Настойка пустырника (25 мл, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Пустырника трава
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012918
Информация о регистрации в РК: 22.11.2023 - 22.11.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

100 мл тұндырманың құрамында

белсенді зат – ұнтақталған сасықшөп шөбі 20 г;

қосымша заттар– этил спирті 70 %.

Сипаттамасы

Жасылдау-қоңыр түсті өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық. Сақтау үдерісінде тұнба түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және седативті препараттар.

АТХ ,коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрілік зат; седативті, орташа кардиотоникалық (ырғақты баяулатады және жүректің жиырылу күшін арттырады) әсері бар, орташа гипотензивті қасиетке ие.

Қолданылуы

- жүрек-қантамыры невроздары, вегетоқантамырлық дистония

- жоғары жүйке қозғыштығы

- ұйқысыздық, ширығу сезімімен және жоғары реактивтілікпен қатар жүретін психоастенияда және неврастенияда; артериялық гипертензияда (кешенді емде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, асқа дейін 1 сағат бұрын. 1/4 стакан суда сұйылтылған, 30 тамшы тұндырмадан, күніне 3–4 рет. Емдеу курсы — 3–4 апта.

Жағымсыз әсерлер

- тері бөртпесі, қышыну

- диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы, эрозивті гастрит (асқыну

фазасы)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қант диабетімен науқастарға, бауыр ауруларында, маскүнімдікпен зардап шегетін науқастарға, сақтықпен қолдану керек.

Көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Емделу кезінде зейінді жоғары жұмылдыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқару және әлеуетті қауіпті қызмет түлерімен айналысқанда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Жоғары дозаларда қолданғанда сылбырлық, көңіл күйдің төмендеуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттің төмендеуі пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тығыздалған элементтерімен, тығынмен тығындалған немесе тамшылатқыш тығынмен және бұралатын қақпағымен құтыларда.

Құтыларда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салмай, топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы,Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы

market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

114143241477976801_ru.doc 49 кб
162042501477977956_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники