Неофлю® 500
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
НЕОФЛЮ® 500
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Құрамы
Бір пакеттің ішінде
белсенді заттар: парацетамол 500 мг
аскорбин қышқылы 200 мг
фенирамин малеаты 25 мг
қосымша заттар: аспартам (Е951), мaннитол (Е421), «Orange Durarome» хош иістендіргіші (апельсинді дюраром), күн батар түстес сары бояғыш (E110).
Сипаттамасы
Қызғылт реңді ақ түстен қызғылт түске дейінгі ұнтақ. Сары және қызғылт-сары қосылыстарының болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа анальгетиктер мен антипиретиктер. Анилидтер. Психолептиктерден басқа дәрілік заттармен біріктірілген парацетамол.
АТХ коды N02BE51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парацетамол асқазан-ішек жолынан дәрілік түріне байланыссыз – таблетка, капсула немесе сұйық дәрілік түрлерінде жақсы сіңіріледі. Ішу арқылы бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін парацетамол қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 30-60 минут ішінде жетеді. Ол организм тіндеріне біркелкі таралады. Парацетамолдың қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы тұрақсыз. Парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңі 1 сағаттан 4 сағатқа дейінді құрайды. Парацетамолдың көп бөлігі бауырда глюкурондануға ұшырайды. Организмнен бір тәулік ішінде өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 10 мл/мин) кезінде – парацетамолдың элиминациясы ұзарады.
Фенираминнің бір реттік пероральді дозасын қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 1-2,5 сағат ішінде жетеді. Организмнен фенираминнің 70-83 %-ы метаболиттері түрінде несеппен шығарылады.
Парацетамол мен фенирамин малеаты биожетімділігінің жоғарылығымен сипатталады.
Аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі және организмнің тіндеріне жақсы таралады. Аскорбин қышқылының 25 %-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Аскорбин қышқылы организмнен метаболиттері түрінде несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Неофлю® 500 суық тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетеді.
Парацетамол
Қабынуға қарсы айқындығы әлсіз әсері бар ауыруды басатын және ыстықты түсіретін дәрі. Ауыруды азайтады және дене температурасының жоғарылауын төмендетеді.
Аскорбин қышқылы
C дәрумені. Суық тию және тұмау жағдайында С дәруменінің қосымша қажеттілігін қамтамасыз етеді. Капилярлардың өткізгіштігін азайтады, қанның ұйығыштығын күшейтеді. Терінің регенерациясы мен кортикостероидтардың синтезін стимуляциялайды.
Фенирамин малеаты
Гистаминге қарсы дәрі (H1 рецепторлардың бөгегіштері). Мұрынның бітелуі мен тұмауратуды, ісіну мен түшкіруді, көзден жас ағуды мен қышынуды азайтады.
Қолданылуы
Ересектерде тұмауды, ринитті, ринофарингитті және тұмаутәрізді жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін:
- мұрыннан шығатын мөлдір бөліністер мен көзден жас ағуда, түшкіруде
- бас ауыруы және/немесе қызба кезінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде емдеуді барынша ертерек бастау керек. Пакеттің ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітеді және жылы күйінде ішеді.
18 жастан асқан ересектерге күніне үш рет бір пакеттен тағайындайды. Қабылдаулар арасыдағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін – кемінде 8 сағат.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 3 пакет.
Емдеу мерзімдері ауру симптомдары мен ағымының сипатына тәуелді, қабылдау ұзақтығы 3-5 күнді құрайды.
Егер қабылдау өткізіліп алса, препаратты есіңізге түскен бойда қабылдаңыз, бірақ, егер келесі қабылдаудың уақыты келіп қалса, өткізіп жіберіңіз. Ешқашан екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Жағымсыз әсерлері
Ұнамсыз жағымсыз реакцияларының даму жиілігіне қарай жіктелуі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10 000); біліну жиілігі белгісіз (қолжетімді мәліметтер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі емес
ауыздың құрғауы
жүрек айнуы
эпигастрий аймағының ауыруы
іш өтуі, іш қатуы
Сирек
тепе-теңдіктің бұзылуы, вертиго, реакция жылдамдығының баяулауы
ұйқышылдық
аккомодация бұзылуы, мидриаз
бас ауыруы
діріл, сананың көмескіленуі, елестеулер, көбінесе егде жастағы адамдарда есте сақтаудың немесе зейін қоюдың төмендеуі
артериялық қысымның қысқамерзімді жоғарылауы
ортостатикалық гипотензия
жүрек соғуының жиілеуі
несеп шығарудың қиындауы
аллергиялық реакциялар (эритема, қышыну, экзема, пурпура, есекжем,
анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, метгемоглобинемия
қозу жағдайы: үрейлі қозу, қозудың жоғарылауы, ұйқысыздық
Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай-да бір жағымсыз әсерлер пайда болса, немесе айтылған жағымсыз әсерлерінің қандай-да біреуінің айқындығы ерекше күшті болса, дәрігерге қаралуыңызды өтінеміз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың әсер етуші немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
артериялық гипертензия
жабықбұрышты глаукома
бауырдың, бүйректің, жүрек-қантамыр жүйесінің, қалқанша бездің, өкпенің ауыр аурулары (сонымен қатар бронх демікпесі)
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
ұйқы безі мен (қант диабеті) қуықтың аурулары
қуықасты безінің аденомасы кезінде несеп шығарудың қиындауы
қан түзілуінің бұзылулары
созылмалы маскүнемдік
портальді гипертензия
глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
фенилкетонурия
қанның ұю деңгейінің жоғарылауы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Неофлю® 500 препаратын құрамында парацетамол және/немесе фенирамин бар препараттармен; қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен; орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен (ұйықтататын дәрілер, трициклдық антидепрессанттар, транквилизаторлар); антигипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды. Атропиндік әсері бар басқа препараттар (имипраминдік антидепрессанттар, атропиндік антигистаминдердің Н1 көпшілігі, холинергияға қарсы паркинсон ауруына қарсы дәрілер, түйілуге қарсы атропиндер, дизопирамид, фенотиазиндік нейролептиктер, клозапин) несептің іркілуі, іш қатуы, ауыздың құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Барбитураттармен, фенитоинмен, карбамазепинмен, рифампицинмен, бауырдың микросомалық энзимдерінің индукторларымен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуыттылық қаупі арта түседі.
Парацетамолды зидовудинмен бір мезгілде қолданғанда екі дәрінің де уыттылығы жоғарылайды; гранулоцитопения жиі байқалады. Парацетамол урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Аскорбин қышқылы пенициллиннің сіңірілуін арттырады, гепарин мен тікелей әсер етпейтін антикоагулянттардың (варфариннің) әсерін әлсіретеді, салицилаттармен бір мезгілде қолданғанда кристаллоурияның пайда болу қаупі артады.Пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда, аскорбин қышқылының қан плазмасындағы концентрациясы азаяды.
Темір препараттарымен бір мезгілде қолданғанда аскорбин қышқылы темірдің сіңірілуінің жақсаруына ықпал етеді, бұл темірдің тіндердегі уыттылығының жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Бір мезгілде қолданылғанда ацетилсалицил қышқылы аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен үштен бір бөлігіне азайтады.
Емдеу кезінде құрамында алкоголь бар сусындарды пайдаланудан бас тарту керек, өйткені алкогольдің әсері күшеюі мүмкін. Өз кезегінде, алкоголь парацетамолдың жағымсыз құбылыстарының даму қаупін арттыруы, сондай-ақ, жедел панкреатиттің дамуына алып келуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Егер 3 күн ішінде қалтырау мен ауыру азаймаса немесе аурудың жаңа симптомдары, тамақтың қызаруы мен ісінуі пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату және кідірмей дәрігерге қаралу қажет.
Ұзақ уақыт және жоғары дозаларында қолданғанда парацетамол гепатоуытты және нефроуытты әсер береді. Бауыр және/немесе бүйрек функцияларының, қан ұюының бұзылулары (ауыр бұзылулар жағдайында, қолдануға болмайды), алкогольге тәуелділігі бар науқастарға, егде жастағы адамдарға сақтық таныту керек.
Егер жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, тәбеттің болмауы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, естудің нашарлауы пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату және дәрігермен кеңесу қажет.
Препараттың құрамына күн батар түстес сары бояғыш (Е110) кіреді, ол аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде көлік құралдарын басқару және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау ұсынылмайды. Препараттың құрамына антигистаминдік дәрі кіреді, ол ұйқышылдықты, шаршау сезімін туғызуы мүмкін.
Артық дозалануы
8 г дейінгі парацетамолдың жедел артық дозалануы бауыр функциясының бұзылуларын сирек туғызады. Дегенмен, бір-екі күндік латентті кезеңнен кейін 10-15 г парацетамолды қабылдау бауырдың (кейді тіпті бүйректің) қайтымсыз ауыр зақымдануларын туғызуы мүмкін.
Симптомдары: парацетамолдың артық дозалануына кейін алғашқы 24 сағат ішінде пайда болатын жекелеген симптомдар – жүрек айнуы және құсу. Кейіннен іштің немесе оң жақ қабырға астының ауыруы, тәбеттің болмауы, терлеу, бас айналуы, құлақтағы шуыл, естудің нашарлауы (әсіресе, егде жастағы адамдарда), жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін.
Емі: артық дозалануына күдіктенгенде кідіртпей, шұғыл медициналық көмек көрсетілуін (стационарда) қамтамасыз етіп, қабылданған дәрінің мөлшеріне қарамастан, бірақ артық дозалануынан кейін 8-16 сағаттан кешіктірмей асқазанды шаю, қан талдауының нәтижелерін күтпестен антидотын енгізу қажет. Антидоттары – ацетилцистеин мен метионин.Шығарылу түрі және қаптамасы
5.0 г препараттан ламинаттан жасалған пакеттерге салынған.
5 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы/Өндіруші
«Олайнфарм» АҚ
Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Олайнфарм» АҚ өкілдігі
050009 Алматы қ., Абай д-лы 151/115, 807 кеңсе
Телефон / факс 007 727 333 46 52
E-mail olainfarm.instr@mail.ru