Натрия хлорид 400мл (0.9%)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Красфарма ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sodium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005884
Информация о регистрации в РК: 02.02.2023 - 02.02.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0,9 % ерітінді

Құрамы

1 л препараттың құрамында:

белсенді зат – натрий хлориді – 9.0 г;

қосымша зат – иньекцияға арналған су – 1 л-ге дейін.

Ионды құрамы

1 л препараттың құрамында

Натрий ионы (Na+) – 154.0 ммоль

Хлорид ионы (Сℓ-) – 154.0 ммоль

Теориялық осмолярлығы - 308 мОсм/л

 

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялы ерітінділер. Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05CВ01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий иондарының концентрациясы - 142 ммоль/л (плазма) және 145 ммоль/л (интерстициалды сұйықтық), хлоридтің концентрациясы - 101 ммоль/л (интерстициалды сұйықтық). Бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Плазма алмастыратын дәрі.

Дезинтоксикациялық және регидратациялық әсер береді. Әр түрлі патологиялық жағдайларда натрий ионының тапшылығын толықтырады. 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі адам плазмасымен изотониялы болып келеді, сондықтан да тамырлық арнадан тез шығады, тек айналымдағы қан көлемін уақытша ғана ұлғайтады (қан жоғалту және шокта тиімділігі жеткіліксіз).

Қолданылуы

  • жасушадан тыс сұйықтықтың үлкен шығыны немесе оның жеткіліксіз түсімінде (уытты диспепсия, тырысқақ, диарея, “тоқтаусыз” құсу, күшті экссудациясы бар көлемді күйіктер және т.б.)

  • сусыздандыратын гипохлоремия мен гипонатриемияда

  • ішек бітелуінде

  • уыттануларда

  • жараларды, көзді, мұрын қуысының шырышты қабығын шаюда

  • дәрілік заттарды еріту мен сұйылтуда

  • таңғыш материалды дымқылдауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне, тамшылатып; тері астына, ректальді, жергілікті, сыртқа. Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу: енгізер алдында ерітіндіні 36-38°С-ке дейін қыздырады. Дозасын организмдегі сұйықтың, натрий мен хлор иондарының шығынына байланысты анықтайды және ол орташа есеппен тәулігіне 1 л құрайды. Сұйықтықтың үлкен шығынында және айқын уыттануда тәулігіне 3 л дейін енгізуге болады. Енгізу жылдамдығы – 540 мл/сағат; қажет болғанда – енгізу жылдамдығын ұлғайтады.

Балаларға жедел дегидратацияда (зертханалық көрсеткіштерді анықтамай) 20-30 мл/кг енгізеді. Одан әрі дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі. 0.9 % натрий хлориді ерітіндісінің үлкен дозасын ұзақ уақыт бойы енгізгенде, плазма мен несептегі электролиттер мөлшерін бақылап отыру қажет.

Натрий хлоридінің 0.9 % ерітіндісін жараларды, көзді, мұрын қуысының шырышты қабығын шаю, таңғыш материалды дымқылдау үшін қолданады.

Клизмаларда – 0.9 % ерітінді тәулігіне 3 л дейін.

Жағымсыз әсерлері

- хлоридті ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия

- гипернатриемия

- шөлдеу, жас ағу, тершеңдік, қызба

- жүрек айну, құсу, асқазан аймағының түйілуі, диарея

- тахикардия, артериялық гипертензия

- бүйрек қызметінің бұзылуы, ісінулер

- мазасыздық, әлсіздік

- бұлшықеттің тартуы және гипертонусы

- енгізген орынның ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалиемия, ацидоз

  • жасушадан тыс гипергидратация, жасуша ішілік дегидратация

  • ми мен өкпенің ісіну қаупі бар қан айналымдық бұзылулар

  • ми ісінуі, өкпе ісінуі

  • жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі

  • кортикостероидтардың үлкен дозасымен біріктіре емдеу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен (әсерінің өзара күшеюі) үйлесімді. Кортикостероидтармен қолданған кезде гипернатриемия күшейе бастайды.

Ерітіндіге басқа препараттарды араластырғанда үйлесімділігін көзбен шолып бақылау керек (дегенмен, көрінбейтін және емдік үйлесімсіздігі болуы мүмкін).

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен жүрек жеткіліксіздігі жағдайының қалпына келтіру сатысында, артериялық гипертензияда, бүйрек қызметінің бұзылуында (олигурия, анурия), шеткергі ісінулерде, жүкті әйелдердегі токсикозда қолдану керек. Кортикостероидтармен және кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қандағы электролиттер деңгейін үнемі бақылап отыруды талап етеді. Үлкен дозаларды ұзақ уақыт енгізу кезінде қышқылды-негізгі жағдай мен қан плазмасы және несептегі электролиттерге бақылау жүргізіп отыру қажет. Елеулі сусыздану кезінде көктамыр ішіне енгізудің мүмкіндігі болмағанда тері астына немесе ректальді енгізеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін. Гестоз дамуы жағдайында мұқият дозалау қажет.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: 0,9% натрий хлориді ерітіндісін көп көлемде енгізу хлоридті ацидоз және гипергидратацияға әкеп соқтыруы мүмкін.

Емі: артық дозаланғанда препаратты тоқтатып, симптоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратация кезінде осмотикалық диуретиктермен ем жүргізіледі. Ауыр жүрек жеткіліксіздігінде ісінуді диализдің көмегімен қайтаруға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 0,9 % ерітінді.

200 мл, 400 мл резеңке тығындармен тығындалып, алюминий немесе біріктірілген қалпақшалармен қаусырылған сыйымдылығы 250 мл, 450 мл шыны бөтелкелерде.

Стационар үшін: пәшкесіз 200 мл 24 бөтелке немесе 400 мл 12 бөтелке қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бес нұсқаулықпен қоса гофрокартон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Тасымалдау кезінде мұздатып қатыруға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші, тіркеу куәлігінің иесі:

«Красфарма» ААҚ, Ресей,

660042, Красноярск қ., 60 лет Октября к-сі, 2 үй.

Тел./факс (391) 261-25-90 / 261- 17-44

Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдау:

«Медлайн Фармацевтика» ЖШС,

Қазақстан Республикасы

050009, Алматы қ., Абай даңғ./ Родостовец к-сі , 151/115, 705, 704 кеңсе.

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

843611611477977015_ru.doc 51 кб
467227351477978197_kz.doc 114.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники