Натрия хлорид (ЗАО "Инфузия")

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Инфузия ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sodium chloride
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024156
Информация о регистрации в РК: 07.06.2019 - 07.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0,9 % ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 0,9 г натрий хлориді,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы.

Қан және қан түзу ағзалары. Қан алмастырғыштар және перфузиялық ерітінділер. В/і енгізуге арналған ерітінділерге қоспалар. Электролитті ерітінділер. Натрий хлориді.

АТХ коды В05ХА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қантамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат қантамыр арнасында қысқа уақыт болады да, одан кейін интерстициальді және жасушаішілік секторға өтеді. Қантамырларда 1 сағаттан соң енгізілген ерітіндінің шамамен жартысы қалады. Тұздар мен сұйықтық диурезді арттырып, бүйрекпен өте жылдам шығарыла бастайды.

Фармакодинамикасы

Натрий хлориді 0,9 % ерітіндісі су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді және адам организмінде дегидратация кезінде немесе ауқымды күйіктер мен жарақаттар аумағындағы жасушаішілік аккумуляция арқылы болған, құрсақ қуысы мүшелеріне жасалған операциялар кезінде, перитонитте дамитын сұйықтық тапшылығын жояды.

Натрий хлориді 0,9 % ерітіндісі тіндер перфузиясын жақсартады, үлкен қан жоғалту және шоктың ауыр түрлері кезінде гемотрансфузиялық ем-шаралардың тиімділігін арттырады.

Сұйықтық көлемін қысқа мерзімді жоғарылату, қандағы уытты өнімдер концентрациясын төмендету, диурезді акивациялау нәтижесінде уытсыздандыратын әсер береді.

Қолданылуы

- организмде сұйықтық жетіспеушілігін толтыру үшін және интенсивті ем шаралары кешенінде; басқа да үйлесімді дәрілік заттардың еріткіші ретінде- жараны, мұрынның шырышты қабығын, сондай-ақ катетерлер мен трансфузияға арналған жүйелерді жергілікті шаю үшін қолдануға болады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Вена ішіне, ректальді және сыртқа тағайындайды.

Клиникалық жағдайға және сұйықтық жоғалу деңгейіне байланысты күніне 4-10 мл/кг/сағ жылдамдықпен тәулігіне 3 л дейін және көп мөлшердегі ертіндіні вена ішіне тамшылатып енгізеді; пероральді қолдану; клизмаларда 75-100 мл-ден тағайындайды; жараларды, шырышты қабықты шаюға арналған.

Балаларға шок дегидратациясы кезінде (зертханалық көрсеткіштерді анықтаусыз) 20-30 мл/кг енгізеді. Бұдан әрі зертханалық көрсеткіштерге байланысты дозалау режимі реттеледі. Жалпы тәуліктік доза су-электролит теңгеріміне байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Дәрілік затты дұрыс қолданған кезде байқалмайды.

Көп мөлшерде инфузия жүргізу кезінде хлоидті ацидоз дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • гипергидратация, гиперхлоремия, гипернатриемия, хлоридті ацидоз, өкпе ісінуінің даму қаупімен байланысты ахуалдар.

  • препаратты офтальмологиялық операциялар кезінде көзді шаю үшін қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат көптеген дәрілік заттармен үйлесімді, сондықтан оны әр түрлі дәрілік заттарды еріту үшін қолданады – ерітінді ретінде натрий хлоридімен үйлеспейтін препараттарды қоспағанда.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ енгізген кезде, әсіресе үлкен көлемде плазма мен несепте электролиттер деңгейін, сондай-ақ диурезге бақылау жүргізу керек.

Бүйректің шығару қызметі бұзылған, қалпына келмейтін жүрек ақауы бар науқастарға, бауыр циррозымен науқастарға ісіну-асциттік синдромы кезінде сақтықпен енгізіледі.

Кортикостероидтармен немесе кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қан электролиттерін үнемі тексеріп отыруды қажет етеді.

Шок болған жағдайда және қан жоғалтқан кезде Натрий хлориді 0,9 % ертіндісін қолданумен гемотрансфузияны, плазманы және плазма алмастырғыштарды құюды бір мезгілде жүргізуге болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты көрсетілімдері бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Хлоридті ацидозға, организмнен калийдің шығарылуының артуына, гипергидратация және гиперволемияға әкелуі мүмкін, соның салдарынан жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер аталған жай-күйлердің симптомдары пайда болса, препаратты енгізуді тоқтату керек, пациенттің жағдайын бағалау және адекватты көмек көрсету қажет.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл, 200 мл, 400 мл ерітіндіден резеңке тығындармен тұмшаланып тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған шыны бөтелкеде (бөліктерге бөлінбеген тар және кең мойны бар).

Бөтелкеге өздігінен желімделетін заттаңба (бөліктерге бөлінген) жапсырылады.

Препараты бар бөтелке медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен 20 данадан (100 мл, 200 мл үшін) жылу ұстағыш полиэтилен үлбірде және 12 данадан (400 мл үшін) немесе дәнекерленген екі қаптамадан жәшіктерге салынады. Немесе 40 данадан (100 мл, 200 мл үшін) және 24 данадан (400 мл үшін) гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады. Топтық қаптамадағы бөтелке санын тұтынушымен келісе отырып, өзгертуге жол беріледі.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Инфузия» жеке акционерлік қоғамы.

Украина, 23219, Винницкая обл., Винница ауданы, Винницкие Хутора ауылы, Немировский тас жолы, 84А үйі

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Инфузия» жеке акционерлік қоғамы Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Медрегис Алматы» ЖК

Қазақстан, Алматы қ., Достық ауд., 33 үй, 48 пәтер

Тел: +7 702-991-21-40

Электронды пошта: medregisalmaty@gmail.com.

Прикрепленные файлы

ИМП_Натрия_хлорид_Итог_13.05_.2019_.docx 0.02 кб
ИМП_Натрия_хлорид_Итог_13.05_.2019_каз_.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту