Натрия хлорид NS 100 мл (0,9%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Натрий хлориді NS
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 0.9 % 100, 200, 250, 400, 500 мл ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 0.9 г натрий хлориді,
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз, мөлдір сұйықтық, механикалық қосылыстарсыз.
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Тұзды ерітінділер. Натрий хлориді
АТХ коды В05СВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Натрий хлоридінің 0.9 % ерітіндісі қантамыр жүйесінен жылдам шығарылады.
Препарат қан арнасында қысқа уақыт тұрақтайды және интерстициальді секторға және жасушалар ішіне жылдам өтеді. Қантамырларында 1 сағаттан кейін енгізілген ерітіндінің жартысына жуығы ғана қалады. Бүйрекпен өзгеріссіз шығарылады.
Фармакодинамикасы
Натрий хлоридінің 0.9 % ерітіндісі су-тұз теңгерімін қалыпқа келтіреді және адам организмінде сұйықтық тапшылығын жояды, бұл дегидратация кезінде немесе көлемді күйіктер мен жарақаттар ошақтарында жасушадан тыс сұйықтық аккумуляциясы арқылы, іш қуысы ағзаларына операция жасаған кезде, перитонитте дамиды.
Натрий хлоридінің 0.9 % ерітіндісі қанның реологиялық қасиеттерін және тіндер перфузиясын жақсартады, көп кан кеткен кезде және шоктың ауыр түрлерінде гемотрансфузиялық шаралар тиімділігін арттырады.
Сондай-ақ сұйықтық көлемінің қысқа мерзімді артуы, қанда уытты заттар концентрациясының төмендеуі, диурезді белсенділендіру нәтижесінде уытсыздандыратын әсер береді.
Қолданылуы
-
дәрілік препараттарды ерітуде
-
жасушадан тыс сұйықтықты көп жоғалту немесе оның келіп түсуінің жеткіліксіздігінде (уытты диспепсия, тырысқақ, диарея, "тоқтаусыз " құсу, қатты экссудациямен ауқымды күйіктер және т.б.)
-
шығу тегі әр түрлі уыттануда
-
жараларды, көз конъюнктивасын, құрсақ және плевральді қуыстарды, қынапты, қуықты шаю үшін, таңғыш материалды сулауға
-
плазма көлемін операцияға дейін және одан кейін демеу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Натрий хлоридінің инфузияға арналған изотониялық ерітіндісін көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Дозасы организмнің сұйықтықты, натрий және хлор иондарын жоғалтуына қарай анықталады – орташа алғанда тәулігіне 1000 мл құрайды. Көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда және айқын уыттану кезінде тәулігіне 3000 мл дейін енгізілуі мүмкін. Енгізу жылдамдығы - 540 мл/сағ (180 тамшы/мин); қажет болғанда – енгізу жылдамдығын арттырады.
Жедел дегидратация (зертханалық параметрлерін анықтаусыз) кезінде балаларға 20-30 мл/кг енгізеді. Әрі қарай дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі.
Жағымсыз әсері
- хлоридті ацидоз
- гипергидратация
- гипокалиемия
- жүрек айну, құсу, диарея, асқазанның түйілуі
- шөлдеу, көзден жас ағуы, тершеңдік
- қызба, тахикардия, артериялық гипертензия
- бүйрек функциясының бұзылуы
- ісінулер, ентігу, бас ауыру, бас айналу
- мазасыздық, әлсіздік
- бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гипернатриемия
- ацидоз
- гиперхлоремия
- гипокалиемия
- жасушадан тыс гипергидратация
- ми мен өкпе ісінуінің даму қаупімен байланысты ахуалдар
- ми ісінуі
- өкпе ісінуі
- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
- глюкокортикостероидтарды үлкен дозада қабылдау
- бүйректің бөліп шығару функциясының бұзылуы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Коллоидты гемодинамикалық қаналмастырғыштармен (әсерінің өзара күшеюі) үйлесімді.
Кортикостероидтармен немесе кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қан электролиттерін үнемі тексеріп отыруды қажет етеді. Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен шолып қарау қажет.
Айрықша нұсқаулар
Натрия хлоридінің изотониялық ерітіндісін үлкен дозада ұзақ енгізген кезде қышқылдық-негіздік жағдайында және қан плазмасы мен несептегі электролиттерге бақылау жүргізу қажет.
Едәуір сусыздануда көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмаған кезде тері астына немесе ректальді енгізеді.
Сақтықпен: декомпенсияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олигоанурия).
Ескерту! Ерітінді лайланғанда немесе тұнба пайда болғанда, қаптамасының бүтіндігі бұзылған кезде пайдалануға болмайды.
Жүктілік және лактация
Қатаң көрсетілімдер болған кезде препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады. Жүктіліктегі токсикоз кезінде енгізілетін натрий мөлшерін бақылау қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: хлорлы ацидоз, гипергидратация, организмнен калийдің шығарылуының жоғарылауы. Қажеттілігінен асып түсетін көлемде енгізгенде ми мен өкпе ісінуінің, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін. Емі: препаратты тоқтату, осмостық диуретиктер.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қорғаныш қалпақшасы бар пластик құтыдағы, көлемі 100 мл, 200 мл, 250 мл, 400 мл және 500 мл, полиэтиленнен жасалған пакетке салынған инфузияға арналған ерітінді.
Инфузияға арналған жүйесі бар пластик пакеттегі, көлемі 500 мл инфузияға арналған ерітінді медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге полиэтиленнен жасалған пакетке салынған.
Пластик құтыларды немесе инфузияға арналған жүйесі бар пластик пакеттерді медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа қаптайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Claris Otsuka Private Limited
Васана – Чачарвади, Сананд, Ахмедабад – 382 213, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Claris Otsuka Private Limited
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы Кларис Лайфсайнсес Лимитед компаниясы филиалы
Алматы қ., Желтоқсан к-сі 115, 370 кеңсе
тел/факс +7(727)2952444