Нитроглицерин

МНН: Нитроглицерин с глюкозой (эквивалентно нитроглицерину)
Производитель: Озон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glyceryl trinitrate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026137
Информация о регистрации в РК: 02.05.2023 - 02.05.2028

Инструкция

Саудалық атауы

Нитроглицерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Тіл астына салатын таблеткалар, 0,5 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылатын вазодилататорлар. Органикалық нитраттар. Глицерил үшнитраты.

АТХ коды C01D A02

Қолданылуы

Стенокардия ұстамаларын басу және қысқа уақытқа ұстаманың алдын алу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа, басқа нитраттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия (систолалық қысым 90 мм сын.бағ. төмен)

- тамырлық коллапс

- глаукоманың жабық бұрышты түрі

- шок

- сол жақ қарыншаның толтыруылуы төменгі қысыммен жүретін жедел миокард инфарктісі

- токсикалық өкпе ісінуі

- геморрагиялық инсульт

- сол жақ қарыншаның толу қысымының төмендеуімен қатар жүретін жағдайлар (оқшауланған митральды стеноз, констриктивті перикардит)

- гипертрофиялық кардиомиопатия

- фосфодиэстераза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил)

- анемия, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (оның ішінде бас сүйек-ми жарақатынан кейінгі), брадикардия, жүрек тампонадасы, қолқа стенозы

- жүктілік, бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- лактоза жақпаушылығымен, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуыстары.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Нитроглицерин қабылдау кезінде артериялық қысымның едәуір төмендеуі және бас айналу "жату" немесе "отыру" жағдайынан тік қалыпқа дененің күрт ауысуы нәтижесінде, алкогольді ішу, дене жаттығуларын орындау және ыстық ауа-райы кезінде пайда болуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың гипотензивті әсері гипотензивті дәрілерді, үшциклді антидепрессанттарды, алкогольді, диуретиктерді, бета-адреноблокаторларды, моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО) бір мезгілде бақылаусыз қабылдаған жағдайда шамадан тыс болуы мүмкін. Прокаинамидпен нитроглицеринді сақтықпен қабылдаған жөн, өйткені гипотензивті әсердің күшеюі және коллапстың дамуы мүмкін.

Нитроглицеринді эрекция бұзылыстарын немесе өкпе гипертензиясын емдеу үшін қолданылатын 5 типті фосфодиэстераза тежегіштерімен бірге қолдану ауыр гипотензияның даму қаупіне байланысты қатаң қарсы көрсетілген. Нитроглицеринді силденафил және варденафил бар препараттарды қабылдағаннан кейін 24 сағатқа дейінгі, тадалафил бар препараттарды қабылдағаннан кейін 48 сағатқа дейінгі уақыт аралығында қолданбаған жөн. N-ацетилцистеин нитроглицериннің тамыр кеңейтетін әсерін күшейте алады. Нитроглицеринді ұзақ әсер ететін нитрат препараттарымен бірге қолданғанда оның әсерлеріне толеранттылық болуы мүмкіндігін ескеру керек.

Ауыздың құрғауын тудыратын препараттар (мысалы, антихолинергиялық, антимускариндік) тіл астына қолданылатын нитраттардың сіңуінің төмендеуі нәтижесінде, тиімділігін азайтуы мүмкін.

Гепариннің антикоагулянттық әсері нитраттармен бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін. Антикоагулянттық емнің тиімділігінің ерте және жиі мониторингі нитраттармен және гепаринмен біріктірілген ем кезінде ұсынылады.

Нитроглицеринді қатарлас қолданудың нәтижесінде апоморфиннің гипотензиялық әсерінің күшеюі орын алуы мүмкін.

Қастауыш алкалоидтары, нитраттар тудыратын коронарлық вазодилатацияға кедергі келтіре отырып, стенокардияны күшейтуі мүмкін. Нитроглицерин дигидроэрготаминнің алғашқы өту әсері мен метаболизмін азайтуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Нитроглицеринді жиі қолданған кезде дозаны жоғарылатуды қажет ететін үйренісу дамуы мүмкін.

Препаратты қабылдау аясында бас ауруының айқындылығы оның дозасының төмендеуімен және/немесе валидолды бір мезгілде қабылдаумен азайтылуы мүмкін.

Емдеу кезеңінде алкогольді пайдалануға жол берілмейді.

Цереброваскулярлық патология, бауырдың немесе бүйректің ауыр аурулары, гипотиреоз, гипоксемия, жақында миокард инфарктісі, бастапқы өкпе гипертензиясы, бас сақинасы, ортостатикалық гипотензияның дамуына бейімділік, тамақтану жеткіліксіздігі, метгемоглобинредуктаза тапшылығы, глюкоза-6 - фосфат дегидрогеназа жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.

Гипотензияның алдын алу үшін нитроглицеринді жатып немесе отырып қабылдау ұсынылады. Нитроглицеринді тік тұрған күйде қабылдау естен тану жай-күйіне ғана емес, сондай-ақ антиангинальді әсерінің әлсіреуіне, "ұрлау" синдромының (миокард ишемиясының күшеюі) дамуына, әсіресе коронарлық тамырлардың кең таралған атеросклерозы бар пациенттерде дамуы мүмкін.

Егер стенокардия симптомдары препараттың үш дозасын қабылдағаннан кейін жойылмаса, пациент дереу дәрігерге қаралуы тиіс.

Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін нитраттарды қабылдау арасындағы аралықты күн сайын сақтау ұсынылады (8-12 сағат). Төзімділік дамыған жағдайда препаратты қабылдауды уақытша (бірнеше күнге) тоқтатып, оны басқа фармакотерапиялық топтардың антиангинальді дәрілерімен алмастыру керек.

Препаратты сақтау шарттарын қатаң сақтау керек. Қаптаманың бүтіндігі немесе сақтау жағдайлары бұзылған кезде препараттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан, галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрлері Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген. Нитроглицеринді жүктілік және емшек сүтімен емізу кезіңінде тек, егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана немесе бала үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын басқару кезінде немесе жоғары назар аударуды қажет ететін механизмдерді басқару кезінде препаратты қабылдау реакция жылдамдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Ересектерге қолдануға арналған.

Препаратты бірінші рет тағайындай отырып, оның артериялық қысым деңгейіне әсерін зерттеу қажет. Препаратты қолдану тиімділігін бақылауды жүрек жиырылу жиілігі мен артериялық қысым деңгейі бойынша жүзеге асыру қажет.

Нитроглицеринді стенокардия ұстамасының алғашқы белгісінде бірден қабылдау керек. Препараттың әдеттегі дозасы- тіл астына 1 таблетка. Егер стенокардия ұстамасы 5 минут ішінде тоқтатылмаса, Нитроглицерин препаратының тағы 1 таблеткасын қабылдау қажет.

2 таблетканы қабылдағаннан кейін емдік әсері болмаған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Ең жоғары бір реттік доза- 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза - 6 таблетка. Стенокардияның жиі шабуылдарында нитроглицериннің ұзартылған препараттарын қолданған жөн.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Тиімділігімен қауіпсіздігі 18 жасқа толмаған балалар үшін анықталмаған.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препаратты бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары кезінде сақтықпен тағайындау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ауыру туындағаннан кейін бірден бір таблеткасын тіл астына салу және ауызда толық еріп сіңгенге дейін жұтпай ұстау қажет. Препараттың әдеттегі дозасы - тіл астына 1 таблеткадан. Таблетканы шайнауға болмайды!

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия, тахикардия, коллапс, цианоз, метгемоглобинемия.

Емі: коллапс кезінде науқасты жатқызып, горизонтальды қалыпта болуын қамтамасыз ету қажет. Метгемоглобинемияда метилен көгін көктамыр ішіне енгізу көрсетілген (дене салмағының 1 кг үшін орта есеппен 0,1-0,15 мл 1% ерітінді). Ауыр жағдайларда плазма алмастырғыштар, симпатомиметиктер, оттегі тағайындалады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар пайда болған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ <1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ <1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ <1/1000); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте жиі:

- бастың солқылдатып ауыруы

Жиі:

- бастың айналуы

- ұйқышылдық

- тахикардия

- ортостатикалық гипотензия

- астения

- қолданған жердегі ашыту сезімі

- артериялық қысымның төмендеуі

Жиі емес:

- естен тану

- стенокардия симптомдарының күшеюі

- тамырлық коллапс

- беттің қызуы

- жүрек айнуы

- құсу

- теріде аллергиялық реакциялар

Сирек:

- брадикардия

- цианоз

Өте сирек:

- церебральді ишемия

- астения

- қыжыл

- ауыздан жағымсыз иіс

- эксфолиативті дерматит

- бөртпе

- метгемоглобинемия

- тыныс алудың бұзылуы

Жиілігі белгісіз:

- көз қысымының жоғарылауы

- гипоксемия

- тахикардия

- әлсіздік

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

«Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – нитроглицерин глюкозамен 5 мг

қосымша заттар: лактоза (сүтті қант), картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон (поливинилпирролидон), коллоидты кремний диоксиді, кальций стеараты, кросповидон CL.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түстен сарғыштау ақ түске дейінгі, жалпақ цилиндр тәрізді, екі жағынан мәрмәрлік жасалған және бір жағынан ойығы бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақ түстен ақ түске дейін, сарғыш түсті, жалпақ цилиндр тәрізді, екі жағынан және бір жағынан қауіпті таблеткалар. Дәрілік заттарға арналған полимерлі банкаларға 40 таблеткадан.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептсіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Озон» АБҚ, Ресей Федерациясы

Ресей, 445351, Самарская обл., Жигулевск қ., Песочная к-сі, д.11.

Тел./факс: 8 (84862) 29003

Тел.: +79874599991, +79874599992

E-mail: ozon@ozon-pharm.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Озон» АБҚ, Ресей Федерациясы

Ресей, 445351, Самарская обл., Жигулевск қ., Песочная к-сі, д.11.

Тел./факс: 8 (84862) 29003

Тел.: +79874599991, +79874599992

E-mail: ozon@ozon-pharm.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Нестеренко А.Е.» ЖК, Қазақстан Республикасы,

050000, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 104 үй

Тел.: +77273271602, +77077862629, +77058887587

Факс: +772727996659,

Е-mail: pharm_vigilance@mail.ru; ip_n_nesterenko@list.ru.

Прикрепленные файлы

Нитроглицерин_ИМП_(каз.),_20_.06_.21_.docx 0.05 кб
Нитроглицерин_ИМП_(рус.),_20_.06_.21_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники