Натрия лактат комбинированный RL

МНН: Калия хлорид, Кальция хлорид, Натрия лактат, Натрия хлорид
Производитель: Claris Otsuka Private Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020031
Информация о регистрации в РК: 26.07.2013 - 26.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Біріктірілген натрий лактаты RL

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 500 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: 0.533 г натрий лактат ерітіндісі 0.320 г натрий лактатқа баламалы, 0.600 г натрий хлориді, 0.040 г калий хлориді, 0.027 г кальций хлориді,

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Су-электролит теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат қан арнасында қысқа уақыт тұрақтайды және интерстициальді секторға және жасушалар ішіне жылдам өтеді. Ерітінді қантамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Қантамырларда 1 сағаттан кейін енгізілген ерітіндінің жартысына жуығы ғана қалады. Бүйрекпен өзгеріссіз шығарылады.

Фармакодинамикасы

Құрамында электролиттер мөлшері теңдестірілген тұзды ерітінді. Айналымдағы қан көлемі тапшылығын толықтырады. Метаболизм үдерістері нәтижесінде бикарбонат аниондарына айналады, бұл қан реакциясын сілтілік жағына қарай әлсіз өзгертеді. Ерітінді сондай-ақ қанда уытты заттар концентрациясының төмендеуі және диурезді белсенділендіру нәтижесінде уытсыздандыратын әсер береді. Ерітінді изотониялыққа жақын.

Қолданылуы

  • жасушадан тыс сұйықтықты, оның ішінде қатты құсу және диарея, күшті бөлінетін экссудациямен ауқымды күйік салдарынан көп жоғалтқанда

  • жасушадан тыс сұйықтық көлемін операциядан кейінгі ауыр кезеңде демеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Біріктірілген натрий лактаты ерітіндісін көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Дозасы науқастың жай-күйіне байланысты болады және әрбір нақты жағдайда дәрігермен белгіленеді, орташа алғанда тәулігіне 1000 мл құрайды. Көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда және айқын уыттану кезінде тәулігіне 2500 мл дейін енгізілуі мүмкін. Енгізу жылдамдығы - 2,5 мл/кг/сағ (60 тамшы/мин); қажет болғанда енгізу жылдамдығын минутына 100 тамшыға дейін арттырады.

Жағымсыз әсері

- хлоридті ацидоз

- гипергидратация

- жүрек айну, құсу, диарея, асқазанның түйілуі

- шөлдеу, көзден жас ағуы, тершеңдік

- қызба, тахикардия, артериялық гипертензия

- бүйрек функциясының бұзылуы

- ісінулер, ентігу, бас ауыру, бас айналу

- мазасыздық, әлсіздік, үрей

- бұлшықеттердің тартуы және гипертонусы

- тромбофлебит- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гиперволемия

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- гипернатриемия

- гиперлактацидемия

- гиперхлоремия

- гиперкалиемия

- жедел дегидратация

- жасушадан тыс гипергидратация

- ми мен өкпе ісінуінің даму қаупімен байланысты ахуалдар

- ми ісінуі

- өкпе ісінуі, тыныс алу жеткіліксіздігі

- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік

- глюкокортикостероидтарды, кортикотропинді бір мезгілде қабылдау,

- артериялық гипертензия

- жүрек жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі (қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен шолып бақылау қажет. ҚҚСП, андрогендер, анаболиялық стероидтар, эстрогендер, вазодилататорлар және ганглиоблокаторлар гипернатриемияның даму қаупін арттырады. Гиперкалиемияны – калий сақтаушы диуретиктер, калий препараттары арттырады. Жүрек гликозидтерінің уытты әсерін ұлғайтады.

Несепті сілтілендіреді және сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың шығарылуын тежейді. Литий мен салицилаттардың шығарылуын жылдамдатады.

Айрықша нұсқаулар

Үлкен дозада ұзақ енгізген кезде АҚК, қышқылдық-негіздік жағдайды, РСО2 және қан плазмасы мен несептегі электролиттерге бақылау жүргізу қажет.

Сақтықпен: декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго-, анурия). Айқын Na+, K+, Ca2+ тапшылығы, гипопротеинемия кезінде қолданбаған жөн. Ескерту! Ерітінді бұлыңғырланғанда немесе тұнба пайда болғанда, қаптамасының бүтіндігі бұзылған кезде пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат стационар жағдайында қолданылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: су және электролиттер теңгерімінің (гиперволемия, гипернатриемия, гиперкалиемия, гиперкальциемия, гиперхлоремия) және қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің (ҚСТ) бұзылуы, жүрек-өкпе декомпенсациясы. Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде үздіксіз ҚСТ бақылай отырып, гемодиализ жүргізілуі мүмкін. Шығарылу түрі және қаптамасы

500 мл препараттан инфузияға арналған жүйесі бар пластик пакеттерге құйылған, полиэтиленнен жасалған пакеттерге медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Claris Otsuka Private Limited

Васана – Чачарвади, Сананд, Ахмедабад – 382 213, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Claris Otsuka Private Limited

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы Кларис Лайфсайнсес ЛТД филиалы

Алматы қ., Желтоқсан к-сі 115, 370 кеңсе

тел/факс +7(727)2952444

 

Прикрепленные файлы

302722311477976835_ru.doc 53.5 кб
618323461477977993_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники