Олопатадин ЭКО

МНН: Олопатадин (эквивалентно олопатадину гидрохлориду)
Производитель: Варшавский фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olopatadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024759
Информация о регистрации в РК: 28.09.2020 - 28.09.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Олопатадин ЭКО

Халықаралық патенттелмеген атауы

Олопатадин

Дәрілік түрі, дозасы

Көзге тамызатын дәрі 1 мг/мл

Фармакотерапиялық тобы

Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Қабынбалы ісінуді жоюға арналған дәрілер (деконгестанттар) және аллергияға қарсы дәрілер. Басқа да аллергияға қарсы дәрілер. Олопатадин.

АТХ коды S01GX09

Қолданылуы

Маусымдық аллергиялық конъюнктивит белгілері мен симптомдарын емдеу. Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Олопатадин ЭКО жергілікті қолдануға қарамастан жүйелік қанағымға сіңірілуі мүмкін аллергияға қарсы және антигистаминдік препарат болып табылады. Ауыр жағымсыз реакцияның симптомдары немесе препаратқа жоғары сезімталдық пайда болған жағдайда оны тамызуды тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуге қатысты зерттеулер жүргізілмеген.

In vitro зерттеулерде олопатадиннің P-450 цитохромының 1A2, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоферменттерінің қатысуымен өтетін метаболизмдік реакцияларды тежемейтіні байқалды. Нәтижелер олопатадиннің басқа бір мезгілде қабылданатын әсер етуші заттармен метаболизмдік өзара әрекеттесуіне түсу ықтималдығы өте

төмен екенін көрсетеді.

Арнайы сақтандырулар

Контактылы линзаларды пайдаланатын пациенттерге Олопатадин ЭКО препаратына зерттеулер жүргізілмеген. Препаратты тамызар алдында контактылы линзаларды шешу және оларды 15 минуттан кейін қайта кию керек.

Жүктілік және лактация кезінде қолдану

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде олопатадиннің офтальмологияда жергілікті қолданылуы бойынша деректер жоқ немесе шектеулі деректер ғана қолжетімді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүйелі енгізу кезінде репродукциялық функцияға зиянды әсерін анықтады. Олопатадинді жүктілік кезінде және контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланбайтын бала туатын жастағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Лактация

Жануарларға жүргізілген зерттеулер олопатадиннің ішке қабылдағаннан кейін емшек сүтімен бірге шығатынын көрсетті. Жаңа туған нәрестелер/ емшектегі балалар үшін қауіп-қатерді жоққа шығаруға болмайды. Емшек емізу кезеңінде Олопатадин ЭКО-ны қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Олопатадин ЭКО көлік құралдарын басқару және жылжымалы механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етпейді.

Осылайша, барлық көзге тамызатын дәрі қолданылған жағдайда, транзиттік анық емес көру немесе өзге де көру бұзылулары автокөлікті басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Егер көзге тамызатын дәріні тамызғаннан кейін анық көрмеу туындаса, автокөлікті жүргізер немесе механизмдерге қызмет көрсетер алдында толық көздің жітілігі қалпына келгенге дейін күте тұру керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Олопатадин ЭКО-ны зақымданған көздің (көздің) конъюнктивалық қалтаға тәулігіне екі рет инстилляциялайды (келесі дозалардың инстилляциялары арасындағы 8 сағат аралықты сақтай отырып). Қажет болған жағдайда емдеуді төрт айдан аспайтын мерзімге жалғастыруға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар мен жасөспірімдер

Олопатадин ЭКО-ны үш және одан үлкен жастағы пациенттерге ересектердегідей дозаларда қолдануға болады. 3 жасқа толмаған балаларға Олопатадин ЭКО препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозасын өзгертудің қажеті жоқ.

Бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Көзге тамызатын дәрі түріндегі Олопатадинді бүйрек немесе бауыр ауруымен ауыратын пациенттерге зерттеген жоқ. Алайда бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозалауды түзету қажеттілігі болғанын күтуге болмайды.

Қолдану тәсілі

Офтальмологияда жергілікті қолдану үшін.

Олопатадин ЭКО құрамында консервілеуші заттар жоқ стерильді ерітінді болып табылады.

Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында

  • Бірінші рет қолданған жағдайда, көзге тамызатын дәріні тамызар алдында пациент тамшылатқыш-құтыны көзге емес, оны баяу сығып көріп, құтыдан бір тамшы ағып кететіндей етіп қолдануды меңгеруі керек.

  • Пациент бір тамшыны өз бетімен тамызуға сенімді болса, ол оны тамызу үшін өзіне ыңғайлы қалыпта тұруы керек (отыруға, шалқасынан жатуға немесе айна алдында тұруға болады).

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

- Препаратты қолданар алдында қолды мұқият жуу керек.

  • -Егер қаптама немесе құты бүлінсе, препаратты қолданбау керек.

  • -Көзге тамызатын дәріні алғаш пайдаланар алдында, бұралатын қақпақта кепілдік сақинасының бүтіндігі расталғаннан кейін ғана қақпақты бұраңыз. Қақпақты бұрағанда сақина жыртылмайынша сәл кедергі сезіледі (1-сурет).

  • -Егер кепілдік сақинасы құтыда еркін айналса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау керек, өйткені бұл элемент көзге түсіп, зақым келтіруі мүмкін.

  • -Басты шалқайтып, қабақ пен көзалма арасында кеңістік жасау үшін төменгі қабақты саусақпен төмен созу керек (2-сурет).

  • Тамшылатқыштың ұштығын көзалмаға, қабаққа, саусақтарға немесе басқа беткейге тигізуге болмайды.

    Құтыны баяу қысып, бір тамшысын тамызу керек (3-сурет).

    Тамшы пациенттің конъюнктивалық қалтасына тию үшін құтыны ортасынан сәл басу керек. Құтыны қысу мен тамшының ағуы арасында бірнеше секунд өтуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

    Құтыны күшпен қыспау керек. Препаратты қолдануға байланысты одан әрі күмән туған жағдайда, пациент дәрігерге хабарласу керек.

  • -Егер дәрігер препаратты басқа көздің конъюнктивалық қалтасына тамызуды тағайындаса, 5 және 6 тармақтарын қайталау керек.

  • -Тамызғаннан кейін және құтыны жапқанға дейін ұштықта сұйықтықтың қалдығын жою мақсатында тамшылардың ұшына қолды тигізбей құтыны төмен сілкіп жіберу керек. Бұл келесі тамшыларды тамызу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалуы керек.

  • Тікелей тамызғаннан кейін құтының қақпағын бұрау керек (4-сурет).

    Егер тамшы конъюнктивалық қалтаға тимесе, қайталап тамызу керек.

    1-сурет. 2-сурет. 3-сурет. 4-сурет.

    Жергілікті қолдану үшін басқа офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда келесі препараттарды енгізу арасындағы 5 минуттық үзіліс сақталуы керек. Көз жақпамайлары соңғы кезекте қолданылуы керек.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Олопатадин ЭКО препаратының ұсынылатын дозасынан артық қолданған жағдайда көзді бөлме температурасындағы сумен жуу керек.

    Схема бойынша келесі тамызу кестесіне дейін препарат тамшыларын тамызбаңыз.

    Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

    Олопатадин ЭКО дәрілік препаратының дозасын қолдануды өткізіп алған жағдайда, мүмкіндігінше бір тамшыны тезірек тамызу керек, содан кейін белгіленген дозалау режиміне оралу керек. Егер келесі дозаны тамызу уақыты келсе, өткізіп алған дозаны өткізіп, белгіленген дозалау схемасына сәйкес емдеуді жалғастыру керек. Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін еселенген дозаны қолдануға болмайды.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

    Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз

    Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар (қажеттілігіне қарай)

    Жиі

    Көру ағзасы тарапынан жағымсыз әсерлер: көздің ауыруы немесе ісінуі, көздің тітіркенуі, көздің құрғауы, көзді патологиялық сезіну

    Бүкіл организм тарапынан жағымсыз әсерлер: бас ауыру,

    шаршау, мұрын құрғауы, дәм сезудің өзгеруі

    Жиі емес

    Көру ағзасы тарапынан жағымсыз әсерлер: анық көрмеу, көрудің нашарлауы немесе бұзылуы, мөлдір қабықтың патологиялық өзгерістері, конъюнктиваның қабынуы немесе инфекциялануы, көзде ағу, жергілікті аллергиялық реакциялар, жарыққа жоғары сезімталдық, көзжастың көп ағуы, көздің қышуы, көздің қызаруы, қабақтың патологиялық өзгерістері, қабақтың қышуы, қызаруы, ісінуі немесе қабыршақтануы.

    Барлық организм тарапынан жағымсыз әсерлер: сезімталдықтың бұзылуы немесе төмендеуі, бас айналу, мұрыннан су ағу, терінің құрғауы, терінің қабынуы, қызаруы және қышуы.

    Хабарланған қосымша жағымсыз әсерлер келесілерді қамтиды:

    Көру ағзасы тарапынан жағымсыз әсерлер: қарашық диаметрінің өзгеруі

    Барлық организм тарапынан жағымсыз әсерлер: ентігу, аллергия көріністерінің күшеюі, бет ісінуі, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, құсу, мұрынның қосалқы қуыстарының инфекциялары.

    Көптеген жағдайларда ауыр жағымсыз әсерлердің даму жағдайларын қоспағанда, көзге тамызатын дәріні қолдануды жалғастыруға болады.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер Дәрілік препараттың құрамы

    1 мл құрамында:

    белсенді зат: олопатадин 1.0 мг (1.11 мг олопатадин гидрохлоридіне баламалы).

    қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, натрий хлориді, полисорбат-80, сұйылтылған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    5 мл-ден ақ түсті және тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған мультидозалы тамшылатқыш-саптамалардан, алғашқы ашылуы бақыланатын, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұралатын қалпақшалардан тұратын құтыда. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады.

    1 немесе 3 құтыдан бекітілген медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    Сақтау мерзімі: 2 жыл

    Құтыны ашқаннан кейін 25 °С-ден аспайтын температурада 90 күннен асырмай сақтау керек.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәліметтер

    Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа» АҚ

    Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша

    Телефон нөмірі +48 22 691 39 00

    Факс нөмірі +48 22 691 38 27

    Электронды пошта адресі: polfa@polfawarszawa.pl

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Химфарм» АҚ Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Химфарм» АҚ Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81 телефон нөмірі +7 7252 (610151)

    Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)

    Электронды пошта адресі complaints@santo.kz; phv@santo.kz

    Прикрепленные файлы

    Олопатадин_ЭКО_ЛВ_1.07_.20(kk)_.docx 0.07 кб
    Олопатадин_ЭКО_ЛВ_1.07_.20_сверка__.docx 0.08 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники