Панангин® (10 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Панангин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10 мл
Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар: 400,00 мг магний аспарагинаты
(499,80 мг магний аспарагинаты тетрагидраты түрінде)
452,00 мг калий аспарагинаты
(475,73 мг калий аспарагинаты гемигидраты түрінде),
қосымша заттар: калий гидроксиді, 10 % ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл жасылдау ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.
АТХ коды А12СХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Магний және калий иондары маңызды жасушаішілік катиондар ретінде бірқатар ферменттердің жұмысына, субцеллулярлық элементтермен макромолекулаларды байланыстыру үрдісіне және молекулалық деңгейде бұлшықет жиырылуы механизміне қосылады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушаішілік және одан тыс концентрациясының арақатынасы миокард жиырылғыштық қабілетіне әсер етеді. Аспартат эндогенді зат ретінде калий және магний иондарының тасымалдаушысы болып табылады; жасушаларға айқын аффинитеті бар, оның тұздары аздаған дәрежеде диссоциацияға ұшырайды. Соның салдарынан иондар жасушаішілік кеңістікке кешенді қосылыстар түрінде енеді. Магний және калий аспартаты миокард метаболизмін жақсартады. Организмде калий мен магнийдің жеткіліксіз болуы артериялық гипертензия дамуын, коронарлық тамырлардың атеросклероздық зақымдануын, жүрек ырғағының бұзылуын, миокард паталогиясы қаупін жоғарылатады.
Қолданылуы
- созылмалы жүрек ауруларында қосымша ем үшін (жүрек жеткіліксіздігінде, инфарктіден кейінгі кезеңде)
- жүрек ырғағы бұзылғанда, негізінен қарыншалық аритмияларда
- оймақгүл препараттарымен біріктірілімде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат тек көктамыр ішіне енгізуге арналған. Осы мақсат үшін 5 % глюкоза ерітіндісінде 1-2 ампула ішіндегісін қолданады және көктамыр ішіне инфузия түрінде баяу, тамшылатып енгізеді. Қажет кезде дозаны 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады. Емдеу ұзақтығын жеке анықтайды.
Препарат біріктірілген ем үшін жарамды.
Ең жоғары бір реттік доза – 2 ампула (20 мл) Панангин®, қажет болғанда 4-6 сағаттан кейін қайталап енгізуге болады.
Ең жоғары тәуліктік доза – 4 ампула (40 мл) Панангин®.
Педиатрияда қолданылуы
Дәрілік заттың 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
-
препаратты жылдам енгізгенде гиперкалиемия/гипермагниемия симптомдарының пайда болуы (симптомдар «Артық дозалануы» бөлімінде сипатталған)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- Аддисон ауруы
- III дәрежелі атрио-вентрикулярлық блокада, кардиогенді шок (АҚ < 90 мм с.б.
- айқын гиперкалиемия
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты калий жинақтаушы диуретиктермен және/немесе АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемия дамуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты жылдам енгізу бет гиперемиясын туындатуы мүмкін. Гиперкалиемия қатар жүретін аурулары бар науқастарға препаратты тағайындаған кезде сақ болу керек. Бұл санаттағы емделушілерге қан сарысуындағы электролиттер концентрациясын тұрақты зерттеу ұсынылады.
Жүктілік және лактация
Панангин® препаратын жүктілік пен лактация кезеңінде көрсетілімдер бойынша қабылдауға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану кезінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Препаратты көп жыл қабылдағанда артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Гиперкалиемия симптомдары: шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі, парестезия, сананың шатасуы, жүрек функциясының бұзылыстары (брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, аритмия, жүректің тоқтап қалуы)
Гипермагниемия симптомдары: жүйке-бұлшықет қозғыштығының төмендеуі, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық, АҚ төмендеуі. Қанның магний иондары концентрациясының күрт жоғарылауында: терең сіңірлер рефлекстерінің бәсеңдеуі, тыныс алудың салдануы, кома.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем (кальций хлориді ерітіндісін көктамыр ішіне минутына 100 мг дозада енгізу, қажет болған жағдайда - гемодиализ).
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 мл препараттан сындыруға арналған нүктесі бар түссіз шыны ампулада.
5 ампуладан пластик пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
15 °C-ден 30 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Гедеон Рихтер» ААҚ
1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі
E-mail: info@richter.kz
Телефон: 8-(727)258-26-22, 8-(727)258-26-23