Пантенол Фармстандарт

МНН: Декспантенол
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016840
Информация о регистрации в РК: 31.05.2022 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пантенол Фармстандарт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, 5%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар. Декспантенол.

АТХ коды D03AХ03

Қолданылуы

  • терінің құрғауы

Тері бүтіндігінің бұзылуы:

  • ұсақ зақымданулар

  • күю (соның ішінде күнге күю)

  • сыдырылу

  • буллезді дерматит

  • абсцесс

  • фурункул

  • аяқтың трофикалық ойық жарасы

  • ойылу

  • жарылу

  • операциядан кейінгі асептикалық жаралар

  • бітісуі қиын тері трансплантаттары

  • жатыр мойны эрозиясы

  • лактация кезіндегі емшек күтімі (сүт безінің емізіктерінің жарылуы және қабынуы)

  • емшектегі балаларды күту (баздану)

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Аэрозольдік баллон қысыммен тұр! Сондықтан оны құлатып алмау, соққылардан және тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғау керек. Қолданып болғаннан кейін баллонды ашуға және өртеуге болмайды. Препаратты ашық оттың қасында немесе қызып тұрған заттарға жақын бүркуге болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Пантенол Фармстандарт аэрозоль препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Әдебиеттердегі деректер бойынша Пантенол Фармстандартты жүйелі қолданғанда сукцинилхолиннің әсерін ұзартуы мүмкін

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Пантенол Фармстандарт препаратын жүктілік кезінде көрсетілімдер бойынша қолдануға болады.

Емшек емізу кезеңі

Пантенол Фармстандарт препаратын жүктілік кезінде көрсетілімдер бойынша қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және әр түрлі механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ аса зейін қоюды және психикалық және қимыл реакцияларының жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер

Клапанның штогына кигізілген ұштықты зақымданған жерге жақындатып, ұштықты ақырын басып, препаратты зақымданған жер үлбірмен толық жабылатындай 10-20 см арақашықтықта 1-2 секунд бойы бүркеді.

Пациенттердің ерекше топтары

18 жасқа дейінгі балалар

Дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режиміне ұқсас.

Қолдану тәсілі

Сыртқа қолдануға арналған.

Зақымданған жерге жергілікті қолданылады. Қолданар алдында аэрозольдік баллонды бірнеше рет жақсылап сілкиді де қорғайтын қалпақшаны алады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Препаратпен артық дозалану жағдайлары анықталмады. Препарат тек сыртқа қолдануға арналған болғандықтан, артық дозалану симптомдарының дамуы екіталай.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Сирек:

- терінің аллергиялық реакциялары.

Тері бөртпелері пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір баллонның құрамы

белсенді зат - декспантенол (D-пантенол) – 2,50 г,

қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеариль спирті А типі, макрогол глицерилкокоаты, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат (нипагин), калий дигидрофосфаты (бір орын басқан форфор-қышқылды калий), натрий гидрофосфат додекагидраты, тазартылған су, тетрафторэтан (хладон 134а).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Препарат баллоннан шыққанда өзіне тән әлсіз иісі бар ақ түсті көбік түзеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

58 г-ден үздіксіз әсер ететін клапанмен және қорғағыш қалпақшасымен алюминий баллонда. Баллонға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

1 баллон бүріккішімен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәлімет

"Фармстандарт-Лексредства" ААҚ,

305022, Ресей, Курск қ-сы, 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

"Фармстандарт-Лексредства" ААҚ,

305022, Ресей, Курск қ-сы, 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі, 16 құрылыс

Тел/факс: +7 (7212) 437002

Тел: + 7 (7212) 507322

E-mail: kphk@kphk.kz

Прикрепленные файлы

Проект_ЛВ_Пантенол_рус.docx 0.05 кб
ЛВ_Пантенол_кз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту