы бақылап жүру ұсынылады. Дене салмағы күтпеген жерден тез артқан жағдайда пациентке тексеру жүргізу және, қажет болса, ПАНТИКОР препаратымен емдеуді уақытша тоқтату және/немесе диуретиктер тағайындау керек.
Сұйықтықтың іркілуі дамуының ең үлкен жиілігі егде жастағы пациенттерде және жүрек-қантамыр аурулары қатар жүретін пациенттерде байқалады.
Жүрек аурулары немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жүрек аурулары, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің туындау қаупінің факторлары бар, немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі анамнезінде бар пациенттерді мұқият бақылау керек; жүрек немесе бүйрек функциялары жеткіліксіздігінің белгілері немесе симптомдары бар пациенттерді тексеру және ем тағайындау керек.
Гиперэозинофилия синдромы (ГЭС), миокардта ГЭС жасушаларының жасырын инфильтрациясы бар пациенттерде кардиогендік шок дамуының/сол жақ қарынша функциясы бұзылуының жекелеген жағдайлары ПАНТИКОР препаратымен емдеудің басталуымен байланысты болды. Жүйелік стероидтарды тағайындағанда, қан айналымын демеу жүйесін пайдаланғанда және ПАНТИКОР препаратын қабылдауды уақытша тоқтатқанда мұндай жағдайлардың қайтымды сипатта болатындығы мәлімделді. Иматинибті қолдану кезінде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар туралы мәлімдеу жиі емес болғандықтан, ГЭС/СЭЛ бар пациенттерді емдеуді бастағанға дейін иматинибті қолданып емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият баға беру мәселесін қарастыру қажет.
Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар және жүйелік мастоцитоз эозинофилдер деңгейінің жоғарылауымен қоса жүруі мүмкін. Сондықтан ГЭС/СЭЛ-ден зардап шегіп жүрген пациенттерде, сондай-ақ эозинофилдер дің жоғары деңгейімен астасқан МДА/МПА немесе ЖМ-нен зардап шегіп жүрген пациенттерде ЭКГ бақылау және қан сарысуында тропонин деңгейін анықтау керек. Егер патологиялық өзгерістер білінсе, ПАНТИКОР препаратымен қатар емдеу ретінде, емдеудің бастапқы фазасы кезеңінде жүйелік стероидтарды (1–2 мг/кг) 1–2 апта бойы профилактикалық қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Асқазан-ішектік қан кетулер
Клиникалық тұрғыдан маңызды көбірек жиі қан кетулер асқазан-ішектік қан кетулер болып табылады. Олар көбіне СМЛ-дің кеш сатыларындағы пациенттерде және негізгі ауруларының (ісік некрозынан болған ісіктерден қан кету) салдары болуы мүмкін ГИСІ бар пациенттерде туындауы мүмкін, мұнда қан кетулердің орны ісіктің анатомиялық орналасуына байланысты.
СМЛ бар, емдеуді бастағанға дейін қан түзудің бәсеңдеу белгілері байқалған пациенттерде ОЖЖ-ге қан құйылулардың немесе АІЖ-ден қан кетулердің білінуі сирек емес. Ауруы күшті дамыған лейкоздары бар пациенттерде тромбоцитопениямен немесе тромбоцитопатиямен жүзеге асатын қан кетулердің/қан құйылулардың туындауы сирек емес екендігі анықталды.
Ісіктер лизисінің синдромы
Ісік лизисі синдромының даму қаупі салдарынан ПАНТИКОР препаратын тағайындар алдында пациенттің организмінің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде несеп қышқылының деңгейін бақылау керек.
Зертханалық тестілер
ПАНТИКОР препаратымен емдеу кезінде қанға толық талдауды ұдайы жүргізіп отыру қажет. СМЛ бар пациенттерді ПАНТИКОР препаратымен емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қоса жүрді. Алайда цитопенияның туындауы, барлық мүмкіндігінше, емдеу жүргізіліп жатқан ауру фазасымен байланысты, және олар СМЛ-дің акселерация, немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде, СМЛ-дің созылмалы фазасындағы пациенттермен салыстырғанда, жиі байқалады. ПАНТИКОР препаратымен емдеуді үзуге немесе нұсқауларға сәйкес дозасын төмендетуге болады.
ПАНТИКОР препаратын қабылдап жүрген пациенттерде бауыр функциясын (трансаминазаны, билирубинді, сілтілік фосфатазаны) ұдайы бақылау қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қан плазмасындағы иматинибтің мөлшері бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіге қарағанда жоғары болса керек, бұл мұндай пациенттерде иматинибті ақуызбен байланыстырушы болып табылатын альфа-қышқыл гликопротеиннің (АГП) плазмадағы жоғары деңгейі себебінен болуы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ең төмен бастапқы дозаны тағайындау қажет. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуді сақтықпен жүзеге асырған жөн. Жақпаған жағдайда дозаны төмендетуге болады.
Иматинибті қолданып емдеуді жалғастыру бүйрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды нашарлауымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан иматинибпен емдеуді бастағанға дейін, бүйрек функциясының бұзылу қаупінің факторлары байқалған пациенттерге ерекше көніл бөле отырып, бүйрек функциясына баға беру және емдеу кезінде мұқият мониторингті жүзеге асыру қажет. Егер бүйрек функциясының бұзылуы байқалса, тиісті медициналық жәрдем және емдеуге қатысты стандартты нұсқауларға сәйкес ем тағайындалуы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Препаратты ұзақ қолданудың бала бойының өсуіне ұзақ мерзімдік ықпалы белгісіз, алайда бойдың өсуінің кідіру жағдайлары туралы мәлімдемелер бар болғандықтан, ПАНТИКОР препаратын қабылдап жүрген балаларда бойдың өсуіне мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.
Бала туа алатын жастағы әйелдер, жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік
Бала туа алатын жастағы әйелдер
Бала туа алатын жастағы әйелдер ПАНТИКОР препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек.
Жүктілік
Жүкті әйелдерге ПАНТИКОР препаратын қолдану жөнінде деректер қазіргі таңда жоқ. Өздігінен болатын түсік және ПАНТИКОР препаратын қабылдаған әйелдерден туған жаңа туған нәрестелерде туа біткен ақаулардың болу жағдайлары туралы мәлімделді. Жүктілік кезінде, айқын қажеттілік жағдайларды қоспағанда, ПАНТИКОР препаратын тағайындамау керек. Мұндай жағдайларда пациентке шарана үшін потенциалды қаупі болатыны туралы алдын ала ескерту керек.
Лактация кезеңі
Иматиниб және оның белсенді метаболиті ана сүтінен бөлініп шығады. Сүт-плазма арақатынасы иматиниб үшін 0,5 және метаболиті үшін 0,9-ды құрап, метаболиттің сүтке үлкен дәрежеде бөлініп шығатындығын көрсетті. Иматинибтің және метаболиттің жалпы концентрациясын, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің пайдаланатын сүтінің ең жоғары тәуліктік көлемін ескерсек, жиынтық экспозиция төмен (емдік дозаның ~10%) болады деп күтіледі. Алайда, иматинибтің төмен дозалы экспозициясының жаңа туған нәрестеге ықпалы белгісіз болғандықтан, ПАНТИКОР препаратын қабылдап жүрген әйелдер емшек емізуден бас тартуы керек.
Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қаблетіне дәрілік заттардың ықпал ету ерекшеліктері
Пациенттер ПАНТИКОР препаратымен емделу кезінде оларда бас айналу, көрудің көмескіленуі немесе ұйқышылдық типті жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін екендігінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқарған кезде сақтық таныту ұсынылады.
Қолдану жөнінде нұсқаулар
Дозалау режимі
ПАНТИКОР 400 мг немесе 600 мг дозада тәулігіне бір рет тағайындалады. Тәуліктік 800 мг дозаны екі қабылдауға (400 мг-ден) таңертеңге және кешкіге бөлген жөн. Препаратты тамақ ішу кезінде толық стакан сумен ішіп қабылдау керек (асқазан-ішек бұзылыстарының даму қаупін төмендету үшін).
Таблетканы жұта алмайтын пациенттер үшін оны стакан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблеткалардың қажетті мөлшерін сұйықтықтың тиісті көлеміне (100 мг бір таблетка үшін 50 мл-ге жуық және 100 мг 4 таблетка немесе 400 мг бір таблетка үшін 200 мл) салады және араластырады, нәтижесінде суспензия түзіледі. Суспензия дайындалу бойына қабылдануы тиіс.
Созылмалы миелолейкозда (СМЛ) ПАНТИКОР препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды, ал акселерация немесе бластты криз фазасындағы СМЛ үшін тәулігіне 600 мг құрайды. Дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар жоқ болғанда, созылмалы сатыдағы аурудан зардап шегіп жүрген пациенттерде дозаны және келесі жағдайларда: ауру үдегенде (кез келген сатыда), емдеудің, ең кемінде, 3 айы ішінде қанағаттанарлықтай гематологиялық реакцияға қол жеткізу мүмкін болмағанда, емдеудің 12 айы ішінде цитогенетикалық жауап реакциясына қол жеткізу мүмкін болмағанда, бұрын қол жеткізген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауап реакцияларын жоғалтқан жағдайда лейкемиялық емес ауыр нейтропения немесе тромбоцитопения кезінде күніне 400 мг-ден 600 мг-ге немесе 800 мг-ге дейін (күніне екі рет қабылданатын 400 мг түрінде), немесе акселерация фазасында немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде күніне 600 мг-ден 800 мг-ге дейін арттыруды қарастыруға болады.
Позитивті филадельфиялық хромосомасы бар жедел лимфобластты лейкозда (Ph+-ЖЛЛ).
ПАНТИКОР препаратының ұсынылатын дозасы жедел лимфобластты лейкозы (Ph+-ЖЛЛ) бар ересек пациенттер үшін тәулігіне 600 мг және балалар үшін 340 мг/м2 құрайды. Жалпы тәуліктік доза балаларда 600 мг-ден аспауы тиіс.
Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық ауруларда
Ересек пациенттерде ПАНТИКОР препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.
Операция жасауға келмейтін, ауру қайталанатын және/немесе метастаздық ісінетін дерматофибросаркомада ПАНТИКОР препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 800 мг құрайды.
АІЖ операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық стромальді ісіктерінде (ГИСІ) ПАНТИКОР препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Егер баға беру нәтижелері бойынша емдеуге жауап реакцияға қол жеткізу жеткіліксіз болса, мұндай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар жоқ болғанда дозаны арттыруды 400 мг-ден 600 мг-ге дейін немесе 800 мг-ге дейін жүргізуге болады. Аурудың үдеу белгілері пайда болған кезде ПАНТИКОР препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкемияда (ГЭС және/немесе СЭЛ) доза тәулігіне 100 мг құрайды.
Егер баға беру нәтижелері бойынша емдеуге жауап реакция жеткіліксіз болса, мұндай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар жоқ болғанда тәулігіне дозаны 100 мг-ден 400 мг-ге дейін арттыруға болады.
Препаратты адъювантты ем ретінде қолданғанда ГИСІ бар пациенттерде ұсынылатын доза тәулігіне 400 мг құрайды. Адъювантты емнің оңтайлы ұзақтығы анықталған жоқ.
Созылмалы миелолейкозы (СМЛ) бар пациенттерде және асқазан-ішек жолы стромасының ісігі бар пациенттерде жағымсыз реакциялар кезінде дозаны жекелей таңдау
Гематологиялық емес жағымсыз әсерлер
Гематологиялық емес ауыр жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда емдеуді науқастың жағдайы жақсарғанға дейін тоқтата тұру керек. Бұдан басқа, жағымсыз құбылыстардың қаупіне баға беру және емдеуді жалғастыруға қатысты шешім қабылдау керек.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғары шегінен 3 есе жоғарыға артқанда немесе бауырлық трансаминаза деңгейлері 5 еседен астамға жоғарылағанда ПАНТИКОР препаратын билирубиннің концентрациялары қалыптың жоғары шегінен 1,5 еседен азға, ал трансаминаза концентрациясы қалыптың жоғары шегінен 2,5 еседен азға төмендегенге дейін қабылдауды тоқтату керек. ПАНТИКОР препаратымен емдеу төмендетілген тәуліктік дозада жалғастырылуы мүмкін. Ересектер үшін дозаны тәулігіне 400-ден 300 мг-ге дейін немесе тәулігіне 600-ден 400 мг-ге дейін, немесе 800-ден 600 мг-ге дейін, ал балалар үшін 340-тан 260 мг/м2 дейін төмендету керек.
Гематологиялық жағымсыз әсерлер
Айқын нейтропения және тромбоцитопения дамыған кезде төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей, препараттың дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату ұсынылады.
1-кесте. Нейтропенияда және тромбоцитопенияда дозаларды түзету
СМ, эозинофилиямен астасқан және FIP1L1-PDGFR-альфа киназа синтезімен астасқан ГЭС/СЭЛ (бастапқы доза — 100 мг) |
Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттердің< 50x109/л |
1. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер деңгейі ≥75x109/л жеткен уақытқа дейін тоқтату тұру керек |
2. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді мұның алдындағы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакциялар дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек |
||
Созылмалы фаза СМЛ, МДА/МПА, ГЭС/СЭЛ және АІЖСІ (бастапқы доза — 400 мг) |
Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттерде < 50x109/л |
1. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер деңгейі ≥75x109/л жеткен уақытқа дейін тоқтату тұру керек |
2. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді мұның алдындағы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакциялар дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек |
||
3. |
НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және ПАНТИКОР препаратымен емдеуді төменірек 300 мг дозада қайта жаңғырту керек |
||
Созылмалы фазадағы СМЛ-ден зардап шегіп жүрген балалар (340 мг/м2 доза) |
Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттерде < 50x109/л |
1. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер деңгейі ≥75x109/л жеткен уақытқа дейін тоқтату тұру керек |
2. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді мұның алдындағы дозада (яғни ауыр жағымсыз реакциялар дамығанға дейін қолданылған дозада) қайта жаңғырту керек |
||
3. |
НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және ПАНТИКОР препаратымен емдеуді төменірек 260 мг/м2 дозада қайта жаңғырту керек |
||
Акселерация және бластты криз фазасындағы СМЛ, Ph+ ЖЛЛ (ересектерде бастапқы доза — 600 мгс немесе балаларда 340 мг/м2) |
Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 0,5x109/л және/немесе тромбоциттерде < 10x109/л |
1. |
Цитопенияның лейкозбен байланысын тексеру керек (сүйек кемігіне пункция немесе биопсия). |
2. |
Егер цитопения лейкозбен байланысты болмаса, дозаны ересектерде 400 мгb дейін немесе балаларда 260 мг/м2 дейін төмендету керек |
||
3. |
Цитопения 2 апта бойы сақталған жағдайда ересектерде дозаны 300 мгd дейін немесе балаларда 200 мг/м2 дейін төмендету керек. |
||
4. |
Цитопения 4 апта бойы сақталған және лейкозбен бұрынғыдай байланысты емес болған жағдайда ПАНТИКОР препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1x109/л және тромбоциттер деңгейі ≥20x109/л жеткенге дейін тоқтата тұру керек, содан кейін ересектерде 300 мгd дозада немесе балаларда 200 мг/м2 дозада жалғастыру керек. |
||
БДФС (бастапқы доза 800 мг) |
Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттерде < 50x109/л |
1. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді НАС деңгейі ≥1,5x109/л және тромбоциттер деңгейі ≥75x109/л жеткен уақытқа дейін тоқтату тұру керек |
2. |
ПАНТИКОР препаратымен емдеуді 600 мг дозада қайта жаңғырту керек |
||
3. |
НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталау және ПАНТИКОР препаратымен емдеуді төменірек 400 мг дозада қайта жаңғырту керек |
НАС = Нейтрофилдердің абсолюттік саныa, емдеуді бастағаннан кейін шамамен 1 айдан соң b немесе балаларда 260 мг/м2c немесе балаларда 340 мг/м2 d немесе балаларда 200 мг/м2 туындайды
Пациенттердің ерекше топтарында дозалау
Балалар
ПАНТИКОР препаратын СМЛ-ден зардап шегіп жүрген 2 жастан кіші балаларды және Ph+ ЖЛЛ-ден зардап шегіп жүрген 1 жастан кіші балаларда қолдану жөнінде клиникалық тәжірибе жоқ.
Балаларды емдеген кезде препараттың дозасы дене бетінің ауданына (мг/м2) байланысты есептеледі. Созылмалы фазада немесе кейінгі фазаларда СМЛ-ден зардап шегіп жүрген балаларды емдеу үшін тәуліктік 340 мг/м2 дозаны пайдалану ұсынылады (мұндайда жиынтық дозаны тәулігіне 600 мг-ден асырмау керек). Препаратты СМЛ және Ph+ ЖЛЛ-де тәулігіне бір рет қолдануға болады. СМЛ-де баламалы қолдану ретінде тәуліктік дозаны екі қабылдауға – таңертең бір қабылдауға және кешке бір қабылдауға бөлуге болады.
Дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар жоқ болғанда және лейкемиялық емес ауыр нейтропенияда немесе тромбоцитопенияда келесі жағдайларда: ауру үдегенде (кез келген сатыда); ең кемінде 3 ай емдеуден кейін қанағаттанарлық гематологиялық реакцияға қол жеткізе алмағанда; 12 ай емдеуден кейін цитогенетикалық реакцияға қол жеткізе алмағанда; немесе бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық реакцияларды жоғалтқанда балаларда дозаны тәулігіне 340 мг/м2-ден тәулігіне 570 мг/м2 дейін жоғарылатуды (жалпы дозаны 800 мг-ден асырмай) қарастыруға болады. Жоғарырақ дозаларда жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жоғарылауы мүмкін екендігін ескеріп, дозаны арттырғаннан кейін пациенттерді мұқият бақылау қажет.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Иматиниб негізінен бауыр арқылы метаболизденетін болғандықтан, бауыр функциясының аздаған, орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәулігіне ұсынылатын ең төмен 400 мг дозаны тағайындау керек. Жағымдылығы жақсы болғанда дозаны төмендетуге болады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Иматинибтің және оның метаболиттерінің бүйрек арқылы едәуір бөлініп шығуы жүрмейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге немесе диализде жүрген пациенттерге препаратты ең төмен бастапқы 400 мг дозада тағайындайды. Дегенмен пациенттердің осы санатын емдеген кезде сақтық таныту керек. Жақпаған жағдайда препараттың дозасын төмендетуге болады. Жағымдылығы жақсы және тиімділігі жеткіліксіз болғанда дозаны арттыруға болады.
Егде жастағы пациенттер
Қартаң жастағы пациенттерде фармакокинетикасы толық зерттелген жоқ. 65 жастан асқан пациенттер үшін дозалау жөнінде арнайы нұсқаулар қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Иматинибті емдік шамадан асатын дозаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Зардаптары әдеттегідей қайтымды болған иматинибтің артық дозалануының бірлі-жарым жағдайлары білінді. Артық дозаланған кезде медициналық бақылау және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болғанда) қабылдау керек шаралар
Көбіне периорбитальді аймақта және аяқтарда беткейлік ісінулер жиі білінді. Алайда бұл ісінулер сирек ауыр болды және диуретиктердің, басқа да демеуші шаралардың жәрдемімен немесе иматиниб дозасын азайтумен емдеуге келді.
Ph+-ЖЛЛ бар пациенттерді ПАНТИКОР препаратын химиотерапиялық препараттардың жоғары дозаларымен біріктіріп емдегенде трансаминаза деңгейлерінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр функциясының транзиторлық бұзылуларының біліністері кездесті.
Плевралық жалқық, асцит, өкпенің ісінуі және шеткері ісінулермен бірге немесе онсыз дене салмағының тез қосылуы сияқты біріккен жағымсыз әсерлер жалпы алғанда «сұйықтықтың іркілуі» ретінде жіктелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда осы жағымсыз әсерлер күрделі (соның ішінде өмірге қатер төндіретін) дәрежеге дейін жетуі мүмкін. Жағымсыз құбылыстардың айқындылық дәрежесіне қарай препараттың дозасы оны қабылдауды тоқтатуға дейін түзетілуі мүмкін.
Ауыр инфекциялық аурулары, айқын нейтропениясы және қатар жүретін басқа да күрделі аурулары бар пациенттерде өліммен аяқталатын тыныс алу функциясының айқын жедел жеткіліксіздігінің дамығаны туралы жекелеген мәлімдемелер бар.
АІЖ перфорациясы дамуының өліммен аяқталатын жекелеген жағдайлары туралы мәлімделді.
Жағымсыз әсерлер олардың даму жиілігіне сәйкес былайша жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), немесе жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес болды).
Өте жиі: нейтропения, тромбоцитопения, анемия, анорексия, бас ауыру, жүректің айнуы, құсу, диспепсия, іштің ауыруы, периорбитальді ісіну, дерматит, экзема, тері бөртпесі, бұлшықет спазмдары және құрысулар, сүйек-бұлшықет ауырулары (миалгия, артралгия, сүйектердің ауыруы), сұйықтықтың іркілуі және ісінулер, қажығыштық, дене салмағының артуы
Жиі: панцитопения, фебрильді нейтропения, ұйқысыздық, бас айналу, парестезиялар, дәм сезімінің бұзылуы, гипестезия, қабақтың ісінуі, көзден жас бөлінудің ұлғаюы, конъюнктивальді қан құйылулар, конъюнктивит, құрғақ көз синдромы, көрудің бұлыңғырлануы, ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, метеоризм, іштің желденуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, ауыз ішінің құрғауы, гастрит, бауырлық трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, қышыну, беттің ісінуі, терінің құрғауы, эритема, алопеция, түнгі тершеңдік, фотосенсибилизация реакциялары, буындардың ісінуі, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, анасарка, қалтырау, діріл, дене салмағының төмендетуі
Жиі емес: белдемелі ұшық, жай ұшық, назофарингит, пневмония, синусит, теріасты тіндерінің қабынуы, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциялары, гастроэнтерит, сепсис, тромбоцитемия, лимфопения, сүйек кеміктік қан түзудің айқын бәсеңдеуі, эозинофилия, лимфаденопатия, гипокалиемия, тәбеттің жоғарылауы, гипофосфатемия, тәбеттің нашарлауы, дегидратация, подагра, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, гипонатриемия, депрессия, либидоның төмендеуі, қобалжушылық, бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, шеткері нейропатия, жадының бұзылулары, ишиас, мазасыз аяқ синдромы, тремор, геморрагиялық инсульт, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, орбитальді ісіну, көз склерасына қан құйылу, көздің торқабығына қан құйылу, блефарит, макулярлы ісіну, вертиго (бас айналу), құлақтың шуылдауы, естудің нашарлауы, жүрек қағуының сезілуі, тахикардия, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі, гиперемия, қан кетулер, плевралық жалқық, тамақтың ауыруы, фарингит, стоматит, ауыз қуысының шырышты қабығының жара болуы, асқазан-ішектік қан кетулер, кекіру, мелена, эзофагит, асцит, асқазанның шырышты қабығының жара болуы, хейлит, дисфагия, панкреатит, гипербилирубинемия, гепатит, сарғаю, бұлшықеттердің және буындардың қимылсыздығы, бүйрек тұсының ауыруы, гематурия, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, несеп шығарудың жиілеуі, гинекомастия, эректильді дисфункция, меноррагия, етеккір оралымының бұзылулары, сексуальді дисфункция, емізікшелердің ауыруы, сүт бездерінің ұлғаюы, ұманың ісінуі, кеуденің ауыруы, жалпы дімкәстік, қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы, қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанда лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
Сирек: микоздар, ісік лизисінің синдромы, гемолиздік анемия, гиперкалиемия, гипомагниемия, сананың шатасуы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, құрысулар, көру жүйкесінің невриті, катаракта, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүректің кенеттен тоқтап қалуы, миокард инфарктісі, стенокардия, перикардиальді жалқық, артериялық гипертензия, гематомалар, субдуральді гематомалар, аяқта суықтың сезілуі, артериялық гипотензия, Рейно синдромы, плевралық ауыру, өкпелік фиброз, өкпелік гипертензия, өкпелік қан кету, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауыр некрозы, колит, ішек бітелісі, ішектің қабыну аурулары; жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі, ангионевроздық ісіну, везикулярлық бөртпелер, мультиформалы эритема, лейкоцитокластикалық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, бұлшықет әлсіздігі, артрит, рабдомиолиз/миопатия, аналық бездің геморрагиялық кистасы, қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы
Жиілігі белгісіз: ісікішілік қан кетулер, ісіктердің некрозы, анафилаксиялық шок, мидың ісінуі, шыны тәріздес денеген қан құйылу, перикардит, жүрек тампонадасы, тромбоз/эмболия, тыныс алу функциясының жедел жеткіліксіздігі, өкпенің интерстициальді ауруы, илеус, АІЖ перфорациясы, дивертикулит,асқазанның антральді бөлімінің қантамырлық эктазиясы, алақан-табан эритродизестезиясы, лихеноидты кератоз, қызыл жалпақ теміреткі, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар дәрілік бөртпе, аваскулярлық некроз/ортан жілік сүйегі басының некрозы, балаларда бой өсудің баяулауы, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –119, 50 мг немесе 478 мг иматиниб мезилаты (сәйкесінше, 100 мг және 400 мг иматинибке баламалы),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 типі), микрокристалды целлюлоза (101типі), кросповидон, гипромеллоза, магний стеараты, кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы,
қабықтың құрамы: Опадри® қызыл сары 85F230022: поливинил спирті, макрогол, темірдің сары тотығы (Е 172), тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қою-сарыдан қоңыр-қызыл сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар, дөңгелек пішінді таблеткалар (100 мг дозасы үшін).
Қою-сарыдан қоңыр-қызыл сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді таблеткалар (400 мг дозасы үшін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
Пішінді 12 қаптама медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған (100 мг дозасы үшін).
Поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 6 таблеткадан салынған.
Пішінді 5 қаптама медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған (400 мг доза үшін).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметер
«Онко Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия
Гебзе Организе Санайи Бёлгеси, 1700 Сокак, №1703, Гебзе, Коджаэли, Түркия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.», Тбилиси, Грузия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«RIN PHARM» (РИН ФАРМ) ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 б
Тел/факс: 8 (7272) 529090, www.worldmedicine.kz