Невирапин (Невирапин)

МНН: Невирапина гемигидрат
Производитель: Ауробиндо Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025546
Информация о регистрации в РК: 21.01.2022 - 21.01.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Невирапин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған суспензия, 50 мг/5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозид еместер – кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин.

АТХ коды J05AG01

Қолданылуы

- невирапин АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған ересектерді, жасөспірімдер мен кез келген жастағы балаларды емдеу кезінде басқа антиретровирустық дәрілермен үйлесімде емдеуге көрсетілген

- көп жағдайда невирапин кері транскриптаза нуклеозидті тежегіштерімен (КТНТ) біріктірілімде қолданылады. Невирапиннен кейінгі емді таңдау клиникалық тәжірибеге және резистенттілікке тесттерге негізделуі тиіс.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді және/немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («құрамын» қараңыз)

  • анамнезінде невирапинмен емдеу айқын бөртпемен немесе жалпы симптомдармен, аса жоғары сезімталдық реакциясымен немесе клиникалық көріністегі гепатит дамуымен қатар жүрген және препаратты тоқтату қажет болған пациенттерге қайта тағайындау

  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С санаты) немесе қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 5 еседен көп асып кететін АСТ немесе АЛТ деңгейінің бастапқы жоғарылау жағдайында (ол ҚЖШ 5 еседен кем асып кететін деңгейге дейін тұрақты төмендегенше)

  • бұрын невирапинмен ем барысында ҚЖШ 5 еседен көп асып кететін АСТ немесе АЛТ деңгейінің жоғарылауы білінген пациенттерге немесе невирапинді қайта қолданудан кейін бауыр функциясының бұзылуы жаңғырған пациенттерге қайта тағайындау

  • невирапиннің клиникалық әсерінің азаюы мен плазмадағы концентрацияларының төмендеу қаупіне орай, құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттармен бірге қолдану.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Невирапин CYP3A және шамамен CYP2B6 индукторы болып табылады, бұл ретте ең жоғары индукция бірнеше дозамен емді бастағаннан кейін 2-4 апта ішінде жүреді.

Осы метаболизмдік жол арқылы өтетін қосылыстар невирапинмен бірге қолданғанда плазмадағы концентрацияның төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Невирапинмен біріктіріп қабылдаған кезде P450 метаболизденетін дәрілік заттардың емдік тиімділігіне мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Құрамында сілтілі буферлік агент бар тамақ өнімдері, антацидтер немесе дәрілік заттар невирапиннің сіңуіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесу бойынша деректер 90% сенімділік аралығымен (90% СА) орташа геометриялық мән түрінде ұсынылған. ↑ = жоғарылау, ↓ = төмендеу,  = әсерсіз.

Терапевтік бағыттар бойынша дәрілік препараттар

Өзара әрекеттесулері

Бірге қолдану бойынша ұсыныстар

Инфекцияға қарсы дәрілер

Вирусқа қарсы препараттар

КТНТ

Диданозин

100-150 мг, тәулігіне 2 рет

Диданозин

ҚАА  1.08 (0.92-1.27)

Диданозин

Cmin, анықталмаған

Диданозин

Cmax  0.98 (0.79-1.21)

Диданозин мен невирапинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Эмтрицитабин

Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттерінің тежегіші емес

Невирапин мен эмтрицитабинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Абакавир

Адам бауырының микросомаларында абакавир Р450 цитохромының изоформаларын тежемеген.

Невирапин мен абакавирді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Ламивудин

150 мг, тәулігіне екі рет

Ламивудиннің көрінетін клиренсінде және таралу көлемінде өзгерістердің болмауы, бұл невирапиннің

ламивудин клиренсіне индукциялық әсерінің жоқтығын көрсетеді.

Ламивудин мен невирапинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Ставудин

30/40 мг, тәулігіне 2 рет

Ставудин ҚАА 0.96 (0.89-1.03)

Ставудин Cmin өзгеріссіз

Ставудин Cmax 0,94 (0.86-1.03)

Невирапин: алдыңғы бақылау көрсеткіштерімен салыстырғанда деңгейлер өзгеріссіз қалды.

Ставудин мен невирапинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Тенофовир

300 мг, тәулігіне 1 рет

Қан плазмасындағы тенофовир деңгейі невирапинмен бір мезгілде қолданғанда өзгеріссіз қалады. Қан плазмасындағы невирапин деңгейі тенофовирмен бір мезгілде қолданғанда өзгермеген.

Тенофовир мен невирапинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Зидовудин

100-200 мг, тәулігіне 3 рет

Зидовудин ҚАА  0,72 (0.60-0.96)

Зидовудин Cmin, анықталмаған

Зидовудин Cmax

Невирапин: Зидовудин оның фармакокинетикасына ешқандай әсер еткен жоқ.

Зидовудин мен невирапинді дозаны түзетусіз бір мезгілде тағайындауға болады.

Гранулоцитопенияның дамуы әдетте зидовудинді қабылдаумен байланысты.

Осылайша, невирапин мен зидовудинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттер, әсіресе балалар жасындағы пациенттер, сондай-ақ зидовудиннің неғұрлым жоғары дозаларын алатын пациенттер немесе сүйек кемігі жеткіліксіздігі бар, атап айтқанда үдемелі АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде гранулоцитопенияның даму қаупі жоғары. Мұндай пациенттерде гематологиялық көрсеткіштерді мұқият бақылау керек.

КТНЕТ

Эфавиренз

600 мг, тәулігіне 1 рет

Эфавиренз ҚАА  0.72 (0.66-0.86)

Эфавиренз Cmin

Эфавиренз Cmax  0.88 (0.77-1.01)

Эфавиренц пен невирапинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, аддитивті уыттылыққа және бір ғана КТНЕТ-пен салыстырғанда тиімділік тұрғысынан артықшылықтардың болмауына байланысты.

Делавирдин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

КТНЕТ пен невирапинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Этравирин

Этравиринді невирапинмен бір мезгілде қабылдау этравириннің плазмадағы концентрациясының едәуір төмендеуіне және оның емдік әсерінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

КТНЕТ пен невирапинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Рилпивирин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

КТНЕТ пен невирапинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Протеаза тежегіштері

Атазанавир/ритонавир

300/100 мг тәулігіне 1 рет

400/100 мг тәулігіне 1 рет

Атазанавир 300/100 мг:

Атазанавир ПЖК 0,58 (0,48-0,71)

Атазанавир/р Cmin

0,28 (0,20-0,40)

Атазанавир/р  Cmax 0,72 (0,60-0,86)

Атазанавир/р 400/100 мг:

Атазанавир/р ПЖК  0,81 (0,65-1,02)

Атазанавир/р Cmin  0,41 (0,27-0,60)

Атазанавир/р Cmax  1,02 (0,85-1,24)

(невирапинсіз 300/100 мг-мен салыстырғанда)

Невирапин ҚАА

1,25 (1,17-1,34)

Невирапин Cmin 

1,32 (1,22-1,43) Невирапин Cmax 1,17 (1,09-1,25)

Атазанавир мен ритонавир және невирапинді бірге қолдану ұсынылмайды.

Дарунавир/ритонавир 400/100 мг, тәулігіне 2 рет

Дарунавир ҚАА

1,24 (0,97-1,57)

Дарунавир Cmin 1,02 (0,79-1,32)

Дарунавир Cmax

1,40 (1,14-1,73)

Невирапин ҚАА

1,27 (1,12-1,44)

Невирапин Cmin

1,47 (1,20-1,82)

Невирапин Cmax 1,18 (1,02-1,37)

Дарунавир мен невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Фосампренавир

1400 мг, тәулігіне 2 рет

Ампренавир ҚАА 0,67 (0,55-0,80)

Ампренавир Cmin  0,65 (0,49-0,85)a Ампренавир Cmax

0,75 (0,63-0,89)

Невирапин ҚАА

1,29 (1,19-1,40)

Невирапин Cmin

1,34 (1,21-1,49) Невирапин Cmax

1,25 (1,14-1,37)

Егер фосампренавир ритонавирмен біріктірілімде қолданылмаса, фосампренавир мен невирапинді бірге қолдану ұсынылмайды

Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг, тәулігіне 2 рет

Ампренавир ҚАА

0,89 (0,77-1,03)

Ампренавир Cmin 

0,81 (0,69-0,96)

Ампренавир Cmax 0,97 (0,85-1,10)

Невирапин ҚАА

1,14 (1,05-1, 24)

Невирапин Cmin

1,22 (1,10-1,35) Невирапин Cmax

1,13 (1,03-1,24)

Фосампренавир/ритонавир бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Лопинавир/ритонавир (капсулалар) 400/100 мг тәулігіне 2 рет

Ересек пациенттер:

Лопинавир ҚАА

0,73 (0,53-0,98)

Лопинавир Cmin

0,54 (0,28-0,74)

Лопинавир Cmax 0,81 (0,62-0,95)

Невирапин препаратымен бірге қолданғанда ас ішумен күніне екі рет лопинавир/

ритонавир дозасын 533/133 мг (4 капсула) немесе 500/125 мг (әрқайсысы 100/25 мг 5 таблетка) дейін арттыру ұсынылады. Лопинавирмен бірге қолданғанда Невирапин препаратының дозасын түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир (ішуге арналған ерітінді) 300/75 мг/м2 тәулігіне 2 рет

Балалар жасындағы пациенттер:

Лопинавир ҚАА

0,78 (0,56-1,09)

Лопинавир Cmin

0,45 (0,25-0,82) Лопинавир Cmax 0,86 (0,64-1,16)

Балалардағы лопинавир/

ритонавир дозасын, әсіресе, лопинавир/ритонавирге сезімталдығының төмендеу күдігі бар пациенттерде Невирапин препаратымен бірге қолданғанда

ас ішумен күніне екі рет 300/75 мг/м2 дейін арттыруды қарастыру қажет.

Ритонавир

600 мг, тәулігіне 2 рет

Ритонавир ҚАА

0,92 (0,79-1,07)

Ритонавир Cmin 

0,93 (0,76-1,14)

Ритонавир Cmax 

0,93 (0,78-1,07)

Невирапин:

Ритонавирді бірге қолдану плазмадағы невирапин деңгейлерінің клиникалық мәнді өзгерісіне әкелмейді.

Ритонавир мен невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Саквинавир/

ритонавир

Саквинавир, күшейтілген ритонавир және невирапиннің арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жоқ.

Саквинавир/ритонавир мен және невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Типранавир/ритонавир 500/200 мг, тәулігіне 2 рет

Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттердегі IIa фазасын зерттеуден алынған шектеулі деректер типранавирдің Cmin клиникалық елеусіз түрде 20% - ға төмендегенін көрсетті.

Трипранавир мен невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Біріктіру тежегіштері

Энфувиртид

Метаболизм жолымен байланысты, энфувиртид пен невирапин арасында клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болжанбайды.

Энфувиртид пен және невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Маравирок 300 мг күніне 1 рет

Маравирок ҚАА

1,01 (0,6-1,55)

Маравирок Cmin анықталмаған

Маравирок Cmax 

1,54 (0,94-2,52)

ауру тарихы бақылауларымен салыстырмалы

Невирапин концентрациялары өлшенбеген, әсерінің болмауы күтіледі.

Маравирок пен және невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Интеграция тежегіштері

Элвитегравир/

кобицистат

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Кобицистат, P450 3A цитохромының тежегіші, бауыр ферменттері, сондай-ақ басқа да метаболизм жолдарын елеулі тежейді. Сондықтан бірге қолданудың плазмадағы Невирапин препараты мен кобицистат деңгейлерінің төмендеуіне әкелуі ықтимал.

Невирапин препараты мен элвитегравирді кобицистатпен біріктірілімде бірге қолдану ұсынылмайды.

Ралтегравир

400 мг күніне 2 рет

Клиникалық деректер жоқ. Метаболизм жолымен байланысты, ралтегравирдің өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Ралтегравир мен және невирапинді бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады.

Антибиотиктер

Кларитромицин

500 мг күніне екі рет

Кларитромицин ҚАА

0,69 (0,62-0,76)

Кларитромицин Cmin 

0,44 (0,30-0,64)

Кларитромицин Cmax

0,77 (0,69-0,86)

Кларитромицин 14-OH метаболиті ҚАА 1,42

(1,16-1,73)

Кларитромицин 14-OH метаболиті Cmin 0

(0,68-1,49)

Кларитромицин 14-OH метаболиті Cmax 1,47

(1,21-1,80)

Невирапин ҚАА 1,26

Невирапин Cmin 1,28

Невирапин Cmax 1,24

ауру тарихының бақылауларымен салыстырмалы

Кларитромицин әсері елеулі төмендеген, 14-OH метаболитінің әсері жоғарылаған. Кларитромицин белсенді метаболитінің Mycobacterium avium- жасуша ішіндегі кешенге қатысты

белсенділігінің төмендеуімен байланысты патогенді микроорганизмдерге қатысты жалпы белсенділігі де төмендеуі мүмкін. Азитромицин сияқты кларитромицинге баламалы препараттар тағайындауды қарастыру қажет. Бауыр функциясының қалыптан ауытқуларына мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

Рифабутин

150 немесе 300 мг күніне 1 рет

Рифабутин ҚАА 1,17

(0,98-1, 40)

Рифабутин Cmin 1,07

(0,84-1,37)

Рифабутин Cmax 1,28

(1,09-1,51)

25-O-дезацетилрифабутин метаболиті ҚАА 1,24

(0,84-1,84)

25-O-дезацетилрифабутин метаболиті Cmin 1,22 (0,86-1,74).

25-O-дезацетилрифабутин метаболиті Cmax 1,29

(0,98-1,68)

Ауру тарихы деректерімен салыстырғанда, невирапиннің болжамды клиренсінің клиникалық мәнсіз арту (9%) хабарламалары бар.

Невирапин препараты мен рифабутиннің негізгі ФК параметрлеріне елеулі ықпал ету байқалмайды. Невирапин препараты мен рифабутинді дозаларын түзетпей-ақ бірге қолдануға болады. Алайда, жоғары жекешеаралық ауытқымалығымен байланысты, кейбір пациенттерде рифабутин әсерінің елеулі жоғарылауын және рифабутинмен уыттану көрінісінің едәуір жоғары қаупін байқауға болады. Сондықтан бірге қолданғанда сақ болу қажет.

Рифампицин 600 мг күніне 1 рет

Рифампицин ҚАА 1,11 (0,96-1,28)

Рифампицин Cmin анықталмаған

Рифампицин Cmax 1,06 (0,91-1,22)

Невирапин ҚАА 0,42

Невирапин Cmin  0,32 Невирапин Cmax  0,50

ауру тарихының бақылауларымен салыстырмалы

Невирапин препараты мен рифампицинді бірге қолдану ұсынылмайды. Біріккен туберкулез инфекциясы бар пациенттерді емдеу қажет болатын және құрамында Невирапин препараты бар режимді қолданатын дәрігерлер оның орнына рифабутинді бірге тағайындауды қарастыра алады.

Зеңге қарсы препараттар

Флуконазол 200 мг күніне 1 рет

Флуконазол ҚАА 0,94 (0,88-1,01)

Флуконазол Cmin  0,93 (0,86-1,01)

Флуконазол Cmax  0,92 (0,85-1,99)

Невирапин:

Невирапин жеке қолданылған кездегі ауру тарихының деректерімен салыстырғанда әсері 100%.

Егер дәрілік препараттар бірге қолданылса, Невирапин препаратының жоғары әсер ету қаупімен байланысты, сақтық шарасын қадағалап, пациенттерге тиянақты мониторинг өткізу қажет.

Итраконазол 200 мг күніне 1 рет

Итраконазол ҚАА 0,39

Итраконазол Cmin  0,13

Итраконазол Cmax  0,62

Невирапин фармакокинетикалық параметрлеріне қатысты елеулі айырмашылық жоқ.

Осы екі препаратты бірге қолданғанда итраконазол дозасын арттыруды қарастыру қажет.

Кетоконазол

400 мг, күніне 1 рет

Кетоконазол ҚАА 

0,28 (0,20-0,40)

Кетоконазол Cmin АЖ

Кетоконазол Cmax 

0,56 (0,42-0,73)

Невирапин: плазмадағы деңгейлері: 1,15-1,28 ауру тарихының деректерімен салыстырмалы.

Невирапин препараты мен кетоконазолды бірге қолдану ұсынылмайды.

В және С созылмалы гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар

Адефовир

Іn vitro зерттеулерінің нәтижелері адефовирдің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде расталмаған және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді. Адефовир, қолда бар деректер бойынша, адамдағы дәрілік препарат метаболизміне тартылған негізгі CYP изомерлерінің бір де біріне ықпалын тигізбейді және бүйрекпен бөлінеді. Дәрілер арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесу болжанбайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Боцепревир

Боцепревир CYP3A4/5 қатысуымен ішінара метаболизденеді. Боцепревирді CYP3A4/5 индукциялайтын немесе тежейтін дәрілік заттармен біріктіріп қолдану әсерінің артуына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін. Плазмада боцепревирдің ең аз концентрациялары оны невирапиндегі сияқты метаболизм жолымен сипатталатын КТНЕТ-мен қолдану кезінде төмендеді. Боцепревирдің ең аз концентрацияларының осы байқалған төмендеуінің клиникалық нәтижесі тікелей бағаланбаған.

Невирапин препараты мен боцепревирді бірге қолдану ұсынылмайды.

Энтекавир

Энтекавир P450 цитохромы ферменттерінің (CYP450) субстраты, индукторы немесе тежегіші емес. Метаболизм жолымен байланысты, энтекавирдің клиникалық мәнді дәрілер аралық өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Интерферондар (пегилденген альфа 2a және альфа 2b интерферондары)

Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6 ықпал ету деректері жоқ. Клиникалық мәнді дәрілер аралық өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Рибавирин

Іn vitro зерттеулерінің нәтижелері рибавириннің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде расталмаған және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді. Рибавирин P450 цитохромының ферменттерін тежемейді және уыттылық зерттеулерінің деректері бауыр ферменттерінің рибавиринмен индукциялануын көрсетпейді. Клиникалық мәнді дәрілер аралық өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Телапревир

Телапревир CYP3A қатысуымен бауырда метаболизденеді және P-гликопротеин субстраты болып табылады. Телапревир мен CYP3A индукциялайтын дәрілік препараттарды және (немесе) P-гликопротеинді біріктіріп қолдану плазмада телапревир концентрациясын төмендетуі мүмкін. Телапревир мен невирапиннің дәрілер аралық өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілмеген, алайда, телапревирдің невирапиндегі сияқты метаболизм жолымен сипатталатын КТНЕТ-мен өзара әрекеттесу нәтижелері екі препарат деңгейлерінің де төмендеуін көрсетті. Телапревирдің эфавирензбен ДАӨ зерттеу нәтижелері телапревир мен Р450 индукторларын біріктіріп қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет екенін көрсетеді.

Телапревир мен невирапинді бірге қолданғанда сақ болу керек. Невирапин препаратымен біріктіріп қолданғанда телапревир дозасын түзету қарастырылу керек.

Телбивудин

Телбивудин P450 цитохромы жүйесі (CYP450) ферменттерінің субстраты, индукторы немесе тежегіші емес. Метаболизм жолымен байланысты, телбивудиннің клиникалық мәнді дәрілер аралық өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Антацидтер

Циметидин

Циметидин: циметидиннің ФК параметрлеріне елеулі ықпалы байқалмайды.

Невирапин Cmin  1,07

Дозалау режимін түзету қажет емес

Тромбозға қарсы препараттар

Варфарин

Невирапин мен тромбозға қарсы препарат - варфарин арасындағы өзара әрекеттесу олар бірге қолданылғанда ұю уақытының ұзаруы да, қысқаруы да мүмкіндігімен күрделі болып табылады.

Ұю көрсеткіштеріне мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

Контрацептивтер

Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әр 3 ай сайын

ДМПА ҚАА 

ДМПА Cmin 

ДМПА Cmax 

Невирапин ҚАА 1,20

Невирапин Cmax  1,20

Невирапин препаратымен бірге қолданылғанда овуляцияны бәсеңдететін ДМПА әсерінің төмендеуі білінбейді. ДМПА және Невирапин препаратын дозасын түзетпей-ақ біріктіріп қолдануға болады.

Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг

ЭЭ ҚАА  0,80 (0,67 - 0,97)

ЭЭ Cmin, анықталмаған

ЭЭ Cmax  0,94 (0,79 - 1,12)

Невирапин препаратын қабылдайтын әйелдерге контрацепцияның бірден-бір әдісі ретінде ішуге арналған гормондық контрацептивтер қолдануға болмайды. Невирапин препаратымен біріктірілімде ДМПА-дан басқа (ауыз арқылы және өзге тәсілдермен қолданылатын дәрілік түрлерінің) гормондық контрацептептивтердің тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты тиісті дозалары анықталмаған.

Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг, күніне 1 рет

НЭТ ҚАА  0,81 (0,70 - 0,93)

НЭТ Cmin, анықталмаған

НЭТ Cmax  0,84 (0,73 - 0,97)

Анальгетиктер/Апиындар

Метадон, пациентке арналған жеке

доза

Метадон ҚАА  0,40 (0,31 - 0,51)

Метадон Cmin НО

Метадон Cmax  0,58 (0,50 - 0,67)

Метадонның демеуші дозаларын қабылдайтын және Невирапин препаратымен емделуді бастаған пациенттерге тоқтату синдромының болуы тұрғысынан мониторинг өткізу және метадон дозасын тиісінше түзету қажет.

Өсімдік шикізатты препараттар

Шайқурай

Өсімдік шикізатты препарат - шайқурай (Hypericum perforatum) біріктіріліп қолданылғанда сарысудағы невирапин деңгейлері төмендеуі мүмкін. Бұл дәрілік препаратты және (немесе) тасымалдаушы ақуыздарды метаболиздейтін ферменттердің шайқураймен индукциялануына байланысты.

Құрамында шайқурай бар өсімдік шикізатты препараттар мен Невирапин препаратын бірге қолдануға болмайды. Егер пациент шайқурай қабылдап жүрсе, невирапин деңгейін және, мүмкіндігінше, вирустық жүктемені тексеріп, шайқурайды тоқтатыңыз. Шайқурай қабылдауды тоқтатудан соң невирапин деңгейлері артуы мүмкін. Невирапин препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Индукциялау әсері шайқураймен емдеуді тоқтатудан соң кем дегенде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.

Қосымша ақпарат:

Невирапин метаболиттері: адам бауырының микросомалары пайдаланылған зерттеулер дапсон, рифабутин, рифампицин және триметоприм/сульфаметоксазол қатысуының невирапин гидроксилденген метаболиттерінің түзілуіне ықпал етпейтінін анықтады. Кетоконазол мен эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуін едәуір бәсеңдетті.

Арнайы сақтандырулар

Невирапинді кем дегенде басқа екі антиретровирустық дәрімен біріктіру керек.

Невирапинді өз бетінше қолдануға болмайды, өйткені кез-келген антиретровирустық препараттармен монотерапия вирустық төзімділікке әкеледі.

Невирапинмен емнің алғашқы 18 аптасы ауыр және өмірге қауіп төндіретін тері реакцияларының (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз, гепатиттің/бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі жағдайларын қоса) пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін пациенттерге мұқият мониторинг жүргізуді талап ететін күрделі кезең болып табылады. Бауыр мен тері реакцияларының көбірек қаупі емнің алғашқы 6 аптасында туындайды. Алайда, бауырдың кез-келген асқыну қаупі сақталады және кейіннен мониторинг жиі аралықтармен жүргізілуі тиіс. Невирапинмен емнің басында CD4 жасушалар санының көп болуы (ересек әйелдерде>250/мм3 және ересек еркектерде >400/мм3) пациентте қан плазмасында АИТВ-1 РНҚ (концентрациясы ≥ 50 көшірме /мл - невирапинмен емнің басында) анықталған кезде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупінің болуын айғақтайды. Бақыланатын және бақыланбайтын зерттеулерде қан плазмасында АИТВ-1 вирустық жүктемесі 50 көшірме /мл немесе одан жоғары пациенттерде басым түрде ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық байқалғандықтан, CD4 жасушаларының саны 250 CD4 жасуша/мм3-ден асатын ересек әйелдерге немесе CD4 жасушаларының саны 400 жасуша/мм3-ден асатын, қан плазмасында АИТВ-1 РНҚ анықталатын ересек еркектерге, егер пайдасы қаупінен асып кетпесе, невирапинді емге қоспаған дұрыс. Кейбір жағдайларда, емнің тоқтатылуына қарамастан, бауыр функциясының зақымдануы одан әрі үдей берді. Гепатиттің, ауыр тері реакцияларының немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының үдемелі белгілері немесе симптомдары бар пациенттер невирапин қабылдауды дереу тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралуы тиіс. Невирапинді жоғарыда аталған симптомдардан кейін жаңғыртуға болмайды. Дозалау режимін, әсіресе 14 күндік кіріспе кезең ішінде қатаң сақтау талап етіледі.

Тері реакциялары

Невирапин алған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және бөртпемен, ағзалардың конституциональді өзгерістерімен және зақымдануымен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын қоса, ауыр және өмірге қауіп төндіретін тері реакциялары, өліммен аяқталуы да болған, негізінен емнің алғашқы 6 аптасы ішінде пайда болды. Пациенттерді емнің алғашқы 18 аптасында мұқият бақылау керек. Оқшауланған бөртпе пайда болған кезде пациенттерді мұқият тексру керек. Стивенс-Джонсон синдромын немесе уытты эпидермальді некролизді қоса, конституциональді өзгерістермен (қызба, күлдіреуік, ауыз қуысының зақымдануы, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшық еттердің немесе буындардың ауыруы немесе жалпы дімкәстік сияқты) қатар жүретін қатты бөртпесі немесе бөртпесі бар пациенттерде невирапин қабылдауды дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары (конституциональді симптомдары бар бөртпемен, сондай-ақ мысалы, гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек функциясының бұзылуы сияқты ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын) бар пациенттерде невирапинді біржола тоқтату керек. Невирапинді ұсынылған дозадан көп енгізу Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты тері реакцияларының жиілеуі мен асқынуын туындатуы мүмкін. Рабдомиолиз невирапинді қолдануға байланысты тері және/немесе бауыр реакциялары бар пациенттерде бақыланды. Преднизонды бір мезгілде қолдану (невирапинді қабылдаудың алғашқы 14 күні ішінде тәулігіне 40 мг) невирапинмен астасқан бөртпенің пайда болу жиілігін төмендетпейтіні және невирапинмен емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде бөртпенің жиілігі мен асқынуының ұлғаюымен себеп-салдарлық байланысы болуы мүмкін екені анықталды. Сондай-ақ препаратты енгізу кезеңі ішінде күніне 200 мг бастапқы дозаны (балаларда 4 мг/кг немесе 150 мг/ м2) сақтамаумен және бастапқы симптомдар мен дәрігердің кеңесі арасындағы ұзақ іркіліс аралығымен байланысты күрделі тері реакцияларының даму қаупінің кейбір факторлары анықталды. Невирапинді қабылдауға немесе невирапині бар емге қарамастан, әйелдерде ерлерге қарағанда бөртпе даму қаупі жоғары болуы ықтимал.

Пациенттер невирапиннің бөртпемен бірге жүретін негізгі уыттылығы туралы хабардар болуы керек. Кез келген генездегі бөртпе пайда болған жағдайда, пациент емдеуші дәрігерге дереу хабарлап, алғашқы симптомдардың пайда болуы мен кеңес беру арасындағы кідірісті болдырмауы тиіс. Невирапинмен байланысты бөртпелердің көпшілігі ем басталғаннан кейінгі алғашқы 6 апта ішінде пайда болады.

Демек, пациенттер осы уақыт аралығында осындай реакциялардың пайда болуын ерекше мұқият қадағалап отыруы керек. Бөртпе пайда болған кезде реакция толық жойылғанша невирапинді белгіленген дозасынан асырмау керек. Күніне бір рет 200 мг дозалаудың белгіленген режимін 28 күннен артық жалғастырмау керек, одан кейін экспозицияның және резистенттіліктің төмендеуі ықтималдығы қаупіне байланысты баламалы емді таңдау керек. Емделудің алғашқы 18 аптасында пациенттердің жасына қарай терінің жағымсыз реакциялары өршуін болдырмау үшін немесе олар пайда болған жағдайда алдын алуда бала жасындағы пациенттерге ерекше назар аудару керек.

Егер пациентте ауыр бөртпе немесе қызба, күлдіреуік түзілу, ауыз қуысының зақымдануы, конъюнктивит, бет ісінуі, бұлшықет немесе буындардың ауырсынуы немесе жалпы дімкәстік сияқты конституциональді симптомдармен бірге бөртпе пайда болса, невирапинді қабылдауды тоқтатып, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Бұл пациенттерде невирапинді қайта қабылдауға тыйым салынады.

Егер пациенттерде невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпелерге күдік болса, бауырдың функционалдық сынамаларын жүргізу керек. АЛТ және АСТ көрсеткіштері қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе жоғары пациенттерге невирапинді емнен толық алып тастау керек. Егер артралгия, миалгия және лимфаденопатия кезіндегі қызба сияқты конституциональді симптомдары бар бөртпемен сипатталатын, сондай-ақ гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек функциясының бұзылуы сияқты ішкі ағзалар зақымдануы болатын аса жоғары сезімталдық реакциясы пайда болса, невирапинді қабылдауды емнен қайтымсыз алып тастау керек.

Бауыр тарапынан реакциялар

Өлімге әкелетін фульминантты гепатитті қоса, ауыр және өмірге қауіпті гепатоуыттылық невирапин қабылдаған пациенттерде байқалды. Емдеудің алғашқы 18 аптасы-мұқият бақылауды қажет ететін қатер шегіндегі кезең. Бауыр реакцияларының даму қаупі емнің алғашқы 6 аптасында болады. Алайда, қауіп осы кезеңнен кейін де сақталады және мониторинг бүкіл емдеу барысында жиі аралықпен жалғасуы тиіс.

Рабдомиолиз невирапинді қолданумен байланысты тері және/немесе бауыр реакциялары бар пациенттерде бақыланды. Антиретровирустық емнің басында АСТ және АЛТ көрсеткіштерінің, B және/немесе C гепатиті коинфекциясының қалыптың жоғарғы шегінен 2,5 есе артуы және/немесе құрамында невирапині бар сызбаларды қоса, антиретровирустық ем кезінде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар қаупінің артуын айғақтайды.

Невирапинмен емнің басында бұрын ем алмаған әйелдерде CD4 жасушаларының мөлшері көп болуы бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғары болуымен байланысты. Әйелдер симптоматикалық, көбінесе бауыр бөртпесімен байланысты реакциялардың даму қаупіне үш есе көбірек ұшырайды (2,2%-ға қарсы 5,8%), невирапинмен емдеудің басында CD4 жасушаларының саны анағұрлым жоғары қан плазмасында АИТВ-1 РНҚ анықталатын жынысына қарамастан бұрын ем алмаған пациенттер невирапинмен симптоматикалық бауыр оқиғалары даму қаупіне көбірек ұшырайды.

Ретроспективті шолуда қан плазмасында АИТВ-1 вирустық жүктемесі 50 көшірме /мл және одан жоғары субъектілерде CD4 >250 жасуша/мм3 саны бар әйелдер CD4 <250 жасуша/ мм3 саны бар әйелдерге қарағанда (0,9% қарсы 11,0%) бауыр тарапынан симптоматикалық жағымсыз реакциялар қаупіне 12 есе көп ұшыраған. Осындай жағдай плазмада АИТВ-1 РНҚ анықталатын және CD4 > 400 жасуша/ мм3 саны бар еркектерде (CD4 <400 жасуша/мм3 саны бар еркектерде 1,2% қарсы 6,3%) байқалды. CD4 санының шекті мәндерінің негізінде уыттылықтың осы жоғары қаупі плазмадағы анықталмаған (яғни <50 көшірме /мл) вирустық жүктемесі бар пациенттерде табылған жоқ.

Пациенттерді бауыр тарапынан болатын реакциялар алғашқы 18 апта ішінде мұқият бақылауды талап ететін невирапин уыттылығының негізгі белгісі болып табылатыны туралы хабардар ету, сондай-ақ гепатитті білдіретін симптомдар пайда болған кезде невирапин қабылдауды тоқтату және бауыр талдауларын қамтитын медициналық көмекке дереу жүгіну керек екенін ескерту керек.

Бауыр мониторингі

Невирапинмен емдеуді бастамас бұрын және емдеу процесінде белгілі бір уақыт аралығында биохимиялық тесттерді, соның ішінде бауырдың функционалды сынамаларын жүргізу қажет. Невирапинді қолдану кезінде бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланған, олардың кейбір жағдайлары емдеудің алғашқы бірнеше аптасында байқалған.

Бауыр ферменттерінің симптомсыз жоғарылауы жиі сипатталған, бұл міндетті түрде невирапинді қолдануға қарсы көрсетілім болмауы мүмкін. ГГТ деңгейінің симптомсыз жоғарылауы емді жалғастыруға қарсы көрсетілім емес.

Бауыр көрсеткіштерінің мониторингі емдеудің алғашқы 2 айында әр екі апта сайын, 3-ші айда, содан кейін үнемі жүргізілуі керек. Егер пациентте гепатитке және/немесе аса жоғары сезімталдықты көрсететін белгілер немесе симптомдар байқалса, бауыр көрсеткіштерінің мониторингін жүргізген жөн.

АЛТ және АСТ көрсеткіштері емге дейін немесе ем кезінде қалыптың жоғарғы шегінен 2,5 есе жоғары болған кезде клиникаға тұрақты бару жағдайында бауыр сынамаларына жиі мониторинг жүргізу қажет. Бастапқы деңгей осы шектен төмен түскенге дейін қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе асатын АЛТ немесе АСТ деңгейімен емдеуді бастар алдында пациенттерге невирапинді емге қосуға болмайды.

Емдеуші дәрігерлер мен пациенттер анорексия, жүрек айнуы, сарғаю, билирубинурия, түссізденген нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдағы ауырсыну сияқты оқиғалардың көрінісімен қатар жүретін продромальді белгілерге немесе гепатитке қатысты қырағылық танытуы қажет. Пациенттер медициналық көмекке уақтылы жүгіну туралы хабардар болуы керек.

АЛТ және/немесе АСТ емдеу кезінде қалыптың жоғарғы шегінен 5 есеге дейін жоғарылағанда невирапин қабылдауды дереу тоқтату керек. АЛТ және АСТ көрсеткіштері бастапқы мәндерге қайтарылған кезде және егер пациентте гепатиттің клиникалық белгілері немесе симптомдары, бөртпелер, ағзалардың дисфункциясын көрсететін конституциональді симптомдар немесе басқа белгілер байқалмаса, әрбір нақты жағдайда невирапинді 14 күн ішінде күніне 200 мг бастапқы дозада, кейіннен күніне 400 мг-ға ауыстыра отырып, қайта тағайындауға болады.

Бұл жағдайларда бауыр функциясын жиі мониторингтеу талап етіледі. Егер бауыр функциясының бұзылуы қайталанса, невирапинді қабылдауды толығымен тоқтату керек.

Анорексиямен, жүрек айнуымен, құсумен, сарғаюмен және зертханалық көрсеткіштерімен (бауырдың функционалдық сынамаларының орташа немесе ауыр ауытқулары (ГГТ қоспағанда) сияқты) сипатталатын клиникалық гепатит туындаған кезде невирапинді қабылдауды түпкілікті және қайтарымсыз тоқтату қажет. Невирапинді невирапин тудырған клиникалық гепатит салдарынан препарат толық тоқтатылған пациенттерге қайта тағайындауға болмайды

Бауыр аурулары

Бауырдың елеулі қатар жүретін аурулары бар пациенттерде невирапиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Невирапин бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерге қарсы көрсетілімде. Фармакокинетикалық нәтижелер бауырдың жеткіліксіздігі орташа (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) пациенттерге невирапинді тағайындағанда сақ болу керек екенін көрсетеді. Біріктірілген антиретровирустық ем қабылдайтын созылмалы В немесе С гепатиті бар пациенттер бауыр тарапынан ауыр және өлімге әкелетін жағымсыз реакциялардың жоғары қаупіне ұшырайды. В немесе С гепатитінің вирусқа қарсы қатар жүретін емі жағдайында осы дәрілік заттардың деректеріне арналған өнімдер туралы тиісті ақпаратты қараңыз.

Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр дисфункциясы бар пациенттер біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары және стандартты практикаға сәйкес бақылауда болуы тиіс. Бауыр жай-күйінің бәсеңдеуі белгілері болған кезде емді үзе тұру немесе тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет.

Басқа да ескертулер

Жанасудан кейінгі профилактика: жанасудан кейінгі профилактика (ЖКП), дұрыс пайдаланбау жағдайларында невирапиннің көп реттік дозаларын алған, АИТВ-инфекциясын жұқтырмаған адамдарда транспланттауды талап ететін бауыр жеткіліксіздігін қоса, асқынған гепатоуыттылық жағдайлары туралы хабарланды. Невирапинді қолдану ЖКП арнайы зерттеуі аясында, әсіресе емдеу ұзақтығы тұрғысынан бағаланбады, сондықтан оны қолдану ұсынылмайды. Невирапинмен біріктірілген ем АИТВ-1 инфекциясын жұқтырғандар үшін емдеу болып табылмайды; пациенттерде АИТВ-1 инфекциясының, оның ішінде оппортунистік өршуімен байланысты аурулардың асқынуы байқалуы мүмкін.

Антиретровирустық емнің көмегімен вирусты тиімді басу жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденгенімен, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Белгіленген ұсыныстарға сәйкес берілудің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет.

Депо-медроксипрогестерон ацетатын (ДМПА) қоспағанда, гормондық контрацептивтер невирапинді қабылдайтын әйелдерде сақтанудың жалғыз әдісі ретінде қолданылмауы тиіс, өйткені ол олардың плазмалық концентрациясын төмендетуге ықпал етеді. Осы себепті және АИТВ-ның берілу қаупін азайту үшін бөгеттік контрацепция ұсынылады (мысалы, мүшеқаптар). Сонымен қатар, менопаузадан кейінгі кезеңде гормондық емді қолданғанда, невирапинді қабылдау кезінде оның емдік әсерін бақылау керек.

Салмақ және метаболизм параметрлері: антиретровирустық ем кезінде салмақ, липидтер және қандағы глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл өзгерістер ішінара аурулар мен өмір салты бақыланумен себеп-салдарлық байланысты болуы мүмкін. Липидтерге қатысты, кейбір жағдайларда емдік әсердің дәлелі бар, ал салмақтың артуына қатысты нақты емдеумен қандай да бір байланысы бар айғақты дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкозаны мониторингтеу үшін АИТВ инфекциясын емдеу жөніндегі белгіленген ұсынымдарды басшылыққа алған жөн. Липидті бұзылулар кезіндегі емді клиникалық практикаға сәйкес жүргізген жөн.

Клиникалық зерттеулерде невирапин ТЖЛП холестеринінің деңгейі жоғарылауына және жалпы холестериннің ТЖЛП холестериніне арақатынасын жалпы жақсартуға ықпал етті. Алайда, нақты зерттеулердің болмауына байланысты бұл нәтижелердің клиникалық әсері белгісіз. Сонымен қатар, невирапиннің глюкоза деңгейіне әсер етпейтіні анықталды.

Остеонекроз: этиология көп факторлы болып саналғанымен (кортикостероидтарды қолдануды, алкогольді ішуді, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағының жоғары индексін қоса), остеонекроз жағдайлары негізінен үдемелі АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде және/немесе біріктірілген антиретровирустық емнің (БАРЕ) ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіркелді. Пациенттер буындарда ауырсыну және олардың қаттылығы болған кезде немесе қозғалыс кезінде жайсыздық болған кезде дәрігерге қаралуы керек.

Иммундық реактивация синдромы: ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) басталған сәтте елеулі клиникалық жай-күйді немесе симптомдардың күшеюін тудыруы мүмкін симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Әдетте мұндай реакциялар БАРЕ басталғаннан кейінгі алғашқы бірнеше аптада немесе айларда байқалды. Цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii туындаған пневмония осының мысалы болып табылады. Кез-келген қабыну симптомдарын бағалау керек және қажет болған жағдайда ем тағайындау керек. Сондай-ақ, аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммунды гепатит) иммундық реактивация жағдайында пайда болатындығы туралы хабарланды; дегенмен, емдеуді бастамас бұрын хабарланған уақыт анағұрлым өзгергіш және бұл оқиғалар ем басталған соң біраз уақыттан кейін орын алуы мүмкін.

Қолда бар фармакокинетикалық деректер рифампицин мен невирапинді бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды деп болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, невирапинмен келесі препараттарды біріктіру ұсынылмайды: эфавиренз, кетоконазол, делавирдин, этравирин, рилпивирин, элвитегравир (кобицистатпен бірге), атазанавир (ритонавирмен бірге), боцепревир; фосампренавир (егер ол ритонавирмен бір мезгілде аз дозада қолданылмаса).

Гранулоцитопения зидовудинді қабылдау салдарынан туындауы мүмкін. Осылайша, невирапин мен зидовудинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде, әсіресе балалар жасындағы пациенттер мен зидовудиннің неғұрлым жоғары дозаларын алатын пациенттерде немесе сүйек кемігі жеткіліксіздігі бар пациенттерде, атап айтқанда АИТВ инфекциясының асқынған сатысы бар пациенттерде гранулоцитопения қаупі жоғары. Мұндай пациенттерде гематологиялық параметрлерді мұқият бақылау керек.

Аса жоғары сезімталдық

Сахароза: невирапин пероральді суспензиясы құрамында 1 мл препаратқа 150 мг сахароза бар. Фруктоза жағымсыздығының, глюкоза-галактоза мальабсорбциясының немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігінің сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге препаратты қабылдаудан бас тарту керек.

Сорбитол: невирапин пероральді суспензиясы құрамында 1 мл препаратқа 231,3 мг бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (ТҚФЖ) бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға/тағайындауға болмайды.

Метил және пропилпарагидроксибензоаттар: невирапин пероральді суспензиясы құрамында аллергиялық реакцияның (баяу болуы мүмкін) дамуына ықпал ететін метилпарабен және пропилпарабен бар.

Невирапин препаратының құрамында рН 5,2 - 5,4 дейінге жететін мөлшерде натрий бар.

Бала туу мүмкіндігі бар әйелдер / ерлер мен әйелдердегі контрацепция

Бала туу әлеуеті бар әйелдерге жалғыз қорғаныс құралы ретінде ішілетін контрацептивтерді қолдануға болмайды, өйткені невирапин осы дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясын төмендетуге ықпал етеді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қазіргі уақытта жүкті әйелдерден алынған қолда бар деректер шаранада туа біткен ақаулардың/даму ақауларының немесе фето/неонаталдық уыттылық құбылыстарының жоқ екендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта ұқсас эпидемиологиялық деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерде елеулі тератогендік әсер табылған жоқ. Препаратты жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау керек. Гепатоуыттылық CD4-лимфоциттерінің концентрациясы 250 жасуша/мм3 –ден жоғары және плазмадағы АИТВ-1 РНҚ концентрациясы анықталатын (50 және одан да көп көшірме /мл) әйелдерде жиі байқалатындықтан, бұл жағдайларды емдеу туралы шешім қабылдау кезінде ескеру керек. Бұрын емделген, невирапинмен емдеуді бастаған, вирустық жүктемесі анықталмаған (плазмадағы АИТВ-1 50 көшірме/мл аз) және CD4 сандық көрсеткіштері 250 жасуша/мм3 –ден жоғары әйелдерде байқалатын уыттылықтың жоғары қаупінің болмауы жүкті әйелдерге де қолданылатынын растайтын деректер мөлшері жеткіліксіз.

Невирапин плацентарлық бөгет арқылы тез өтеді және емшек сүтімен шығарылады.

АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдерге босанғаннан кейінгі АИТВ-ның берілуін болдырмау мақсатында сәбиді емізуден бас тарту ұсынылады. Невирапин қабылдаған әйелдер емшек емізуден бас тартуы керек.

Фертильділік

Репродуктивті уыттылықтың клиникаға дейінгі зерттеулерінде фертильділіктің бұзылу белгілері анықталды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Невирапиннің көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, пациенттер невирапинмен емдеу кезінде шаршаудың мүмкіндігі туралы хабардар болуы тиіс. Ол туындаған жағдайда автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Невирапинді АИТВ-инфекциясын емдеу тәжірибесі бар мамандар тағайындауы тиіс.

16 және одан үлкен жастағы пациенттер

Невирапин үшін ұсынылатын доза алғашқы 2 апта ішінде күніне бір рет 20 мл (200 мг) пероральді суспензияны құрайды (бұл енгізу кезеңі бөртпенің туындау жиілігін азайтатындықтан қажет), кейіннен күніне екі рет пероральді суспензияны 20 мл (200 мг) кемінде екі қосымша антиретровирустық дәрімен біріктіріп қабылдау.

Тағайындалған сәттен бастап 8 сағат ішінде өткізіп алған доза кезінде пациент оны мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс. 8 сағаттан астам уақыт өткеннен кейін пациент келесі дозаны белгіленген уақытта ғана қабылдап, әдеттегі кестені жүргізуі керек.

Дозалау бойынша ұсыныстар

14 күндік бастау кезеңі ішінде 200 мг/күн (педиатриялық пациенттер үшін күніне 4 мг/кг немесе күніне 150 мг/ м2) дозада бөртпе байқалған пациенттерге бөртпе жойылғанға дейін дозаны арттыруға болмайды. Оқшауланған бөртпені мұқият бақылау қажет. Тәулігіне 1 рет жиілікпен 200 мг дозалау режимін 28 күннен артық жалғастырмау керек, осы уақыт өткеннен кейін экспозициялану және төзімділіктің жеткіліксіздігінің ықтималдығы қаупі салдарынан баламалы емді таңдау керек. Невирапин режимі 7 күннен астам үзілген пациенттерге екі апталық кіріспе кезеңді пайдалана отырып, дозалаудың ұсынылатын режимін жаңарту керек.

Невирапинмен емдеу кезінде емдеуді тоқтатуды талап ететін уытты құбылыстар туындауы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан адамдарда арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге диализдің әрбір сеансынан кейін невирапиннің 200 мг қосымша дозасы ұсынылады. Креатинин клиренсі ≥ 20 мл/мин пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Невирапинді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерге қолдануға болмайды. Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Балалар

Жалпы тәуліктік доза кез келген пациент үшін 400 мг аспауы тиіс. Невирапин педиатриялық пациенттерге дене беткейінің ауданы (ДБА) бойынша немесе дене салмағы бойынша есептеумен мынадай түрде енгізілуі мүмкін: Мостеллер формуласын пайдалана отырып, ДБА көмегімен кез келген жастағы педиатриялық пациенттер үшін ұсынылатын пероральді доза екі апта ішінде күніне бір рет 150 мг/ м2 құрайды, одан кейін күніне екі рет 150 мг/ м2 ауысады. Дене беткейінің ауданына (ДБА) 150 мг/м2 балаларда қабылдауға қажетті невирапиннің (50 мг/5 мл) пероральді суспензиясының көлемін есептеу:

ДБА диапазоны (м2)

Көлемі (мл)

0,08 - 0,25

2,5

0,25 - 0,42

5

0,42 - 0,58

7,5

0,58 - 0,75

10

0,75 - 0,92

12,5

0,92 - 1,08

15

1,08 - 1,25

17,5

1,25+

20

Мостеллер формуласы:

ДБА (м2) =

8 жастан бастап педиатриялық пациенттерге ұсынылатын пероральді доза екі апта бойы күніне бір рет 4 мг/кг құрайды, кейіннен күніне екі рет 7 мг/кг қабылдауы керек. 8 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет екі апта бойы 4 мг/кг, содан кейін тәулігіне екі рет 4 мг/кг құрайды.

Екі апталық кіріспе кезеңнен кейін балаларға дозалау үшін қажетті невирапин суспензиясының (50 мг/5 мл) көлемін есептеу төмендегі кестеде келтірілген.

2 кесте. Екі апта енгізілетін емдеу кезеңінен кейін балалардың қабылдауы үшін ішуге арналған невирапин суспензиясының көлемі

Дене салмағына есептегенде

7 мг/кг алатын 8 жасқа толмаған балаларға арналған дене салмағы диапазоны (кг).

Дене салмағына есептегенде

4 мг/кг алатын 8 жастағы және одан асқан балалар үшін дене салмағы диапазоны (кг).

Көлемі (мл)

1,79 - 5,36

3,13 - 9,38

2,5

5,36 - 8,93

9,38 - 15,63

5

8,93 - 12,50

15,63 - 21,88

7,5

12,50 - 16,07

21,88 - 28,12

10

16,07 - 19,64

28,12 - 34,37

12,5

19,64 - 23,21

34,37 - 40,62

15

23,21 - 26,79

40,62 - 46,88

17,5

26,79+

46,88+

20

Невирапин қабылдайтын 16 жасқа толмаған барлық пациенттерде дозаны түзету қажеттілігін бағалау үшін дене салмағын және ДБА жиі өлшеп отыру қажет.

Енгізу әдісі және жолы

Невирапиннің толық есептелген дозасын қабылдау маңызды. Бұл дозалағыш шприцтің немесе өлшеуіш ыдыс көмегімен мүмкін болады. Баламалы дозалағыш құрылғыны (мысалы, градуирленген ыдыс немесе үлкен дозаларды қабылдауға арналған шай қасық) пайдалану кезінде пероральді қабылдайтын суспензияның қалдықтарын толық кетіру үшін құрылғыны жуу қажет. Невирапин препаратын тамақтану кезінде немесе басқа уақытта да қабылдауға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Невирапинмен артық дозаланғанда арнайы антидоты жоқ. Невирапинмен тәулігіне 800-ден 6000 мг-ға дейінгі дозаларда 15 күнге дейінгі мерзімге артық дозалану жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерде: ісіну, түйінді эритема, шаршағыштық, қызба, бас ауыруы, ұйқысыздық, жүрек айну, өкпе инфильтраттары, бөртпе, бас айналу, құсу, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және салмақтың төмендеуі байқалды. Бұл оқиғалар препаратты тоқтатқаннан кейін жойылды.

Балалар

Жаңа туған пациентте күтпеген ауқымды артық дозаланудың бір жағдайы туралы хабарланды. Қабылданатын доза ұсынылғаннан 40 есе артық - тәулігіне 2 мг/кг болды. Жеңіл оқшауланған нейтропения мен гиперлактатемия байқалды, олар бір апта ішінде қандай да бір клиникалық асқынуларсыз өздігінен жойылды. Бір жылдан өткеннен кейін баланың дамуы сол қалпында өзгеріссіз қалды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Клиникалық зерттеулерде невирапинмен емдеу кезінде жағымсыз әсерлер келесі түрде білінді: бөртпе, аллергиялық реакциялар, гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, шаршау, қызба, бас ауыруы және миалгия.

Тіркеуден кейінгі тәжірибе көрсеткендей, ауырлығы көбірек жағымсыз реакциялар - Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, асқынған гепатит/бауыр жеткіліксіздігі және эозинофилиямен және қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия сияқты конституциональді симптомдары бар бөртпелермен, сондай-ақ гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек дисфункциясы сияқты висцеральді зақымданумен сипатталатын жүйелі симптомдармен дәрілік реакциялар болды. Алғашқы 18 апталық емдеу кезеңі мұқият бақылауды қажет етеді.

Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі

Невирапинді қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы болуы мүмкін мынадай жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Бағаланған жиіліктер невирапинмен емдеуге байланысты жағымсыз реакциялардың клиникалық зерттеулерінің біріктірілген деректеріне негізделген.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: гранулоцитопения

Жиі емес: анемия

Иммундық жүйе бұзылуы

Жиі: аса жоғары сезімталдық (соның ішінде анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну, есекжем)

Жиі емес: анафилаксиялық реакция

Сирек: эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік тері реакциясы

Жүйке жүйесі бұзылуы

Жиі: бас ауыруы

Асқазан-ішек жолы бұзылыстары

Жиі: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

Бауыр тарапынан бұзылулар

Жиі: гепатит (ауыр және өмірге қатерлі гепатоуыттылықты қоса) (1,9%)

Жиі емес: сарғаю

Сирек: фульминантты гепатит (өлімге ұшыратуы мүмкін)

Тері жабыны және тері асты шелі тарапынан бұзылулар

Өте жиі: бөртпе (12,5 %)

Жиі емес: Стивенс-Джонсон синдромы / уытты эпидермалық некролиз (өлімге ұшыратуы мүмкін) (0,2 %), ангионевроздық ісіну, есекжем

Тірек-қозғалыс аппараты және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес: артралгия, миалгия

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жай-күй

Жиі: қызба, қажығыштық

Зерттеу

Жиі: бауыр функциясының бұзылуы (аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы; аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы; бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы; гипертрансаминаземия)

Жиі емес: қандағы фосфор деңгейінің төмендеуі, қан қысымының жоғарылауы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

5 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - 51.690 мг невирапин гемигидраты;

қосымша заттар: карбопол 974P, полисорбат 80, кристалданбаған сорбитол ерітіндісі (Неосорб 70/70 B), сахароза (PG Қант 60/200), пропиленгликоль, метилпарабен, пропилпарабен, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік біртекті суспензия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл немесе 240 мл препараттан балалардан қорғайтын қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, пластмасса өлшеуіш шприцпен немесе өлшеуіш ыдыспен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек. Құтыны алғаш рет ашқаннан кейін 3 айдан асырмай (көлемі 100 мл үшін) және 7 айдан асырмай (көлемі 240 мл үшін) 30°С аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Aurobindo Pharma Limited,

Unit III, Sy. No. 313 & 314,

Bachupally, Bachupally Mandal,

Medchal-Malkajgiri District,

Telangana State, Үндістан.

Тел. 91-40-23044060/61/62/63/64/65

E-mail: info@aurobindo.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Aurobindo Pharma Limited,

Unit III, Sy. No. 313 & 314,

Bachupally, Bachupally Mandal,

Medchal-Malkajgiri District,

Telangana State, Үндістан.

Тел. 91-40-23044060/61/62/63/64/65

E-mail: info@aurobindo.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан, 050043,

Алматы қ., Мирас ы/а, 157 үй, 819 т.е.

Тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: office.secretary@rogersgroup.in

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ЖК Канумуру И. Г., Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ы/а, 157 үй, 819 т.е.

Тел. (727) 311-81-96/97, +77479911904, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com

Прикрепленные файлы

ИМП_Невирапин.docx 0.1 кб
4)_ИМП_Невирапин_22-10-21_каз.doc 0.27 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники