Панкреатин (25 ЕД, Валента Фарм АО)

МНН: Панкреатин
Производитель: Валента Фарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010517
Информация о регистрации в РК: 10.04.2012 - 10.04.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Панкреатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 25 ӘБ

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: панкреатин – 100 мг (25 ӘБ)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, сахароза (қант), картоп крахмалы, коповидон, кальций стеараты.

қабықтың құрамы: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері [1:1] (Колликут МАЕ 100 Р), макрогол-4000, титанның қостотығы Е 171, тальк, кармуазин бояғышы Е122.

Сипаттамасы

Теңбілденген, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, өзіне тән иісі бар, қызғылт немесе күңгірт-қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабатты, ішкі қабаты ақшыл сары түсті, теңбілдері бар.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытатын ферменттік препараттары. Панкреатин

АТХ коды А09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Панкреатин асқазан-ішек жолынан сіңбейді, ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ас қорыту ферменттік дәрісі, ұйқы безінің сыртқы сөліністік қызметі жеткіліксіздігінің орнын толтырып, протеолитикалық, амилолитикалық және липолитикалық әсер етеді.

Панкреатиннің құрамына кіретін ферменттер (липаза, альфа-амилаза, трипсин, химотрипсин) ақуыздардың аминқышқылдарына дейін, майлардың - глициринге және май қышқылдарына дейін, крахмалдың декстриндерге, мальтозаларға, мальтотриоздар мен глюкозаға дейін ыдырауына ықпал етеді.

Асқазан-ішек жолының функционалдық жай-күйін жақсартып, ас қорыту үдерісін қалпына келтіреді.

Трипсин көтермеленеген ұйқы безі сөлінісін тежейді.

Панкреатикалық ферменттер асқазан сөлінің әсерінен ішекте еритін қабықпен қорғалғандықтан дәрілік түрден аш ішектің сілтілік ортасында босанып шығады.

Ең жоғары ферментативтік белсенділігі ішу арқылы қабылдағаннан соң 30-45 минуттан кейін байқалады.

Қолданылуы

Ұйқы безінің сыртқы сөліністік қызметі жеткіліксіздігі кезінде орын басушы ем ретінде:

- созылмалы панкреатитте (асқынудан тыс)

- панкреатэктомияда

- жаңа түзілім салдарынан ұйқы безі түтігі немесе ортақ өт түтігі обструкциясында

- ұйқы безі аймағының сәулеленуінен кейін,

- диспепсияда,

- Ремхельд синдромында (гастрокардиальді синдром)

- муковисцидозда,

- асқазанның лық толуын сезіну немесе майлы немесе үйреншікті емес тағамға, артық жеуге байланысты метеоризм

- шығу тегі жұқпалы емес диареяда.

Тамақ қорытылуының бұзылуы (асқазан немесе аш ішек резекциясынан кейінгі жағдай):

- тамақтанудағы қателіктер жағдайында (майлы тағамды шамадан тыс қолданғанда, көп мөлшерде тамақтану, ретсіз тамақтану),

- шайнау қызметінің бұзылуында.

Құрсақ қуысы ағзаларын рентгенологиялық зерттеу мен ультрадыбыстық зерттеуге (УДЗ) даярлау.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты шайнамай, сұйықтықты (су, жеміс шырындары) мол іше отырып, тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін тәулігіне 3-4 рет 2-4 таблеткадан (50-100 ӘБ) ішке қабылдайды. Препаратты қабылдау ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • шұғыл типті аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, түшкіру, көздің жасаурауы, бронх түйілуінен болатын ентігу)

Жекелеген жағдайларда:

- диарея, іш қату, асқазан тұсында жайсыздықты сезіну, жүрек айну (бұл реакциялар дамуының панкреатин әсерімен себеп-салдарлы байланысы анықталған жоқ, өйткені көрсетілген құбылыстар ұйқы безінің сыртқы сөлініс қызметінің жеткіліксіздігінде білінетін симптомдарға жатады)

Жоғары дозада ұзақ қабылдағанда:

- гиперурикозурияның дамуы

- қан плазмасында несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Муковисцидозбен науқастарда жиекті ішектің илеоцекальді бөлігі мен жоғарылаған бөлігінде стриктура дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит

- созылмалы панкреатиттің өршуі

- лактозаны көтере алмаушылық, сахараза/изомальтаза, лактаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Панкреатинді темір препараттарымен бір мезгілде қолданғанда темірдің сіңуі төмендеуі мүмкін.

Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидтік дәрілерді бір мезгілде қабылдау панкреатин тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Муковисцидоз кезінде стриктураның (фиброзды колонопатия) даму қатері артатындықтан панкреатинді жоғары дозада қолдану ұсынылмайды.

Доза қабылданатын тағамның сапасы мен көлемін ескере отырып, майлардың сіңуі үшін қажет ферменттердің мөлшеріне сай болуы керек. Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде онымен бірге темір препараттарын тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Препарат құрамында балалар үшін қолдануға болмайтын бояғыш (азорубин) бар болғандықтан оны жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат айрықша назар аудару мен реакция шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер мен оператордың жұмысы және т.с.с.) айналысуға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперурикозурия, гиперурикемия.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 25 ӘБ.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 20С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Валента Фармацевтика» ААҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец көш. бұр., 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 702 кеңсе

Телефон/факс 8 (727) 334-15-52

Электронды поштасы: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

774868121477977038_ru.doc 48 кб
417154431477978214_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники